Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының басым мақсаттары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
4) жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
5) республикалық және жергілікті бюджеттер және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
6) республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
7) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
8) республикалық бюджетті түзету бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
9) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын бөлу бойынша ұсыныстар тұжырымдау және мәселелерді қарау;
10) Бюджет кодексінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:
бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын;
бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыныстарды;
объектілер бөлінісіндегі бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ жоспарлы кезеңге арналған облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісіндегі нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін айқындайды;
2) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:
республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, оның ішінде бюджеттік өтінімді жасау кезінде шығыстардың түрлері бойынша есеп айырысулар ұсынылмайтын орталық мемлекеттік органдардың базалық шығыстарының тізбесі;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы;
бюджеттік мониторингтің нәтижелері мен жүргізілген бағалау нәтижелері;
орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды бекіту, өзгерту және (немесе) толықтыру туралы ұсыныстары;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның даму жоспарларының жобалары немесе даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы негізінде жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;
орталық мемлекеттік органдар өтінімдерінің тізбесіне сәйкес байланысты гранттарды тартудың орындылығы;
жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы;
құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде мыналарды бекіту бойынша құзыреті болған кезде республикалық немесе жергілікті бюджеттер және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының жобалары;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жасаған төтенше немесе соғыс жағдайы іс-шараларын қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдері;
республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері;
республикалық бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету;
жекелеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің, бюджеттік инвестициялық жобалардың және мемлекеттік тапсырма нысанында орындалуы жоспарланып отырған, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа міндеттердің тізбесі;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;
есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбей тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылындағы республикалық бюджетте бекітілген ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануы;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру;
бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемдері;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа бастамаларын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резерв бөлу бойынша дәлелді ұсыныстарды тұжырымдайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Комиссияның жұмыс органы:
1) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заң) сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) айқындалған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Комиссия шешімдерінің көшірмелерін қосымшаларымен қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына;
2) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) қаулымен айқындалған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, "Мемлекеттік жоспарлау" ақпараттық жүйесі арқылы Комиссия шешімдерінен үзінді көшірмелерді құзыретіне тиісті мәселелер кіретін орталық мемлекеттік органдарға жібереді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес Комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына Комиссия отырыстарының хаттамалары мен тиісті материалдарды, Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның хаттамалық шешімдерінен үзінділер жіберу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерден және осы ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша көмекшісі (келісу бойынша)";
"Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Көлік министрі";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";
"Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (келісу бойынша)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |