"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 839 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 31 және 32-жолдармен толықтырылсын:

      "

31

Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы

Қорғанысмині

қыркүйек

қазан

желтоқсан

М.Р Құсайынов

32

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қорғанысмині

қыркүйек

қазан

желтоқсан

М.Р Құсайынов

      ";

      ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы "Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов