"Тіркеушіні айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 452 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиарды айқындау туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 және "Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау туралы" 2016 жылғы 5 тамыздағы № 452 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 38 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 767 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Тіркеушіні айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 452 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиарды айқындау туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 және "Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау туралы" 2016 жылғы 5 тамыздағы № 452 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 38 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов