Қостанай облысының Лисаков қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 735 қаулысы

Қолданыстағы

      Қостанай облысының Лисаков қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының Лисаков қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар мен Қостанай облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 29 тамыздағы
№ 735 қаулысымен
бекітілген

Қостанай облысының Лисаков қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Лисаков қаласы 1971 жылы Лисаков тау-кен байыту комбинатының базасында құрылған, Тобыл өзенінің жоғарғы сағасында, ірі теміржол торабы – Тобыл станциясынан оңтүстікке қарай 18 километр, облыс орталығы Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 120 километр және Ресей Федерациясы шекарасынан 70 километр жерде орналасқан. Қаланың әкімшілік-аумақтық ауданы – 0,1 мың шаршы километр. Лисаков қаласының әкімшілік аумағына Лисаков қаласы, Октябрь кенті жатады.

      Қаладан төрт километр жерде "Қостанай-Қарабұтақ" автомобиль жолы орналасқан, ол арқылы Орталық және Оңтүстік Қазақстанмен, Ресей Федерациясымен көлік байланысы жүзеге асырылады.

      Ресеймен, Орталық Азия өңірлерімен және Қытаймен теміржол байланысы Оңтүстік-Сібір магистралі бойынша Майлин және Тобыл станциялары арқылы жүзеге асырылады.

      Лисаков қаласының (бұдан әрі – қала) еңбек, табиғи ресурстық, өндірістік әлеуеті жоғары.

      Қаланың жер қойнауында темір рудалары, боксит, сирек металдар, құрылыс материалдары, жерасты суларының қорлары бар.

      Қала әкімшілігінің экономикасында жетекші рөл өнеркәсіп секторына тиесілі, мұнда облыстың барлық өнеркәсіптік өндірісінің 3,3 %-ы шоғырланған, бұл – облыс өңірлері арасында бесінші орын.

      Өнеркәсіп секторы тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібімен, жылу энергиясын, электр энергиясын және суды өндірумен және таратумен ұсынылған.

      Тау-кен өнеркәсібі қала әкімшілігі экономикасының жалпы жағдайын айқындайды (74,2 %) және өнеркәсіптік өндіріс құрылымындағы елеулі үлесті қамтамасыз етеді.

      Өнеркәсіптің негізін мынадай тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары: "Қазақстан алюминийі" акционерлік қоғамының филиалы "Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы", және "Өркен" ЖШС Лисаков филиалы құрайды, олар қала экономикасының негізгі дамуын қамтамасыз етеді.

      Өңдеу өнеркәсібі соңғы 2019 – 2022 жылдары оң серпін байқалатын мынадай аса маңызды өнім түрлерімен ұсынылған: оның ішінде қоюландырылған сүт ("Деп" ЖШС ЛФ), сыра ("Алтын Өмір" ЖШС), полиэтилен пленкасы ("Спутник-1" ЖШС), металл құрылымдары ("ЭксклюзивСтрой" ЖШС) өндірісі.

      Машина жасау секторында – дестелегіштер шығару және тасымалдау, арба өндірісі ("Дон Мар" ЖШС).

      Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған кәсіпорындардың өнімдері сұранысқа ие (гофрлеуге арналған қағаз өндірісі – "ЛисБум.kz" ЖШС, жұмыртқа науаларын өндіру – "Картонно-Бумажный комбинат–2015" ЖШС).

      Қала әкімшілігінің өнеркәсіптік әлеуетінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2022 жылы 20,6 %-ды құрады.

      2022 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 85,3 миллиард теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 3,7 %-ға жоғары (2021 жылы – 82,2 миллиард теңге), негізгі капиталға салынған инвестициялар 28,2 миллиард теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 15,1 %-ға жоғары (2021 жылы 23,2 миллиард теңге).

      2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9 %-ды, жастар жұмыссыздығы деңгейі 3,2 %-ды құрады. Жұмыс күші 19,7 мың адамды, оның ішінде: жұмыспен қамтылған халық 95,1 % немесе 18,8 мың адам, жұмыссыз халық 4,9 %-ды немесе 966 адамды құрайды.

      Денсаулық сақтау саласында 2022 жылы жалпы өлім-жітім 349 адамды құрады (1000 адамға шаққанда 10,6 жағдай), балалар өлімі 3 адамды құрады (1000 адамға шаққанда 9,1 жағдай), ана өлім-жітімі жоқ.

      2022 жылы 7-ші шағын аудан 10-үй мекенжайы бойынша жалға берілетін 105 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Пәтерлер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына бөлінді, оның ішінде көпбалалы отбасыларға – 26 пәтер, 1 және 2 топтағы мүгедектерге – 7 пәтер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға – 1 пәтер, толық емес отбасыларға – 43 пәтер, жасына байланысты зейнеткерлерге – 5 пәтер, жетім балалар мен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 20 пәтер. Қалған 3 пәтер кезектілік тәртібімен бөлінеді.

      Бұл ретте таяу кезеңде шешілуі қажет проблемалар бар:

      1. Қазіргі уақытта қаланың 15-ші шағын ауданында инженерлік желілер мен газ құбырын жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, бірақ нақты жоспарлау жобасының болмауына байланысты екі жоба бойынша да теріс мемлекеттік сараптама алынды. Бұл проблема жер учаскелерін беру кезектілігіне де әсер етеді, қазіргі таңда ол қала бойынша 156 адамды құрайды.

      Заңнамада тиісті жобалау құжаттарынсыз жер учаскелерін беруге тыйым салынуы да маңызды болып табылады. Бүгінгі күні 1993 жылы әзірленген Октябрь кентінің бас жоспары өзектілігін жоғалтты.

      2. Соңғы 7 жылда халықтың біртіндеп кету үрдісі байқалады. 2016 жылдан бастап қала халқы 4360 адамға азайып, 2023 жылғы 1 қаңтарға 34774 адамды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден төмен (2022 жылғы 1 қаңтарда – 39134 адам). Негізінен жастардың кетуі байқалады, себебі еңбекке қабілетті жастағы жастар облыс орталықтарына, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Ресей Федерациясының мегаполистеріне кетуге ұмтылады. Жаңа өндірістердің ашылуы жаңа жұмыс орындарын құруға және сол арқылы жастардан тұратын жұмыс күшін сақтауға мүмкіндік береді.

      3. Жас шектеулеріне байланысты зейнеткерлікке дейінгі жастағы адамдарды, практикалық жұмыс тәжірибесінің болмауына байланысты оқу орындарының түлектерін, білім беру біліктілігінің төмендігіне байланысты жұмыссыз азаматтарды өз бетінше жұмысқа орналастыру проблемасы бар.

      Жастар практикасын ұйымдастыру, жалақыны ішінара субсидиялау, алғашқы жұмыс орнын, "Күміс жас" шеңберінде жұмыс орнын, жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыс орындарын, "Ұрпақтар келісімшарты" шеңберінде жұмыс орнын ұйымдастыру жұмыстары жоспарланған. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейін мемлекеттік гранттар беру жоспарлануда.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары оқу орындарының түлектерін, NEET санатындағы жастарды, жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмысқа орналастыруға, жыл сайын кемінде 1064 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен халықты қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      4. Өскелең ұрпақтың шығармашылық дамуы, атап айтқанда Оқушылар сарайының құрылысы да маңызды мәселе болып табылады. Қалада көркемсурет мектебінің, музыкалық мектептің жеке ғимараты жоқ екенін атап өту қажет (музыкалық мектеп № 1 орта мектептің 3-қабатын, көркемсурет мектебі мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттың 4-қабатының бір бөлігін алып жатыр). 3 бағыт бойынша 40 үйірмеде 2000-ға жуық бала (экологиялық-биологиялық, адамгершілік-эстетикалық, спорттық-техникалық) оқитын "Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы" МКҚК-нің де жеке үй-жайы жоқ, ол "Қалалық мәдениет және спорт орталығы" Мәдениет үйі ғимаратында орналасқан.

      Қала орталығында "Арай-Холдинг" ЖШС-на тиесілі құрылысы аяқталмаған ғимарат бар. Осы жер учаскесін ондағы құрылысы аяқталмаған ғимаратты кейіннен реконструкциялай отырып, коммуналдық меншікке иеліктен шығару қаланың сәулеттік келбетін одан әрі жақсартады, оқу процесінің талаптарына жауап беретін жаңа заманауи Оқушылар сарайын ашуға мүмкіндік береді және қосымша білім беру қызметін алатын балаларға жақсы жағдай жасайды.

      5. Қалалық аурухана үшін кадрлық қамтамасыз ету өткір мәселе болып отыр. Дәрігерлермен жасақталу 90 %-ды (2021 жылы – 86 %), орта медицина персоналымен жасақталу 84,1 %-ды (2021 жылы – 92 %) құрайды. Ауруханада 390 адам, оның ішінде 66 дәрігер (2021 жылы – 67 дәрігер) және орта медициналық білімі бар 159 қызметкер жұмыс істейді. Қалалық аурухана тарапынан медициналық жоғары оқу орындарының түлектерімен қалаға медициналық кадрларды тарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Білікті мамандарды тарту бойынша кешенді шаралар жалға берілетін тұрғын үй беруді қамтиды. Осыған байланысты қазіргі уақытта "Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Больничный кешені шағын ауданы, 4А ғимарат мекенжайы бойынша ғимараттың бір бөлігін жалға берілетін тұрғын үй-жайларға реконструкциялау" жобасы іске асырылуда. 12 пәтер реконструкцияланады, бұл жаңадан келген медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      6. Қала дамыған спорттық инфрақұрылымымен ерекшеленетініне қарамастан, халықтың дене шынықтыру мен спортқа деген қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін әмбебап спорт залдарының тапшылығы бар. Қалада бокс, күрестің барлық түрлері (қазақ күресі, дзюдо, самбо, еркін күрес), футбол, волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлерін дамыту әлеуеті жоғары, сондай-ақ қала тұрғындары үшін заманауи фитнес залына қажеттілік бар.

      7. Қалада инженерлік желілерді реконструкциялау және салу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Соңғы үш жылда жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеге инженерлік желілерге жөндеу жүргізілді, бұл шамамен 25 километр желі. Перспективаға арналған жобалау-сметалық құжаттама жоспарлы түрде әзірленуде. Алайда, қаланың инженерлік желілерінің тозу пайызы жоғары. Бүгінгі күні су құбыры желілерінің тозуы 37 %-ды, жылу желілерінің тозуы 41 %-ды, кәріз желілерінің тозуы 49,5 %-ды, электр желілерінің тозуы 45,9 %-ды құрайды. Қаланың тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымының жай-күйі туралы мәселе тұрақты бақылауда. Осы бағыттағы жұмыс қала тұрғындарын коммуналдық көрсететін қызметтердің барлық түрлерімен үздіксіз қамтамасыз етеді.

      8. Қала мен Октябрь кентіндегі жолдардың жалпы ұзындығы 96 километрді құрайды. Жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 71,7 %-ды, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 8,1 %-ды құрайды. Соңғы үш жылда жалпы сомасы 776,3 миллион теңгеге 9 шақырымға жуық жол жөнделді. Бүгінгі күні жолдың әлі де болса 20,2 % үлесі қанағаттанарлықсыз жағдайда.

      9. Соңғы үш жылда қалада 2 көп қабатты үй салынды, тағы 105 пәтерлік бір тоғыз қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр, алайда тұрғын үй кезегін қысқарту мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үй алу кезектілігі 606 адамды құрайды, оның ішінде: бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер – 145, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 136, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 294, оның ішінде 31 көпбалалы отбасылар.

      10. Бүгінгі күні қалада кезекші бөлімге шығарылатын 113 бейнебақылау камерасы бар. Камералардың қолда бар саны қала аумағын бейнебақылаумен толық қамтуға мүмкіндік бермейді.

      Бұдан басқа, Кешенді жоспар соғыс уақытында жұмысын жалғастыратын азаматтық қорғаныс санатына жатқызылған паналайтын жерлерді ұйымдастыруды қамтиды. Қолданыстағы паналайтын жерлер қанағаттанарлықсыз жағдайда. Келесі бес жылдық кезеңде оларды сәйкестікке келтіру қажет.

      Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ең бастысы өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін адамдарды уақтылы хабардар ету болып табылады. Қалада құлақтандыру жүйесін басқарудың қалалық пультін енгізу адамдарды қауіп туралы алдын ала ескертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қала әкімінің қалалық қосалқы басқару пунктін (радиацияға қарсы жасырын паналар базасында) құру қажеттілігі туындайды, ол басқаруды күшейтілген жұмыс режимдерінде ұйымдастыру кезінде жедел топтарды орналастыруға, ал соғыс уақытында басқарудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

      11. Қала үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның көптеген қалалары үшін де кең таралған проблема рұқсат етілмеген кездейсоқ үйінділер болып табылады. Егер қоқыс уақтылы жиналмаса, онда бұл үйінділердің көлемі жеделдетілген қарқынмен өседі. Қалдықтардың мұндай жиналуы қоршаған ортаның экологиялық жағдайына, адамдардың денсаулығына әсер етеді, аллергиялық сипаттағы қауіпті ауруларды тудырады, жұқпалы және тіпті онкологиялық аурулардың таралуына әкеледі. Бұл мәселе қала басшылығының ерекше бақылауында, жалпы қалалық сенбіліктер, әртүрлі экологиялық жобалар өткізіледі.

      Қаланың және Октябрь кентінің аумағында көгалдандыру және ағаш отырғызу назардан тыс қалмайды. Қаланы көгалдандыру – оның сыртқы келбеті мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған өте маңызды мәселе. Ағаш өсімдіктері, бұталар мен шөптер атмосфералық ауаны химиялық ластанудан тазартуға, шуыл деңгейін азайтуға, желден қорғауға және шаңды басуға пайдалы әсер етеді. Жыл сайын шамамен 1000 дана көшет отырғызылады.


Р/с

Атауы

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі,
млн теңге*

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:
Өңірде Кешенді жоспарды іске асырудың аса маңызды нәтижесі халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін серпінді дамушы, теңгерімді және бәсекеге қабілетті экономика құру болып табылады.
Қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу және осының негізінде халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, өндірістік, еңбек және зияткерлік әлеуетін дамыту.

1.

Қалалық ортаны жоспарлау шеңберінде Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралар қаланың 156 жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ қалада да, Октябрьский кентінде де жер беру кезегін қысқартуға мүмкіндік береді.

2.

Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2027 жылдың соңына қарай кемінде 126 миллиард теңгені құрайды. 5 жыл ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар сомасы 40 миллиард теңгеден асады. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу, оның ішінде жаңа өндірістер ашу және қаланың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының қуатын ұлғайту нәтижесінде мүмкін болады.

3.

Кемінде 3350 тұрақты жұмыс орны, оның ішінде 2135 тұрақты жұмыс орны құрылады, жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-ға дейін төмендейді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің үлесі 87 %-дан 95 %-ға дейін ұлғаяды.

4.

Балаларды қосымша біліммен қамтуды 2028 жылға қарай 65 %-дан 80 %-ға дейін ұлғайту.

5.

Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттануы 2028 жылға қарай 57 %-дан 70 %-ға дейін ұлғаяды. Туу деңгейі 1000 адам халыққа шаққанда 10,9-дан 11,2 жағдайға дейін артады. Өлім-жітім 1000 адам халыққа шаққанда 13,2-ден 10,5 жағдайға дейін төмендейді.

6.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын қала тұрғындарының үлесін 40,8 %-дан 50 %-ға дейін ұлғайту.

7.

Су құбыры желілерінің тозуын 37 %-дан 34 %-ға дейін, кәріз желілерінің тозуын – 49,5 %-дан 46,5 %-ға дейін, жылу желілерінің тозуын – 41 %-дан 38 %-ға дейін, электр желілерінің тозуын – 45,9 %-дан 42,9 %-ға дейін қысқарту.

8.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 79,8 %-дан 85 %-ға дейін ұлғайту.

9.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезектілігі 2027 жылдың соңына қарай 606-дан 500 адамға дейін қысқарады.

10.

Қала аумағын бейнебақылау камераларымен 100 % қамту. Дабылды-сөйлеу құрылғыларын енгізу төтенше жағдайлар кезінде қала тұрғындарын құлақтандыру бойынша жеделдікті арттырады және уақытты қысқартады. Паналайтын жерлерді тиісті жағдайға келтіру төтенше және соғыс уақыты кезеңіңде мыңнан астам адамды паналатуға және орналастыруға мүмкіндік береді.

11.

Қала аумағында көгалдандыру және көшет отырғызу ауадағы газдардың зиянды концентрациясын едәуір азайтады. 2028 жылға қарай 5000 көшет отырғызылады.

1. Қалалық ортаны жоспарлау

1.1. Қалалық ортаны жоспарлау

1.

15 және 23-ші шағын аудандарды егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

17,5

ЖБ

2.

Октябрь кентін дамыту және онда құрылыс салу схемасын әзірлеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

10,6

ЖБ

3.

ШОБ субъектілеріне бизнес ашу және оны кеңейту үшін жер учаскелерін беру

электрондық сауда-саттық шарты

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

0,7

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

0,7

2025 жылғы
IV тоқсан

0,8

2026 жылғы
IV тоқсан

0,8

2027 жылғы
IV тоқсан

0,8

2. Экономиканың нақты секторы

2.1. Өнеркәсіп және инвестициялар

4.

Қуаты 34 мың тонна кремний карбидін өндіру зауытын салу (240 жұмыс орнын құрумен)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

26 357

БК

5.

Қалада спирт, ликер-арақ өнімдерін өндіру және спирттен кейінгі төпті қайта өңдеу кешенін іске қосу (60 жұмыс орнын құрумен)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

1 003

БК

6.

"Алақай" спорттық ойын-сауық саябағын салу (21 жұмыс орнын құрумен)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

107,5

БК

2024 жылғы
IV тоқсан

72,5

7.

7-ші шағын ауданда супермаркет салу (20 жұмыс орнын құрумен)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

250

БК

3. Халықты жұмыспен қамту

3.1. Халықты жұмыспен қамту, экономикалық белсенділікті ынталандыру, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу

8.

Жұмыс берушілер берген өтінімдерге сәйкес жастар практикасын ұйымдастыру (жыл сайын кемінде 10 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

24,8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

26

2025 жылғы
IV тоқсан

26,9

2026 жылғы
IV тоқсан

27,8

2027 жылғы
IV тоқсан

28,8

9

Жұмыс берушілер берген өтінімдерге сәйкес жалақыны ішінара субсидиялау (кемінде
15 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

6,4

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

6,6

2025 жылғы
IV тоқсан

6,9

2026 жылғы
IV тоқсан

7,1

2027 жылғы
IV тоқсан

7,4

10

Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейін мемлекеттік гранттар беру
(6 гранттан кем емес)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

8,3

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

8,7

2025 жылғы
IV тоқсан

9

2026 жылғы
IV тоқсан

9,3

2027 жылғы
IV тоқсан

9,6

11.

Жұмыс берушілер берген өтінімдерге сәйкес алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыру (жыл сайын кемінде 13 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

17,4

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

18,2

2025 жылғы
IV тоқсан

19,0

2026 жылғы
IV тоқсан

19,7

2027 жылғы
IV тоқсан

20,3

12.

Жұмыс берушілер берген өтінімдерге сәйкес "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмыс орнын ұйымдастыру (кемінде 6 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

7,5

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

7,8

2025 жылғы
IV тоқсан

8,1

2026 жылғы
IV тоқсан

8,4

2027 жылғы
IV тоқсан

8,7

13.

Жұмыс берушілер берген өтінімдерге сәйкес жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру
(50 адамнан кем емес)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

146,3

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

129,5

2025 жылғы
IV тоқсан

119,2

2026 жылғы
IV тоқсан

123,3

2027 жылғы
IV тоқсан

127,6

14.

Жұмыс берушілер берген өтінімдерге сәйкес "Ұрпақтар келісімшарты" шеңберінде жұмыс орнын ұйымдастыру (кемінде 2 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
4 тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

1,2

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

1,3

2025 жылғы
IV тоқсан

1,3

2026 жылғы
IV тоқсан

1,4

2027 жылғы
IV тоқсан

1,4

4. Өмір сүруге жайлы және қауіпсіз өңір

4.1. Білім беру саласы

15.

"Мұрагер" балабақшасының шатырын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

163,1

ЖБ

16.

"Ивушка" балабақшасының шатырын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

163,1

ЖБ

17.

Оқушылар сарайының құрылысы (500 орын)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

44,8

ЖБ

15,0

2024 жылғы
IV тоқсан

450

2025 жылғы
IV тоқсан

500

4.2. Денсаулық сақтау саласы

18.

Білікті медицина кадрларын тарту жөнінде қосымша кешенді шаралар қабылдау:
1) тартылған әрбір дәрігерге
1,5 миллион теңгеден
3,5 миллион теңгеге дейін көтерме қаражат (біржолғы ақшалай төлемдер) беру;
2) тартылған мамандар үшін жалға берілетін тұрғын үй бөлу

ДСМ-ге ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

20

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

20

2025 жылғы
IV тоқсан

20

2026 жылғы
IV тоқсан

20

2027 жылғы
IV тоқсан

20

19.

Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Лисаков қалалық ауруханасы" КМК материалдық-техникалық базасын нығайту (медициналық жабдықтар, тренажерлер және тағы басқалары)

қабылдау-беру актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

145,1

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

137

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

161,9

ЖБ

2026 жылғы
IV тоқсан

146,7

ЖБ

2027 жылғы
IV тоқсан

153,6

ЖБ

4.3. Мәдениет және бұқаралық спортты дамыту саласы

20.

"Лисаков қаласы әкімдігінің қалалық мәдениет және спорт орталығы" МКҚК-ні күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

405,6

ЖБ

21.

Мәңгілік Ел көшесі мекенжайы бойынша орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін абаттандыру және инженерлік желілерді салу (14717 гектарды абаттандыру – көгалдандыру және қиықтас төсеу, кәріз желілері – 80 метр, су құбыры желілері – 80 метр, электр желілері – 230 метр, газ – 820 метр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

6

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

86

22.

Мәңгілік ел көшесі мекенжайы бойынша орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы (ауданы 4500 шаршы метр, өткізу қабілеті – күніне 1552 адам)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

11,4

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан
 

847,8
 

ЖБ

23.

6-ші шағын ауданда спорт ядросын (жүгіру жолы, футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, трибуналар) қою

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

10,8

ЖБ

24.

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу, бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту (әртүрлі спорт түрлері бойынша турнирлер және өзге де спорттық-бұқаралық іс-шаралар)

МСМ-ге ақпарат

2023-2027 жылдар,
жыл сайын

Қостанай облысының әкімдігі

талап етілмейді

25.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, оның ішінде:
жастар шығармашылығы бастамаларын қолдау;
Лисаков қаласы жастары арасында діни сауаттылықты арттыруға және этносаралық әрі конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды ұйымдастыру және өткізу;
қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, ел тарихын, қазақ қайраткерлерін және мерейтойлық даталарды нығайту және дамыту;
неке-отбасылық қатынастарда оң құндылықтық бағыттарды дамыту және жастар арасында жауапкершілік сезімін арттыру

АҚДМ-ге ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

12,8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

13,4

2025 жылғы
IV тоқсан

13,8

2026 жылғы
IV тоқсан

14,4

2027 жылғы
IV тоқсан

15

4.4. Жылумен жабдықтау

26.

Жылу орталығынан ЖТ 21-ге дейін (А нүктесінен (темір жол ауданы ЖТ-19-ға дейін) жылу желісін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ҰЭМ

579,6

РБ

64,4

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

432,8

РБ

48,1

ЖБ

27.

Өз мұқтаждарын жабу үшін газ тұтынатын энергетикалық қондырғы салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі,
ЭМ

765

РБ

85

ЖБ

28

ЖК-9-дан (ЖК-нан зауыты ауданы) ЖК-9-ға (мектеп-интернат) дейін жылу желілерін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

212

ЖБ

31,8

ЖБ

29.

ЕЖСМ-100 № 2 су жылыту қазандығын күрделі жөндеуден өткізу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

827

ЖБ

30.

"Лисаковқалакоммунэнерго" ӨШБ МКК № 3 ЕЖСМ-100 су жылыту қазандығын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі,
ҰЭМ

5,7

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

746,9

РБ

31.

ҚТ-21-ден ҚТ-28-ге дейінгі магистральдық жылу желісін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

7,8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

1091,8

РБ

32.

ҚТ-28-ден ҚТ-35-ке дейінгі магистральдық жылу желісін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

8,5

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

950

РБ

4.5. Сумен жабдықтау және су бұру

33.

2-ші көтерме сорғы станциясынан Лисаков қаласына дейін (Мәңгілік Ел – Горняков көшесі бойында СК-11л-ден А нүктесіне дейін) су құбыры желісін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

220

РБ

40,6

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

145,2
 

РБ

34.

Тобыл көшесінің (КҚ 98-ден КҚ 116 дейін) тұрмыстық кәрізін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

127,2

РБ

14,1

ЖБ

35.

Октябрь кентінің шаруашылық ауыз су құбырының құрылысы

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

102,3

РБ

11,4

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

102,3

РБ

11,4

ЖБ

36.

1-ші көтерме сорғы станциясынан 2-ші көтерме сорғы станциясына дейін су құбыры желісін реконструкциялау (2-ші желі)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

621,3

РБ

69

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

414,2

РБ

46

ЖБ

37.

Шаруашылық ауыз су құбырын реконструкциялау (1-нүктеден
51-нүктеге дейін)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының
әкімдігі, ҰЭМ

5,8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

341,1

РБ

38

ЖБ

38.

КО-2 сарқынды су құбырын (тазартылған ағын коллекторы) реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

8,5

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

673,2

РБ

74,8

ЖБ

39

Сарқынды суды биологиялық тазарту станциясын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ, ТКШ Қазорталығы (келісу бойынша)

24

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

630

РБ

70

ЖБ

2026 жылғы
IV тоқсан

720

РБ

80

ЖБ

4.6. Жолдар және абаттандыру

40.

Октябрь кентінің жолдарын ағымдағы жөндеу (жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын кемінде 0,75 километр асфальт жабынын төсеу жоспарлануда)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

20

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

20

2025 жылғы
IV тоқсан

25

2026 жылғы
IV тоқсан

15

2027 жылғы
IV тоқсан

15

41.

Лисаков қаласының жолдарын орташа жөндеу (жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын орташа жөндеу, кемінде 1 километр асфальт жабынын төсеу жоспарлануда)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

50

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

50

2025 жылғы
IV тоқсан

50

2026 жылғы
IV тоқсан

50

2027 жылғы
IV тоқсан

50

4.7. Тұрғын үй құрылысы

42.

Больничный кешені шағын ауданы, 4А ғимарат мекенжайы бойынша ғимараттың бір бөлігін жалға берілетін тұрғын
үй-жайларға реконструкциялау (ғимараттың қабаттылығы – 4 қабат; құрылыс салу ауданы – 285,7 шаршы метр; тұрғын ғимараттың жалпы ауданы – 982,11 шаршы метр; пәтерлердің жалпы ауданы – 685 шаршы метр; ғимараттың құрылыс көлемі – 3802 текше метр; пәтерлер саны – 12; оның ішінде 1 бөлмелі пәтерлер – 8, 3 бөлмелі пәтерлер – 4)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

82,5

ЖБ

43.

1-шағын аудан, 10-ғимарат мекенжайы бойынша әкімшілік ғимараттың бір бөлігін тұрғын үй-жайларға реконструкциялау
(2 қабат, жалпы ауданы – 994,1 шаршы метр, пәтерлер саны – 20)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

131,2

ЖБ

44.

19-шағын ауданда инженерлік желілерді жүргізу (80 жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

103,6

РБ

11,5

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

60,4

ЖБ

45.

19-шағын ауданда газ құбырын жүргізу (80 жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

69,0

РБ

7,7

ЖБ

46.

15-шағын ауданда инженерлік желілерді жүргізу (кәріз желілерінің ұзындығы 3500 метр, су құбыры желілерінің ұзындығы 3500 метр, электр желілерінің ұзындығы 3500 метр 74 жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

208,8

ЖБ

47.

15-шағын ауданда ұзындығы 3500 метр газ құбырын жүргізу (жылыту, ыстық сумен қамтамасыз ету және тамақ дайындау үшін ортақысымды жеткізуші газ құбырын және төмен қысымды тарату желілерін салу көзделуде, 74 жер учаскесі)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

59,7

ЖБ

4.8. Электрмен жабдықтау

48.

ҚС-11-ден ТП-36-ға дейін 10 кВ әуе желісін реконструкциялау (ҚС 11-дегі № 11.0,6, 11.14 ұяшықтан ТҚС-36-ға дейін;
ҚС-11-ден ТП-36-ға дейін)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ҰЭМ

174,3

РБ

19,4

ЖБ

49.

Октябрь кентінде (өзін көтеруші оқшауланған сымға ауыстырумен) ӘЖ-0,4 кВ әуе желілерін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ҰЭМ

230,2

РБ

25,6

ЖБ

50.

БПП-дан ӘЖ-6 кВ Ф
15 реконструкциялау ("Промплощадка" фидер 35 БПП-дан Октябрь кентінің ТҚС-5-ке дейін)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

73,6

ЖБ

51.

ТП 36-дан ТҚС-17, ТҚС-18-ге дейін 10 кВ 2 кәбілдік желісін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

6,0

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

82,6

52.

ҚС-19 19-09-ұяшықтан бастап ТҚС-Н-1П Т1-ұяшыққа дейінгі 6 кВ әуе желісін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

2,0

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

97,6

53.

ҚС4 409-ұяшық, 421-ұяшықтан ТҚС-"ГОВД" 4-ұяшыққа дейін 1-шағын ауданның 10 кВ кәбілдік желілерін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ҰЭМ

4,5

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

135

РБ

54.

Маймен жұмыс істейтін трансформаторларды құрғақ трансформаторларға ауыстыру бойынша қаланың ТҚС реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ҰЭМ

6,7

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

160,0

РБ

55.

10 (6) кВ жабық тарату құрылғысын ҚС-11, ҚС-4, ҚС-20, ҚС-19-ға реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ҰЭМ

28,7

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

170

РБ

4.9. Қауіпсіздік және құқық тәртібі

56.

Бейнебақылау камераларымен қамту аумағын кеңейту (көп пәтерлі үйлердің аулаларына жедел басқару орталықтарымен және полицияның кезекші бөлімдерімен интеграцияланған бейнебақылау камераларын орнату, жыл сайын
20 камера орнату)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

4,5

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

4,5

2025 жылғы
IV тоқсан

4,5

2026 жылғы
IV тоқсан

4,5

2027 жылғы
IV тоқсан

4,5

57.

Соғыс уақытында жұмысын жалғастыратын азаматтық қорғаныс санатына жатқызылған ұйымдардың паналайтын жерлерді құруын ұйымдастыру

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, азаматтық қорғаныс жөніндегі санатқа жатқызылған ұйымдар

110

БК

58.

Қала әкімінің қалалық қосалқы басқару пунктін құру (радиацияға қарсы жасырын пана базасында)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

30

ЖБ

59.

Қалалық құлақтандыру жүйесін басқару пультін енгізу

қабылдау-беру актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

6,65

ЖБ

60.

Дабылды-сөйлеу құрылғыларын енгізу

қабылдау-беру актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

17,7

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

23,6

4.10. Экология

61.

Лисаков қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру (көпжылдық және біржылдық өсімдіктерді отырғызу, гүлзарларды күтіп ұстау, бұталарды (бұталы қоршауды) қырқу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

3,7

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

3,8

2025 жылғы
IV тоқсан

4

2026 жылғы
IV тоқсан

4

2027 жылғы
IV тоқсан

4,5
 

62.

Лисаков қаласы мен Октябрь кентінде ағаштар отырғызу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

0,8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

1

2025 жылғы
IV тоқсан

1

2026 жылғы
IV тоқсан

1

2027 жылғы
IV тоқсан

1

      Ескертпелер:

      *Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша тиісті жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың көлемі бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде өзгеретін болады, сондай-ақ бюджет көрсеткіштері қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес жоғары тұрған бюджеттерден трансферттердің бөлінуіне қарай түзетілетін болады.

Қолдау көрсетілген жобалар бойынша қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көзі

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

Жиыны

РБ

1243,3

4516,8

3224,7

720

0

9704,8

ЖБ

1526

3 979,1

1306,2

533,4

468,2

7812,8

БК

1360,5

72,5

26467

0

0

27900

Жиыны

4139,8

8578,4

31007,8

1263,4

478,2

45467,6


      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш

      АҚ – акционерлік қоғам

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      БК – басқа көздер

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЕЖСМ – ең жоғарғы жылыту су жылыту мазуттық қазаңдығы

      ЖБ – жергілікті бюджет

      ЖК – жылыту камерасы

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      КҚ – кәріз құдығы

      ЖТ – жылу торабы

      ҚС – қосалқы станциясы

      МҚКМ – мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ӨШБ МКК – өндірістік-шаруашылық бірлестіктің мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

      РБ – республикалық бюджет

      ТП – тарату пункті

      ТҚС – тұйық қосалқы станциясы

      ТКШ Қазорталығы – "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы" акционерлік қоғамы

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ШОБ – шағын және орта бизнес

      СК – ішкі сумен жабдықтау және кәріз желілері

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.