"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 720 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-6-тармақпен толықтырылсын:

      "3-6. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Мемлекеттік аннуитетік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы 2022 жылдың қорытындылары бойынша жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 35 (отыз бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов