Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтың 2) тармақшасында:
бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильдігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналының жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:";
жетінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильдігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;";
көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жолдағы 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"
3) | Еңбек мобильдігі орталықтары мен олардың филиалдарының басшыларына, мамандарына және басқа да қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін | ЛА-дан 50 % |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |