Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тәуелсіз директор Джон Дудастың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Мұхаммед Жәмил әл Рамахи "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайлансын.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қызмет бабында пайдалану үшін;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:
мына:
"
Джон Дудас | - | тәуелсіз директор |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Мұхаммед Жәмил әл Рамахи | - | тәуелсіз директор |
".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |