Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 651 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия;";

      15-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, оның ішінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат және онымен жұмыс істеу, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристiк қызмет, туризм және туристік индустрия, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      34-1) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "43-1) мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады және ол туралы ережені бекітеді;";

      68) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 77-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "77-1) мәдениет саласында мемлекеттік стипендия беру қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 79-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "79-1) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 100-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "100-1) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекітеді;";

      153) тармақша алып тасталсын;

      154) және 155) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "154) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекітеді;

      155) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекітеді және олардың мөлшерін белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 172-2), 172-3) және 172-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "172-2) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекітеді;

      172-3) қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спортпен шұғылдану кезінде және оқу мақсатында қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;

      172-4) кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы cпорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативтерді бекітеді;";

      199) тармақша алып тасталсын;

      207) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "207) Республикалық ономастика комиссиясын құрады және оның қызметін қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 208-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "208-1) әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін есепке алу қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 226-1), 226-2) және 226-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "226-1) кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құрады;

      226-2) сараптама кеңесінің ережесі мен құрамын бекітеді;

      226-3) Мемлекеттік фильмдер қоры тұрақты сақтауға берілетін, шетелдіктер қатыспайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын айқындайды;";

      мынадай мазмұндағы 247-1), 247-2), 247-3), 247-4) және 247-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "247-1) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекітеді;

      247-2) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекітеді;

      247-3) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекітеді;

      247-4) электрондық құжат айналымының тәртібін айқындайды;

      247-5) мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді;";

      мынадай мазмұндағы 282-1), 282-2), 282-3), 282-4), 282-5), 282-6) және 282-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "282-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;

      282-2) өткізілген конкурс негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;

      282-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуға тиіс ақша сомасын бекітеді;

      282-4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуға тиісті ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым мөлшерін бекітеді;

      282-5) шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекітеді;

      282-6) туризм жөнiнде кеңес құрады;

      282-7) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрады;";

      мынадай мазмұндағы 293-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "293-1) лотерея операторын және оған лотерея өткізу құқығын беру мерзімін айқындайды;";

      296) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "296) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 296-12), 296-13) және 296-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "296-12) туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық алдында, оның iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзге де жазба арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге, туындыны автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртіппен iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайларда, авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерін келіседі;

      296-13) орындауларды немесе фонограммаларды пайдалану сипатына (жұртшылық алдында, оның iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзге де жазба арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге, орындаушының және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртiппен iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайларда, орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерін келіседі;

      296-14) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ортақ пайдаланылатын мүлікті пайдалану қағидаларын бекітеді.";

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      атаулары ауыстырылатын республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:

      5-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:

      2-тармақтың жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтарының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов