Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 634 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қызмет бабымен орын ауыстыруы және ілгерілеуі кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікпен жол жүруге және жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындардың өтелуіне құқығы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің лауазымдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 797 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 997 қбп қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 997қбп қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 9 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.