Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңартылатын энергия көздерін қолдау салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңартылатын энергия көздерін қолдау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
"51-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік ережеге сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын:
"101-1) мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 117-1) тармақшамен толықтырылсын:
"117-1) магистральдық құбыржол салу туралы шешім қабылдайды;";
118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"118) өнім түрлері бойынша ұлттық операторларды айқындайды, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекітеді;";
125) және 126) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"125) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
126) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және бекітеді әрі оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;";
232) және 233) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"232) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекітеді;
233) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;";
236) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"236) ядролық қауіпсіздікке және (немесе) радиациялық қауіпсіздікке және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікке сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 243-1), 243-2) және 243-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"243-1) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығын айқындайды;
243-2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
243-3) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты пайдалану туралы энергия өндіруші ұйымдардың есептік ақпаратын қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуы тұрғысынан қарайды және қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмау фактісі анықталған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдарға жіберілетін қаражат көлемін азайту туралы шешім қабылдайды;";
247) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"247) электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 247-1), 247-2) және 247-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"247-1) жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты электр қуатын әзірлікте ұстап тұруға жіберу тәртібін бекітеді;
247-2) сағаттық мөлшерлемелерді ескере отырып, электр энергиясының шекті тарифіне теңгерімдеу үшін үстемеақыны айқындау әдістемесін бекітеді;
247-3) жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленген жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін өзгерту тәртібін бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 275-1) тармақшамен толықтырылсын:
"275-1) бірыңғай сатып алушының құрамына жылу электр орталықтары кіретін және/немесе электр қуаты нарығында ұзақ мерзімді шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуы; бірыңғай сатып алушының электр энергиясының орталықтандырылған сауда саттығының қорытындысы бойынша энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуы; бірыңғай сатып алушының электр энергиясының көтерме сауда нарығында энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, электр энергиясын тұтынушыларға және цифрлық майнерлерге электр энергиясын сатуы шарттарының үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 309-1), 309-2), 309-3), 309-4), 309-5), 309-6), 309-7), 309-8), 309-9), 309-10), 309-11), 309-12), 309-13), 309-14), 309-15), 309-16), 309-17), 309-18) және 309-19) тармақшалармен толықтырылсын:
"309-1) теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
309-2) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін теңгерімдеу аймақтарын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
309-3) теңгерім провайдерлерінің қызметіне қойылатын талаптарды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
309-4) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерді жүйелік операторға беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
309-5) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерін іріктеу және іске қосу тәртібін белгілейді;
309-6) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы тиісті теңгерімдеу аймағы үшін операциялық тәуліктің тиісті сағатына сатып алатын теңгерімдеуші электр энергиясының көлемін айқындау тәртібін белгілейді;
309-7) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының теңгерімдеуші электр энергиясын сатудың сағаттық орташа өлшемді бағаларын есептеу тәртібін белгілейді;
309-8) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің сағаттық теңгерімсіздіктерін есептеу тәртібін белгілейді;
309-9) теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерінің Орталық Азия мемлекетінің энергия жүйесімен теңгерімдеу аймағының шекарасындағы электр энергиясының сальдо-ағымдарының ауытқулары үшін жауапты болу тәртібін айқындайды;
309-10) энергия өндіруші ұйымдардың жүйелік операторға алдағы жоспарлау тәуліктерінің әрбір сағатына жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдер беру тәртібін белгілейді;
309-11) теңгерім провайдерлерінің тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
309-12) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге арналған шарттар жасасу және электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу жағдайлары мен тәртібін айқындайды;
309-13) теңгерімдеуші нарықтың субъектілерімен қосылу шартының үлгілік нысанын бекітеді;
309-14) жаңартылатын көздердің электр энергиясын сату бағасына арттыру коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды;
309-15) жаңартылатын көздердің электр энергиясын сату бағасына төмендету коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды;
309-16) электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын желіге жіберудің жоспарлы мәнінен жол берілетін ауытқу мәнін айқындау тәртібін белгілейді;
309-17) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы операциялық тәуліктердің тиісті сағаттарында сататын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін теңгерімдеу аймақтарының теріс теңгерімсіздіктерінің көлемдерін айқындау тәртібін белгілейді;
309-18) теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімсіздіктерін есептеу тәртібін бекітеді;
309-19) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілерін төмендетіп (жоғарылатып) теңгерімдеудің ең төмен көлемдерін есептеу тәртібін айқындайды;";
318) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"318) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-4 және 15-6-баптарына сәйкес электр қуаты нарығында жасалған электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде тартылатын қарыздар бойынша сыйақылар шығындарын да қамтитын электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын, сондай-ақ теңгерімдеу үшін үстемеақыны айқындау әдістемесін бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 318-1) тармақшамен толықтырылсын:
"318-1) электр энергиясына арналған шекті тарифтерге сағаттық мөлшерлемелерді айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;";
325) тармақша алып тасталсын;
353) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"353) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және басым тұтынушыға қайта бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 353-1) тармақшамен толықтырылсын:
"353-1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарын бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";
369) және 370) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"369) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, өнеркәсіптік кешендермен, тікелей тұтынушылармен және басым тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын бекітеді;
370) тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын әзірлейді;";
372) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 379-1), 379-2), 379-3), 379-4), 379-5), 379-6), 379-7), 379-8), 379-9), 379-10), 379-11), 379-12),379-13), 379-14), 379-15), 379-16), 379-17), 379-18) және 379-19) тармақшалармен толықтырылсын:
"379-1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын бір сағатқа және (немесе) тәулікке және (немесе) айға және (немесе) тоқсанға және (немесе) жылға (жылдарға) сатып алу тәртібін белгілейді;
379-2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, электр энергиясын тұтынушыларға, шартты тұтынушыларға, сондай-ақ электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға электр энергиясына шекті тарифтерден жоғары тарифпен электр энергиясын сату тәртібін белгілейді;
379-3) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басқа елдердің электр энергиясын жеткізушілерінен (өндірушілерінен) электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыруының тәртібін айқындайды;
379-4) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын басқа елдердің тұтынушыларына сатуды жүзеге асыруының тәртібін айқындайды;
379-5) бірыңғай сатып алушының тарифтерді саралау арқылы көтерме сауда нарығының тұтынушылары үшін атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
379-6) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағаларды айқындау тәртібін айқындайды;
379-7) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу тәртібін айқындайды;
379-8) цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
379-9) шартты тұтынушылар мен басым тұтынушылардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағалары мен көлемдерін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының есептеу тәртібін айқындайды;
379-10) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты бар жаңартылатын көздер үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін түзету тәртібін айқындайды;
379-11) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу мен сатуды жүзеге асыру, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жұмыс істеуі кезінде өзара есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
379-12) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу және сату бағаларын айқындау тәртібін айқындайды;
379-13) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
379-14) бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдардан және электр энергиясының жаңартылатын көздерінен сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
379-15) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (электр энергиясын кепілдікпен берушілерден басқа) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясына ақы төлеу тәртібін белгілейді;
379-16) электр энергиясын кепілдікпен берушілердің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
379-17) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жұмыс істеген кезде электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес аударуға жататын ақша қаражатының сомасын есептеу тәртібін белгілейді;
379-18) энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясы үшін ақша қаражаты сомасын төлеу тәртібін белгілейді;
379-19) цифрлық майнерлердің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу тәртібін бекітеді;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |