"Терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 685 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 558 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 685 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов