Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 2.1-жол алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, оның құрамында" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3.12) жолмен толықтырылсын:
"
3. | 12) | "Ақтау теңіз солтүстік терминалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
";
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі" деген бөлімде:
мына:
"
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Астана қаласының әкімдігі |
";
реттік нөмірі 29.6-жол алып тасталсын;
"Маңғыстау облысының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 215.2-жол алып тасталсын;
"Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 250.1-жол алып тасталсын;
"Жамбыл облысының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 282.24-жол алып тасталсын;
"Алматы қаласының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 362.2), 370.10), 373-1.14) жолдар алып тасталсын;
"Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 376.3-жол алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 8-1.3-жол алып тасталсын;
"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 103.5-жол алып тасталсын;
"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы деген бөлімде:
реттік нөмірі 149.4-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |