Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 514 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 514 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 20 қазандағы № 1083 қаулысы.

      2. "Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысы.

      3. "Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 469 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 445 қаулысы.