"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 511 қаулысы.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның екертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      167) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "167) мыналарды:

      арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдерін;

      білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылу рәсімдерін қоспағанда, бюджеттің атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін әзірлеу және бекіту;";

      430) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 758-31) тармақшамен толықтырылсын:

      "758-31) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оларды жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда), өсімпұл түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару тәртібін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 758-58), 758-59), 758-60), 758-61), 758-62), 758-63), 758-64), 758-65), 758-66), 758-67), 758-68), 758-69) және 758-70) тармақшалармен толықтырылсын:

      758-58) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган бекітетін салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын келісу;

      758-59) егер тауарларды жөнелту (шығару, транзиттеу) елінің кедендік декларациясын толтыру тауарларды жөнелту (шығару, транзиттеу) елінде көзделсе, кедендік декларациялау кезінде мұндай кедендік декларациялардың көшірмелерін ұсынуға келісім беру туралы міндеттеменің нысанын бекіту;

      758-60) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беруді шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларды, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту;

      758-61) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын компоненттерінің тізбесін келісу;

      758-62) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін импорты қосылған құн салығынан босатылатын пестицидтерді өндіруге арналған химиялық заттардың (шикізаттың) тізбесін келісу;

      758-63) цифрлық майнингтік пулдың цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту;

      758-64) цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындау;

      758-65) "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп цифрлық активтердің құнын айқындау, жариялау тәртібін және олардың түрлерінің тізбесін бекіту;

      758-66) ақпараттық алмасу жүйесі арқылы деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген) көлік құралдары туралы мәліметтерді ұсыну;

      758-67) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган бекітетін айырбастау шарты бойынша автомобиль көлік құралдарын сатып алу (иеліктен шығару) тәртібін келісу;

      758-68) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;

      758-69) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау тәртібін келісу;

      758-70) бюджеттік мониторингті жүргізудің және тиісті бюджеттік бағдарламаның атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастырудың әдіснамалық және әдістемелік тәсілдерін айқындау;".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он жетінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, жетінші және жиырма екінші абзацтары 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады, осы қаулының 1-тармағының он бесінші абзацы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов