ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлері айқындалсын.
2. "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 қаулысына қосымша |
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлері
Р/с | ЭҚЖЖ | Қызмет түрлері |
1 | 2 | 3 |
1 | 01.70.0 | Аңшылық пен аулау, осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қоса алғанда |
2 | 33.17.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де көлік құралдары мен жабдықтарын жөндеу |
3 | 43.22.0 | Сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау |
4 | 43.29.1 | Оқшаулау жұмыстары |
5 | 43.31.0 | Сылақ жұмыстары |
6 | 43.32.0 | Ағаш шебері және ағаш ұстасы жұмыстары |
7 | 43.33.0 | Еден жабыны және қабырғаларды қаптау жұмыстары |
8 | 43.34.0 | Сырлау және шыны салу жұмыстары |
9 | 43.39.0 | Өзге де әрлеу жұмыстары |
10 | 43.91.0 | Жаппа жұмыстары |
11 | 45.11.2 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем болатын сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату |
12 | 45.19.2 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем болатын сауда объектілерінде өзге де автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату |
13 | 45.20.1 | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциялары жүргізген қызметтерді қоспағанда, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
14 | 45.20.2 | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан техникалық қызмет көрсету станцияларының техникалық қызмет көрсетуі және автомобильдерді жөндеуі |
15 | 45.32.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем болатын сауда объектілерінде атомобильдерге арналған тетіктер, түйіндері мен құрал – саймандарды бөлшек саудада сату |
16 | 45.40.2 | Мотоцикл, мотороллер, олардың бөлшектері мен құрал-саймандарын бөлшек саудада сату |
17 | 45.40.3 | Мотоциклдерге және мотороллерлерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
18 | 47.11.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату |
19 | 47.19.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі өзге де бөлшек саудада сату |
20 | 47.19.2* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі өзге де бөлшек саудада сату |
21 | 47.21.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде жеміс-жидектер мен көкөністерді бөлшек саудада сату |
22 | 47.22.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде тауық, қыр құсы және олардан жасалған өнімдерді бөлшек саудада сату |
23 | 47.22.4 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде ет және ет өнімдерін өзге де бөлшек саудада сату |
24 | 47.23.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде балық, шаян тәрізділерді және моллюскілерді бөлшек саудада сату |
25 | 47.24.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде нан-тоқашты, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдерді бөлшек саудада сату |
26 | 47.25.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде сусындарды бөлшек саудада сату |
27 | 47.26.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде темекі өнімдерін бөлшек саудада сату |
28 | 47.29.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде тамақ өнімдерін өзге бөлшек саудада сату |
29 | 47.30.2 | Мамандырылған дүкендерде майлау материалдарын бөлшек саудада сату |
30 | 47.30.3 | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан мамандандырылған дүкендерде жанармайды бөлшек саудада сату |
31 | 47.41.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде компьютерлер, шалғай жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді бөлшек саудада сату |
32 | 47.42.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде телекоммуникациялық жабдықтарды бөлшек саудада сату |
33 | 47.43.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде аудио және бейнеаппаратураны бөлшек саудада сату |
34 | 47.51.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде тоқыма бұйымдарын бөлшек саудада сату |
35 | 47.51.2* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде тоқыма бұйымдарын бөлшек саудада сату |
36 | 47.52.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде темір бұйымдарды, лак-бояу материалдарын және шыныларды бөлшек саудада сату |
37 | 47.53.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде кілемдерді, кілем өнімдерін, сондай-ақ қабырға және еден жабындарын бөлшек саудада сату |
38 | 47.53.2* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде кілемдерді, кілем өнімдерін, сондай-ақ қабырға және еден жабындарын бөлшек саудада сату |
39 | 47.54.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату |
40 | 47.59.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде жиһазды бөлшек саудада сату |
41 | 47.59.2 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде музыкалық аспаптарды және партитураларды бөлшек саудада сату |
42 | 47.59.3* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде жиһазды бөлшек саудада сату |
43 | 47.59.4* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде музыкалық аспаптарды және партитураларды бөлшек саудада сату |
44 | 47.59.5* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандырылған дүкендерде жарықтандыру аспаптарын және басқа топтамаларға енгізілмеген тұрмыстық тауарларды бөлшек саудада сату |
45 | 47.59.9 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде жарықтандыру аспаптарын және басқа топтамаларға енгізілмеген тұрмыстық тауарларды бөлшек саудада сату |
46 | 47.61.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде кітаптарды бөлшек саудада сату |
47 | 47.61.2* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде кітаптарды бөлшек саудада сату |
48 | 47.62.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде газеттер, журналдар мен кеңсе тауарларын бөлшек саудада сату |
49 | 47.62.2* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде газеттер, журналдар мен кеңсе тауарларын бөлшек саудада сату |
50 | 47.63.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде аудио және бейнежазбаларды бөлшек саудада сату |
51 | 47.63.2* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде аудио және бейнежазбаларды бөлшек саудада сату |
52 | 47.64.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде спорт жабдықтарын бөлшек саудада сату |
53 | 47.64.2* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде спорт жабдықтарын бөлшек саудада сату |
54 | 47.65.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде ойындар мен ойыншықтарды бөлшек саудада сату |
55 | 47.65.2* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде ойындар мен ойыншықтарды бөлшек саудада сату |
56 | 47.71.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде тоқыма және шұлық-ұйық бұйымдарын бөлшек саудада сату |
57 | 47.71.2 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын тоқыма және шұлық бұйымдарынан басқа киімдерді мамандандырылған дүкендерде бөлшек саудада сату |
58 | 47.71.3* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде тоқыма және шұлық бұйымдарын бөлшек саудада сату |
59 | 47.71.4* |
|
60 | 47.72.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде аяқкиімді бөлшек саудада сату |
61 | 47.72.2 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде былғары бұйымдарды бөлшек саудада сату |
62 | 47.72.3* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде аяқкиімді бөлшек саудада сату |
63 | 47.72.4* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде былғары бұйымдарды бөлшек саудада сату |
64 | 47.73.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату |
65 | 47.74.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату |
66 | 47.75.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде косметикалық тауарларды және жуыну керек-жарақтарын бөлшек саудада сату |
67 | 47.75.2* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде косметикалық тауарларды және жуыну керек-жарақтарын бөлшек саудада сату |
68 | 47.76.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде гүлдерді бөлшек саудада сату |
69 | 47.76.2 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде тұқымдарды, тыңайтқыштарды бөлшек саудада сату |
70 | 47.76.3 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде үй жануарларын және үй жануарларына арналған жем-шөпті бөлшек саудада сату |
71 | 47.76.4* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде гүлдерді бөлшек саудада сату |
72 | 47.77.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде сағат және зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сату |
73 | 47.78.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде фотографиялық, оптикалық және дәлдеу жабдықтарын бөлшек саудада сату |
74 | 47.78.2 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде велосипедтерді бөлшек саудада сату |
75 | 47.78.3* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде фотографиялық, оптикалық және дәлдеу жабдықтарын бөлшек саудада сату |
76 | 47.78.5* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде өзге де бөлшек саудада сату |
77 | 47.78.9 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде өзге де бөлшек саудада сату |
78 | 47.79.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын дүкендерде ұсталған тауарларды бөлшек саудада сату |
79 | 47.79.2* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын дүкендерде ұсталған тауарларды бөлшек саудада сату |
80 | 47.81.1 | Сауда палаткаларында, дүкеншелерде және дүңгіршектерде тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату |
81 | 47.81.2 | Базарларда тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату |
82 | 47.82.1 | Сауда палаткаларында, дүкеншелерде және дүңгіршектерде киімдерді, аяқ киімдерді және тоқыма өнімдерді бөлшек саудада сату |
83 | 47.82.2 | Базарларда киімдерді, аяқ киімдерді және тоқыма өнімдерді бөлшек саудада сату |
84 | 47.89.1 | Сауда палаткаларында, дүкенше мен дүңгіршектерде өзге де тауарларды бөлшек саудада сату |
85 | 47.89.2 | Базарларда өзге де тауарларды бөлшек саудада сату |
86 | 47.91.0 | Поштамен тапсырыс беру немесе Интернет желісі арқылы бөлшек саудада сату |
87 | 47.99.1 | Тасымалдау және таратпа бөлшек саудада сату |
88 | 47.99.2 | Желілі маркетинг арқылы бөлшек саудада сату |
89 | 47.99.9 | Дүкендерден тыс өзге де бөлшек саудада сату |
90 | 49.31.1 | Автобуспен тасымалдау |
91 | 49.31.9 | Кестеге бағынатын өзге де көлік түрлерімен тасымалдау |
92 | 49.32.0 | Такси қызметі |
93 | 49.39.0 | Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі |
94 | 49.41.0 | Жүк автомобиль көлігінің қызметі |
95 | 49.42.0 | Көшіру жөніндегі қызмет көрсету |
96 | 50.10.0 | Теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігінің қызметі |
97 | 50.20.0 | Теңіз және су жағасындағы жүк көлігінің қызмет |
98 | 50.30.0 | Өзендегі жолаушылар көлігінің қызметі |
99 | 50.40.1 | Ағаш ағызудан басқа, өзендегі жүк көлігінің қызметі |
100 | 52.21.4 | Автомобиль тұрақтарының қызметі |
101 | 55.10.1** | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан қонақ үйлерді қоспағанда, мейрамханалары бар қонақ үйлердің қызмет көрсетуі |
102 | 55.10.2** | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан қонақ үйлерді қоспағанда, мейрамханалары жоқ қонақ үйлердің қызмет көрсетуі |
103 | 55.10.3** | Ресми іс-шараларға арналған мейрамханалары бар қонақ үй қызметтерін көрсетуі |
104 | 55.10.4** | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан қонақ үйлердің қызмет көрсетуі |
105 | 55.20.0 | Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру |
106 | 55.30.1 | Жол бойындағы белдеулерде орналасқандарды қоспағанда, кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелермен қызмет көрсету |
107 | 55.30.2 | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелермен қызмет көрсету |
108 | 55.90.1 | Мектеп-интернаттарда жатақханалармен қызмет ұсыну |
109 | 55.90.2 | Студенттік жатақханалармен қызмет ұсыну |
110 | 55.90.9 | Басқа санаттарға енгізілмеген тұруға арналған басқа да орындармен қызмет ұсыну |
111 | 56.10.1 | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан объектілердің қызметін қоспағанда, мейрамханалардың кызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
112 | 56.10.2 | Мейрамханалардың қызметі және жол бойындағы белдеулерде орналасқан объектілердің тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
113 | 56.21.0 | Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу |
114 | 56.29.1 | Елді мекендерден тыс жерде тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері |
115 | 56.29.2 | Жолаушылар пойыздарындағы тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері |
116 | 56.29.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген тамақтануды қамтамасыз ету бойынша өзге де қызмет |
117 | 56.30.0 | Сусындарды ұсыну |
118 | 68.20.1*** | Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару |
119 | 68.20.2*** | Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану |
120 | 68.31.2 | Өндірістік емес мақсаттағы басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және жалға беру кезіндегі делдалдық көрсетілетін қызметтер |
121 | 74.10.0 | Мамандандырылған дизайнерлік қызмет |
122 | 74.20.0 | Фотография саласындағы қызмет |
123 | 74.30.0 | Ауызша және жазбаша аударма қызметі |
124 | 75.00.0 | Ветеринариялық қызмет |
125 | 77.11.1 | Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау |
126 | 77.12.1 | Жүк автомобильдерін жалдау |
127 | 77.21.0 | Ойын-сауық және спорттық жабдықтарды жалдау және лизинг |
128 | 77.29.0 | Жеке тұтынатын өзге де заттарды және тұрмыстық тауарларды жалдау және лизинг |
129 | 78.10.0 | Жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктердің қызметі |
130 | 78.20.0 | Уақытша жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктердің қызметі |
131 | 81.29.0 | Тазалау бойынша өзге де қызмет |
132 | 81.30.0 | Аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет |
133 | 82.19.0 | Құжаттарды көшіру, дайындау бойынша және өзге де мамандандырылған офистік қосалқы қызмет |
134 | 85.10.0 | Мектепке дейінгі білім беру |
135 | 85.20.0 | Бастауыш білім беру (1-ші деңгей) |
136 | 85.53.0 | Көлік құралдары жүргізушілерін дайындау мектептерінің қызметі |
137 | 85.59.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет |
138 | 86.10.3 | Санаториялық-курорттық ұйымдардың қызметі |
139 | 86.21.0 | Жалпы дәрігерлік практика |
140 | 86.22.0 | Арнайы дәрігерлік практика |
141 | 86.23.0 | Стоматологиялық қызмет |
142 | 87.10.0 | Тұруды қамтамасыз етумен орта медициналық қызметкерлердің көрсететін қызметтерімен бірге әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
143 | 87.20.0 | Психикасының бұзылуы (сырқаттармен), ақыл-ой және дене кемістіктері, маскүнемдік пен есірткіге тәуелділікке ұшыраған адамдарға тұруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
144 | 87.30.0 | Тұруды қамтамасыз ете отырып, егде азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
145 | 87.90.0 | Тұруды қамтамасыз ете отырып, өзге де әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
146 | 88.10.0 | Егде азаматтар мен мүгедектерге тұру қамтамасыз етілмейтін әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
147 | 88.91.0 | Балаларға жасалатын күндізгі күтім |
148 | 88.99.0 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, тұру қамтамасыз етілмейтін өзге әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
149 | 90.01.1 | Театр қызметі |
150 | 90.01.2 | Концерт қызметі |
151 | 90.01.3 | Цирк қызметі |
152 | 90.03.0 | Көркем және әдеби шығармашылық |
153 | 90.04.0 | Концерттік және театр залдарының қызметі |
154 | 91.01.2 | Оқырмандар залын, лекторийлер, көрсету залдарының қызметін қоса алғанда кітапхана қызметі |
155 | 91.01.4 | Кітап палаталарының қызметі |
156 | 91.02.0 | Музейлер қызметі |
157 | 91.03.0 | Тарихи орындар мен ғимараттар және ұқсас туристік көрікті жерлер |
158 | 91.04.1 | Ботаникалық бақтар мен хайуанаттар бақтарының қызметі |
159 | 93.11.0 | Спорт имараттарын пайдалану |
160 | 93.12.0 | Спорт клубтарының қызметі |
161 | 93.13.0 | Фитнес-клубтардың қызметі |
162 | 93.19.0 | Спорт саласындағы өзге де қызмет |
163 | 93.21.0 | Ойын-сауық және тақырыптық парктердің қызметі |
164 | 93.29.1 | Би залдары, дискотекалар қызметі |
165 | 93.29.2 | Родео, тирлар қызметі |
166 | 93.29.3 | Қуыршақ театрларының қызметі |
167 | 93.29.9 | Демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызметтің өзге де түрлері |
168 | 95.11.0 | Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу |
169 | 95.21.0 | Электрондық тұрмыстық техниканы жөндеу |
170 | 95.22.0 | Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу |
171 | 95.23.1 | Аяқ киімдерді жөндеу |
172 | 95.23.2 | Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу |
173 | 95.24.0 | Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу |
174 | 95.25.1 | Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу |
175 | 95.25.2 | Зергерлік бұйымдарды жөндеу |
176 | 95.29.1 | Трикотаж және тоқыма бұйымдарды жөндеу |
177 | 95.29.2 | Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу |
178 | 95.29.3 | Тері және былғары бұйымдары мен бас киімдерді жөндеу |
179 | 95.29.4 | Музыкалық аспаптарды жөндеу |
180 | 95.29.5 | Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу |
181 | 95.29.6 | Велосипедтер жөндеу |
182 | 95.29.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу |
183 | 96.01.1 | Кірлерді жуу және өңдеу |
184 | 96.01.2 | Химиялық тазалау және бояу |
185 | 96.02.0 | Шаштараздардың, сұлулық салондарының көрсететін қызметтерін ұсыну |
186 | 96.03.0 | Жерлеуді ұйымдастыру және онымен байланысты қызмет |
187 | 96.04.0 | Физикалық жайлылықты қамтамасыз ету бойынша қызмет |
188 | 96.09.0 | Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
189 | 97.00.0 | Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі |
190 | 98.20.0 | Өзіндік тұтынуы үшін көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша үй шаруашылықтарының қызметі |
* қызметін бір сауда объектісі шегінде жиынтық алаңы 2000 шаршы метрден асатын сауда үй-жайында (-ларында), объектісінде (-лерінде), алаңында (дарында) осындай сауда объектілерінің аумағында жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда;
** бір қонақ үйдің немесе осындай қызметтер көрсетілетін жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы екі және одан да көп салық төлеушілердің қызметін жүзеге асыруды қоспағанда;
*** Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына, 1, 2 және 3 санаттағы стационарлық сауда объектілеріне жататын сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілері мен қоғамдық тамақтану объектілерін жалға алуды (қосалқы жалға алуды), сауда объектілерін қосалқы жалға беруді қоспағанда.