Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглова;";
6) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |