Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 293 қаулысы.

Жаңартылған

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.09.2024 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов