Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 251 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:                 

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.                 

      2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісу бойынша):           

      1) Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;     

      3) есепті жылдан кейінгі 15 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау және стратегиялау жөніндегі уәкілетті органдарына Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы есеп беріп тұрсын, сондай-ақ бірінші басшының қолын қойғызып, оны (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) интернет-ресурста орналастырып тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.                       

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 251 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы Мазмұны

      1-бөлім. Паспорт

      2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      2.1 Бұқаралық спортты дамыту

      2.2 Бейімдік дене шынықтыруды дамыту

      2.3 Ұлттық спорт түрлері

      2.4 Спорттық резерв даярлау

      2.5 Ұлттық құрама командаларды құру және халықаралық спорт жарыстарына қатысу

      2.6 Дене шынықтыруды және спортты инфрақұрылымдық қамтамасыз ету

      2.7 Дене шынықтыруды және спортты кадрлық қамтамасыз ету

      3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

      4-бөлім. Дене шынықтыру мен спортты дамыту пайымы

      5-бөлім. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

      Қосымша: Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

1-бөлім. Паспорт


Атауы

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама)

Әзірлеу үшін негіздеме

1. Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
4. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
5. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Әзірлеуге және іске асыруға жауаптылар

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті (келісу бойынша), "Спортты дамыту дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісу бойынша), "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісу бойынша), "Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісу бойынша), "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры" корпоративтік қоры, спорт түрлері бойынша аккредиттелген федерациялар (келісу бойынша)

Жүзеге асыру мерзімі

2023 2029 жылдар

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      2020 жылы Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының 1-кезеңін (2016 – 2020 жылдар) іске асыру мерзімі аяқталды.

      Деректердің талдауы көрсеткендей, 2023 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізілген:

      1) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) бұқаралық спортты одан әрі дамытуды көздейтін түзетулер қабылданды;

      2) спортшылардың спорттық этикасы әзірленіп, бекітілді;

      3) спорт түрлерін саралау және оларды қаржыландыру жүйесі енгізілді;

      4) қазақ күресі, тоғызқұмалақ, құсбегілік сияқты ұлттық спорт түрлері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді.

      Дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту халықаралық спорт ұйымдарының құбылмалы талаптарын ескере отырып, бұқаралық дене шынықтыруды, оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді талап етеді.

      Осы Тұжырымдама бұрын іске асырылған бағдарламалық құжаттардың қисынды жалғасы болып табылады және балалар мен студент жастардың, орта және егде жастағы халықтың, мүгедектігі бар адамдардың дене тәрбиесінің негізгі аспектілерін, сондай-ақ спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау мәселелерін қамтиды, дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту, ғылыми-зерттеу және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі шараларды көздейді.

2.1 Бұқаралық спортты дамыту

      Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады.

      2020 – 2022 жылдары елімізде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтар саны 31,4 %-дан 38,4 %-ға дейін ұлғайды.

      Республикада салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде жыл сайын 1,2 млн адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адамды қамти отырып, барлық жас санаттарына бағытталған, әртүрлі деңгейдегі 25 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шара тұрақты түрде өткізіледі. Әсіресе, соңғы жылдары жүгіру, марафондар, велошерулер мен веломарафондар, Ironman, фестивальдер, отбасылық жарыстар, жаппай сырғанаулар танымал бола бастады.

      Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2022 жылы VII Халық ойындары, IV Ауыл жасөспірімдері ойындары, "Қолжетімді спорт" жобасының II кезеңі, "Тұран Барысы" Азия кубогы, "Ұлы дала жорығы" бірінші республикалық бәйге-марафоны өткізілді.

      Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың ауқымын кеңейтудегі бұқаралық спорттың маңызды құрамдас бөлігі Президенттік тесттер (бұдан әрі – Тесттер) тапсыру болып табылады. Тесттер халықтың дене тәрбиесі дайындығының нормативтерін құрайды және балалар, жастар, ересек адамдар үшін өткізіледі. Нормативтерге күш, төзімділік, жылдамдық, икемділік және ептілікті көрсететін жеке тұлғалардың жасына байланысты дене жаттығуларының түрлері кіреді. Нормативтердің нәтижелері президенттік деңгей, ұлттық деңгей, бастапқы дайындық деңгейі деген үш деңгейге бөлінеді.

      2020 – 2022 жылдар кезеңінде ел бойынша Тесттерді тапсыруға 7,6 миллион адам (2020 жылы – 1,2 млн адам, 2021 жылы – 2,6 млн адам, 2022 жылы – 3,8 млн адам) қатысты. 2020 жылмен салыстырғанда, Тестке қатысушылар саны 2,7 миллион адамға артты.

      Сонымен қатар талдау бекітілген нормативтердің асыра бағаланғанын көрсетті, бұл азаматтардың оларға қатысу деңгейіне кері әсер етеді. Айталық, 2022 жылы Тестілеуге қатысқан 3,8 миллион адамның тек 519,1 мыңы (18,4 %) оны сәтті тапсырды, олардың ішінде 110,3 мың адам Президенттік деңгейді, 203,1 мың адам – ұлттық деңгейді және 205,6 мың адам – бастапқы деңгейді орындады.

      Жалпы алғанда, бұқаралық спорттың әлі тиісті деңгейде дамымауының негізгі себебі спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі немесе тозуы, жоғары урбандалу деңгейі болып табылады, оның салдарынан ауылдағы жас тұрғындар саны азаяды, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі туындайды, бұл, өз кезегінде, халыққа көрсетілетін спорттық қызметтердің саны мен сапасына теріс әсер етеді. Бұқаралық спортты халық арасында танымал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, халықтың көп бөлігі әртүрлі факторларға байланысты дене шынықтырумен және спортпен қамтылмаған күйінде қалып отыр.

      Өткен жылдар ішінде өңірлер дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасының жай-күйіне тиісінше назар аударған жоқ. Сондай-ақ дене шынықтыру және спорт объектілерін түгендеу жүргізілмеді, спорттық жабдықтарды жаңартуға қаражат бөлінбеді.

      Сабақтан тыс уақытта сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыс одан әрі дамымады. Әртүрлі суық тию және созылмалы ауруларға бейім балалар мен жасөспірімдердің саны әлі де өсу үстінде.

      Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының жай-күйі бұқаралық спортты одан әрі дамыту, халық арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жандандыру бойынша шұғыл, нақты шаралар қабылдауды талап етеді.

      Балалар мен жастар арасындағы дене шынықтыру және спорт

      Бұқаралық спортты дамытудың ажырамас бөлігі балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту болып табылады, бұл өскелең ұрпақтың толыққанды дамуына ықпал етеді және денсаулықты нығайтуға, қозғалыс біліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту да жоғары санатты спортшыларды даярлау үшін елдің спорттық резервін тәрбиелеуде негіз болып табылады.

      Балалар мен жасөспірімдер спортының дамуы білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесіне тікелей байланысты. Қазақстанда өскелең ұрпақты дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту мектеп жасына дейінгі жастан басталады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жалпы дамыту, музыкалық-ритмдік жаттығулар, қимылды ойындар, билер және ойын спортының элементтері бар жаттығуларды қолдану арқылы негізгі қозғалыс дағдыларын (жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдік) дамыту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі.     

      Жалпы білім беретін ұйымдардағы балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі "Дене шынықтыру" пәні шеңберінде мектептер жанындағы және қосымша білім беру ұйымдары жанындағы спорт секцияларында барлық оқушылар үшін мектептегі спорт клубтарының, секциялардың және мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының желісін кеңейту жолымен аптасына 3 сағат көлемінде өткізіледі.

      2021 – 2022 оқу жылы ішінде жалпы білім беретін мектептерде 3362995 (97,8 %) білім алушы дене шынықтыру сабақтарына қатысады (72491 бала немесе 2,2 % денсаулық жағдайы бойынша сабақтан босатылған). Алайда материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша 5000 ауылдық мектепті жаңғырту шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, 746 жалпы білім беретін мектепте әлі де спорт залдары жоқ, оның ішінде 657 ауылдық мектепте, 587 жалпы білім беретін мектепте бұл сабақтар бейімделген үй-жайларда өткізіледі. Бұдан басқа спорттық жабдықтардың тозуы 60 %-дан асады.

      2022 жылдың қорытындысы бойынша мектептер жанында және қосымша білім беру ұйымдары жанында 2 миллионнан астам баланы қамтитын 158,1 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді, оның 76,3 мың секциясы ауылдық жерлерде, оның ішінде жалпы білім беретін мектептер жанында.

      Бұл ретте дене шынықтыру және спорт мұғалімдері білім алушылармен сабақтан тыс спорттық сабақтарды өткізгені үшін жалақыға базалық лауазымдық айлықақысын 100 % қосымшаақы алады, бұл білім алушыларды аптасына кемінде 3 сағат спорт секцияларымен қосымша қамтуға мүмкіндік берді.     

      Балалар мен жасөспірімдер клубтарында (бұдан әрі – БЖК) және балалар мен жасөспірімдердің дене даярлығы клубтарында (бұдан әрі – БЖДДК) шұғылданатындардың жалпы саны 2020 жылғы 180980 баладан 2022 жылы 258723 балаға дейін өсті.

      Бұл ретте БЖК саны 2020 жылғы 602-ден 2022 жылы 661-ге дейін, БЖДДК саны – 2020 жылғы 119-дан 2022 жылы 144-ке дейін өсті.

      Оң серпінге қарамастан, спорт клубтарын құру орташа қарқынмен жүзеге асырылуда. Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында БЖДДК жоқ. Қаржыландыруды қысқарту мақсатында кейбір өңірлерде оларды жабу үрдісі байқалады.

      Президенттің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын орындау үшін 2021 жылғы мамырда мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс іске қосылды.

      Балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар тетігін енгізу балалар мен жасөспірімдерді спорт секцияларымен қамтудың өсуіне ықпал етті. Мәдениет және спорт министрлігі тиісті нормативтік құқықтық базаны (мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі мен қағидалары, мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидалары) құру және республиканың барлық облыс орталықтары және республикалық маңызы бар қалалар, қосылған ваучерлер беру процесін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде 2022 жылы 4 пен 17 жас аралығындағы 209 мыңнан аса бала мен жасөспірім 5960 спорт секциясына тегін қатысты.

      Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту бойынша жалпы білім беретін мектептер қызметінің бағыттарының бірі тұрақты негізде республикалық көп деңгейлі турнирлер мен жарыстар ұйымдастыру болып табылады. Мәселен, Ұлттық мектеп спорт лигалары аясында спорттың 10 түрінен, оның ішінде баскетбол, волейбол, футбол, футзал, жеңіл атлетикалық кросс, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, қазақ күресінен спорттық жарыстар өткізіледі.

      Оқушылардың Қазақстандық жазғы және қысқы гимназиядаларының жеңімпаздары мектеп командаларының Дүниежүзілік жазғы және қысқы гимназиядаларына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Оның үстіне, Мәдениет және спорт және Оқу-ағарту министрліктерінің бірлескен бұйрығы қабылданды, ол осы жарыстар жеңімпаздарына Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмай, елдің кез келген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) грант алуға құқық береді.

      Жастарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тартудың кезекті буыны орташа-арнаулы және жоғары білім беру ұйымдары болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) статистикалық деректеріне сәйкес республикада 734 техникалық және кәсіби білім беру ұйымы және 1 миллионнан астам студент оқитын 145 жоғары оқу орны бар, дене шынықтыру сабақтарымен 574 мың студент қамтылған, бұл білім алушылардың жалпы санының 57 %-ын құрайды.

      Бұдан басқа 2022 жылдың қорытындысы бойынша колледж студенттерінің шамамен 69 % (337 мыңнан аса) және ЖЖОКБҰ студенттерінің 41,2 % (237 мыңнан аса) спорт секцияларымен және клубтармен қамтылған: техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ТКБҰ) – 10 мыңнан аса спорт секциялары (футбол, волейбол, қазақ күресі, бокс, шахмат және басқалары) және 145 азаматтық ЖЖОКБҰ – 82 спорт клубы және 1 мыңнан аса спорт секциялары (бокс, күрес, волейбол, баскетбол, футбол және басқалары) бар.

      Студенттік спортты дамыту мақсатында ЖОО студенттері арасында жазғы және қысқы универсиадалар өткізіледі, олардың жеңімпаздары Дүниежүзілік жазғы және қысқы универсиадаларға қатысады. Бұл ретте универсиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына мемлекет біржолғы ақшалай көтермелеулер төлейді (1-орын 15000 АҚШ доллары, 2-орын 10000 АҚШ доллары, 3-орын 5000 АҚШ доллары).

      Сондай-ақ шет елдердің тәжірибесі бойынша жазғы (қысқы) спорт түрлері бойынша Ұлттық студенттер лигасы енгізілуде. Қазіргі уақытта Ұлттық спорт лигасына қатысатын жоғары оқу орындары 6 аймаққа бөлінген: орталық, оңтүстік – шығыс, солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс. Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде спорттың 10 түрі бойынша студенттік спорт лигалары жөніндегі жобалар іске асырылуда.

      Бұдан басқа, республикада студенттердің спорттық жетістіктері үшін мекемелерді, ТКБҰ және ЖЖОКБҰ көтермелеу жүйесі жоқ, бұл мынадай проблемаларға әкеп соғады:

      дене шынықтырумен және спортпен айналысуға арналған білім беру ұйымдарының әлсіз материалдық-техникалық базасы;

      студенттік спортты дамытуда, спорт клубтарының қызметінде және оқушылардың жарыстарға қатысуында мекемелердің, ТКБҰ және ЖЖОКБҰ әкімшіліктерінің мотивациясы деңгейінің төмендігі;

      студент жастар арасында спортты дамыту бойынша көптеген спорт федерацияларының қызығушылығы мен жауапкершілігінің төмен деңгейі;

      өңірлердің, оның ішінде ауылда бастаманы жеткіліксіз қаржыландыру. Мемлекеттік тапсырыс тетігін жетілдіру мақсатында бірінші кезеңде тиісті бұйрықтарға өзгерістер енгізілді;

      салауатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан шыққан жоғары дәрежелі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асырудың жеткіліксіздігі.

      Ересек тұрғындар арасында спортты дамыту

      Ересек тұрғындар арасында бұқаралық спортты насихаттау жалпы халыққа да, нысаналы топтарға да бағытталған спорттық іс-шаралар мен бағдарламаларды өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      Ауылда спортты кеңінен насихаттау үшін ауыл тұрғындары арасында "Ақ бидай" спартакиадалары жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Оларға барлық дерлік өңірлер қатысады. Ойындар бағдарламасына спорттың 14 түрі кіреді, оның ішінде қазақ күресі, президенттік көпсайыс, аударыспақ, үстел теннисі және басқалары.

      2022 жылғы мамырдан бастап "Қолжетімді спорт" жобасы Қазақстанның жеті қаласында (Астана, Алматы, Ақтау, Петропавл, Талдықорған, Семей және Шымкент) пилоттық ретінде енгізілді. Жобаға скандинавия жүрісі, жүгіру, гимнастика, йога, фитнес, стритворкаут, шаңғы жарысы, үстел теннисі және жаппай коньки тебу кіреді.

      Қарттардың өміріне дене шынықтыру енгізу мақсатында "Aulafit" республикалық жобасын іске асыру басталды. 2021 жылы жоба 6 өңірде іске асырылып, 45 мыңнан астам адам қамтылды. Жобаның мақсаты – тұрғындарға, оның ішінде қарт адамдарға жаяу қашықтықта, тұрғын үй кешендерінің аулаларында күнделікті нұсқаушылар, жаттықтырушылар жетекшілігімен дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану мүмкіндігін беру. Сонымен қатар егде жастағы адамдарды бұқаралық спортқа тартудың төмен деңгейі сақталуда. Мәселен, 2021 – 2022 жылдардың қорытындысы бойынша зейнеткерлік жастағы адамдардың ішінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың жалпы саны небәрі 1,7 %-ды құрады.

      Бұдан басқа, жыл сайын мемлекеттік қызметші, медицина қызметкерлері, журналистер, еңбек ұжымдары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спорт ардагерлері арасында спартакиадалар өткізіледі. Алайда бұл іс-шаралар елдің барлық ересек тұрғындарын толық қамтымайды.

      Қазақстанда заңды түрде ("Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңның 17-бабы) қызметкерлердің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану құқығын іске асырулары үшін заңды тұлғалардың жағдайлар жасауы көзделген. Бұл ретте материалдық базаны пайдалану және қаржыландыру, жұмыскерлердің және олардың отбасы мүшелерінің жеке және ұжымдық дене шынықтыру-спорттық сабақтарын ұйымдастыру үшін мамандармен қамтамасыз етуді ұжымдық шарттар немесе жұмыс берушінің өзі айқындайды. Алайда барлық ұйымдар өз қызметкерлеріне дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға жағдай жасай бермейді.

      Жалпы алғанда негізінен 20 жастан 60 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті жастағы азаматтарды бұқаралық спортпен қамту үрдісі байқалады. Отандық спорттың халық арасында "танымалсыз" болу себептерінің бірі ретінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) және әлеуметтік желілерде аз жариялануын да атауға болады.

      Республикалық БАҚ-тың назары 100 %-ға дерлік жоғары жетістіктер спортына қатысты тақырыптардың өте тар сегментінде. Әуесқойлық, бұқаралық, балалар, бейімделген спорт мәселелері мүлдем жарияланбайды. Оның үстіне, әдетте, отандық БАҚ ел ішінде өткізілетін бұқаралық спорттық іс-шараларды аз көрсетеді.     

      Өңірлік БАҚ-та да осындай жағдай. Өңірлердегі спорт, әдетте, екі жағдайда ғана: спорттық резонансты жағдайларға келгенде немесе өңірлер ірі халықаралық жарыстар өтетін орынға айналғанда назарда болады. Бұл контекстен тыс өңірлік спорттық шаралар жоқ деуге болады. Бағдар тұтынушылардың сұранысына, сол сияқты спорттық тақырыптың өзі үшін өзекті саяси-экономикалық және әлеуметтік шаралармен өзара байланысына бағытталған.

      Мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен өтетін бұқаралық спорттық іс-шаралар көрсетілмейді.

      Ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерінің спорттық шараларға қатысуына жеткілікті жағдай жасамайды. Осы мақсатта ұйымдар мен мекемелердің еңбек ұжымдарын дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тартқаны үшін ынталандыру керек.

      Ересек тұрғындардың спортқа аз тартылуына әсер ететін проблемалар:

      тұрғындарды жүйелі негізде спорттық-бұқаралық іс-шаралармен қамтудың төмендігі;

      жұмыс берушілердің өз жұмыскерлерін спортпен шұғылдануға тартуға мүдделілігінің болмауы;

      ересектер арасында спортпен шұғылдануға ынта мен қызығушылықтың болмауы;

      дене шынықтыруды және спортпен шұғылдануды танымал ету мен насихаттаудың жеткіліксіздігі;

      бизнес үшін бағаны төмендету бойынша немесе спорт инфрақұрылымын салу үшін шығыстарды өтеу жөніндегі ынталандыру шараларының болмауы себебінен спортпен шұғылдануға арналған инфрақұрылымның қолжетімсіздігі.

2.2 Бейімдік дене шынықтыруды дамыту

      Мүгедектігі бар адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту – маңызды мәселелердің бірі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мүгедектігі бар адам саны 705 мың (ел халқының 3,68 %), оның ішінде 319947 немесе 46 %-ның дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ.

      Қалалар мен аудандардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт жөніндегі қоғамдық бірлестіктер бірлесе отырып, аталған тұлғаларды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар арасында спорт түрлері бойынша секциялар ашу жұмыстарын жүргізуде.

      2022 жылы республика бойынша Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 15 спорт клубы, спортты дамыту дирекциясы мен 3 мектеп жұмыс істейді (спорт клубтары: Алматы және Шымкент қалаларында, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында; спорт мектептері: Астана қаласында және Қарағанды, Алматы облыстарында) оларда 5000-ға жуық адам спортпен шұғылданады.

      Астана қаласында, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында иппотерапия және бейімдік ат спорты орталықтары жұмыс істейді.

      Бұдан басқа, Астанада Паралимпиадалық жаттығу орталығы мен "Тарлан" мұз аренасы ашылып, оның негізінде дзюдо жұбы, үстел теннисі жұбы, бадминтон жұбы, бочча, пауэрлифтинг жұбы, голбол, отыру волейболы сияқты паралимпиадалық спорт түрлері дамып келеді.

      Дегенмен, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар санының төмен өсімі сақталуда: 2022 жылы – 51325 адам немесе 16 % (2020 жылы 38352 (12,2 %), 2021 жылы 48565 (12,7 %). Бұл тек спорт объектілеріне ғана емес, басқа да инфрақұрылымның болуына, сондай-ақ қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін спорттық ұйымдар санының шектеулілігіне, тиісті мүкәммал мен жабдықтардың жоқтығына негізделеді.

      Жағдайдың талдауына сүйене отырып, мүгедектігі бар адамдардың спортқа аз қатысуына әсер ететін проблемалар мыналар болып табылады:

      дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ішінен дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың аздығы;

      мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балалар үшін спортпен шұғылдануға арналған тиісті мүлік пен жабдықтар санының жеткіліксіздігі;

      бейімдік дене шынықтыру бойынша жаттықтырушылардың, оқытушылардың және мамандардың жеткіліксіздігі.

      2.3 Ұлттық спорт түрлері

      Қазақстандағы ұлттық спорт түрлері спорт пен дене тәрбиесінің құрамдас бөлігі, ұлттық патриотизм мен ұлттық тарихты және салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу арқылы, жастарды тарту және халықтың денсаулығын нығайту факторы болып табылады.

      Статистикалық деректерге сәйкес ұлттық спорт түрлерінің тұрақты дамуы байқалады. Ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатындар саны 2021 жылғы 489,9 мың адамнан 2022 жылы 584,1 мың адамға дейін өсті және елдегі дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың жалпы санының 8,2 %-ын құрады. Олармен 1531 штаттық жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде ауылда – 834.

      Жыл сайын елімізде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі (халықаралық деңгейден ауылдық деңгейге дейін) мыңнан астам жарыстар өткізіледі олар Қазақстан Республикасы аумағында ресми түрде спорт түрлері болып танылған және Спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген.

      Бүгінгі күні республикада ұлттық спорт түрлері бойынша 10 клуб, 13 спорт мектебі жұмыс істейді.

      Халықаралық аренада қазақ күресі бойынша спорт түрінің беделін арттыру мақсатында ұлттық спорт түрлерін дамыту шеңберінде барлық федерацияларды біріктіру жолымен қазақ күресі қауымдастығы құрылды.

      Ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтардың үлесін ұлғайту үшін заңнамалық деңгейде білім берудің барлық деңгейлерінің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық спорт түрлерінің міндетті компонентін енгізу көзделген. Бірінші кезекте білім беру саласындағы уәкілетті органға асық ату, тоғызқұмалақ және қазақ күресі сияқты спорт түрлерін енгізу ұсынылды.

      2022 жылы Түркияда алғаш рет IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілді, оған 13 спорт түрінен 102 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысты. Қазақстан спортшылары спорттың 5 түрінен (қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату) өнер көрсетті. IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша қазақстандық команда 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медалін жеңіп алды.

      Жыл сайын "Жас барыс", "Қазақстан барысы", "Әлем барысы" жарыстары өткізіледі.

      Осыған қарамастан, жүргізіліп жатқан жұмыстар ұлттық спорт түрлерінің халықаралық аренадағы әлеуетін толық ашып көрсетпейді, сондай-ақ азаматтарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға жеткілікті түрде қамтуды қамтамасыз ете алмайды.

      Жағдайды талдау нәтижесінде ұлттық спорт түрлерімен айналысу үшін азаматтардың жеткіліксіз қамтылуына әсер ететін проблемалар:

      өңірлер бөлінісінде, әсіресе еліміздің солтүстік өңірлерінде климаттық жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты ұлттық спорт түрлерімен айналысатындардың аз қамтылуы;

      қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты федерациялардың ұлттық спорт түрлерін насихаттау жұмысының жеткіліксіздігі болып табылады.

2.4. Спорттық резервті даярлау

      Қазақстанда спорттың 176 түрі (45 жазғы олимпиадалық, 13 қысқы олимпиадалық, 28 паралимпиадалық, 17 сурдлимпиадалық, 10 ұлттық, 63 олимпиадалық емес спорт түрлері) дамытылуда.

      Спортшыларды дайындықтың бастапқы кезеңінен жоғары жетістіктер спортына дейін даярлаудың қазіргі жүйесі мынадай:

      1) балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері;

      2) олимпиадалық резервті даярлау орталықтары;

      3) олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері;

      4) облыстық жоғары спорт шеберлігі мектептері;

      5) спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері;

      6) республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі;

      7) олимпиадалық даярлау орталықтары;

      8) "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      9) "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      10) спортты дамыту дирекциясы.



      Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды. Республикалық аккредиттелген федерациялар әзірлейтін және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін дене шынықтыру – спорт ұйымдарына арналған спорт түрлері жөніндегі бағдарламаларға сәйкес дене шынықтыру – спорт ұйымдары жүзеге асырады. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шараларды өткізуді қамтиды.

      Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері

      Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері (бұдан әрі – БЖСМ) спорт резервін және қосымша білім беру ұйымдарын даярлаудың бастапқы буыны болып табылады. Олардағы дайындық келесі кезеңдерге бөлінеді: бастапқы дайындық, оқу-жаттығу кезеңі, спорттық жетілдіру және жоғары спорттық шеберлік кезеңі.

      Оқушыларды қабылдау және спорттық резервті даярлаудың келесі сатыларына ауыстыру оның көрсеткіштеріне (спорттық нормативтерді тапсыру) сәйкес жүзеге асырылады. Олардың дайындалуына қарай БЖСМ ішіндегі жарыстардан бастап, облыстық жарыстарға дейін көпдеңгейлі жарыстарға қатысуға рұқсат етіледі, олардың қорытындысы бойынша спорттық нәтижелер жас спортшыға республикалық жарыстарға қатысу құқығын береді.

      2022 жылдың қорытындысы бойынша 487 БЖСМ-де (оның ішінде 159 мамандандырылған) 390664 бала мен жасөспірім айналысады. Олармен 14848 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Ал 2020 жылы 477 БЖСМ-де 367727 бала, 2021 жылы 481 БЖСМ-де 386519 бала оқыды. 2020 жылмен салыстырғанда БЖСМ саны 10 бірлікке өсіп, оқушылар саны 22937 балаға артты.

      Спорт резервін даярлау саласында қол жеткізген табыстарға қарамастан, жергілікті жерлерде балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландырудың жеткіліксіздігінен көптеген балалар мен жасөспірімдердің спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысуға толық мүмкіндігі жоқ. Бұл мектептер қажетті спорттық мүкәммалдармен және құрал-жабдықтармен нашар жабдықталған, сәйкесінше инфрақұрылымы ескірген.

      Мысалы, 2022 жылы өңірлердегі 487 БЖСМ-ге 109,1 млрд теңге бөлінді, оның 4,2 млрд теңгесі немесе 3,8 %-ы оқу-жаттығу жиындарына және 4,2 млрд теңгесі немесе 8 %-ы жарыстарға қатысуға бөлінді. Қаражаттың басым бөлігі жалақы мен спорт объектілерін жалға алуға бағытталған.

      Бұл сандар оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу үшін іссапар шығыстары бөлігінде спорт ұйымдары арасындағы қаржыландыру үлесін жергілікті деңгейде қайта қарау қажеттігін көрсетеді.

      Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернаттары-колледждері және республикалық спорт колледжі

      Республикалық деңгейде, сондай-ақ облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледждер (бұдан әрі – СДБММИК) жұмыс істейді. Оларда даярлаудың белгілі бір кезеңінен өткен болашағы зор балалар арасынан іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады, олар жатақханамен және тамақпен қамтамасыз етіледі. Олар күніне кемінде екі рет жаттығады. Жоғары сыныптарда осындай мектеп-интернаттардың оқушылары жақсы спорттық нәтижелерге қол жеткізсе, еліміздің жасөспірімдер мен жастар құрамаларына қабылданады.

      2022 жылы 12 өңірде спорттағы дарынды балаларға арналған 13 облыстық мектеп-интернат жұмыс істейді, онда 4254 тәрбиеленуші (мектеп жасын 12 жастан 17 жасқа дейін қоса алғанда, колледж студенттері 18 жастан 21 жасқа дейін қамтиды) 45 спорт түрі бойынша (оның ішінде 33 жазғы, 10 қысқы олимпиадалық түрлері және 2 олимпиадалық емес спорт түрі) білім алады.

      2021 жылмен салыстырғанда спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың саны өзгерген жоқ, бірақ контингент 212 адамға (2020 жылы – 3995, 2019 жылы – 3932 бала) өсті.

      Республикалық деңгейде спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтің 4 мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (бұдан әрі – ОРММИК) және 1 республикалық спорт колледжі (бұдан әрі – РСК) жұмыс істейді, олардың контингенті 1825 бала мен жасөспірімнен тұрады (ОРММИК 1636 адам, РСК – 189 адам).

      Бұл ұйымдарға дарынды спортшылар, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қабылданған. Мұнда ойын спорты, жекпе-жек, командалық және басқа да спорт түрлері дамыған.

      Соңғы 3 жылда мектеп-интернат түлектерінің саны 3546 адамды құрады, оның ішінде 412 спортшы (11,6 %) қазіргі таңда жоғары спорт шеберлігі мектептерінде өз шеберліктерін шыңдап жүр.

      2022 жылдан бастап жас спортшылар арасында да, түрлі деңгейдегі мектеп-интернаттар арасында да бәсекелестікті дамыту мақсатында "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кубогі" өткізіліп келеді. 2022 жылы бұл шара 2006 – 2007 жылы туған 352 спортшыны қамтыды. Жарыстар спорттың 4 түрінен (бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес) Астана, Алматы, Ақтөбе және Тараз қалаларында бір мезгілде 4 топта өтті.     

      Спорт резервін даярлаудың негізгі тірегі мектеп-интернат-колледждер болғандықтан, Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде жергілікті атқарушы органдарға мектеп-интернат-колледждер ашу туралы бірнеше рет тапсырмалар берілді. Алайда Астана, Шымкент қалалары, Абай, Ұлытау облыстары сияқты өңірлерде, сондай-ақ Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында бұл тапсырма орындалмады. Осыған байланысты бұл орындалмаған тапсырмалар осы Тұжырымдаманың іс-қимыл жоспарына енгізілді.

      Олимпиада резервін даярлау орталығы және Олимпиадалық даярлау орталығы

      Олимпиада резервін даярлау орталықтарының (бұдан әрі – ОРДО) және Олимпиадалық даярлау орталықтарының (бұдан әрі – ОДО) қызметі спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру үшін жыл бойы орталықтандырылған дайындықты ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

      Олимпиада резервін даярлау орталығының облыстық немесе қалалық мәртебесі бар. Олимпиадалық даярлау орталығының тек республикалық мәртебесі бар. Олардың контингенті ауыспалы болып табылады және оның құрамына спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаттарының немесе халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болып табылатын жасөспірімдер, юниор және жастар жасындағы спортшылар, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстардың ұлттық құрама командаларына енгізілген спортшылар қабылданады.

      2020 – 2022 жылдардағы ОДО саны 1 бірлікке артып, 18 бірлікті құрады. Олар еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан, Алматы және Абай облыстарында ОДО ашылу сатысында. Бұл ретте талданып отырған кезеңде 2020 жылғы 2682 спортшыдан 2022 жылғы 3146 спортшыға дейін өсуі байқалады.

      2020 – 2022 жылдардағы 1491 спортшы контингентінің санын сақтай отырып, жұмыс істеп тұрған ОДО-ларды қайта ұйымдастыру және біріктіру арқылы ОДО саны 9-дан 3 бірлікке қысқартылды. Бұл біріктіру Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.

      Жоғары спорт шеберлігі мектебі

      Спорттық резервті даярлаудың келесі буыны жоғары спорт шеберлігі мектептері (бұдан әрі – ЖСШМ) болып табылады. Олардың қызметінің мақсаты – олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жыл бойы оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.

      ЖСШМ контингенті спорттық жетілдіру және жоғары спорттық шеберлік топтарына кіретін спортшылар санынан құрылады. Республикалық ЖСШМ-ге республикалық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлер спортшылары қабылданады. Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ-ге спорт түрлері бойынша республикалық спорттық жарыстардың, облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) біріншіліктердің чемпиондары мен жүлдегерлер спортшылары қабылданады. Бұл ретте белгіленген спорттық нормативтер мен осы топтардың талаптары жыл сайын расталған жағдайда спортшылардың жасы шектелмейді.

      2022 жылдың қорытындысы бойынша республикада 27 облыстық және 1 республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі жұмыс істейді, олардың контингенті 5456 спортшыны құрайды, 863 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. 2020 жылмен салыстырғанда ЖСШМ саны 5 бірлікке артты, контингент 90 адамға өсті (2020 жылы 22 ЖСШМ – 5366, 2021 жылы 22 ЖСШМ – 5844 адам).

      Еліміздің спорт резервін даярлау жүйесіне жүргізілген талдау қазіргі жүйенің заманауи талаптар мен шындыққа толық сәйкес келмейтінін, "көлемді" болып табылатынын және жаңғыртуды қажет ететінін көрсетті.

      Олардың жұмыс істеуінің шеңберінде бір буыннан екіншісіне жүйелік ауысу жоқ, өйткені бір спортшы бірнеше дене шынықтыру және спорт ұйымдарының контингентінде болуы мүмкін, бұл спортшыларды даярлауда қаржыландырудың қайталануына (іссапарлар, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жаттықтырушыларға үстемеақы және басқалары) алып келеді.

      Сонымен қатар:

      спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесінің синхрондалмауы;

      ведомствоаралық және деңгейаралық бытыраңқылық және спорттық резервті даярлау жөніндегі міндеттерді шешудегі іс-қимылдардың келіспеушілігі;

      материалдық-техникалық базаның әлсіздігі, сапалы спорттық мүкәммал мен жабдықтардың болмауы;

      жаттықтырушылар жұмысының әлсіздігі, оның ішінде өзіндік әдістемелік әзірлемелердің болмауы;

      елде спорттық резервті іріктеу және жоспарлы даярлау бойынша ғылыми базаның болмауы;

      инновациялық спорттық технологияларды дамыту мен енгізуде жетекші спорт елдерінен (Ресей, Қытай және басқалардан) артта қалу байқалады.

      2.5 Ұлттық құрама командаларды қалыптастыру және халықаралық спорттық жарыстарға қатысу

      Қазақстанда спортшыларды даярлау жүйесінің шыңы жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командалары болып табылады.

      Спорт түрлері бойынша құрама және ұлттық құрама командалардың құрамдарын жыл сайын аккредиттелген спорт федерациялары өткен жылғы жарыстардағы спортшылардың нәтижелері негізінде қалыптастырады. Өз кезегінде, ұлттық кадрларды нығайту және өз спорт резервін тәрбиелеу мақсатында құрама команданың құрамына тартылған шетелдік спортшылардың саны бойынша шектеулер заңнамалық түрде енгізілді.

      Штаттағы ұлттық құрама командалардың жалпы саны 176 спорт түрінен 3000 адамды құрайды. Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен штаттық құрама командалардың құрамына енген спортшылар саны 1095 адамды, қысқы спорт түрлерінен – 199 адамды құрайды.

      Талдау көрсеткендей, 46 жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің ішінде Олимпиадалық ойындарда медальдарды тұрақты жеңіп алу орта есеппен 5-7 спорт түріне ғана тиесілі: 1996 жылы 35 спорт түрінен қазақстандық спортшылар 16 спорт түріне қатысып, 6 спорт түрінен медаль жеңіп алды, 2000 жылы 39 спорт түрінен қазақстандық спортшылар 20 спорт түріне қатысты, 2004 жылы бағдарламаның 40 түрінен қазақстандық спортшылар 20 түрге қатысып, 5 медаль жеңіп алды, 2008 жылы бағдарламаның 42 спорт түрінен қазақстандық спортшылар 23 түріне қатысып, 6 түрде медаль жеңіп алды, 2012 жылы 25 түрге және 7 түрге қатысып, 2016 жылы 26 түрге қатысып, 7 спорт түрінде, 2021 жылы 28 түрге қатысып, спорттың 5 түрінде марапаттарға ие болды.

      Осылайша, тәуелсіздік жылдарында 46 жазғы олимпиадалық спорт түрінен тек 13 спорт түрі бойынша олимпиадалық медаль жеңіп алынды.

      Олимпиада ойындарындағы спортшылардың өнерін салыстырмалы талдау елде 176 спорт түрі дамығанына қарамастан, әр салада 28-ден 50-ге дейін жазғы олимпиадалық спорт түрлері дамитынын көрсетеді, бірақ нәтижелерге тек бірнеше спорт түрлерінде қол жеткізіледі. Осыған байланысты әр өңірдің географиялық ерекшеліктерін және спорт түрлерінің ұлттық-мәдени дәстүрін ескере отырып, белгілі бір спорт түрлерін дамыту бойынша өңірлердің мамандануын анықтау қажеттілігі туындады.

      Әлем чемпионаттарында ұлттық құрама командалардың спортшылары 168 медаль (49 алтын, 48 күміс, 71 қола медаль) жеңіп алды.


      Тәуелсіздік жылдарында спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарында жеңіп алған медальдар саны


      Мәселен, жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың әлем чемпионаттарында өнер көрсетуін талдау қорытындысы бокс, ауыр атлетика, велоспорт, жеңіл атлетика, дзюдо, грек-рим күресі сияқты спорт түрлерінің тұрақты нәтижелерін көрсетіп отыр.

      Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың жақсы нәтиже көрсететін спорт түрі көбірек. Ұлттық құраманың 7 жазғы Азия ойынына қатысуы елге 29 олимпиадалық спорт түрі бойынша 498 медаль әкелді, олардың ішінде ең нәтижелісі бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, велосипед спорты, байдарка және каноэде есу, дзюдо, жеңіл атлетика, оқ ату, ауыр атлетика, жүзу.

      Қысқы халықаралық жарыстарда: қысқы Азия ойындарында – 196 медаль, қысқы олимпиада ойындарында – 13 медаль, оның ішінде қысқы жасөспірімдер олимпиада ойындарында – 5, қысқы чемпионаттарда – 21 медаль, Дүниежүзілік қысқы универсиадаларда – 87 медаль жеңіп алынды. Бұл ретте қысқы олимпиадалық спорт түрлерінде шаңғы жарысы, конькимен жүгіру спорты, биатлон, мәнерлеп сырғанау және фристайл нәтижелі болып табылады.

      Осылайша, халықаралық жарыстарда спортшылардың өнер көрсетулері қорытындыларының талдауы ұлттық құрама командалардың нәтижелілігі негізінен 15-20 спорт түрі бойынша ең жоғары және тұрақты екенін, оның ішінде Олимпиада ойындарында тек 5-6 спорт түрі бойынша екенін көрсетеді.

      Осыған байланысты, ұлттық құрама командалардың спортшыларын тек осы мамандандырылған спорт түрлері бойынша нақты даярлаудың болмауы 8 қола медальмен жалпы командалық есепте 83-орынға ие болып, Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің алатын орнының әлсіреу себептерінің бірі болды.

      Осылайша, Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан алатын орнының әлсіреуіне себептер:

      спортшыларды спорттық дайындықтың бір кезеңінен екінші кезеңіне берудің тиімсіз жүйесі;

      көптеген жаттықтырушылардың, әдіскер-жаттықтырушылардың, әдіскерлердің және спортшыларды даярлауға қатысатын басқа мамандардың біліктілігінің төмендігі;

      ұлттық құрама командалардың спортшыларын даярлаудың әлсіз жүйесі;

      халықаралық жарыстарда ұлттық команданың төмен презентативтілігі;

      жаттықтырушыларда спортшыларды даярлау әдістемелерінің болмауы.

      Осы проблемалар бойынша шешімдердің болмауы ұлттық құрама командалардың халықаралық жарыстардағы, оның ішінде 2024 және 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы нәтижелілік көрсеткіштерінің одан әрі төмендеуіне әкелуі мүмкін.

      Ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру

      Халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін спорт ғылымы, медицина және инновациялық технологиялар бағыттары бойынша мамандардың кешенді тәсілі қажет. Жыл сайын чемпиондық атақ үшін күрес күшейе түсуде. Осыған байланысты спортшының дене мүмкіндіктеріне ғана сену жеткіліксіз. Жоғары жетістіктер спортын дамыту тек спортшылардың өнерінің нәтижелері бойынша ғана емес, сонымен қатар олардың физиологиялық жағдайын, медициналық қамтамасыз етілуін, жарақаттануын және басқаларын ескере отырып, толыққанды талдау негізінде жүзеге асырылуы керек. Спорт ғылымын дамыту қажет.

      2022 жылы спорт саласында медициналық қызметті республикалық деңгейде "Спорттық медицина және оңалту орталығы" РМҚК (бұдан әрі – СМжОО), өңірлік деңгейде – 7 дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері (бұдан әрі – ДШД) (Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында) жүзеге асырады.

      Әрбір өңірде ДШД болуы жергілікті жерлерде спортшылардың денсаулық жағдайын уақтылы бақылауды көздейді. Бұл ретте үш өңірде Астана қаласында, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай облыстарында ДШД функциясын спорттық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері (медициналық бөлімшелері) орындайды, ал республиканың 6 өңірінде (Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында) ДШД жоқ. Тиісінше осы өңірлерде спорт түрлері бойынша жоғары білікті спортшыларды, республикалық және облыстық құрама командалардың мүшелерін медициналық қамтамасыз ету тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүзеге асырылады.

      Осылайша, жұмыс істеп тұрған СМжОО және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері елде спортшыларды сапалы медициналық-биологиялық және фармацевтикалық қамтамасыз етудің мәселелерін шеше алмай отыр.

      Сондай-ақ 2022 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спорт саласында ұлттық құрама командалардың спортшыларын Олимпиада ойындарына даярлауды ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатын ұйымдар жоқ. Қазіргі уақытта бір ғана республикалық талдау орталығы – "Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" РМҚК (бұдан әрі – РДСОТО) жұмыс істейді, ол бүкіл саланы талдамалық және әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз ете алмайды және спортшыларды даярлаудың бүкіл процесін ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ете алмайды. Тиісті мамандар мен сарапшыларды тарту мақсатында осы ұйым қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту мәселесін қарау талап етіледі, бұл азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

      Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, келесі мәселелерді шешу қажет:

      дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің мамандандырылған немесе жеке тұрған ғимаратының болмауы;

      спортшыларды медициналық қамтамасыз етуге арналған заманауи стационарлық және тасымалданатын портативті жабдықтың болмауы;

      кейіннен спортшыларды даярлау жоспарларын құратын немесе түзететін, спортшыларды функционалдық тестілеу мен диагностикалаудағы әдістемелер мен тәсілдердің болмауы;

      спорттық медицина саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің болмауы;

      спорттық медицина саласындағы бір бағыттағы мамандардың тапшылығы (спорт дәрігері, травматолог, реабилитолог, нутрициолог, спорттық медицина бойынша физиотерапевт, спорт психологтары, массаж жасаушылар және басқалары);

      оқу-жаттығу процестері мен спорттық іс-шараларға қатысатын спортшыларға жедел шұғыл көмек көрсету бойынша фармакологиялық құралдар тізбесінің ескіруі.     

2.6 Дене шынықтыру мен спортты инфрақұрылымдық қамтамасыз ету

      Спорттың жай-күйі мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына тікелей байланысты.

      Республика бойынша 2022 жылдың қорытындысына сәйкес 638 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (бұдан әрі – ДСК), 15339 дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы объектіні, 25304 білім беру мекемелерінің объектісін, спорттық мектептерді (СМ) – 2428 қоса алғанда 43071 спорт ғимараты (2021 жылмен салыстырғанда – 550 бірлікке өсім), ауылда 24397 бірлік бар.

      Кәдімгі жаяу жүргіншілер жолдары, велосипед жолдары, көше жаттығу құрылғылары жетіспейді.

      Спорттық объектілердің 30 жылдан астам уақыт бұрын салынғандары объектілер де бар, олар физикалық және моралдық тұрғыдан әбден тозған.

      Республика мектептерінің 10 %-ында әлі де өз спорт залдары жоқ және спорттық мүкәммалмен және жабдықтарымен жеткілікті жарақтандырылмаған. Бұл жағдай мектеп бағдарламасының аясында да оқушыларға дене шынықтырумен және спортпен толық айналысуға мүмкіндік бермейді.

      Барлық спорт объектілерінің көпшілігі ауылдық жерлерде орналасқанына қарамастан (43071-дің 24397-і), ауылдық округтерді, ауылдарды және кенттерді климаттық, географиялық ерекшеліктеріне және олардағы халықтың тығыздығына байланысты жеткілікті спорттық ғимараттармен қамтамасыз ету проблемасы бар.

      Жүргізілген талдау стандарттарға сәйкес, 19 млн адамнан асатын ел бойынша спорт залдарға жалпы қажеттілік 1581200,3 шаршы метрді құрайды, нақты бары – 1132771,9 шаршы метр. Осылайша, тапшылық 448428,4 шаршы метрден асады.

      "Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына кіретін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 145 бұйрығымен бекітілген әдістеме мынадай формулалар бойынша пайдаланылады:

      Қажеттілік: Спорт залдары S=80 шаршы метр*(халық саны/1000 адам).

      Қамтамасыз етілу: Спорт залдары О=спорт объектілерінің алаңы/қажеттілік*100.

      Инфрақұрылымның негізгі өсуі жазық құрылыстардың есебінен жүреді. Республика бойынша жабық спорт құрылыс саны жеткіліксіз болып қалуда. Бұл ретте елде спорт объектілерінің бар-жоғы олардың барлық азаматтар үшін, әсіресе ауылда қолжетімділігін қамтамасыз етпейді.


п/ә №

Облыс

2022 ж. БАРЛЫҒЫ

Оның ішінде

Олардың ішінде

ДСА объектілері

Білім беру мекемелерінің объектілері (спорт мектептерін қоса алғанда)

Ауылда

Меншік

Білім беру мекемелері

Спорт мектептері

1

Астана қаласы

1030

806

215

9

0

360

2

Алматы қаласы

3699

2671

1002

26

0

592

3

Шымкент қаласы

1076

521

503

52

0

148

4

Абай

1241

313

868

60

865

34

5

Ақмола

2591

807

1665

119

1777

146

6

Ақтөбе

1975

982

826

167

827

222

7

Алматы

2229

548

1541

140

1875

143

8

Атырау

1214

716

411

87

726

31

9

БҚО

1788

500

1176

112

1263

58

10

Жамбыл

2919

934

1640

345

2018

193

11

Жетісу

1715

457

1124

134

1111

44

12

Қарағанды

2782

1098

1548

136

980

361

13

Қызылорда

2368

601

1535

232

1438

13

14

Қостанай

2602

940

1534

128

1679

345

15

Маңғыстау

864

414

406

44

372

34

16

Павлодар

3165

1016

1923

226

1852

60

17

СҚО

2951

410

2477

64

2337

57

18

Түркістан

4674

1169

3307

198

3943

300

19

Ұлытау

327

110

195

22

139

23

20

ШҚО

1861

326

1408

127

1195

19

Жиыны

43071

15339

25304

2428

24397

3183


      Ең үлкен тапшылық Астана қаласында және Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында (S=80 шаршы метр*(халық саны/1000 адам) тіркелді. Сонымен қатар ең қолайлы жағдайдағы өңірлерде де (Ақмола, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары) инфрақұрылым тапшылығы сақталуда.

      Жоғарыдағы кестеде келтірілген деректер еліміздегі дене шынықтыру-спорт ғимараттарының басым көпшілігі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар болып табылатындығын, осылайша бюджетке ауыртпалық түсіретіндігін растайды. Жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру-спорт ғимараттарын пайдалану бойынша шығындарды 85 % деңгейінде толық жабуға не оларды жеке ұйымдарға сенімгерлік басқаруға беруге мәжбүр.

      Сондықтан спорт объектілерінің өсуіне негізінен ашық жазық спорт ғимараттарын салу арқылы қол жеткізіледі.

      Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесін арттыру үшін қалаларда бұқаралық спортты дамыту жобаларын іске асыру шеңберінде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға бейімделген қалалық және рекреациялық инфрақұрылым объектілері құрылады. Алайда бұл объектілер демалыс орындарында немесе тұрғылықты жері бойынша тұрғындарға қандай да бір объектілерінің қажеттілігіне мониторинг жүргізбей құрылады.

      Бұдан басқа, дене шынықтыру және спорт ғимараттарына деген қажеттілік ұлттық дәстүрлерге, құндылықтарға бейімделуге, өңір тұрғындарының мінез-құлқындағы стандарттар мен олардың табысына да едәуір байланысты болады. Мұндай өзара байланыс көбінесе шет жақтардағы шағын қалаларға тән.

      Мысалы, Ақтөбе облысының Шалқар ауданынан грек-рим күресінен балуандар, Қарағанды облысының Абай ауданынан бокшылар, Түркістан облысының Шардара ауданынан армреслинг спортшылары көптен шығады. Осыған байланысты мониторинг топтардың жергілікті жерге баруын қамтамасыз етіп, жұмыс істеп тұрған дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының нақты статистикалық деректерге сәйкестігіне түгендеу жүргізу қажет.

      Сонымен қатар спорт кешендерінде мүгедектігі бар адамдардың спортпен шұғылдануы үшін құқықтық қамтамасыз етілуіне және жағдай жасау бойынша қабылданатын шараларға қарамастан (сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес пандустар, есік ойықтары, есік қоңырауы/домофон, өрт қауіпсіздігі, нашар көретіндер үшін жүріп-тұру схемасы және басқалары), қолданыстағы инфрақұрылым осы санаттағы адамдарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қолжетімділікті толық қамтамасыз етпейді.

      Қысқы Азия ойындарын өткізу шеңберінде "Алатау" шаңғы және биатлон стадиондарының кешені, "Сұңқар" шаңғы трамплиндерінің кешені (К-95, К-125), "Сарыарқа" республикалық велотрегі, "Алау" мұз сарайы және Дүниежүзілік қысқы универсиаданың "Халық Арена", "Алматы Арена" мұз сарайы сияқты халықаралық жарыстарды қабылдай алатын ірі спорттық объектілер салынды. Сондай-ақ спортшыларды даярлауға және жарыстар өткізуге болатын басқа да спорттық объектілер бар.

      Осындай спорт объектілерінің болуына қарамастан, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының, оның ішінде ұлттық құрама командалардың мүшелері үшін оларға қолжетімділік проблемасы бар, бұл ретте мұндай объектілердің көпшілігі жеке меншікте немесе сенімгерлік басқаруға берілген.

      Жалпы жұмыс істеп тұрған барлық спорт объектілері оқу-жаттығу процесі мен халықаралық жарыстарды өткізу үшін халықаралық стандарттарға сай келе бермейді. Садақ ату, гимнастика түрлері, семсерлесу, брейкинг, жартасқа өрмелеу, ескек есу сияқты спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт объектілерінің болмауына байланысты ұлттық құрама командалардың спортшылары оқу-жаттығу процесін елден тыс жерлерде өткізуге мәжбүр.

      Инфрақұрылымдық қамтамасыз етумен қатар спорт объектілерін тиісті жабдықтармен және мүкәммалмен жарақтандыру проблемасы да бар.

      Қазақстан заңнамасында спорт инфрақұрылымын салуға бизнесті ынталандыру, оның ішінде құрылыс шығыстарының бір бөлігін өтеу немесе спорт объектісін құру кезінде ең төменгі кепілдендірілген кірісті қамтамасыз ету жөнінде шаралар көзделмегенін атап өткен жөн.

2.7 Дене шынықтыру мен спортты кадрлық қамтамасыз ету

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың болуы – бұқаралық дене шынықтырудың серпінді дамуының кепілі.

      2022 жылы дене шынықтыру және спорт саласында 66332 маман (білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушылары, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, спорт бойынша әдіскерлер, спорт бойынша нұсқаушылар, өңірлердегі дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен басқармалары аппаратының жұмыскерлері және басқа да дене шынықтыру және спорт қызметкерлері) жұмыс істеді, бұл 2020 жылғы деңгейден 8196 адамға артық.

      Ауылдық жерлерде 28873 дене шынықтыру қызметкері немесе олардың жалпы санының 42,7 %-ы жұмыс істейді (2020 жылы – 25285 адам, 2021 жылы 28373 адам).

      "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бакалаврларды даярлау елдің 119 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 38-сінде жүзеге асырылады. Жыл сайын бұл мамандыққа 2 мыңға жуық адам түседі (жұмысқа орналастыру – 75,6 %, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 92,2 %).

      Кадрлар даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес 2019 жылдан бастап білім беру бағдарламаларын жоғары оқу орындары дербес әзірлейді.

      Бүгінгі таңда кадрларды даярлаудың барлық бағыттары, оның ішінде дене шынықтыру және спорт бойынша білім беру бағдарламалары өзектілендірілді.

      Тізілімге "Дене шынықтыру және спорт менеджменті" (Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті), "Спорт менеджменті" (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы), "Спорт психологиясы" (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), "Спорттық және сауықтыру фитнесі" (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), "Спорт құқығы" (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), "Спорттық медицина" (С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, "Астана" медицина университеті), "Спорттық журналистика" (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), "Сауықтыру дене шынықтыруы", "Спорт және допингке қарсы қамтамасыз ету", "Спорттық және сауықтыру фитнесі" және басқа да жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді.

      Бейімдік дене шынықтыру және спорт бойынша студенттердің құзыреттерін қалыптастыру мақсатында "Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасына "Бейімдік дене шынықтыру және спорт", "Спорттық медицина және спорттағы допингке қарсы бақылау", "Емдік дене шынықтыру және массаж" пәндері енгізілген.

      2019 – 2020 оқу жылынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының базасында "Бейімдік дене шынықтыру және спорт" жаңа білім беру бағдарламасы іске асырылуда.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) ұсынатын кадрларға қажеттіліктің орта мерзімді болжамы негізінде қалыптастырылады.

      Еңбекминінің деректері бойынша 2026 жылға дейін дене шынықтыру мұғалімдеріне орта мерзімді қажеттілік 296 адамды құрайды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253 2022 – 2023 оқу жылына арналған қаулысына сәйкес дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау үшін 297 мемлекеттік білім беру гранты бөлінді (бір мемлекеттік гранттың құны ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-да 1010,9 мың теңге және басқа ЖЖОКБҰ-да 901 мың теңге).

      Сонымен қатар қазіргі уақытта қазақстандық жоғары білім беру жүйесі спорт саласы үшін негізгі даярлықты "Білім беру" бағыты бойынша жүргізуде. Жас мамандар ЖЖОКБҰ-ны аяқтағаннан кейін еңбек қызметін негізінен білім беру ұйымдарында (дене шынықтыру мұғалімі) немесе әртүрлі спорт объектілерінде (жүзу нұсқаушысы, фитнес жаттықтырушысы және басқалары) жүзеге асырады.

      Орта буын спорт мамандарын даярлау педагогикалық колледждер базасында жүзеге асырылады. 2022 жылы "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша кадрлар даярлау 12,6 мың адамды қамтитын 110 колледжде жүргізілуде. Оқыту 4 біліктілік бойынша жүзеге асырылады: "Дене шынықтыру нұсқаушысы", "Дене шынықтыру мұғалімі", "Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы", "Дене шынықтыру қолданбалы бакалавры". Жыл сайын аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыспен 1200-ден адам оқу бітіріп шығады. Мамандық бойынша жұмысқа орналасу соңғы жылдары 74 % -ды құрады.

      Сонымен қатар дене шынықтыру-спорт саласының қалыптасқан кадрлық қамтамасыз ету жүйесінде оқу орындары дайындаған мамандардың жалпы саны емес, білім беру мекемесін бітіргеннен кейін дене шынықтыру және спорт саласына мамандығы бойынша жұмыс істеуге келгендердің саны барған сайын түбегейлі маңызға ие болуда.

      Спорт дәрігері, спорт психологы, диетолог, нутрициолог, спорт заңгері және басқа да бір бағыттағы мамандар жоқ. Спортшыларды даярлау бағдарламасын жасау кезінде олардың биоритмдерін, физикалық, физиологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін, медициналық-биологиялық қамтамасыз етілуін және психолог, диетолог, нутрициолог және спорт дәрігері сияқты мамандардың ұсынымдарын ескеру қажет. Қазақстанда мұндай мамандар жоқ және бұл бағытта жеткілікті жұмыс жүргiзiлмейдi, бұл ғылыми-әдiстемелiк және медициналық-биологиялық қамтамасыз етудiң дамымағандығын көрсетедi.

      Ғылыми негізделген тәсілсіз және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауда озық технологиялар мен әдістемелерді пайдаланбай, біздің атлеттер лайықты бәсекелестік көрсете алмайды және халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелер көрсете алмайды.

      "Спорттық медицина және оңалту орталығы" мамандандырылған медициналық ұйымының алдын ала есептеулеріне сәйкес спорттың олимпиадалық және паралимпиадалық түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командаларын толыққанды медициналық қамтамасыз ету үшін 48 спорт дәрігері, 15 спорт психологы, 9 диетолог, 8 нутрициолог мамандары қажет.

ҚР ҰҚК командалары

Қажеттілік

Спорт дәрігерлері

Спорт психологтары

Диетологтар

Нутрициологтар

Бары

Қажеттілік

Бары

Қажеттілік

Бары

Қажеттілік

Бары

Қажеттілік

1

54 – жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша

19

35

0

11

0

7

0

5

2

12 – қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша

4

8

0

3

0

1

0

2

3

6 – жазғы паралимпиадалық спорт түрлері бойынша

1

5

0

1

0

1

0

1

Жиыны

24

48

0

15

0

9

0

8


      Осыған байланысты дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларға, оның ішінде спорт дәрігерлеріне, диетологтарына, нутрициологтарға және спорт психологтарына қажеттілікті егжей-тегжейлі талдау мен мониторинг жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ДСМ) мен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне (бұдан әрі – ОМ) ұсыныстар енгізу қажет.

      Дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы және нұсқаушы

      2022 жылдың қорытындысына сәйкес республикада спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар саны 15541 жаттықтырушы-оқытушыны құрайды, бұл 2020 жылғы деңгейден 1209 адамға артық (2020 жылы – 14332, 2021 жылы – 15121).

      2021 – 2022 жылдары олимпиадалық резервтегі 18 мамандандырылған мектеп-интернат-колледж бен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың (республикалық және облыстық), сондай-ақ 487 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы 25 %-ға өсті.

      Сонымен қатар Олимпиадалық резервті даярлау орталықтарындағы, Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы және жоғары спорт шеберлігі мектептеріндегі жаттықтырушылардың жалақысы өскен жоқ.

      Жоғарыда аталған жаттықтырушыларға еңбекақы төлеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша біліктілігі орта деңгейдегі еңбек өтілі және санаты жоқ жаттықтырушының жалақысы 115729 теңгені құрайды. Бұл фактор аталған ұйымдарда жаттықтырушы-оқытушы кадрлардың тапшылығына әсер етеді.

      Мамандарды даярлаумен және еңбекақы төлеу деңгейімен қатар, саланы жоғары білікті жаттықтырушылармен қамтамасыз ету жаттықтырушылар мен мамандардың біліктілігін тұрақты негізде арттыру үшін маңызды. Алайда бұл саланың басты проблемаларының бірі болып табылады.

      Жаттықтырушы-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының (бұдан әрі – ДСРОТО) қызметі шеңберінде жүзеге асырылады. Айталық, жыл сайын ДСРОТО жаттықтырушылардың жалпы санының тек 6 % ғана қамтиды. 2020-2022 жылдары ДСРОТО 1961 жаттықтырушы үшін (2020 жылы – 15, 2021 жылы – 15, 2022 жылы – 9) біліктілікті арттырудың 39 курсын ұйымдастырды және өткізді (2020 жылы – 1013, 2021 жылы – 588, 2022 жылы – 360 жаттықтырушы), 12 республикалық семинар – кеңес өткізілді, 726 адам (2020 – 272 қатысушымен 4 семинар, 2021 – 4 семинар, 2022 – 324 қатысушымен 4 семинар).

      2022 жылдың қорытындысы бойынша республикада тұрғылықты жері бойынша 5460 спорт нұсқаушысы (2020 – 3129, 2021 – 5610), оның ішінде ауылдық жерлерде 2 966 спорт нұсқаушысы (2020 – 1232, 2021 – 3065) жұмыс жүргізеді.

      Спорт бойынша нұсқаушылардың ең көп саны Алматы қаласында – 969, Алматы облысында – 260, Ақтөбе облысында – 350, Қарағанды облысында – 416, Павлодар облысында – 457 байқалады, сондай-ақ Астана қаласында – 171, Абай облысында – 2, Жетісу облысында – 170, Ұлытау облысында – 53 төмен көрсеткішті көруге болады.

      Алматы облысында ауылдық жерлерде спорт нұсқаушысының жоғары көрсеткіші – 256, Жамбыл облысында – 203, Қостанай облысында – 240, Павлодар облысында – 252, СҚО – 218. Ең төменгі көрсеткішті Абай облысында – 2, Атырау облысында – 140, Шығыс Қазақстан облысында – 142, Жетісу облысында – 161, Ұлытау облысында – 20 көруге болады.

      5460 спорт нұсқаушысының сапалық құрамы бойынша дене шынықтыру білімі 4792 адамда бар, оның ішінде жоғары білімдісі – 3779 адам.

      Ауылдық жерлерде 2966 спорт нұсқаушысының 2549-ы дене шынықтыру біліміне ие, оның ішінде 1823-і жоғары, ал 726-сы ғана арнайы орта білімге ие.

      Сонымен қатар республикада тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру және спорт бойынша 1970 әдіскер, оның ішінде ауылдық жерлерде 774 адам жұмыс жүргізуде. Қостанай облысында спорт әдіскерлерімен қамтамасыз етудің жоғары көрсеткіші – 327, Қызылорда облысында – 221, Түркістан облысында – 229 және 2022 жылы ең төмен көрсеткіш – Ұлытау облысында – 12 әдіскер.

      Сонымен қатар Алматы облысында спорт әдіскерлері жоқ. 2022 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спорт бойынша 1970 әдіскердің ішінде дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша 1895 адамның білімі бар – оның ішінде 1640 адамның жоғары білімі және 255 адамның орта арнаулы білімі бар. Ауылдық жерлерде 774 әдіскердің 763-і дене шынықтыру мамандығы бойынша білімі бар.

      Қалған өңірлерде нұсқаушы-әдіскерлермен ауылдық аумақтарды қамтамасыз ету мәселесі жалақының төмен болуына, тартымсыз еңбек жағдайларына, ауылдық жерлерге көшуге мүдделіліктің болмауына байланысты әлі де тиісті шешімін таба алмай келеді.

      Штаттық спорт нұсқаушыларының жетіспеушілігі тұрғылықты жері бойынша бұқаралық спорттың дамуын тежейтін факторлардың бірі болып табылады.

      Спорт төрешілері

      Барлық санаттағы спорт төрешілерін даярлауды спорт федерациялары жүзеге асырады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 4276 төреші болды. 413 адам немесе (10 %) халықаралық санатқа ие, оның ішінде тек 12 төреші ғана Токиодағы Олимпиада ойындарына шақырылды, бұл фактілер осы бағыттағы жұмыстың әлсіздігін көрсетеді.

      Сонымен бірге, төрешілерді даярлауда федерацияларға қызығушылық танытпау осы санаттағы спорт мамандарына қойылатын талаптар жоғары бола тұра, еңбекақысының төмен болуына байланысты туындады. Мәселен, спорт төрешісінің бастапқы позициясы үшін аудандық, қалалық ауқымдағы жеті жарыста спорт түрі бойынша кемінде бір жыл төрешілік ету тәжербиесі болуы қажет. Халықаралық деңгейдегі төреші мәртебесі үшін I санаттағы спорт төрешісі мәртебесі (негізгі талаптардан басқа, кемінде 2 жыл жұмыс өтілі қажет), "Ұлттық спорт төрешісі" және "Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі" үшін (кемінде 3 жыл өтілі қажет) және I санатты спорт төрешісі "Ұлттық спорт төрешісі" санаты болуы тиіс. Халықаралық санаттағы судья үшін – кемінде 3 жыл өтілі, спорт түрі бойынша ережелерді білуі, біліктілігін арттыруы, шет тілін білуі және әртүрлі дәрежедегі жарыстарда төрешілік тәжірибесінің болуы қажет.

      Спорттық жарыстардың бір күніне қызмет көрсеткені үшін төрешілерге спорт төрешілері үшін 1239 теңгеден, халықаралық санаттағы төрешілер үшін 2655 теңгеден төленді. Төрешілікке ақы төлеу жарыстың 1 күні үшін төленетінін, ал жарыстың ең азы 3 күнді алатынын ескере отырып, ең жақсы жағдайда халықаралық санаттағы төрешілер 2022 жылғы 1 шілдеге дейін 3 толық жұмыс күні үшін 6372 теңге, ал санаты жоқ төрешілер салық шегерімдерін ескере отырып, 2973 теңге алды. Сонымен қатар халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Еуропа елдерінде төрешіліктің 1 күні үшін орта есеппен 50 еуро (25250 теңге), Түркияда – 70 еуро (35350 теңге), Ресейде – 4000 рубль (24000 теңге) төленеді.

      Халықаралық спорттық жарыстарда, оның ішінде Олимпиада ойындарында төрешілер бригадалары құрамындағы өкілдік біздің спортшыларымыздың нәтижелеріне тікелей әсер етеді. Қазіргі уақытта 35-тен тек 21 республикалық федерацияда немесе олимпиадалық спорт түрлерінің жалпы санының 60 %-ның халықаралық ұйымдарда өкілдіктері бар (52 қызметкердің спорт түрі бойынша халықаралық федерацияда лауазымы бар және 6 қызметкер атқарушы, техникалық комитеттердің және халықаралық спорт ұйымдарының жұмыс топтарының мүшелері болып табылады).

      Осыған орай судьялардың әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 447 қаулысымен, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына спорттық жарыстарға қызмет көрсеткені үшін спорт төрешілеріне төленетін ақыны көтеру бөлігінде өзгерістер енгізілді. Қабылданған шаралар "Төреші" мамандығының беделін, сонымен бірге еліміздегі барлық деңгейдегі спорттық жарыстар төрешілерінің сапасы мен объективтілігін арттырады.

3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

      Халықаралық практика көрсеткендей, дене шынықтыру мен спорт саласында бірыңғай басқару моделі жоқ. Елдер өздерінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ұлттық саясатты қалыптастырады. Дегенмен, барлық елдерде дене шынықтыру мен спортты дамыту тетіктері жалпы халықтың дене шынықтыру және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіруге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене тәрбиесі және даму жолымен әлеуметтік бейімделуге бағытталған.

      Өз кезегінде, спорт және дене шынықтыру саласын дамытудың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын тиімді дамытудың нәтижесі спортшылардың Олимпиада ойындары мен халықаралық жарыстардағы жоғары жетістіктері болып табылады.

      Мәселен, әлемнің спортшы елдерінің бестігіне кіретін Америкада білім беру ұйымдарына қатысушылар арасында бұқаралық спорт жақсы дамыған. Мектептердің, колледждердің және университеттердің спорттық командалары іріктеу жарыстары арқылы мектеп және студенттер лигаларына біріктіріледі. Мысалы, жеңімпаз мектеп командалары маусым нәтижелері бойынша кезең-кезеңімен өңірлік жарыстарға, округ, штат жарыстарына, одан кейін ұлттық жарыстарға қатысу деңгейіне ауысады. Тек баскетболдан жылына 500 мыңға жуық матч, жеңіл атлетикадан 250 мыңнан астам жарыс, жүзуден 70 мың жарыс өткізіледі. Мектепте құрылған бастамашыл спорт клубы немесе топ ата-аналар комитетінің басшылығымен жұмыс істейді.

      Қытайда балалар арасындағы бұқаралық спорт спорттық резервтің негізі болып табылады. Қытайдағы жалпы білім беретін орта мектептерде спорт дене шынықтыру сабақтарында оқушылар игеретін бейінді спорт пәнін таңдау арқылы жүзеге асады. Ең дарынды оқушылар қатаң іріктеуден кейін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне түсе алады.

      Жаттықтырушылардың ақысын, жабдықтарды, тамақтануды, тұруды, мектепте оқуды және басқаларды қоса алғанда, оқытуға, даярлауға жұмсалатын барлық шығыстарды мемлекет өз мойнына алады.

      Кейбір елдерде ұйымдардың қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамыту заңнамалық деңгейде реттеледі. Мәселен, Оңтүстік Кореяда персонал саны 500 адамнан асатын компаниялардың басшылығы заңнамалық тәртіппен жұмыс орнында спортпен шұғылдану үшін жағдайларды (фитнес-клубтар, тренажер және спорт залдары және басқалары) қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз штатында дене шынықтыру даярлығы бойынша жеке нұсқаушыны ұстауға міндетті. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру алатын ұйымдар өз қызметкерлерінің арасынан әуесқойлық жарыстарға қатысу үшін жекелеген пәндер бойынша спорт ұжымдарын құруы тиіс.

      Швецияда жұмыс берушілер (оның ішінде жеке) корпоративтік спорт кешендерінің (жаттығу залдары, жүзу бассейндері) желісін дамытуға, сондай-ақ қызметкерлердің спортпен шұғылдануын ынталандыруға және тіпті ішінара ақы төлеу арқылы өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтауға үлес қосады.

      Еуропа елдерінің спорттық резервін дайындау тәжірибесі жас таланттарын дайындауда спортты дамытудың ең заманауи үрдістерін ескерудің маңыздылығын көрсетеді. Мысалы, Англияда "Манчестер Юнайтед" академиясында резервті дайындауға ерекше ден қойылады. Жасөспірімдер аптасына 12 рет және әдетте ересектермен бірге жаттығады.

      Сондай-ақ спортшының кешенді дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауға баса мән беріледі. Мысалы, Норвегияда Норвегиялық олимпиадалық спорт орталығы – Olympiatoppen және спортшылар үшін қолжетімді 5 спорттық жаттығу орталығы жұмыс істейді. Olympiatoppen спорттық және білім беру, сондай-ақ медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынады. Спорттық-жаттығу орталығы Норвегияның спорт ғылымы мектебіне, Норвегияның спорттық медицина клиникасына, қонақ үйге және рекреациялық аймаққа жақын орналасқан. Норвегияның барлық ұлттық спорт командаларына орталықта жаттығуға және сынақтан өтуге рұқсат етіледі. Спортшыларға оқу орнында орталық ішінде немесе орталықтан тыс кез келген басқа жерде оқуға таңдау беріледі. Бұл ретте басқа елдердің спортшылары Норвегия олимпиадалық спорт орталығында қолжетімді бағамен жаттыға алады.

      Қытайда әр спорт түрінен ұлттық команданың өз базасы бар, онда сапалы жаттығу және басқа да ілеспе қызметтер ұсынылады. Мысалы, Юньнань провинциясында жүзушілерді даярлауға арналған база және жеңіл атлетші-стайерлерді даярлауға арналған биік таулы база бар. Хайнань провинциясында желкенді спортқа және жағажай волейболына маманданған спортшыларға арналған орталық бар. Жеңіл атлетшілердің жаттығуына арналған кешенді базалар Шанхайда және Фудзянь провинциясында орналасқан.

      Әрбір провинция таңдалған спорт түрлері бойынша өңірлік командалар үшін өзінің спорт орталықтарын дамытады. Мамандандырылған жаттығу базаларында спортшылар жыл бойы шамамен сегіз ай жұмыс істейді, бұл дайындық процесін бұзатын барлық сыртқы факторлардан оқшаулануға және өте тыңғылықты және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті қызметтердің барлық жиынтығын алуға мүмкіндік береді.

      Жалпы алғанда, қазіргі Қытайда 20-дан астам негізгі олимпиадалық даярлық базалары және бірнеше ондаған қосымша базалар бар. Қытайдың дене шынықтыру жоғары оқу орындарының жанынан жоғары спорттық шеберлік мектептері мәртебесіне ие бірқатар олимпиадалық даярлау орталықтары құрылған. Олар мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады және Қытайдың Мемлекеттік бас спорт әкімшілігіне тікелей бағынады.

      Соңғы онжылдықта Қытай Халық Республикасында ғылыми мекемелердің үлкен желісі құрылды, оған спорт ғылымын дамытумен, өзекті мәселелерді әзірлеумен, олимпиадалық спортты ғылыми-әдістемелік, медициналық және ақпараттық қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді іске асыру жүктелген. Бұл мекемелердің негізгілері: Қытай спорт ғылымы институты, Қытай спорттық ақпарат орталығы, Қытай спорттық медицина институты, Пекин спорт университетінің Спорт ғылымы институты, провинциялық және муниципалдық институттар желісі.

      Қытайдың спортшыларды даярлау жүйесі әлемде теңдесі жоқ дайындық процесін медициналық қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Оның тиімділігі спорттық медицинаның салалық жүйесінің болуымен және қытай медицинасының дәстүрлі емес құралдар мен әдістерді кеңінен қолдануымен түсіндіріледі. Қытайлық спортшыларды арнайы тамақтану аясында дайындау процесі, дәрі-дәрмектер мен қалпына келтіру рәсімдерін кеңінен қолдану, қалпына келтіру және бейімделу процестерінің тиімді жүруі, шамадан тыс жүктеменің алдын-алу – мұның бәрі әлемдік ғылымның жетістіктері мен Қытай халық медицинасының әлеуетін ескере отырып қолданылады.

      Ресей Федерациясында дене шынықтыру-спорт кадрлары жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарында (институттарда, академиялар мен дене шынықтыру университеттерінде, педагогикалық жоғары оқу орындарының дене шынықтыру факультеттерінде), сондай-ақ орта кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарында (педагогикалық колледждер мен олимпиадалық резерв мектептері) дайындалады. Осы оқу орындарының барлығында болашақ мамандар спорт саласында жұмыс істеудің негізгі теориялық біліміне, әдістемелік және практикалық дағдыларына ие болады.

      Ғылыми және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін күнделікті практикаға уақтылы енгізу ресейлік спортшыларды даярлау тиімділігін арттыратын шешуші факторлардың бірі болып табылады. Ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі ғылыми-зерттеу институттары мен дене шынықтыру жоғары оқу орындарындағы мамандандырылған бөлімшелердің кең желісін, Ресейдің құрама командалары жанындағы кешенді ғылыми топтарды (бұдан әрі – КҒТ), дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін, түрлі спорт ұйымдары жанындағы әдістемелік кабинеттерді қамтиды. Бұл жүйеге мамандандырылған кітап баспаларын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының мамандандырылған басылымдарын қосу қажет.

      Ресейде спортты қаржыландыру тікелей мемлекеттік бюджеттен, коммерциялық қызметтен түсетін аударымдардан, демеушілік қаражатпен, жергілікті бюджеттер есебінен, халыққа білім беру желісі бойынша федералды бюджеттен жанама қаржыландыру арқылы әртүрлі көздерден жүзеге асырылады. Соңғы жылдары бірқатар спорттық ұйымдардың өзін-өзі қаржыландыруға көшуі жүзеге асырылуда.

      Ресейде жоғары білікті спортшыларды даярлау жүйесі спорттық резервті даярлау жүйесіне сүйенеді, оның негізі тиімді ұйымдастырушылық құрылым (БЖДДК, БЖСМ, ОРМБЖСМ, ОРК, ЖСШМ) болып табылады. Мұнда басты рөлді қосымша білім беру жүйесіндегі спорт мектептері атқарады.

      Осылайша, Қазақстанда дене шынықтыру және спорт саласын дамытудың негізгі бағыты халықаралық тәжірибемен сәйкес келеді, мұнда бұқаралық спорт дене шынықтыру мен спортты дамытудың маңызды және жоғары жетістіктер спортының алдындағы құрамдас бөлігі болып табылады.

      Бұл ретте саланы одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан үшін Норвегия, Қытай, Ұлыбритания, Австралияның ғылыми-әдістемелік, талдамалық, оқу және медициналық сүйемелдеумен қамтамасыз етілген жаттығу орталығын құру тәжірибесі, сондай-ақ Ұлыбританияның жарыстардың бірыңғай ұлттық базасын енгізу тәжірибесі қызығушылық тудырады. Бұл спортшының кешенді дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ құрама командаларға кіре алмаған спортшыларға "екінші мүмкіндік" беруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, мамандар спорт, дене шынықтыру және медицина сияқты салаларда бұқаралық спортты дамыту мәселелері бойынша күш-жігерді шоғырландыру қажеттігін атап көрсетеді.

      Сондай-ақ Батыс Еуропа мен Азия елдерінің бұқаралық спорт саласындағы кеңістіктің көпсалалығын қамтамасыз ету жөніндегі тәжірибесі, атап айтқанда, Корея мен Швецияның корпоративтік спорт кешендері желісін дамыту арқылы жұмыскерлердің денсаулығын қолдау жөніндегі тәжірибесі, АҚШ-тың мектеп және студенттер лигаларын өткізу, оның ішінде мектеп және студенттер лигаларын дамыту жөніндегі тәжірибесі, оның ішінде Қазақстанда тікелей жарыс алдында спорт командаларын құрудан тұрақты жұмыс істейтін командаларға көшу жолымен мектеп және студенттер лигаларын тұрақты негізде дамыту бөлігінде қызығушылық тудырады.

      Қазақстандық республикалық федерациялар үшін сапалы жаттығулар өтетін және басқа да ілеспе қызметтер көрсетілетін спортшыларды даярлауға арналған өз базасының болуы жөніндегі Қытай тәжірибесін пайдалану орынды.

4-тарау. Дене шынықтыру мен спортты дамыту пайымы

      Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортпен белсенді айналысатын, халықаралық спорт аренасында беделі жоғары және допинг қолдануға нөлдік төзімділікпен қарқынды дамып келе жатқан спортта жетістіктерге жеткен мемлекет ретінде дамуда.

      Қазіргі заманда салауатты өмір салтын ұстануға, халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға кеңінен тартуға бағдарланған дене шынықтыру мен спортты дамытудың жаңа траекториясы айқындалды. Пандемия кезіндегі қоғамның әрекеттері мен реакциясы қоғамда денсаулықты нығайту, дене дайындығын дамыту және сау дене қалыптастыру мәселелеріне басымдық беру тұрғысынан дене шынықтыру және спорт жүйесіне сұраныс тудырды.

      Дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын іске асыру барлық деңгейдегі дене шынықтыру мен спортқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын дамытуға, спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сол сияқты болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін ұлттық құрама командаларды даярлауға бағытталған.

      Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған жаңа кезеңі ұлттық құрама командалардың, елдің спорттық резервінің үздіксіз даярлығын қамтамасыз етуді, халықты дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуға тартуды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мынадай түбегейлі өзгерістерге әкелетін басталған өзгерістерді логикалық тұрғыдан аяқтауды көздейтін болады:

      Спорттық дайындықтан өтетін адамдардың спорттық шеберлігінің сапалы деңгейі;

      Ұлттық құрама командалар халықаралық аренада қазақстандық спорттың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жоғары дәрежелі спортшылармен толықтырылды;

      Спорт түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, спорттық резервті даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жетілдірілді;

      Спортта дарынды балаларды іріктеу жүйесі жетілдірілді.

      Спорттық дайындықтың барлық кезеңдерінде медициналық-биологиялық және допингке қарсы қамтамасыз ету жетілдірілді.

      Балалар-жасөспірімдер спорты саласындағы қызметті жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдары тарапынан ұсыныстардың кең спектрінен балалардың өз мүдделері мен қызығушылықтары негізінде спортпен шұғылдануды таңдауына мотивация қалыптастырылды және мүмкіндіктер қамтамасыз етілді.

      Мемлекеттік тапсырыс арқылы балалардың жүйелі спортпен шұғылдану құқығын қаржылай қолдау тетіктері қалыптастырылды.

      Балалар мен жасөспірімдер спорты жүйесінде кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуын ынталандыру мен қолдаудың тиімді тетіктері жұмыс істейді.

      Балалар мен жасөспірімдер спортының материалдық-техникалық базасын балалардың қажеттіліктерін және балалардың дене дамуындағы, сауығуындағы, тәрбиеленуіндегі және білім берудегі қоғамдық қажеттіліктерді ескере отырып, тұрақты жаңарту жүйесі құрылды және жұмыс істейді.

      Балалардың дене дайындығының өсуі, олардың сырқаттанушылығының төмендеуі, салауатты өмір салтына мотивацияның қалыптасуы қамтамасыз етілді.

      Балалар мен жасөспірімдер спорты жүйесінде тәрбиелік және білім беру компоненті күшейтілді, балалардың азаматтық ұстанымын, патриотизмін қалыптастыру қамтамасыз етілді.

      Тұрғындарды, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерді, мүгедектігі бар адамдарды дене шынықтыру мен спортқа тарту артты.

      Балаларды спортпен жүйелі шұғылдануға кеңінен тартуға, олардың денесін дамытуға, тәрбиелену мен білім алуға құқықтарын іске асыруға, денсаулығын қалыптастыру мен нығайтуға, олардың болашақта белсенді өмір сүруін ұзартуға, балалардың қабілеттері мен талатын дамытуға бағытталған, қазақстандық спорттың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және оның тұрақты дамуына бағдарланған балалар-жасөспірімдер спортының ведомствоаралық және деңгейаралық жүйесі қалыптастырылды.

      Спорттық резервті даярлау жүйесінде барлық деңгейлерде жоғары дәрежелі отандық спортшыларды даярлаудың нақты тармағы құрылды.

      Отандық оқу орындарында мамандар даярлау және мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту есебінен саладағы кадр тапшылығы төмендетілді.

      Климаттық, географиялық ерекшеліктеріне және ондағы халықтың тығыздығына байланысты, оның ішінде ауылдық елді мекендерде спорт ғимараттарына қолжетімділік қамтамасыз етілді.

5-бөлім. Дене шынықтыруды және спортты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі қағидаттар мыналар болып табылады:

      1) бұқаралық спортты, оның ішінде балалар мен жастар арасында дамытудың басымдығы;

      2) барлық санаттағы азаматтар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi және олардың жалпыға бірдей қолжетімділігі;

      3) халықтың әртүрлі жас топтарына дене тәрбиесін берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы;

      4) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданудың еріктілігі;

      5) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыру бағыты;

      6) дене шынықтырумен, әуесқой және кәсіби спортпен айналысуға тең құрмет көрсету;

      7) кемсітушілікке тыйым салу және қатігездікті, зорлық-зомбылықты және адамның қадір-қасиетін қорлауды насихаттауға жол бермеу;

      8) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетістіктер спортын дамыту;

      9) бейімделген дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу;

      Белгіленген қағидаттар нормативтік құқықтық базаны, саланы дамыту бағдарламаларын жетілдіруді, іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді және басқаларын қоса алғанда, жүргізіліп отырған барлық саясаттың негізін құрайтын болады.

      Қоғамдық дамудың жаңа міндеттерінің пайда болуы спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін басым бағыттардың спектрін айқындайды, олардың ең маңыздылары әлемдік жетекші тәжірибеге сүйену, саланы басқару мен дамытуға ғылыми тәсілдер мен қағидаттарды кеңінен енгізу болып табылады.

      Спорт пен дене шынықтыруды дамытудың басым мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын іске асыру мынадай тәсілдер негізінде іске асырылатын болады:

      1) саланы дамытудың жүйелілігі мен кешенділігі;

      2) қабылданатын шешімдердің негізділігі мен басымдығы.

      Осы Тұжырымдаманың негізгі тәсілдері дене шынықтыруды, бұқаралық спортты, спорттық инфрақұрылымды дамытуға, спорттық резервті қалыптастыруға және жоғары жетістіктер спортын дамытуға бағытталған.

      Мұндай тәсілді тиімді іске асырудың міндетті шарттары ел азаматтарына салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға, дамыған спорттық инфрақұрылымға қол жеткізуге, сондай-ақ қазақстандық спорттың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін қолайлы орта құру болып табылады.

5.1 Бұқаралық спортты дамыту

      Халық арасында дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту халықты, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту арқылы жаппай қамту жолымен іске асырылатын болады.

      Халықтың барлық топтарын дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту үшін бұқаралық спорт мынадай жас санаттары бойынша дамитын болады: 3-5 жас (мектепке дейінгі жас), 6-13 жас (балалар), 14-18 жас (жасөспірімдер), 19-35 жас (жастар жасы), 36-65 жас (орта жас), 65+ (ересек жас). Әрбір санат үшін халықтың жас ерекшеліктерін, физиологиялық ерекшеліктерін және инфрақұрылымның қолжетімділігі сияқты басқа да жағдайларды есепке алуға бағытталған іс-шаралар көзделетін болады.

      Сонымен қатар спортпен шұғылданушыларды дұрыс есептеу үшін халық арасында жүйелі түрде спортпен шұғылданатындарды есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілетін болады.

      2023 – 2029 жылдары жергілікті атқарушы органдар салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде еліміз бойынша салауатты өмір салтын насихаттайтын және дене белсенділігіне тренд енгізетін азаматтардың барлық санаттары арасында жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізетін болады. Осы іс-шаралардың тізбесі жыл сайын спорт түрлері бойынша жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсынуы бойынша келесі жылдың 25 желтоқсанына дейін қалыптастырылады.

      Ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін спорт жөніндегі нұсқаушылардың саны арттырылатын болады. 2029 жылы нұсқаушылар саны бүкіл ел бойынша ауылдық елді мекендерде 4 мың адамға дейін жеткізіледі. Нұсқаушылар оқу-жаттығу процесімен практикалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде халық арасында бейімделген дене шынықтыру мен спортты өткізетін болады.

      Қазақстандық контенттің үлесін ұлғайту жолымен бұқаралық ақпарат құралдары (телевизиялық сюжеттер, фильмдер, бейнероликтер) және әлеуметтік желілер арқылы дене шынықтыру мен спортты дәріптеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Бұл процестердің әсері халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымының дамуына, қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметтерін ұсыну әдістері мен құралдарының алуан түрлілігіне, спорттық сервистің өсуіне әкеледі.

      Балалар спорты

      Жас тобы 3-5, 6-13, 14-18 жас. Бұл адамдар тобын бұқаралық спортқа тартуды негізінен мектепке дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдар спорт секцияларын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру жолымен жүзеге асыратын болады.

      Бұл ретте мемлекеттік спорттық тапсырыстың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

      Сондай-ақ осы жас тобы үшін мектеп лигасы шеңберінде спорт түрлері бойынша түрлі спорттық жарыстар өткізілетін болады.

      Барлық өңірлерде кезең-кезеңімен БЖК және БЖДДК, аула клубтарының санын ұлғайту, оның ішінде тірек ауылдарды қамту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

      Балалар мен жасөспірімдердің негізгі контингенті білім беру құрылымында екенін ескере отырып, білім беру ұйымдарында тұрақты негізде жұмыс істейтін спорт клубтары мен командалар құрылатын болады. Оқу орындарының спорт клубтары мен командалары арасында 3 іріктеу кезеңімен спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық және республикалық кешенді жарыстар өткізілетін болады. Жарыстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша қатысушылар арасынан спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрамасына кіру үшін кандидаттар қаралатын болады.

      Әр мектепте/ЖЖОКБҰ-да тұрақты негізде жұмыс істейтін спорт клубтары мен командалардың кемінде 1 командасы құрылады.

      Өңірлерде, оның ішінде ауылдық елді мекендерде 7 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға арналған спорттың 64 түрі бойынша балалар спорт секцияларын мемлекеттік спорттық және шығармашалық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы бойынша қосымша тегін спорт секцияларын ашу жұмысы жалғасады. Бұл бағдарлама балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға және ынталандыруға мүмкіндік береді.

      Жастарға арналған спорт

      Жас тобы 19-35 жас. Бұл адамдар тобын бұқаралық спортқа тартуды негізінен ТжКБ, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары оларды қолжетімді спорт секцияларымен қамтамасыз ету және студенттік лигалар шеңберінде түрлі спорттық жарыстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асыратын болады.

      Сондай-ақ мынадай шаралар қабылданатын болады:

      дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу арқылы студенттік спорттық қозғалысты дамыту;

      материалдық базаны және спорттық мүкәммалдың алуан түрлілігін нығайту, оның қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігі;

      спорт түрлерін көбейту арқылы универсиадалар (спартакиадалар) бағдарламаларын кеңейту;

      ТЖКБ және ЖЖОКБҰ ұйымдарында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдану, спорт клубтарының қызметі және оқушылардың жарыстарға қатысуын кеңейту үшін жағдайлар жасау шараларын әзірлеу;

      дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салты қағидаттарын насихаттауды, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежелі спортшылардың қатысуымен жүзеге асыру;

      ЖЖОКБҰ мен колледждерге спорт алаңдарын, тренажер залдарын құру, түрлі секцияларды ұйымдастыру арқылы дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін жағдай жасау бөлігінде қойылатын талаптарды күшейту.

      Ересек тұрғындарға арналған спорт

      Жас тобы 36-64 жас.

      Осы санаттағы адамдарды бұқаралық спортқа тарту спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Ересек тұрғындардың дене шынықтыру дайындығының мониторингін жүргізу негізінде жұмыс берушілер үшін жұмыс істейтін халық арасында спортты дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады, олар мынадай мәселелерді қамтиды:

      өндірістік дене шынықтыруды еңбек жағдайларын жақсартуға, кәсіптік сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған іс-шаралар жүйесіне қосу;

      мүмкіндік бар жерде денсаулық, психологиялық жүктемеден арылу бөлмелерін жайғастыру, жұмысшы адам саны 500-ге жететін цехтарда, өндірістерде, учаскелерде өндірістік дене шынықтыру нұсқаушысы лауазымын енгізу;

      компаниялар, фирмалар, кәсіпорындар мен мекемелер басшылығының сауықтыру бағдарламаларын, жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелері арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларын қабылдауы.

      Сондай-ақ ұйымның шаруашылық қызмет нәтижесіндегі пайдасынан қаражатты спорттық залдар және объектілерінің материалдық базасын нығайтуға тарту үшін заңнамалық және нормативтік база жасалатын болады.

      Ұжымдардың белгілі бір топтары арасында спартакиадалар (мүгедектігі бар адамдар, мемлекеттік қызметшілер, медицина қызметкерлері, БАҚ, қаржы құрылымдары және сол сияқтылар арасында спартакиада) ұйымдастырылатын болады.

      Сонымен қатар Президенттік тестілердің нормативтерін тапсыруды жаңғырталған, пән 8-ден 4-ке дейін қысқарады, тек 1) 30, 60, 100, 500, 1000 м жүгіру; 2) орнынан ұзындыққа секіру; 3) кросс; 4) тартылу (ерлер) немесе денені шалқасынан жатып көтеру (әйелдер) сияқты қолжетімді пәндер ғана қалды, алаңның үлгілік жобасы әзірленді, онда бір алаңда тесттердегі 4 пәнді тапсыруға болады. Аталған алаңды мектептердің, жоғары және арнаулы оқу орындарының және тұрғындарға қолжетімді саябақтардың ауласында салу жоспарлануда.

      Бұдан басқа, халықты ынталандыру мақсатында тестілеуден өту қорытындысы бойынша арнайы төсбелгі мен сертификат берілетін болады.

      Бұл алаңдар дене шынықтырумен және спортпен күнделікті негізде шектеусіз айналысуға мүмкіндік береді. Бұл іс-шаралар ай сайын халықтың барлық топтары мен барлық жастағы адамдар үшін өткізілетін болады.

      Егде жастағы адамдарға арналған спорт

      Жас тобы 65+ (егде жас). "Қолжетімді спорт" жобасының ауқымы бүкіл ел бойынша кеңейтілетін болады. Барлық өңірлерде скандинавиялық серуендеу, йога және тағы басқалары ұйымдастырылатын болады. Скандинавиялық серуендеу жарақат қаупі жоқ, қолжетімді және танымалдығы артып келе жатқан спорт түрі болып табылады.

      Бұқаралық сабақтар дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін жалпыға қолжетімді, арнайы бөлінген орындарда өткізілетін болады. Ашық алаңдағы жаттығулар спорт нұсқаушыларын тарта отырып және балалардан бастап егде жастағы адамдарға дейін көпшілікті қамти отырып, барлық жерде қалаларда, сол сияқты ауылдық жерлерде өткізілетін болады. Бағдарламаға қатысушыларды тіркеу жас тобын және жүктемелер бойынша шектеулерді қоса алғанда, негізгі деректерді қамтитын арнайы бағдарламада жүзеге асырылады.

      Бұл жоба нұсқаушылардың, жаттықтырушылардың жіті жетекшілігімен дене шынықтырумен және спортпен қолжетімді жерде күнделікті айналысуға мүмкіндік береді.

      Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, егде жастағы адамдарды дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға тарту, дене шынықтыру құралдары мен сауықтыру технологияларын кеңінен пайдалану жөніндегі шаралар кешені әзірленетін болады.

      Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт

      Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын мүмкіндігі шектеулі халықтың үлесін ұлғайту мақсатында дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар арасында спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізілетін болады.

      2030 жылға дейін еліміздің өңірлерінде барлық спорт кешендерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасау жоспарлануда, басқа спорт объектілерінде бұл міндет кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша спорттық инфрақұрылымның қолжетімділік көрсеткіші 40 %-ды құрайды, 2029 жылы бұл көрсеткішті 100 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда, атап айтқанда, ересектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға спортпен шұғылдану үшін арнайы тренажерлер мен спорттық құрал-жабдықтар орнату. Бұдан басқа, спорт ғимараттары құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген халықтың аз қозғалатын топтарына арналған объектілердің қолжетімділігі мәселелерін регламенттейтін нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес келетін пандустармен, арнайы лифттермен, есік қоңырауларымен/домофондармен, есік ойықтарымен қамтамасыз етілетін болады.

      Ұлттық спорт түрлерін насихаттау

      2022 жылы қазақ күресінен Әлем чемпионаты, асық атудан Азия чемпионаты, құсбегіліктен Әлем чемпионаты сияқты халықаралық ауқымдағы ірі іс-шаралар өткізілді.

      2024 жылы Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жоспарланған.

      Ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту елдің барлық елді мекендері бөлінісінде әсіресе, осы спорт түрлерімен айналысатындар қамтылған солтүстік өңірлерге назар аудара отырып, ұлттық спорт түрлерінің көкжиегін кеңейту және белсенді дамыту жолымен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте бұл даму мен танымал ету ұлттық спорт түрлері бойынша федерацияларды тарту арқылы этностың тарихын, менталитеті мен дәстүрлерін көрсететін ұлттық спорт түрлерін отандық бренд ретінде қалыптастырумен қатар жүретін болады.

      Сондай-ақ республикалық деңгейде халық арасында "Атқа міну дәстүрі" жалпы республикалық челленджі ұйымдастырылады және өткізіледі, ұлттық спорт түрлері бойынша, оның ішінде ауылдық жерлерде түрлі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін болады. Аталған іс-шаралар 2029 жылға қарай ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтардың үлесін дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың жалпы санынан 9,6 %-ға дейін арттыруға және ұлттық спорт түрлерін танымал етуге мүмкіндік береді.

      Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

      Дене шынықтырумен және спортпен қамтылған халықтың санын ұлғайту үшін тиісті инфрақұрылымдық дамуды, әсіресе ауылдық жерлерде қамтамасыз ету қажет.

      Халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға одан әрі тарту үшін (қазіргі 38,4 %-дан 2029 жылы 50 %-ға дейін) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 426 қаулысымен бекітілген Жоспар-кестеге сәйкес құрылыс бойынша 113 жаңа жоба, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі 20 жоба, жұмыс істеп тұрған спорт объектілерін жете жарақтандыру жөніндегі 6 жоба бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

      Сонымен қоса, Ақмола (1), Алматы (1), Ақтөбе (2), Жамбыл (2), Қарағанды (1), Қызылорда (2) және Солтүстік Қазақстан (1) облыстарында 10 ДШСК құрылысы іске асырылды.

      Сондай-ақ спорт инфрақұрылымының тапшылығын төмендету мақсатында әкімдіктерге спорт объектілеріне, оның ішінде ауылдық елді мекендердегі қажеттілікті мыналарды салу арқылы азайту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды:

      спорттық ядролар түріндегі бюджеті аз жазық спорттық құрылыстар (ашық футбол алаңдары, баскетбол мен волейболға арналған аралас алаңдар, гимнастикалық алаңдар, ұзындыққа секіруге арналған орындар, үстел теннисіне арналған алаңдар және басқалары). Құрылыстың бұл түрі жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді талап етпейді және оларды күтіп ұстау жергілікті бюджеттерге ауыртпалық түсірмейді;

      өте мұқтаж ауылдық жерлерде шығындары аз модульдік үлгідегі тез салынатын спорт кешендері;

      Ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің климаттық, географиялық ерекшеліктеріне және халықтың тығыздығына байланысты спорт ғимараттарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі мен қолжетімділігіне байланысты проблемаларды шешу үшін Министрлік тізілімге сәйкес жұмыс істеп тұрған дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарына түгендеу жүргізетін болады.

      Дене белсенділігі үшін жаяу қашықтықта спорттық инфрақұрылым – қауіпсіз жүгіру мен велосипед жолдары, спорт аймақтары, жаяу және атпен жүретін маршруттар құрылады.

      Салынып жатқан спорт объектілерінің мониторингі жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Мониторинг нәтижелері пайдалануға берілген объектілердің динамикасын бақылауға мүмкіндік береді, тапшылықты азайту және ел өңірлері бөлінісінде спорттық инфрақұрылымға қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында пайдаланылатын болады. Халықаралық талаптарға сәйкес келетін спорт объектілерінің санын ұлғайту үшін аккредиттелген уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар спорт федерацияларымен бірлесе спорт түрлері бойынша, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша спорт объектілерін салу жөніндегі жұмысты жандандыратын болады, сондай-ақ спорттық инфрақұрылымды салуға, оның ішінде спорт объектісін салу кезінде құрылысқа жұмсалған шығыстың бөлігін өтеу немесе кепілдікті ең төменгі кірісті қамтамасыз ету бөлігінде бизнесті ынталандыру жөніндегі шаралар әзірленеді.

5.2 Спорттық резервті қалыптастыру және жоғары жетістіктер спортын дамыту

      Әрбір Олимпиада ойындарынан кейін Халықаралық олимпиада комитетінің спорт түрлерін коммерцияландыру және ойын-сауықтық сипатын арттыру саясатына байланысты спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар спорт түрлері бойынша қағидаларды және Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесін қайта қарауда.

      Спортшыларды іріктеу жүйесі мен олардың жарысу қызметіне үнемі енгізілетін өзгерістер жоғары дәрежелі спортшыларды даярлаудың технологиялары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді.

      Қойылған кешенді міндеттерді шешуге бағдарламалық-нысаналы тәсілдің тиімді, бірнеше рет сыналған тетігінің тәжірибесі, тұтастай алғанда, заңнамалық қолдау, сондай-ақ жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі халықаралық тәжірибені талдау спорттық резервті даярлаудың қолданыстағы жүйесін түзету мен жетілдіру және инфрақұрылымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін айқындады.

      Спортшылардың бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан екіншісіне жүйелі түрде ауысуын жүзеге асыру, спортшыларды даярлау бойынша қаржыландырудың қайталануын, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесінің үйлестірілмеуін, спорттық резервті даярлау жөніндегі міндеттерді шешудегі іс-қимылдарда ведомствоаралық және деңгейаралық бытыраңқылық пен келіспеушілікті болдырмау мақсатында спорттық резервті даярлаудың қолданыстағы жүйесі спорттық резервті дайындауды жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдары арасындағы функциялардың аражігін нақты ажырату жолымен қайта қаралатын болады.

      Халықаралық тәжірибені ескере отырып, спорттық резервті даярлаудың қолданыстағы жүйесіне тек бірінші нөмірлердің ғана емес, сонымен қатар спорттың басым түрлері бойынша барлық дарынды спортшылардың жыл бойы үздіксіз оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ететін Жаттығу орталықтарын қосу жоспарлануда.

      2022 жылғы маусымда жаттығу орталығы республикалық спорт колледжінің базасында шетелдік жаттығу орталықтарына ұқсас түрде пилоттық режимде құрылды. Қазіргі уақытта ол "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК филиалы ретінде жұмыс істейді, бірақ заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін дербес ұйым ретінде жұмыс істейтін болады.

      Болашақта оның жұмыс істеу географиясын кеңейту және өңірлік спорт кластерлерін құру жоспарлануда. Жаттығу орталығында ерекше жағдайлар жасалады, ғылыми-зерттеу кадрлары, ғылыми зертханалар "күшейтіледі", бұл жаттығу орталығының жұмысына қызметтің инновациялық сипатын береді, ғылыми қызметкерлердің қызметін спорттық практикаға барынша жақындатуға, спортшыларды даярлаудың әртүрлі аспектілерін объективті және жедел зерделеуге, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелеріне қолданбалы сипат беруге, оның нәтижелерін тәжірибеге енгізу процесін жандандыруға мүмкіндік беретін болады.

      Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың құрама командаларын сапалы даярлауды қамтамасыз ету, спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушыларды бекіту үшін еліміздің барлық өңірлерінде Астана қаласының тәжірибесі бойынша олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясын құру жоспарлануда.

      Аталған өңірлік Дирекциялар спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларды даярлау жөніндегі функцияларды орындайды, сол арқылы жергілікті жерлерде дене шынықтыру және спорт басқармасының "жұмысын жеңілдетеді".

      Бұдан басқа, спортшыларды, жаттықтырушылар мен дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін спорттық мүкәммалмен, жабдықпен қамтамасыз ету мақсатында ел аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындық және қатысу кезеңінде БЖСМ жарақтандырылуына талдау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша мәселе пысықталатын болады.

      БЖСМ балаларының спорттық жарыстар мен жиындарға қатысуларын талдау қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган БЖСМ оқушыларын спорттық іс-шараларға дайындау және қатысу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар беретін болады.

      Спорт түрлерін саралау нәтижелері бойынша мемлекеттік қаржыландыру үшін бірінші кезектегі болып айқындалған басым спорт түрлеріне сәйкес жергілікті атқарушы органдар барлық БЖСМ-де спорт түрлері бойынша қосымша бөлімшелер (секциялар) ашатын болады.

      Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, балалармен және жастармен жұмыс істейтін жаңашыл зерттеушілердің тәжірибелік жұмыс тәсілін (шеберлік құпияларын) жинақтау және тарату, спортшыларды даярлаудың жоғары сапасы мен оларды спорттық даярлаудың келесі кезеңіне бергені үшін жаттықтырушы-оқытушыларға ынталандыру төлемдерін енгізу жолымен оқу-жаттығу жиындары мен жаттықтырушы-оқытушылар құрамының сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады, бұл олимпиадалық резервтегі республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждер түлектері үлесінің өсу серпініне оң әсер етеді.

      Қазақстан спортының заңнамасы мен жүйесіндегі елеулі өзгерістерді ескере отырып, Министрлік ұлттық құрама команданы спортшыларының штат санын 1000-нан 3000 адамға дейін ұлғайтты.

      Жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін ұлттық құрама командасының спортшыларын инфрақұрылымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      Осы мақсатта бекітілген жаттығу кестелеріне және әдістемелік бағдарламаларға сәйкес оқу-жаттығу сабақтары мен оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін ұлттық құрама командаларға меншік нысанына қарамастан спорт объектілері, құрылыстар мен жаттығу алаңдарын ұсынудың басымдылығын ведомствоаралық келісімдер деңгейінде (қажет болған жағдайда заңнамалық деңгейде) бекіту туралы мәселе шешілетін болады. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеу мақсатында спорт объектілері мен құрылыстарының иелерімен сындарлы диалог қалыптастыра отырып, осы басымдықтарды құру тетіктерін егжей-тегжейлі пысықтау қажет.

      Спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлау және қатысу кезеңінде қамтамасыз етудің заттай нормалары халықаралық стандарттармен үйлестірілді.

      Жергілікті атқарушы органдар спорт мектептері үшін қаржыландыруды ұлғайту, спорт түрлері бойынша қажетті мүкәммал мен керек-жарақтарды сатып алу, кәсіпкерлік субъектілеріне, ведомстволар мен ұйымдарға белгіленген тәртіппен спорт базаларын салу үшін ғимараттар мен жер учаскелерін бөлу арқылы спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларын даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуін қамтамасыз ететін болады.

      Сондай-ақ спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың мүшелерін сапалы даярлауды қамтамасыз ету үшін "Париж-2024" спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелерін даярлау жөніндегі бағдарлама іске асырылатын болады, сондай-ақ осыған ұқсас "Милан-2026" қысқы спорт түрлері бойынша бағдарлама қабылданатын болады. Бағдарламалар қазақстандық спортшыларға алдағы Ойындарда табысты өнер көрсету үшін қолда бар әлеуетті іске асыруда мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық бірлестіктердің жәрдемдесуіне бағытталған.

      Ұлттық құрама командалар спортшыларының спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне және халықаралық спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы жалғастырылатын болады.

      Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық күнтізбесін қалыптастыру кезінде ұлттық құрама командалар спортшыларының климаттық жағдайларды (биік таулар мен орта таулардың жағдайлары), уақыт белдеуін, әрбір спортшының ресми халықаралық спорттық жарыстарға дене дайындығын дұрыс жетілдіру үшін спорттық базалардың болуын ескере отырып, белгілі бір оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуының орындылығы мәселелері қаралатын болады.

      Жетекші спортшы елдердің тәжірибесі бойынша спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жоғары дәрежелі спортшыларды даярлаудың барлық кезеңдерінде медициналық және ғылыми сүйемелдеу сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

      Жергілікті атқарушы органдар олар жоқ өңірлерде спортшыларды оңалту және қалпына келтіру үшін өңірлік дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің бөлімшелерін ашу жөніндегі жұмысты жалғастырады. Қазіргі жұмыс істеп тұрған Спорттық медицина және оңалту орталығын спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың спортшыларын медициналық-биологиялық қамтамасыз ету сапасын жақсарта отырып, ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, функциялар мен қызметкерлер штатын кеңейту бөлігінде жаңғырту кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

      Жас спортшылардың кәсіби күйзелуін болдырмау мақсатында дайындық кезінде олардың жас, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескеріледі.

      Балаларды даярлаудың бастапқы кезеңдерінде спорттың қандай да бір түріне мамандануын айқындау үшін функционалдық қабілеттерін бағалау және гендік деңгейде тестілеу технологиялары енгізілетін болады. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп отандық спортшыларды сапалы ғылыми-әдістемелік, медициналық және медициналық-биологиялық қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп ғылыми-зерттеу институттары мен медициналық орталықтардың алаңдары пайдаланылады.

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы ашықтықты арттыру Министрліктің "Адалдық алаңы" жобалық офисінің түсіндіру жұмысы арқылы, сондай-ақ, осы ұйымдардың жауапты қызметкерлері, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар арасында барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың түсіндіру жұмысы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету және олардың қызметі, оның ішінде қаржы қаражаты туралы ақпаратты Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ресми сайттарында ұсыну бойынша жүзеге асырылатын болады.

      Бұл ретте дене шынықтыру және спорт саласының ашықтығы цифрландыру арқылы қамтамасыз етіледі.

      Спорт мекемелері, командалар құрамы, жаттықтырушылар, төрешілер және спорттық іс-шаралар туралы деректердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, "Дене шынықтыру мен спорттың ұлттық цифрлық платформасын" (e-sport) (бұдан әрі – e-sport) құру мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі құралдарды іске асыруға арналған:

      спортшылардың, жаттықтырушылардың нәтижелерін, спорт саласындағы төрешілер мен әдіскерлердің қызметін мониторингтеу;

      кәсіби спортшылар мен жаттықтырушы кадрлар даярлау жүйесін нығайту, отандық оқу орындарында спортшыларды, жаттықтырушыларды анықтау және даярлау есебінен саладағы кадр тапшылығын еңсеру;

      спорт саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру;

      ақпарат беретін адамдар тобына жүктемені азайту мақсатында әкімшілік деректерді жинау мен өңдеуді автоматтандыру.

      Е-sport құру мыналарға бағытталған:

      Сервисті қалыптастыру Іс-шараларды басқару:

      спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электрондық күнтізбесін қалыптастыру;

      күнтізбедегі өзгерістер туралы барлық мүдделі тұлғаларды автоматты түрде хабардар ету;

      жарыс хаттамаларын электронды түрде жүргізу;

      сервисті қалыптастыру спортшының, жаттықтырушының, төрешінің және әдіскердің паспорты:

      спортшының, жаттықтырушының, төрешінің дене шынықтыру-спорт ұйымына тиесілігін және оның спорттық біліктілігін электрондық растауға көшу;

      марапаттау және спорттық атақтар мен санаттарды беру үшін спортшылардың нәтижелерін мониторингтеу;

      Қазақстан Республикасының ауқымында спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің деректер базасын қалыптастыру кезінде, олар бойынша мәліметтерді шоғырландыру және сақтау кезінде біріздендірілген, орталықтандырылған тәсілді қамтамасыз ету.

      сервисті қалыптастыру спорттық инфрақұрылымды басқару:

      осы объектілерде орналасқан барлық секциялар туралы халыққа ақпарат бере отырып, барлық спорт объектілерін цифрландыру.

      Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ведомстволық бағынысты ұйымдар (ҚР спорт федерациялары, спорттық-білім беру мекемелері, спорттық медицина ұйымдары), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тиісті салалары басқармалары e-sport пайдаланушылары болады.     

      E-sport біртіндеп енгізілетін болады: 2023 жылы – техникалық құжаттаманы әзірлеу, 2024 жылы – платформаны әзірлеу, 2025 жылы – платформаны енгізу және деректермен толтыру, 2026 жылы – сүйемелдеу, 2027 жылы – сүйемелдеу.

      Дене шынықтыру мен спортты кадрлық қамтамасыз ету

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың, оның ішінде спорт дәрігерлерінің, спорт психологтарының, диетологтардың, нутрициологтардың тапшылығын төмендету мақсатында олардың қажеттілігіне егжей-тегжейлі талдау жүргізілетін болады. Осы талдау және одан әрі мониторинг негізінде ОМ мен Ғылым және жоғары білім министрлігімен (бұдан әрі – ҒЖБМ) бірлесіп, тиісті кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту мәселесі пысықталатын болады.

      Мүгедектігі бар адамдар арасында спортты дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Еңбекминімен бірлесіп бейімделген дене шынықтыру жөніндегі жаттықтырушыларды, оқытушылар мен мамандарды даярлау мәселелері пысықталатын болады.

      Жаттықтырушы-оқытушылар құрамының сапасын арттыру, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлауды жүзеге асыратын қолданыстағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, бейіндік білім беру бойынша біліктілікті арттырудан өткен жаттықтырушы-оқытушылар құрамының үлесін ұлғайту бөлігінде жұмысты жандандыру мәселесі пысықталатын болады.

      Сондай-ақ спортшыларды оқу орнын бітіргеннен кейін спорттық мансабын одан әрі жалғастыруға ынталандыру маңызды мәселе болып қала береді. Бұл кадрлар құрамының сапасын жақсарту үшін қажет, өйткені олардың дағдылары мен практикалық тәжірибесі алған білімдерімен бірге оларға тек жаттықтырушылық жұмысты ғана емес, сонымен қатар спортшыларды даярлаудың өзіндік әдістемелерін әзірлеуге, басқа мамандардың ұсыныстарын ескере отырып, олардың жаттығу жоспарларын сапалы құруға мүмкіндік береді.

      Сондай-ақ тек бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларға жоғары спорттық нәтижелер үшін төлемдерді көздейтін қолданыстағы біржолғы төлемдердің орнына спортшыларды даярлаудың барлық кезеңдерінде жаттықтырушыларға арналған жоғары спорттық нәтижелер үшін біржолғы төлемдерді жүзеге асыру қағидаты қайта қаралатын болады. Бұл шаралар сапалы спорттық резервті жүйелі дайындауда жаттықтырушылардың ынтасын арттыруға мүмкіндік береді.

      Республикалық және өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ қазақстандық төрешілер корпусының халықаралық аренада өкілдіктерін ұлғайту арқылы спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялармен байланыс орнату бөлігінде жұмыс күшейтілетін болады.

      Шетелдік дәріскерлерді тарта отырып, дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының қызметі шеңберінде жаттықтырушы-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс жандандырылатын және жалғастырылатын болады.

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың, оның ішінде спорт дәрігерлерінің тапшылығын төмендету мақсатында кәсіби жаттықтырушы кадрларды даярлау жүйесі нығайтылатын болады, отандық оқу орындарында мамандар даярлау есебінен саладағы кадр тапшылығы еңсерілетін болады.

      Бұқаралық спортты дамыту, қолда барын нығайту және жаңа спорт инфрақұрылымын салу, кадрлық әлеуетті арттыру, спорт резервінің сапасын жаңғырту және жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар спортшыларының халықаралық спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

      Көзделген іс-шараларды іске асырудың тиімділігін мынадай индикаторлар негізінде бағалауға болады (2029 жылы):

      Нысаналы индикаторлар:

      Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын балалар мен жасөспірімдердің үлесі 2029 жылы 45 %-ға дейін ұлғаяды (2023 жылы – 27 %, 2024 жылы – 30 %, 2025 жылы – 33 %, 2026 жылы – 36 %, 2027 жылы – 39 %, 2028 жылы 42 %, 2029 жылы 45 %).

      Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі 2029 жылы 50 %-ға дейін ұлғаяды (2023 жылы – 39 %, 2024 жылы – 40 %, 2025 жылы – 42 %, 2026 жылы – 44 %, 2027 жылы 46 %, 2028 жылы – 48 %, 2029 – 50 %).

      Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдардың үлесі 2029 жылы 23 %-ға дейін ұлғаяды (2023 жылы – 17 %, 2024 жылы – 18 %, 2025 жылы – 19 %, 2026 жылы – 20 %, 2027 жылы 21 %, 2028 жылы – 22 %, 2029 жыл 23 %).

      Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың жалпы санынан ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтардың үлесі 2029 жылы 9,6 %-ға дейін ұлғаяды (2023 жылы – 8,4 %, 2024 жылы – 8,6 %, 2025 жылы – 8,8 %, 2026 жылы – 9 %, 2027 жылы – 9,2 %, 2028 жылы9,4 %, 2029 жыл6 %).

      Халықтың 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 2029 жылы 65 %-ға дейін ұлғаяды (2023 жылы – 52 %, 2024 жылы – 54 %, 2025 жылы – 56 %, 2026 жылы58 %, 2027 жылы – 61 %, 2028 – 63 %, 2029 – 65 %).

      Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері нормативтерін орындаған олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері түлектерінің үлесі түлектердің жалпы санынан 2029 жылы 35 %-ға дейін ұлғаяды (2023 жылы – 28 %, 2024 жылы – 29 %, 2025 жылы – 30 %, 2026 жылы – 31 %, 2027 жылы 32 %, 2028 жыл – 33 %, 2029 жыл – 35 %).

      Халықаралық деңгейдегі ресми спорттық іс-шараларда жылына жеңіп алынған медальдар саны 2029 жылы кемінде 900 болады(2023 жылы – кемінде 830 медаль, 2024 жылы – кемінде 850 медаль, 2025 жылы – кемінде 860 медаль, 2026 жылы – кемінде 870 медаль, 2027 жылы – кемінде 880 медаль, 2028 жылы – кемінде 890 медаль, 2029 жылы – кемінде 900 медаль).

      Тұжырымдаманың нысаналы индикаторлары Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына сәйкес келеді.

      Күтілетін нәтижелер:

      балалардың және жасөспірімдердің спорт секцияларына тең қол жеткізуі;

      тірек, спутниктік, стратегиялық ауылдық елді мекендерді спорт инфрақұрылымымен 100 % қамту;

      жоғары дәрежелі отандық спортшылардың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін спорттық резервті даярлаудың құрылған жүйесі;

      оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшыларды даярлаудың бекітілген бағдарламалары, стандарттары;

      спортшыны бір звенодан келесісіне бергені үшін үстемеақы енгізу есебінен жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы мамандығының беделін арттыру;

      ұлттық құрама командаларды саланың бір бағыттағы мамандарымен (спорттық дәрігер, травматолог, реабилитолог, нутрициолог, спорттық медицина бойынша физиотерапевт, спорттық психологтар, массаж жасаушылар және басқалары) қамтамасыз ету;

      дене шынықтыру және спорт саласын толық цифрландыру.

      Ескертпе:

      тұжырымдаманы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен басым тәртіппен іске асыру кезінде қаражат тиісті саланың ұлттық жобаларында көрсетілген индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге бөлінеді;

      басқа іс-шараларға қаражат экономиканың дамуы және бюджеттің кіріс базасын ұлғайту әлеуеті ескеріле отырып бөлінетін болады;

      тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар осы Тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.


  Қазақстан Республикасының
дене шынықтыру мен
спортты дамытудың 2023 2029
жылдарға арналған
тұжырымдамасына
қосымша

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары


№п/ә №

Реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы

Аяқтау нысаны

Аяқталу мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

1-бағыт. Бұқаралық спортты дамыту

1-нысаналы индикатор. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын балалар мен жасөспірімдердің үлесі 2029 жылы 45 %-ға дейін ұлғаяды (2023 жылы – 27 %, 2024 жылы – 30 %, 2025 жылы – 33 %, 2026 жылы – 36 %, 2027 жылы – 39 %, 2028 жылы – 42 %, 2029 жылы – 45 %)

1

Қалаларда, аудандарда және ауылдық елді мекендерде жылына кемінде 800 спорт секциясын, қосымша спорт секцияларын, оның ішінде балаларға және жасөспірімдерге арналған мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы ашу

ведомстволық статистикалық есеп

жыл сайын 4˗тоқсан

ЖАО, МСМ, "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ (келісу бойынша)

2

Мектеп пен студенттік спорттық лигалар өткізу

жарыс хаттамалары

жыл сайын 4˗тоқсан

МСМ, ОМ, ЖАО және ЖЖКОББҰ (келісу бойынша)

3

Еліміздің барлық өңірлерінде БЖК, БЖДДК және аула клубтарының санын көбейту

әкімдік қаулысы

жыл сайын 4˗тоқсан
 

ЖАО, МСМ,
"Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ (келісу бойынша)

4

Әрбір мектепте/ЖЖОКБҰ-да тұрақты негізде жұмыс істейтін спорт клубтары мен командаларынан кемінде 1 команда құру

есеп

жыл сайын 4˗тоқсан
 

ЖАО, МСМ

5

Спорт алаңдарын, тренажер залдарын құру, әртүрлі секцияларды құру арқылы дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін жағдай жасау бөлігінде ЖЖОКБҰ мен колледждерге қойылатын талаптарды күшейту

есеп

жыл сайын 4˗тоқсан
 

ОМ, ҒЖБМ

6

Білім беру ұйымдарындағы (мектептер, ЖЖОКБҰ және ТжКБ ұйымдары) материалдық база мен спорттық жабдықтарды нығайту

қабылдау-беру актілері

жыл сайын 4˗тоқсан

ЖАО, ОМ, ҒЖБМ, МСМ

7

Әрбір спорт мектебінде жылына кемінде екі рет "Ашық есік" күндерін өткізу

есеп

жыл сайын
2-3˗тоқсан

ЖАО, МСМ

8

"Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі үшін көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына жас санаттарын ажырату бөлігінде өзгерістер енгізу

МСМ бұйрығы

2024 жыл
2˗тоқсан
 

МСМ, СЖРА (келісу бойынша)

9

Қазақстан Республикасында ЖЖОКБҰ студенттері арасында жазғы және қысқы универсиада өткізу

жарыс хаттамалары

жыл сайын (күнтізбелік жоспарға сәйкес)

ҒЖБМ, МСМ

10

ЖЖОКБҰ студенттерінің жазғы және қысқы универсиадаларына дайындалу және қатысу

жарыс хаттамалары

жыл сайын (күнтізбелік жоспарға сәйкес)

ҒЖБМ, МСМ

11

Аула командалары мен клубтарына, оның ішінде ауылдық жерлерде қолдау көрсету мақсатында бизнес үшін ынталандыру шараларын әзірлеу

есеп

2025 жылғы
2˗тоқсан

МСМ, ЖАО,
ҰЭМ, Қаржымині

2-нысаналы индикатор. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі 2029 жылы 50 %-ға дейін ұлғаяды (2023 жылы – 39 %, 2024 жылы – 40 %, 2025 жылы – 42 %, 2026 жылы – 44 %, 2027 жылы – 46 %, 2028 жылы – 48 %, 2029 жылы – 50 %)

12

Жұмыс берушілерге өз жұмыскерлерін спортпен шұғылдануға тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу

жұмыс берушілерге ұсынымдар

2024 жылғы
3˗тоқсан

МСМ, Еңбекмині, ЖАО, РОӘТО (келісу бойынша)

13

Әртүрлі құқықтық нысандағы ұйымдардың қаражатын қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту жөніндегі іс-шараларға бағыттау үшін ынталандыру нормаларын әзірлеу

есеп

2024 жылғы
4˗тоқсан

МСМ, МҚІА (келісу бойынша),
Еңбекмині

14

Спорттық залдарын және объектілерінің материалдық базасын нығайту үшін шаруашылық қызмет нәтижесінде ұйымдардың пайдасынан қаражат тарту бойынша ынталандыру шараларын әзірлеу

есеп

2024 жылғы
4˗тоқсан

МСМ, ҰЭМ, Қаржымині

15

Еліміздің барлық өңірлерінде скандинавиялық жүріс, жүгіру, гимнастика, йога, фитнес, стритворкаут, шаңғы жарысы, үстел теннисі, жаппай коньки тебу және басқа да спорт түрлерін қамтитын "Қолжетімді спорт" жобасын іске асыру

көрсетілген қызметтердің актісі

2023 – 2029 жылдардағы
4˗тоқсан
 

ЖАО, МСМ, "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры" КҚ
(келісу бойынша)

16

Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп егде жастағы адамдарды дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға тарту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

бірлескен бұйрық

2024 жылғы
2˗тоқсан

МСМ, ДСМ, Еңбекмині

17

Салауатты өмір салтын насихаттау аясында БАҚ пен әлеуметтік желілерде сюжеттер мен бейнероликтер жариялау

есеп

2023 – 2029 жылдардағы
4˗тоқсан

АҚДМ, МСМ, ЖАО
 

18

Барлық елді мекендерде жастарды белсенді тарта отырып, жыл сайынғы Президенттік тестілер ұйымдастыру және өткізу

есеп

2023 – 2029 жылдардағы
4˗тоқсан

ЖАО, МСМ

19

Жылына кемінде 3 спартакиада ұйымдастыру (мемлекеттік қызметшілердің, кәсіптік одақтардың, 50 жастан асқан адамдар, медицина қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, мүгедектігі бар адамдар және басқалар ұжымдардың арасында белгілі бір топтары)

жарыс хаттамалары

2023 – 2029 жылдардағы
3˗тоқсан

ЖАО, МСМ

20

Әрбір облыста ұлттық спорт түрлері бойынша жылына кемінде 5 спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастыру және өткізу

жарыс туралы ереже

2023 – 2029 жылдардағы
4˗тоқсан

ЖАО, МСМ

21

"Дене шынықтырумен және спортпен өз бетінше айналысатындардың саны" жаңа көрсеткішін енгізу

статистикалық ақпарат

2023 – 2029 жылдар

СЖРА ҰСБ, РОӘТО
(келісу бойынша)

22

2030 жылы ауылдық округтерде спорт жөніндегі нұсқаушылар санын 4 мың адамға дейін ұлғайту

есеп

2023 – 2029 жылдардағы
4˗тоқсан

ЖАО, МСМ

23

Өткізу графиктерін орналастыра отырып, жылына кемінде 50 марафон, веложарыс, жаппай жарыс ұйымдастыру

жарыс туралы ереже

2023 – 2029 жылдардағы 4˗тоқсан

ЖАО, МСМ

3-нысаналы индикатор. Дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын мүгедектігі бар адамдардың үлесі 2029 жылы 23 %-ға дейін ұлғаяды (2023 жылы – 17 %, 2024 жылы – 18 %, 2025 жылы – 19 %, 2026 жылы – 20 %, 2027 жылы – 21 %, 2028 жыл – 22 %, 2029 жыл – 23 %)

24

Спорт кешендерінде мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балаларға спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау, оның ішінде арнайы тренажерлер мен спорттық мүкәммалдар орнату

орындалған жұмыс, қабылдау-беру актілері

жыл сайын
4˗тоқсан
 

ЖАО, МСМ

25

Әрбір облыста қатысушылар мен елді мекендер санын көбейте отырып, мүгедектегі бар адамдар арасында кемінде 5 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу

жарыс хаттамалары

жыл сайын
4˗тоқсан
 

ЖАО, МСМ

26

Жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің демеушілігі арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында әртүрлі спорттық іс-шараларды бюджеттен тыс қаражат есебінен ұйымдастыру және өткізу

жарыс хаттамалары

жыл сайын
4˗тоқсан
 

ЖАО, МСМ
 
 
 

27

Бейімдік дене шынықтыру бойынша жаттықтырушыларды, оқытушылар мен мамандарды даярлау

курстардан өту туралы сертификаттар

жылда 1 рет

ЖАО

4-нысаналы индикатор. Халықтың 1000 адамға спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 2029 жылы 65 %-ға дейін ұлғаяды (2023 жылы – 52 %, 2024 жылы – 54 %, 2025 жылы – 56 %, 2026 жылы-58 %, 2027 жылы – 61 %, 2028 – 63 %, 2029 – 65 %)

28

Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстары тізіліміне сәйкес жұмыс істеп тұрған дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарын түгендеу және өңірлер бойынша құрылыс қажеттілігі туралы нақты деректерді анықтау мақсатында жұмыс мониторингі топтарының өңірлерге шығуын қамтамасыз ету

ведомстволық статистикалық
есеп
 

2023 жылғы
4˗тоқсан
 

ЖАО, МСМ

29

113 жаңа спорт ғимаратын (стадиондар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, жүзу бассейндері және басқалары) салу

объектіні пайдалануға енгізу актілері

жыл сайын
2029 жылға дейін

ЖАО, МСМ

30

Ауылдық жерлерде спорт ядролары (ашық футбол алаңдарын, баскетбол мен волейболға арналған аралас алаңдарды, гимнастикалық алаңдар, ұзындыққа секіруге арналған орындар, үстел теннисіне арналған алаңдарды және басқалары) және модульдік үлгідегі тез салынатын спорт кешендері түріндегі бюджеті төмен жазықтық спорт құрылымдарын салу

объектіні пайдалануға енгізу актілері

жыл сайын
2029 жылға дейін

ЖАО, МСМ

31

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және тұрақты құрама командаларының мүшелері үшін жұмыс істеп тұрған, оның ішінде жеке және сенімгерлік басқарудағы спорт ғимараттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету

меншік иесі мен
"Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК арасындағы келісімдер, шарттар

2024 жылғы
1 ˗ тоқсан

,МСМ, ЖАО

32

Спорт инфрақұрылымын салуға бизнесті ынталандыру, оның ішінде құрылыс шығыстарының бір бөлігін өтеу немесе спорт объектісін салу кезінде ең төменгі кепілдендірілген кірісті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу

есеп

2024 жылғы
4 ˗ тоқсан

МСМ, ҰЭМ, Қаржымині

33

Саябақтарда қауіпсіз отбасылық демалысқа арналған жақын жерлерде спорттық инфрақұрылым объектілерін (қауіпсіз жүгіру және велосипед жолдары, спорт аймақтары, жаяу маршруттар және басқалары) құру

объектіні пайдалануға енгізу актілері

жыл сайын
2029 жылға дейін

ЖАО, МСМ

2-бағыт. Спорт резервін қалыптастыру және жоғары жетістіктер спортын дамыту

5-нысаналы индикатор. Халықаралық спорт шебері, спорт шебері нормативтерін орындаған олимпиадалық резервтегі республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері түлектерінің жалпы түлектер санындағы үлесі 2029 жылы 35 %-ға дейін ұлғаяды (2023 жылы – 28 %, 2024 жылы – 29 %, 2025 жылы – 30 %, 2026 жылы – 31 %, 2027 жылы – 32 %, 2028 жыл – 33 %, 2029 жыл – 35 %)

34

"Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына спортты дамыту дирекциясын спорт резервін даярлаудың қолданыстағы жүйесіне қосу бөлігінде өзгерістер енгізу

МСМ-нің бұйрығы

2024 жылғы
1˗тоқсан

МСМ, ЖАО

35

"Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына жаттығу орталықтарын спорт резервін даярлаудың қолданыстағы жүйесіне қосу бөлігінде өзгерістер енгізу

МСМ-нің бұйрығы

2024 жылғы
1˗тоқсан

МСМ, ЖАО

36

Жаттықтырушылар-оқытушылар құрамын спортшыларды дайындықтың келесі деңгейіне бергені үшін және топтарға жетекшілік еткені үшін көтермелеу жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

талдамалық анықтама

2023 жылғы
4˗тоқсан

МСМ, ЖАО

37

Астана, Шымкент қалаларында, Абай, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында жергілікті бюджет қаражаты есебінен олимпиадалық резервтегі 7 спорт мектеп-интернат-колледжін ашу

әкімдік қаулысы
 

2023 – 2029
жылдар

Астана, Шымкент қалаларының, Абай, Ұлытау облыстарының әкімдіктері, сондай-ақ Алматы, Атырау,
Маңғыстау облыстарының әкімдіктері

38

ҒЖБМ-мен және ОМ-мен бірлесіп, мемлекеттік білім беру тапсырысын 2029 жылы 1000 грантқа дейін ұлғайту бойынша ұсыныстарды пысықтау ("дене шынықтыру" мамандығының студенттері, журналист-студенттер және басқалары)

ҒЖБМ-ге және
ОМ-ге ұсыныстар

2024 жылғы
1˗тоқсан

МСМ, ОМ, ҒЖБМ, Еңбекмині

39

"Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 152 қаулысына жоғары дәрежелі спортшылармен, жаттықтырушылармен және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорт қызметі туралы шарттар бойынша ақшалай төлемдердің өлшемшарттары мен мөлшерлерін бекіту бөлігінде өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2023 жылғы желтоқсан
 

МСМ,
спорт түрлері бойынша аккредиттелген федерациялар (келісу бойынша)
 
 
 

40

БЖСМ қызметін оқушылардың спорттық жарыстар мен жиындарға қатысуы, материалдық-техникалық жарақтандырылуы бөлігінде талдау

ЖАО-ға талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар

жыл сайын

МСМ

41

Спорт мекемелері, командалар құрамы, жаттықтырушылар, төрешілер, спорттық іс-шаралар және басқалары туралы деректерге "e-sport" қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, дене шынықтыру мен спорт ұлттық цифрлық платформасын әзірлеу

техникалық тапсырма

2023 – 2025 жылдар

МСМ, ЦДИАӨМ, ЖАО

42

"Е-sport" дене шынықтыру және спорт ұлттық цифрлық платформасының деректерін толтыру

цифрлық платформа

2025 жылғы
4˗тоқсан
 

МСМ, ЦДИАӨМ, ЖАО

43

Дене шынықтыру және спорт саласын цифрландыру шеңберінде "e-sport" дене шынықтыру және спорт ұлттық цифрлық платформасын енгізу

өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі

2025 жылғы желтоқсан

МСМ, ЖАО

6-нысаналы индикатор. 2029 жылы халықаралық деңгейдегі ресми спорттық іс-шараларда жылына жеңіп алынған медальдар саны кемінде 900 медаль болады (2023 жылы – кемінде 830 медаль, 2024 жылы – кемінде 850 медаль, 2025 жылы – кемінде 860 медаль, 2026 жылы – кемінде 870 медаль, 2027 жылы – кемінде 880 медаль, 2028 жыл – кемінде 890 медаль, 2029 жыл – кемінде 900 медаль)

44

Ресми халықаралық және республикалық спорттық іс-шараларға, әлем чемпионаттарына, әлем кубоктарына, Азия чемпионаттарына және халықаралық турнирлерге қатысу

жарыстар хаттамалары

жыл сайын 4˗тоқсан

МСМ, ЖАО

45

Өңірлік спортты дамыту дирекцияларын құру

облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің қаулылары

2024 жылғы желтоқсан

ЖАО, МСМ

46

Қазақстан құрама командаларының барлық спортшыларының СМОО-да міндетті тереңдетілген медициналық тексеруден өтуі арқылы қамтуды арттыру

есеп

2023 – 2029 жылдар
1˗тоқсан
 

СМОО (келісу бойынша), ЖАО, спорт түрлері бойынша аккредиттелген федерациялар
(келісу бойынша)

47

Біліктілікті арттыру шеңберінде жаттықтырушы-оқытушылар құрамын қамтуды ұлғайту үшін шетелдік лекторларды тарту

курстардан өту туралы сертификаттар

2024 жыл

МСМ, ҒЖБМ

48

Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрлардың, оның ішінде спорт дәрігерлерінің, диетологтардың, нутрициологтардың және спорт психологтарының қажеттілігіне талдау және мониторинг жүргізу

ДСМ-ге және ОМ-ге ұсыныстар енгізу

2023 жылғы
4˗тоқсан

МСМ, Еңбекмині, ДСМ, ОМ

49

Жаттықтырушы-оқытушылар құрамының сапасын арттыру, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлауды жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған ЖЖОКБҰ материалдық-техникалық базасын нығайту, бейінді білім беру бойынша біліктілікті арттырудан өткен жаттықтырушы-оқытушылар құрамының үлесін ұлғайту бөлігінде жұмысты жандандыру жөнінде шаралар әзірлеу

ҒЖБМ-ға ұсыныстар енгізу
 

2023 жылғы
4˗тоқсан

МСМ, ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ
(келісу бойынша)

50

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында спортшыларды оңалту және сауықтыру үшін өңірлік дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің бөлімшелерін ашу

әкімдіктің қаулысы

2023 – 2029 жылдар

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері

51
 
 
 
 
 

"Милан – 2026" қысқы спорт түрлері бойынша кезекті Олимпиада ойындарына дайындық бағдарламаларын бекіту және "Милан ˗ 2026" қысқы спорт түрлерінен кезекті Олимпиада ойындарына дайындық бағдарламаларын және "Париж – 2024" бағдарламаларын іске асыру

бағдарлама

2023 жылғы
2˗тоқсан
 

МСМ, ЖАО спорт түрлері бойынша аккредиттелген федерациялар (келісу бойынша)

52

Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командалардың (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларына арналған орта және биік таулы аймақтарды қоса алғанда, спорт базаларының тізбесін бекіту

МСМ бұйрығы

2023 жылғы
2˗жартыжылдық

МСМ, ЖАО

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МҚІА – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі;

      СЖРА – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі;

      СЖРА ҰСБ – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы;

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      СДД – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      СМОО – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      РОӘТО РМҚК – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Дене шынықтыру және спорт жөніндегі Республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      "Туризм және спортты қолдау корпоративтік қоры" КҚ – "Туризм және спортты қолдау корпоративтік қоры" корпоративтік қоры;

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;

      БЖДДК – балалар мен жасөспірімдердің дене даярлығы клубтары;

      БЖК – балалар мен жасөспірімдер клубтары;

      БЖСМ – балалар-жасөспірімдер спорт мектептері;

      ДСО – дене шынықтыру және спорт объектілері;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ЖЖОКБҰ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;

      ТжКБ – техникалық және кәсіби білім беру.