ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті" мемлекеттік мекемесін "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті" мемлекеттік мекемесі болып;
2) осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың атауы қайта аталсын.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті;
2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының он алтыншы және он жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 қаулысына 1-қосымша |
Атаулары ауыстырылатын республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 қаулысына 2-қосымша |
Атауы өзгертілетін республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 қаулысына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-33-11.-жолымен толықтырылсын:
"224-33-11. "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" КеАҚ";
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 224-40.-жол алып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті.";
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристiк қызмет, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;";
мынадай редакциядағы 34-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"34-1) айтыстарды өткізудің үлгілік қағидаларын бекітеді;";
мынадай редакциядағы 39-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"39-1) мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесін бекітеді;";
мынадай редакциядағы 94-1), 94-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"94-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын әзірлейді;
94-2) креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін әзірлейді;";
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 34, 35, 36, 37, 38-жолдар алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер тізбесінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі";
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлелері 8, 9, 10-жолдармен толықтырылсын:
"8. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
9. "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі;
10. "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі".".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесіне қосымша |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. "Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. "Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. "Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
6. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. "Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.