"G4 City" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысы

Қолданыстағы

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2048 жылға дейінгі кезеңге "G4 City" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "G4 City" АЭА) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "G4 City"АЭА туралы ереже;

      2) "G4 City" АЭА-ның нысаналы индикаторлары бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 211 қаулысымен
бекітілген

"G4 City" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ 1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "G4 City" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "G4 City" АЭА) Алматы облысының А3 (Алматы - Қонаев) 80 километрлік тас жолының бойында Алматы қаласының солтүстігінде, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекараларда орналасқан.

      "G4 City" АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 30 мың гектарды құрайды.

      2. "G4 City" АЭА:

      1) Өңірдің дамуына жаңа серпін беретін "G4 City" жобасын іске асыру шеңберінде отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуалмен қамтамасыз ету;

      2) Өңірге келетін қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті, қазіргі заманғы жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік, медициналық, білім беру, мәдени-демалыс инфрақұрылымын жедел дамыту, Алматы облысында қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастырумақсатында құрылады.

      3. "G4 City" АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      4. "G4 City" АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

2 - тарау. "G4 City" АЭА-н басқару

      5. "G4 City" АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3 - тарау. "G4 City" АЭА аумағында салық салу

      6. "G4 City" АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4 - тарау. Кедендік реттеу

      7. "G4 City" АЭА аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

5 - тарау. Шетел азаматтарының "G4 City" АЭА аумағында болу тәртібі

      8. "G4 City" АЭА аумағына Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келуі, одан кетуі, транзитпен өтуі және болу тәртібі қолданылады.

6 - тарау. Қорытынды ережелер

      9. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

      10. "G4 City" АЭА "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.

      11. "G4 City" АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Құрылған мерзімнің өтуіне байланысты "G4 City" АЭА-ны тарату кезінде Алматы облысының әкімдігі:

      1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында "G4 City" АЭА-ны алдағы тарату, оның таратылуына байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;

      2) "G4 City" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;

      3) "G4 City" АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне "G4 City" АЭА қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.

      13. "G4 City" АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы Ереженің 12-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып аяқталуға тиіс.

      14. Осы Ережемен реттелмеген "G4 City" АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "G4 City" арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
қосымша

"G4 City" арнайы экономикалық аймағының шекара жоспары

      "G4 City" АЭА аумағы Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігінде, А3 (Алматы - Қонаев) 80 километрлік тас жолының бойында 30 мың га аумақта орналасатын болады.




  Қазақстан Республикасы
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 211 қаулысымен
бекітілген

"G4 City" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

Р/c №

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атаулары)

Өлшем бірліктері

Негізгі кезең (2022)

2047 жылға қарай жетістік

2023

2024

2025

2026

2027

2028

2029

2030

2031

2032

2033

2034

2035

1

2

3

4

6

7

8

9

11

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде (өсіммен)

млрд тенге


0

0

23

72

109

122

105

123

165

186

124

95

98

2

АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд тенге


0

0

13

32

80

123

219

363

435

490

578

694

703

3

Қатысушылар саны

компаниялар


0

13

20

28

34

39

42

44

46

48

48

48

13

4

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (өсіммен)

адам


0

320

630

1 269

2 133

2 573

2 764

2 921

4 437

5 449

5 650

5 826

320


р/c №

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атаулары)

Өлшем бірліктері

Негізгі кезең (2022)

2047 жылға қарай жетістік-

2036

2037

2038

2039

2040

2041

2042

2043

2044

2045

2046

2047

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде (өсіммен)

млрд. тенге


129

90

88

85

77

33

17

15

25

26

11

11

2

АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. тенге


770

838

914

945

979

1 052

1 140

1 218

1 289

1 370

1 469

1 571

3

Қатысушылар саны

компаниялар


48

48

48

50

50

50

50

50

50

50

50

50

4

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (өсіммен)

адам


7 179

7 790

8 081

8 392

10 571

12 424

12 958

13 458

13 992

15 309

15 919

17 361