ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01. 2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларының дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу бөлігіндегі 2 және 4-тарауларының қолданылуы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
4. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында:
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120, 121, 122, 123 және 124-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін сотталған адамдардан биологиялық материалды алуды қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (бұдан әрі – мекеме) орналасқан медициналық ұйымдардың қызметкерлері және пробация қызметінің қызметкерлері үлгілерді алуға жәрдем көрсету үшін ішкі істер органдары жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің қызметкерлерін тарта отырып жүзеге асырады.".
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |