"Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1125 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 174 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесінде:

      мына:

      "

4418 20-ден

Патшалық және (немесе) диакондық қақпа

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4418 29 000 0-ден

Патшалық және (немесе) диакондық қақпа

      ";

      Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесіне ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "*Ескертпе: діни мақсаттағы заттар "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдерін өзгерту және күші жойылды деп тану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешіміне сәйкес СЭҚ ТН кодымен және тауардың атауымен айқындалады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов