"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1109 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын:

      "3-4. Үлесінің жүз пайызы республикалық меншіктегі "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылдың қорытындылары бойынша жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 10,6 %-ын мемлекеттік қатысу үлесіне кіріс төлеуге жібереді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов