"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорында басқару органы – байқау кеңесі енгізілсін.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi туралы ережеде:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |