Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1004 қаулысы.

Жаңартылған

      "Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қоғамдағы еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

      2) жылына екі рет, 5 шілдеге және 5 қаңтарға қарай, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жылына екі рет, 15 шілдеге және 15 қаңтарға қарай Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына беріп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне беріп тұрсын.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Кешенді жоспардың орындалуын бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1004 қаулысымен
бекітілген

Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары

      1. Кіріспе

      Саяси және экономикадағы құрылымдық өзгерістер әлеуметтік нормалар мен өмір негіздерінің өзгеруіне әкелді. Қоғамда әлеуметтік әділеттілікті, адами капиталды дамыту тәжірибесін және айлықақының жаңа моделін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы сұраныс қалыптасты.

      Президент Қ.К. Тоқаев өзінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауында "Еңбекқор азаматтар, өз ісінің нағыз шеберлері елдегі ең құрметті адамдар болуы керек. Дәл осындай азаматтар біздің мемлекетімізді нығайтады", - деп атап өтті.

      Осыған байланысты кәсіпқойлық пен еңбекқорлықты бағалайтын қоғамның даму жолын анықтау өте маңызды. Қоғамда адал және жасампаз еңбек идеологиясын ілгерілету мәселесі қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысындағы еңбек тезисін іске асыру бағдарламасының пайда болуының теориялық өзектілігі мен практикалық қажеттілігіне ие болады.

      XXI ғасыр ақпараттық технологиялар мен ғылыми жаңалықтарды дамуына серпін берді. Білім мен дағдылар бұрын-соңды болмаған күшке ие және тұлға мен кәсіпқойлықтың қалыптасуына негіз болып табылады. Еңбек нарығы үнемі жаңартылып отырады және үздіксіз оқытуға қабілетті біліктілігі жоғары кандидаттарға сұраныс қалыптасуда. Мұндай логикада еңбек құқық, үздіксіз өзін-өзі тәрбиелеу мен оқытудың нәтижесі.

      Қазіргі әлеуметтік-мәдени кеңістікте байлық, мәртебе, бедел адам баласының негізгі құндылықтарына айналып отыр. Материалдық сыйақы мәселесі басым мәнге ие және соған байланысты еңбек мотивациясының төмендеуі байқалады.

      Қоғамның еңбекті әлеуметтік маңызды және пайдалы қызмет ретінде теріс қабылдауы барлық себептердің салдары болды:

      біріншіден, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар тиісті мөлшерде еңбек тәрбиесін алмайды;

      екіншіден, мектептерде кәсіптік бағдар беру жүйесі жұмыс тиісті деңгейде істемейді, көптеген түлектер ЖОО-ға тек беделді ЖОО-ның дипломын алу мақсатында ғана түседі;

      үшіншіден, белгілі бір мамандықтардың тапшылығына әкелетін білім беру мекемелері мен экономиканың нақты секторы арасындағы өзара іс-қимыл жүйесі жоқ;

      төртіншіден, бұқаралық мәдениеттегі "жеңіл" ақша табуға қызығушылық пен бос өмір сүру салтын ұстану, тұтынушылық философия мен тәуелділік мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына әкелді.

      Адам өміріндегі еңбектің рөлі баға жетпейтін құндылық. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру материалдық және рухани құндылықтарды құру арқылы жүзеге асырылады. Бір мезгілде адамның қабілеті мен шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына жағдай жасалынады.

      Еңбекке деген көзқарасты жеке және әлеуметтік деңгейлерде қарастыруға болады: жеке деңгейде адамның рухани дамуымен, оның санасымен, жауапкершілік сезімімен және өз ісіне берілгендігімен анықталады, ал әлеуметтік деңгейде қоғамның экономика мен өндіріс саласындағы жаңа ағымдарға бейімделу қабілеті ретінде анықталады: цифрландыру, технологияландыру, жаһандану және т.б.

      Еңбек жас қазақстандықтардың құндылық иерархиясында басты орын алады. Ол қоғамдық сананы жаңғырту бағыттары шеңберінде іске асыру маңызды өмірлік табыстың, кәсіби әлеуметтенудің маңызды факторы болып табылады.

      Осылайша, бүгінгі таңда қазақстандық жастардың алдында маңызды стратегиялық міндет тұр: еңбек пен білімді кәсіби және әлеуметтік құрал ретінде ғана емес, рухани-адамгершілік тәрбие әдісі ретінде де қолдану.

      Еңбек процесі жаңа идеялардың, прогрессивті технологиялардың, заманауи құралдардың пайда болуымен байланысты, бұл адами капиталдың дамуына және өмір сапасының өсуіне әкелуі керек.

      Қазіргі қазақстандық қоғамда еңбек адам бостандығын қамтамасыз етеді деген көзқарасты дамыту маңызды. Еңбек пен бостандықтың өзара байланысы органикалық сипатқа ие, ал шын мәнінде еңбек тек шығармашылық еңбекке жағдай жасайтын қоғамда ғана еркін бола алады.

      Мыналар өзекті міндетке айналуға тиіс:

      бұқаралық ақпарат құралдарында және бұқаралық мәдениетте адамның мақсатты және маңызды қызметі ретінде еңбекті танымал ету;

      танымал форматтарда (YouTube, TikTok және т. б.) еңбекті құндылық және еңбек адамы ретінде ілгерілету бойынша медиа контент құру;

      мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларда еңбек мәдениетін қалыптастыру;

      ТжКБ және ЖОО студенттерінің еңбек құзыреттілігін дамыту;

      қоғамдық кеңістікте еңбек адамын дәріптеу (саябақтар, саула ойын-сауық орталықтары, аялдамалар және т.б.);

      "Байлық – еңбек нәтижесі", "Еңбек – еркіндік" және т.б. месседждерді ілгерілету;

      Lifelong learning (өмір бойы оқу) негізгі қағидаттарын ілгерілету;

      еңбеккердің бейнесін, қарапайым азаматтардың дене еңбегін насихаттау үшін шығармашылық ресурстарды тарту;

      медиа ресурстар арқылы жұмысшы мамандықтарын насихаттау, оларға жоғары құндылық беру.

      Жалпы, қоғамда еңбек адамы рөлдік модельге айналуға тиіс. Адал еңбегі мен білімі бар жұмысшы өзінің отбасы мен ата-анасының өркендеуін қамтамасыз етеді. Еңбек адамы – Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға өз үлесін қосатын парасатты азамат.

      2. Ағымдағы жағдайды талдау

      Дағдарыс пен белгісіздік бірге жүретін трансформациялық процестердің салдарынан көбінесе дәстүрлі құндылықтар маңызынан айырылады. Осылайша, еңбек құндылығы рухани-адамгершілік мағыналары мен функцияларын жоғалтады. Еңбек өмір салтының негізі емес, экономикалық табыс әкелетін жұмысқа, тіршілік ету құралына айналып келеді. Жастардың жұмысқа орналасуы өте қиын жағдайда.

      Жастардың экономикалық мінез-құлқы тез баю мүмкіндігімен шектеледі. Мәселен, "Қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ-ның әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелеріне сәйкес мамандық таңдау кезінде сұралған жастардың 55,3 %-ы үшін басты фактор жалақы болса, 43,4 %-ы үшін – жұмысқа орналасу мүмкіндігі болып табылады. Жұмыс орнын таңдау кезінде, ең алдымен, жалақы деңгейі (респонденттердің 52,3 %), содан кейін кәсіптік өсу мүмкіндігі (40,5 %), үшінші орында – тұрақтылық, сенімділік (28 %) ескеріледі.

      "Қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ-ның тағы бір зерттеуінде барлық әлеуметтік-демографиялық топтарда жоғары ақы төленетін жұмыс алу үшін жоғары білім туралы дипломның құндылығы атап өтілгені анықталды. 61 жастан асқан респонденттер арасындағы көрсеткіш ең жоғары. Жұмыс тәжірибесін таңдау бойынша ең жоғары көрсеткіштер қала тұрғындары, жастар мен 30 жастан 45 жасқа дейінгі респонденттер арасында ұсынылған. 61 жастан асқан респонденттер қалаларда жеке бас қасиеттерін жоғары бағалайды.

      Сауалнамаға қатысқандардың 31,8 %-ы бірінші жұмыс орнын жалақы төмен деңгейі болғандықтан тастап кеткен. Сонымен қатар қалыптасқан әлеуметтік институттар мінез-құлықтың ұтымдылығына әсер ететінін ұмытпауымыз керек (бұл ұғымның салыстырмалы екенін ескере отырып). Институттар әлеуметтік мәртебені және соның салдарынан пайда әкелетін белгілі бір қызметтің артықшылықтарын анықтайды. Әлеуметтанушылық сауалнамаға сәйкес сауалнамаға қатысқандардың 36 %-ында мамандық таңдау кезінде бедел (имидж) әлі күнге дейін мақұлдауды тудырады.

      Жастар арасында жоғары жалақы мен жұмысшы кәсіптері бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар деген пікір тұрақтанған. Лайықты ақшалай сыйақыға назар аудара отырып, жастар, ең алдымен, дене еңбегімен байланысты емес мамандықтарды көздейді.

      Еңбек құндылығын адамның мақсатты қызметі және әлеуметтік маңызды функция ретіндегі түсінік біртіндеп жоғалып барады. Ал еңбек жан-жақты дамудың маңызды факторы және адамның өмір сүруінің қажетті шарты болып табылады.

      Қазақстандық жастардың экономикалық мінез-құлқының құрылымы әлемдік технологиялық трендтерге және таяудағы болашақта бірқатар мамандықтардың өкілдері сұранысқа ие болмай қалады деген қорқынышқа байланысты болашақ мамандығының танымалдылығына қарамастан, үлкен өзгерістерге ұшырамағанын атап өткен жөн.

      Таяудағы бес жылда әрбір үшінші адам өз мамандығы бойынша неғұрлым жоғары деңгейде (31,9 %) оқудан өтуге ниетті. Еңбек нарығында қандай дағдылар өз мүмкіндіктерін арттыратынын жастар түсінеді. Айталық, негізгі дағдылардың қатарында, ең алдымен – шет тілдері (43,7 %), компьютерде жұмыс істеу дағдылары (38,2 %), бағдарламалау (32,6 %), әлеуметтік желілерде, интернетте сату мүмкіндігі (21,9 %), менеджмент дағдылары (21,2 %), SMM-жылжыту (20,1 %) және бухгалтерлік есеп (17,6 %). Бұл бағыттарды оқу бағдарламасына, оның ішінде креативті ойлауды дамытуға бағытталған элективті курстар ретінде біріктіруге болатыны анық. Респонденттер жұмыс істегісі келетін неғұрлым тартымды салалар: мұнай-газ секторы (29,1 %), шағын және орта бизнес (25,6 %), қаржы секторы (23,5 %), көлік және логистика (19,5 %) және ритейл (17,7 %) болып табылады.

      Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының мәліметтері бойынша талапкерлер арасында оқуға түскен кезде жоғары білім беделінің қайта өрлеу кезеңінен бастап конкурс жоғары болған мамандықтар ең танымал болып саналады. Бүгінгі таңда талапкерлер халықаралық қатынастар, құқықтану, кеден ісі, журналистика, дизайн, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару сияқты оқыту бағыттарын артық көреді.

      Қазақстандық болмыста Қазақстандағы жұмыс күшінің құрылымында жастар санының қысқаруы байқалады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми деректері бойынша пандемия кезеңінде еңбек нарығы жалпы тұрақтылықты сақтап қалды және жұмыссыздар санының артуына жол берілмеді, алайда карантиндік шектеулер "уақытша жұмыспен қамтылмағандар" санының өсуіне алып келді.

      Іс-шаралар жиынтығы адамның тіршілік етуінің іргелі негізі және оның үйлесімді даму шарты ретінде еңбекті жоғарылату философиясына әкелуі керек.

      Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қоса беріледі.

  Қоғамда еңбек құндылығы
идеологиясын ілгерілетудің
2023 - 2025 жылдарға арналған
кешенді жоспарына қосымша

Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері



1

2

3

4

5

6

7

I. Ақпараттық жұмыс

Күтілетін нәтижелер:
1. Қоғамда адал еңбек идеясын ілгерілету және қоғамның адал еңбекке ұмтылуы.
2. Жастарды адал еңбекке тарту.
3. Жастардың бойына адалдық пен еңбексүйгіштік құндылықтарын сіңіру және қоғамдағы масылдық көңіл-күйді жою.
4. Еңбекке ынталандырудың жақсы мысалдарын тарату, еңбек әулеттері санының өсуі, еңбек адамына деген сенімді, патриотизм сезімін және өз еңбегінің нәтижесіне деген ұмтылысты қалыптастыру.
5. Халық арасында еңбекке деген құрмет пен әлеуметтік мүддені арттыру.

1.

Еңбек адамын дәріптеу және масылдыққа төзбеу жөніндегі деректі фильмдерді шығару және трансляциялау

деректі фильмдер (5 деректі фильм)

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде, 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" ББ

РБ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

2.

Мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланған, еңбектегі жетістіктерімен ерекшеленген кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы жұмыскерлері, кәсіпкерлер туралы бейнероликтер шығару және трансляциялау

бейнероликтер
(10 бейнеролик)

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде, 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" ББ

РБ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

3.

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және оларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қоғамдық пікір көшбасшыларының, сарапшылардың, көп балалы және аз қамтылған отбасылар өкілдерінің қатысуымен материалдардың шығуын ұйымдастыру

БАҚ-тағы материалдар (200 материал)

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде, 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" ББ

РБ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

4.

Жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтарды насихаттауға бағытталған телехабарлар циклін ұйымдастыру

телеарналардағы бағдарламалар
(2 телехабар)

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде, 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" ББ

РБ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

5.

Өз еңбегімен жоғары нәтижелерге қол жеткізген табысты қазақстандық кәсіпкерлермен телерадио арналары эфирінде репортаждар мен сюжеттер ұйымдастыру

БАҚ-тағы репортаждар мен сюжеттер
(200 сюжет пен репортаж)

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде, 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" ББ

РБ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

6.

Еңбек құндылықтарын, еңбек адамын дәріптеуді ілгерілету жөнінде вирустық роликтер, TikTok, инфографикалар, көрнекі материалдар әзірлеу және тарату

10 вирустық роликті әлеуметтік желілерде ілгерілету

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде, 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" ББ

РБ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

7.

Шетелдік, қазақстандық танымал тұлғалардың (А. Байтұрсынов, Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, Қ. Сәтбаев, Х. Досмұхамедов) жемісті еңбектеріне баса назар аудара отырып, олар туралы өмірбаяндық роликтер дайындау және "YouTube" пен "TikTok" әлеуметтік желілерінде тарату

әлеуметтік желілерге арналған роликтер
(10 ролик)

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде, 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" ББ

РБ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

8.

Жастар арасында жұмыспен қамтуды арттыру үшін жағдай жасау, оның ішінде республикалық және өңірлік жобаларды іске асыру туралы материалдар циклін ұйымдастыру

БАҚ-тағы материалдар
(200 материал)

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде, 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" ББ

РБ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

9.

Кәсіптік бағдарлау жұмысына, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы хабардар етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру

гранттық жобаны іске асыру

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, Еңбекмині, АБҚО
(келісім бойынша)

көзделген қаражат шеңберінде, 007 "Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру" ББ

РБ

10.

Тұрғын үй кешендеріндегі, сауда үйлеріндегі және адамдар көп жиналатын орындардағы қоғамдық кеңістіктерде көрнекілендіру арқылы "Еңбек адамы" рөлдік моделін танымал ету (муралдар, шағын сәулет нысандары, билбордтар, лед-экрандар, фотокөрмелер және т.б.)

муралдар, шағын сәулет нысандары, билбордтар, лед-экрандар, фотокөрмелер және т.б.

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

11.

Әлеуметтік әріптестерді, жұртшылықты, шығармашылық зиялы қауымды тарта отырып, адал еңбек идеологиясын ілгерілетуге бағытталған тақырыптық дискурстарды ұйымдастыру және өткізу

дискурстар

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

12.

Жұмысшы мамандықтарын танымал ету бойынша "TikTok", "Instagram", "Facebook" және басқа да танымал әлеуметтік желілерде олардың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін көрсететін посттар, онлайн челендждер мен роликтер дайындау

постар немесе онлайн-челендждер

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

13.

Облыстық және аудандық БАҚ-та еңбек құндылықтарын ілгерілетуге, қоғамдағы тұтынушылық және масылдық психологияны жоққа шығару және оның әсерін азайту мақсатында еңбек адамын дәріптеуге бағытталған "Еңбек адамы" арнайы айдарын ашу

БАҚ-тағы айдарлар

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, АҚДМ

талап етілмейді

-

14.

Адал еңбектің құндылығы тақырыбы бойынша ұжымдарда конференциялар ұйымдастыру және өткізу

конференциялар

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО

талап етілмейді

-

15.

"Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны" бағдарламаларына қатысушылардың көпшілік алдында сөз сөйлеуі

БАҚ-тағы жарияланымдар

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, АҚДМ

талап етілмейді

-

II. Ұйымдастыру жұмысы

Күтілетін нәтижелер:
1. Еңбекке ынталандырудың жақсы мысалдарын тарату, еңбек әулеттері санының өсуі, еңбек адамына деген сенімді, патриотизм сезімін және өз еңбегінің нәтижесіне деген ұмтылысты қалыптастыру.
2. Халық арасында еңбекке деген құрмет пен әлеуметтік мүддені арттыру. Ел экономикасының өндірістік секторларына қазіргі жастардың қызығушылығын ояту.
3. Жастарға кәсіптік бағдар беру.
4. Жұмыссыздықты қысқартуға және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру.

16.

Жастар мен студенттерді тарта отырып, табысты отандық кәсіпорындар мен өндірістерде ашық есік күндерін өткізу

ашық есік күндері

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, ОМ, ҒЖБМ

талап етілмейді
 

-

17.

"Еңбек ері" иегерлері мен еңбек әулеттері өкілдерінің жастармен және оқушылармен кездесулерін ұйымдастыру

кездесулер

тоқсан сайын,
2023 – 2025 жылдар

ЖАО

талап етілмейді
 

-

18.

Халықтың әртүрлі санаттары үшін тегін шеберлік сабақтарын, мотивациялық кездесулерді және табысты кәсіпкерлердің сөз сөйлеулерін ұйымдастыру

шеберлік сабақтары немесе кездесулер

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді
 

-

19.

Кадрларға деген болжамды қажеттілікті айқындау

ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастыру

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

Еңбекмині, ҒЖБМ, ОАМ

талап етілмейді
 

-

20.

Халықтың әртүрлі топтарын цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету бойынша "Birgemiz: Bilim" жалпыұлттық жобасын іске асыру

гранттық жобаны іске асыру

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ

көзделген қаражат шеңберінде, 004 "Азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттарының өзара қарым-қатынастарын нығайтуды қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту" ББ

РБ

21.

Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша "Күміс волонтерлік" жобасын іске асыру

гранттық жобаны іске асыру

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ

көзделген қаражат шеңберінде, 004 "Азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттарының өзара қарым-қатынастарын нығайтуды қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту" ББ

РБ

22.

Техникалық қызмет көрсету және әлеуметтік көрсетімін қызметтер саласында жұмыс істейтін жастар арасында, сондай-ақ NEET санатындағы жастар арасында конкурстар өткізу

конкурстар

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, АҚДМ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

23.

Кәсіпқойлықты дамытуға бағытталған ТжКБ жоғары курс студенттеріне арналған "Коуч-тәлімгерлік" жобасын іске асыру

іс-шаралардың өткізілуі туралы есепті ресми интернет-ресурста орналастыру

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО

талап етілмейді
 

-

24.

Жас кәсіпкерлерге, суретшілерге, зергерлерге, ұлттық дәстүрлер мен қолөнерді, ұмытылған ерекше кәсіптерді жандандыратын шеберлерге қолдау көрсетуді насихаттайтын "Кәсіби маманды танып біл" атты бастамасын ілгерілету

іс-шаралар кешені

2023 жыл ішінде

АҚДМ,
МСМ,
ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде, 004 "Азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттарының өзара қарым-қатынастарын нығайтуды қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту" ББ

РБ

25.

Еңбек нарығында қазіргі уақытта сұранысқа ие және таяу болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар туралы хабардар ету мақсатында 9-11 сынып оқушыларын Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы туралы ақпараттандыру

мектептердегі сыныптан тыс іс-шаралар

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ОАМ,
ЖАО

талап етілмейді
 

-

26.

Адал еңбектің құндылығын ілгерілетуге және масылдық көңіл-күйді жоюға арналған әртүрлі іс-шаралар (концерттер, форумдар, конкурстар, семинарлар, курстар, дөңгелек үстелдер, фестивальдар, конференциялар, фотокөрмелер) ұйымдастыру

іс-шаралардың өткізілуі туралы есепті ресми интернет-ресурста орналастыру

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО

талап етілмейді
 

-

27.

Ата-аналарының еңбек жолының үлгісімен "Менің ата-анамның (әкемнің немесе анамның) жұмысының пайдасы неде" тақырыбына 5-11 сынып оқушыларының таныстырылымдары

ашық сабақтар

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, ОАМ

талап етілмейді

-

28.

Ұлы ойшылдар мен табысты замандастардың қызметімен танысу

ашық сабақтар

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, ОАМ

талап етілмейді

-

29.

"Бастау Бизнес", "Түлектерге арналған жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Қоғамдық жұмыстар", "Ұрпақтар келісімшарты", "Жасыл ел" жобалары шеңберінде еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілету

іс-шаралардың өткізілуі туралы есепті ресми интернет-ресурста орналастыру

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО

талап етілмейді

-

30.

Оқушылар арасында "WORLDSKILLS" жұмысшы кәсіптерінің чемпионатын ұйымдастыру және өткізу

жұмысшы кәсіптерінің чемпионаты

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, ОАМ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

31.

Мектеп оқушыларының педагогтардың еңбек әулеттерімен кездесуі

кездесулер

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО

талап етілмейді

-

32.

Жұмыссыздар мен жастарды өңірдегі және елдегі еңбек нарығындағы мүмкіндіктер мен қажеттіліктер туралы ақпараттандыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру

іс-шаралардың өткізілуі туралы есепті ресми интернет-ресурста орналастыру

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, Еңбекмині

талап етілмейді

-

33.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу

бос жұмыс орындары жәрмеңкелері

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, Еңбекмині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

-

34.

Білім алушы және жұмыссыз жастар үшін өңірдің жетекші кәсіпорындарында ашық есік күнін ұйымдастыру және өткізу

ашық есік күнін өткізу

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО
 

талап етілмейді

-

35.

Түлектердің жекелеген санаттары үшін жалпы білім беру гранттарын бөлу

гранттар бөлу

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, ҒЖБМ, ОАМ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

36.

9, 11 сынып түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу

кәсіптік бағдар беру іс-шаралары

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, ОАМ

талап етілмейді

-

37.

"Еңбек" акциясын өткізу (сенбіліктер өткізу, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және басқа да іс-шаралар)

сенбіліктер

жылына
2 рет,
2023 – 2025 жылдар

ЖАО

талап етілмейді

-

38.

Еңбек ардагерлерін, өткен жылдардағы "Еңбек жолы" конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын тарта отырып, жалпы білім беретін оқу орындарында "Сенің таңдауың" жұмыспен қамту сабақтарын өткізу

жұмыспен қамту сабақтары

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, Еңбекмині, ОАМ

талап етілмейді

-

39.

Еңбек күнін мерекелеуге арналған бұқаралық іс-шараларды (шығармашылық ұжымдардың концерттері, спорттық іс-шаралар және т.б.) ұйымдастыру

бұқаралық іс-шаралар

жыл сайын қыркүйек, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, Еңбекмині, МСМ

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

40.

Еңбек күнін мерекелеуге арналған форум өткізу

форум

жыл сайын қыркүйек, 2023 – 2025 жылдар

Еңбекмині

көзделген қаражат шеңберінде, 001 "Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" ББ

РБ

41.

Отанының өркендеуіне үлес қосқан, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында жетістіктерге қол жеткізген қарапайым азаматтардың күнделікті еңбегін танымал ету бойынша әдістемелік сүйемелдеу

іс-шаралар кешені
 

2023 жыл ішінде

АҚДМ,
АШМ,
ЖАО

көзделген қаражат шеңберінде,
004 "Азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттарының өзара қарым-қатынастарын нығайтуды қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту" ББ

РБ
 

42.

Үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға бағытталған "Еңбек жолы" конкурсын өткізу

конкурс
 

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, Еңбекмині
 

көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

43.

Барлық мемлекеттік ұйымдарда, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарында "Еңбек күні" мерекесіне орай еңбек адамдарын наградтауды ұйымдастыру

марапаттау рәсімі

жыл сайын қыркүйек, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, ОМО

талап етілмейді

-

44.

Еңбек ардагерлерінің үйіне барып қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру

қайырымдылық акциялары

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО,
АҚДМ

талап етілмейді

-

45.

Еңбек ардагерлерінің қатысуымен спорттық жарыстар ұйымдастыру

жарыстар

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ЖАО, МСМ

талап етілмейді

-

46.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыруға және қызметтің беделін арттыруға бағытталған ақпараттық-идеологиялық іс-шараларды іске асыру

іс-шаралар кешені

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

ІІМ, ТЖМ, АҚДМ, БП (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), СЖҚІҚА (келісу бойынша)

талап етілмейді

-

47.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компанияларының жұмыскерлері арасында "Кәсібінің үздігі" конкурсын ұйымдастыру және өткізу

конкурс

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

көзделген қаражат шеңберінде

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның қаражаты есебінен

48.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ өндірістік персоналының жас мамандары арасында жобалар бойынша конкурс өткізу

конкурс

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

көзделген қаражат шеңберінде

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның қаражаты есебінен

49.

Дуальді оқыту бойынша "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы

ынтымақтастық туралы ақпарат

жыл сайын, 2023 – 2025 жылдар

АҚДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

көзделген қаражат шеңберінде

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның қаражаты есебінен


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АБҚО – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы;

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ББ – бюджеттік бағдарлама;

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      РБ – республикалық бюджет;

      СЖҚІА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      "Атамекен" ҰКП – Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ" АҚ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.