"Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 989 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 10.8-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1.9.1-жолмен толықтырылсын:

      "

11-1.

9.1

"Жолаушылар вагондарын жасау зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

тікелей атаулы сату

2022 – 2023

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов