"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 972 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) әкімшілік рәсімдер шеңберінде арыз иелері жолданымдарда көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;";

      мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "53-1) өз құзыреті шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын жастар арасында этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі қағидаттарын қалыптастыруға және нығайтуға жәрдемдеседі;";

      мынадай мазмұндағы 163-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "163-1) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов