Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде реттік нөмірлері 57, 59, 63 және 67-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
57. | "Хиуаз Доспанова атындағы "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ акциялар пакетінің 100 % |
";
"
59. | "Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы" АҚ акциялар пакетінің 100 % |
";
"
63. | "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ акциялар пакетінің 100 % |
";
"
67. | "Kyzyl-Zhar халықаралық әуежайы" ЖШС қатысу үлесінің 100 % |
";
"Халықаралық әуежайлар" деген бөлімде реттік нөмірлері 1, 4, 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | "Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы" АҚ мүлкі: жер учаскелері, ұшу-қону жолақтары, жермен жүру жолдары, магистральдық жермен жүру жолдары, перрон, әуе кемелерінің тұрақ орындары, ұшу-қону жолағының жарық-сигналдық жабдығын энергиямен жабдықтау жүйелері, оның ішінде жарық-сигналдық жабдық және авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүйелері |
";
"
4. | "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ мүлкі: жер учаскелері, ұшу-қону жолақтары, жермен жүру жолдары, магистральдық жермен жүру жолдары, перрон, әуе кемелерінің тұрақ орындары, ұшу-қону жолағының жарық-сигналдық жабдығын энергиямен жабдықтау жүйелері, оның ішінде жарық-сигналдық жабдық және авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүйелері |
";
"
6. | "Kyzyl-Zhar халықаралық әуежайы" ЖШС мүлкі: жер учаскелері, ұшу-қону жолақтары, жермен жүру жолдары, магистральдық жермен жүру жолдары, перрон, әуе кемелерінің тұрақ орындары, ұшу-қону жолағының жарық-сигналдық жабдығын энергиямен жабдықтау жүйелері, оның ішінде жарық-сигналдық жабдық және авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүйелері |
";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-жолмен толықтырылсын:
"
39. | "Туркистан Интернэшнл Аэропорт" ЖШС қатысу үлесінің 100% |
";
"Халықаралық әуежайлар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
"
6. | "Туркистан Интернэшнл Аэропорт" ЖШС мүлкі: жер учаскелері, ұшу-қону жолақтары, жермен жүру жолдары, магистральдық жермен жүру жолдары, перрон, әуе кемелерінің тұрақ орындары, ұшу-қону жолағының жарық-сигналдық жабдығын энергиямен жабдықтау жүйелері, оның ішінде жарық-сигналдық жабдық және авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүйелері |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |