Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 915 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Тұран" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдар мен мемлекеттік мекемелердің атауы өзгертілсін.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

"Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

      ";

      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті.";

      реттік нөмірлері 18, 19, 20 және 21-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Алматы" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.

      19. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Байқоңыр" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.

      20. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Есіл" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.

      21. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Сарыарқа" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 56-1-жолмен толықтырылсын:

      "56-1. Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Тұран" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.";

      "2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Астана қаласы).";

      реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Астана қаласы).".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 17 қарашадағы
№ 915 қаулысына
қосымша

Атауы өзгертілетін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдар мен мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің "Алматы" ауданы төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Алматы" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің "Байқоңыр" ауданы төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Байқоңыр" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің "Есіл" ауданы төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Есіл" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің "Сарыарқа" ауданы төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Сарыарқа" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Нұр-Сұлтан қаласы)" мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Астана қаласы)" мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Нұр-Сұлтан қаласы)" мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Астана қаласы)" мемлекеттік мекемесі.