Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетiнің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетiнің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің атауы өзгертілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 609-1) тармақшамен толықтырылсын:
"609-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау;";
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"207. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті.";
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі" деген 1-бөлімде:
225, 226, 227, 228, 229 және 230-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"225. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
226. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
227. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
228. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
229. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана – жаңа қала" мемлекеттік кірістер басқармасы.
230. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.";
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.";
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.".
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 105-1) тармақшамен толықтырылсын:
"105-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;".
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 908 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетiнің қайта аталатын аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi бойынша:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазынашылық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша қазынашылық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бойынша:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана – жаңа қала" Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана – жаңа қала" мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
6) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бойынша:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бойынша:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.