"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 902 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 380-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "380-1) арыз иелері көтеріп отырған жүйелі проблемаларды талдайды және анықтайды;";

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов