Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Ұлттық почта желісі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14130 болып тіркелген) почта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес орналастырылатын, қызметтер көрсету үшін жабдықталған және пошта байланысының стационарлық бөлімшелері түрінде жұмыс істейтін Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері |
";
"Ғарыш саласының объектілері" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12, 13, 14 және 15-жолдармен толықтырылсын:
"
12. | Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (Астана қаласы) |
13. | Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (Астана қаласы) |
14. | Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) ғарыш аппараттарын басқарудың жерүсті кешені (Астана қаласы) |
15. | ЖҚЗ ғарыш аппараттарынан ақпарат қабылдауға, оны өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешені (Астана қаласы) |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"
Ғарыш инфрақұрылымы | |
1. |
"Боран" орбиталық кемесі: |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |