Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр";
42-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42-1. Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні – 10 қараша";
мынадай мазмұндағы 42-2-тармақпен толықтырылсын:
"42-2. Энергия үнемдеу күні – 11 қараша".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |