Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 849 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 26 қазандағы
№ 849 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер – Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын, оларға қол жеткізу субъектінің келісімімен еркін болып табылатын дербес деректер немесе мәліметтер;".

      2. "Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі – АКИАМО) – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, "электрондық үкімет" инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттарында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жұмыс істеуінің ішінара немесе толық бұзылуы (тоқтауы) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайға алып келуі мүмкін "электрондық үкiмет" ақпараттандыру объектісінің және өзге де ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің әсері.".

      3. "Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 488 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі – АКИАМО) – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, "электрондық үкімет" инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін АКИ объектілері;".