"Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 827 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 211-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулыға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 14 қазандағы
№ 827 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2015 жылғы 4 маусымдағы
  № 404 қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері

Р/с

Мүліктің атауы

1

Тұрғынжайларды, жер учаскелерін және көпжылдық екпелерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік

2

Аяқталмаған құрылыс объектілері

3

Медициналық мақсаттағы көлікті қоспағанда, көлік

4

Медициналық бұйымдарды қоспағанда, өнеркәсіп тауарлары

5

Мұнай және оны өңдеу өнімдері

6

Бағалы қағаздар, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері

7

Техникалық құрылғылар

8

Бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар

9

Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 14 қазандағы
№ 827 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 404 қаулысына
2-қосымша

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері

Р/с

Мүліктің атауы

1

Тұрғынжайлар, жер учаскелері және көпжылдық екпелер

2

Жануарлар, жануарлардан алынатын шикізат

3

Жемшөп

4

Азық-түлік тауарлары

5

Астық

6

Ағаш материалдары

7

Дәрілік заттар, медициналық бұйымдар

8

Минералды шикізат, пайдалы қазбалар

9

Агрохимикаттар, пестицидтер

10

Этил спирті және алкоголь өнімі

11

Темекі және темекі бұйымдары

12

Медициналық мақсаттағы көлік