Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 820 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Нұр-Сұлтан" олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын (бұдан әрі – кәсіпорын) бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып;

      2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:

      "15. "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов