"Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 811 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақ 6) тармақшадағы "қатысу болып айқындалсын." деген сөздер "қатысу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша қызметті жүзеге асыру;

      8) жобаланатын және салынатын денсаулық сақтау объектілері үшін медицина және медициналық емес кадрлармен қамтамасыз етуді жоспарлау және әкімшілендіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      9) денсаулық сақтау объектілерінің жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып қызметті жүзеге асыру;

      10) денсаулық сақтау объектілері бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру;

      11) денсаулық сақтау объектілері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету жұмысын жүзеге асыру;

      12) денсаулық сақтау саласындағы концессиялық жобаларды консультациялық қолдау қызметін жүзеге асыру;

      13) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау қызметін жүзеге асыру;

      14) денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов