Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 792 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 389-7-жолмен толықтырылсын:

      "389-7. "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы.";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 393-1-жол алып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Министрлік" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы;";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті" деген 2-бөлімде:

      "акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімде:

      2) тармақша алып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов