"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 751 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы №1403 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттары" деген 1-бөлімде:

      "Үкімет Қордың акционері ретінде" деген 1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Ұйымдардың Директорлар кеңесінің құрамындағы әйелдердің ұсынылатын саны Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрайды.";

      "Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі" деген 5-тараудың 18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Директорлар кеңесі атқарушы органның басшысы мен мүшелерін сайлайды, өкілеттіктер мерзімдерін, лауазымдық жалақы мөлшерін, олардың еңбегіне ақы төлеу шарттарын айқындайды. Атқарушы органның құрамына үміткерлерді іздестіру мен іріктеу, олардың сыйақысын айқындау процесіндегі басты рөлді ұйымның Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақы комитеті атқарады.

      Қор мен ұйымдардың алқалы атқарушы органдарындағы әйелдердің ұсынылатын саны алқалы атқарушы органдар мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрайды.

      Директорлар кеңесі Тағайындау және сыйақы комитетінің қарауына алқалы атқарушы органның құрамына сайлау үшін үміткерлер бойынша ұсыныстарды атқарушы органның басшысы енгізеді. Директорлар кеңесі атқарушы орган басшысы атқарушы органдағы нақ сол бос орынға екінші рет ұсынған үміткерді қабылдамаған жағдайда осы бос орынға үміткерді бойынша ұсыныс енгізу құқығы Директорлар кеңесіне өтеді.

      Акцияларының (қатысу үлестерінің) 100 %-ы Қорға тиесілі компанияларда атқарушы органның басшысы лауазымына үміткер Қор басқармасымен алдын ала келіседі.

      Директорлар кеңесі атқарушы орган басшысы мен мүшелерінің өкілеттіктерін кез келген уақытта тоқтата алады.

      Ұйымның атқарушы органының басшысы мен мүшелерін үш жылға дейінгі мерзімге сайлау ұсынылады. Атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімі жалпы атқарушы органның өкілеттік мерзіміне сәйкес келеді.";

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттарына аннотациялар" деген 2-бөлімде:

      "Үкімет Қордың акционері ретінде" деген 1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Ұйымдардың Директорлар кеңесінің құрамындағы әйелдердің ұсынылатын саны Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрайды.";

      "Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі" деген 5-тараудың 18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Директорлар кеңесі атқарушы органның басшысы мен мүшелерін сайлайды, өкілеттіктер мерзімдерін, лауазымдық жалақы мөлшерін, олардың еңбегіне ақы төлеу шарттарын айқындайды. Атқарушы органның құрамына үміткерлерді іздестіру мен іріктеу, олардың сыйақысын айқындау процесіндегі басты рөлді ұйымның Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақы комитеті атқарады.

      Қор мен ұйымдардың алқалы атқарушы органдарындағы әйелдердің ұсынылатын саны алқалы атқарушы органдар мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрайды.

      Директорлар кеңесі Тағайындау және сыйақы комитетінің қарауына алқалы атқарушы органның құрамына сайлау үшін үміткерлер бойынша ұсыныстарды атқарушы органның басшысы енгізеді. Директорлар кеңесі атқарушы орган басшысы атқарушы органдағы нақ сол бос орынға екінші рет ұсынған үміткерді қабылдамаған жағдайда осы бос орынға үміткерді бойынша ұсыныс енгізу құқығы Директорлар кеңесіне өтеді.

      Акцияларының (қатысу үлестерінің) 100 %-ы Қорға тиесілі компанияларда атқарушы органның басшысы лауазымына үміткер Қор басқармасымен алдын ала келіседі.

      Директорлар кеңесі атқарушы орган басшысы мен мүшелерінің өкілеттіктерін кез келген уақытта тоқтата алады.

      Ұйымның атқарушы органының басшысы мен мүшелерін үш жылға дейінгі мерзімге сайлау ұсынылады. Атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімі жалпы атқарушы органның өкілеттік мерзіміне сәйкес келеді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов