Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар және соңғы 5 (бес) жылда Web of Science халықаралық дерекқорының алғашқы үш квартиліне кіретін журналдарда кемінде 2 (екі) ғылыми мақаласы және (немесе) шолуы және Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық дерекқорына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда кемінде 3 (үш) Хирш индексі бар жеке тұлға.
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарда соңғы 5 (бес) жылда Web of Science дерекқорының Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus дерекқорында СiteScore бойынша тағайындалу сәтінде кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар журналда кемінде 1 (бір) мақаласы немесе шолуы не білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) мақаласы және (немесе) шолуы болуға тиіс. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарда соңғы 5 (бес) жылда кемінде 3 (үш) Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласында маманданған, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жобалармен жұмыс істеу үшін тиісті рұқсаты бар адамдарға жарияланымдардың және Хирш индексінің болуы жөніндегі талаптар қолданылмайды.
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептерге МҒТС жүргізуге тартылатын қазақстандық сарапшылар соңғы 5 (бес) жылда Web of Science дерекқорының Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus дерекқорында СiteScore бойынша тағайындалу сәтінде кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар журналда кемінде 1 (бір) мақаласы немесе шолуы болуға тиіс. Бұл сарапшыларға Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;";
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар – уәкілетті орган бекіткен археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі саласындағы іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген, мемлекеттік ғылыми ұйымдар және мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдар.";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) – гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім берушіге ұйымдастырушы беретін МҒТС объектісінің, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының, бюджет қаражаты есебінен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларының жеке тіркеу нөмірі;";
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) тапсырыс беруші – Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын; іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларын қаржыландыру туралы гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына берілген ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына МҒТС жүргізуді және сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін ұйымдастырушымен өтеулі шарт жасасқан ғылым саласындағы уәкілетті орган;";
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) шекті балл – іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға берілген өтінімдерді қоспағанда, ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімдер үшін кемінде 25 балды және ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылымның басым бағыты бойынша өтінімдер үшін кемінде 21 балды құрайтын МҒТС балы;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. МҒТС ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді талдамалық бағалауды дайындау мақсатында сарапшылар қорытындыларының тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, дәйектілігі, толықтығы және негізділігі қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.";
4-тармақтағы "ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары МҒТС объектілері болып табылады." деген сөздер "ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдер МҒТС объектілері болып табылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерге МҒТС жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды ұйымдастырушы жүзеге асырады.
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға жататын іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдердің МҒТС-ны негізгі міндеттері:";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілеріне МҒТС жүргізуге арналған өтінімдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау мерзімі өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ұсынылған МҒТС объектілері үшін де тапсырыс беруші жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін мониторингтеу сұрақтары мен индикаторларын көрсете отырып, қосымша бағалау өлшемшарттарының тізбесін ұсынады.";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінімдерді қоспағанда, тапсырыс берушіден өтінімдер келіп түскен күннен бастап ұйымдастырушы осы Қағидалардың мынадай талаптарының сақталуын тексереді:";
12-тармақтың 3) тармақшасында бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"конкурс шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінімдерге МҒТС жүргізу үшін екі шетелдік сарапшы мен бір қазақстандық сарапшы (МҒТС объектісін зерттеу саласында осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін қазақстандық сарапшылар дәлелді себеппен болмаған жағдайда үшінші шетелдік сарапшы тартылады);
гранттық қаржыландыру бойынша жобалардың және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бағдарламалардың, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар жобаларының қорытынды (аралық) есептеріне МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық (кешенді) сараптама арқылы (есептерді зерттеу саласында осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін қазақстандық бір, не екі, не үш сарапшы дәлелді себеппен болмаған жағдайда тиісінше шетелдік бір не екі, не үш сарапшы тартылады);";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік құпияларды, таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссияның және (немесе) кешенді сараптама жолымен;";
13-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толтырылсын:
"Гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына берілген конкурстық өтінімдер бойынша МҒТС жүргізу кезінде әрбір жоба бойынша сарапшыларды іріктеу және тағайындау кездейсоқ таңдау әдісімен автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінімдерге МҒТС ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) МҒТС жүргізу, оның ішінде сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу – сарапшымен шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды;
2) сұратылатын қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау – МҒТС аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.
Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында ол аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жариялайды.";
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер бойынша МҒТС ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:";
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"МҒТС объектісі бойынша сарапшының қорытындысы МҒТС объектісіне, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларына байланысты осы Қағидаларға 3, 4, 5, 5-1, 6, 7 немесе 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.";
18-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілерінің, тапсырыс берушінің өтініші бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар өтінімдерінің МҒТС нәтижесі МҒТС қорытындысы болып табылады.
Ұйымдастырушы мәлімделген қаржыландыру сомаларын көрсете отырып, МҒТС нәтижесінің негізінде гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына ұсынылған өтінімдердің, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру туралы іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың өтінімдерінің сараланған тізімін еркін нысанда жасайды.";
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Ұйымдастырушы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер бойынша МҒТС қорытындысын, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген, мемлекет жүз пайыз қатысатын мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен ғылыми ұйымдардың есептерін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.
Ұйымдастырушы гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер бойынша МҒТС қорытындысын тиісті ҰҒК-ге жолдайды.
Гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есепті ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың іске асырылуы мен нәтижелілігін мониторингтеу түрінде ұйымдастырушы жүргізеді, оның нәтижелері тиісті ҰҒК-ге жолданады.
22. Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында:
1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың өтінімдері шеңберінде МҒТС өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген конкурс шеңберінде МҒТС шекті балынан төмен балл алған МҒТС объектілері бойынша ЖТН-ды, МҒТС қорытындысы негізіндегі қорытынды балдарды;
2) мемлекеттік құпияларды және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қамтитын объектілерге МҒТС жүргізу үшін тартылған қазақстандық сарапшыларға қатысты ақпаратты қоспағанда, жыл сайын жылдың соңында ұйымдар мен елдер бойынша орташа Хирш индексін көрсете отырып, қазақстандық және шетелдік сарапшыларды тарту туралы жалпы талдаманы;
3) МҒТС аяқталғаннан кейін ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы ғылыми жетекшіге және өтінім берушіге жолданатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобалары бойынша МҒТС жүргізуге тартылған сарапшылардың Хирш индекстерін жариялайды.";
24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ғылыми этиканы, биоэтика нормаларын бұзу фактілеріне ден қояды, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;";
көрсетілген Қағидалар осы қаулыға қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшадағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдер іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың өтінімдері шеңберінде сұратылатын соманың негізділігін бағалау бойынша сарапшының қорытындысы";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшадағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сарапшының қорытындысы";
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшадағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі аралық есеп және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың жыл сайынғы есебі бойынша сарапшының қорытындысы";
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшадағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылыми зерттеулерді гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі қорытынды есеп, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың қорытынды есебі бойынша сарапшының қорытындысы".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 746 қаулысына қосымша |
|
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы | |
ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 5-1-қосымша |
|
Нысан |
Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінім бойынша сараптамалық қорытынды _______________________________ (ЖТН және МҒТС объектісінің атауы)
Р/с № | Бағалау өлшемшарты ның атауы | Сарапшының бағалауы | Көрсеткіш | Өлшемшарт бойынша балл |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Зерттеудің жаңашалығы мен өзектілігі |
Зерттеулердің өзектілігі (200 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ға дейін) | |
Ғылымның дамуы үшін зерттеулердің маңызы (300 сөзден аспауы керек) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
2. | Зерттеу жоспарының сапасы мен іске асырылуы |
Зерттеу жоспарының сапасы (150 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Зерттеулер әдіснамасының сапасы (250 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
Нәтижелерге қол жеткізу (250 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
3. | Күтілетін нәтижелер және олардың маңыздылығы |
Зерттеулердің нәтижелілігі мен тиімділігі (250 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы және қолдануға жарамдылығы (300 сөзден аспауы керек) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
4. | Зерттеу тобының құзыреттілігі мен ғылыми негізі |
Зерттеу жетекшісі мен тең жетекшілерінің ғылыми деңгейі мен негізі (250 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Зерттеу тобының сапасы (250 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
Ресурстардың болуы және инфрақұрылымға қолжетімділік (300 сөзден аспауы керек). | (0-ден 3-ке дейін) | |||
5. | Зерттеулердің пәнаралығы |
(100 сөзден аспауы керек) | ||
Қорытынды балл | Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша жалпы баллдардың жиыны | |||
Сұратылатын қаржыландырудың негізділігі |
(250 сөзден аспау керек) | |||
Басым бағытқа сәйкестігі |
(100 сөзден аспауы керек) | |||
Мықты тұстары |
(150 сөзден аспауы керек) | |||
Әлсіз тұстары |
(150 сөзден аспауы керек) |
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) _______________________________