"Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 657 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 950 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.10.2023 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеде:

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) уәкілетті органның ұсынуы бойынша кеңестер мүшелерінің Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексін бұзуы;";

      Ереженің 16-тармағының екінші және төртінші бөлімдері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеңес мүшесі осы Ереженің бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 5-1), 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша кеңес құрамынан шығарылған жағдайда оның кандидатурасын жаңадан қалыптастырылатын келесі кеңестің құрамына енгізу үшін қайтадан ұсынуға болмайды.";

      "Осы Ереженің 16-тармағының 3), 4), 5), 5-1), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген, оның ішінде уәкілетті органның және салалық уәкілетті органдардың өтініштері бойынша мән-жайлардың туындауын мониторингтеуді сараптама орталығы жүзеге асырады.";

      20-тармақта:

      3) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерін қарау;";

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың жыл сайынғы есептерін, көрсетілген ғылыми зерттеулерді іске асыру мониторингінің қорытындыларын қарау, сондай-ақ осындай есептер мен мониторинг қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау;";

      21-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) уәкілетті орган бекіткен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдардың жобалары бойынша жыл сайынғы есептерді қабылдау;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ғылым саласындағы уәкілетті орган бекітетін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іргелі ғылыми зерттеулерін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми ұйымдар жобаларының іске асырылуы мен нәтижелілігін мониторингтеу туралы ережеге сәйкес сараптама орталығы ұсынатын іске асырылу мен нәтижелілікті мониторингтеу қорытындыларын қарау нәтижелері жөніндегі шешімдерді қарау және қабылдау;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, уәкілетті орган бекіткен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдардың жобалары бойынша ғылыми жетекшіні ауыстыру, ғылым саласындағы уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органдардың өтініші негізінде өтінімде көрсетілген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, күтілетін түпкілікті нәтижелерді өзгертпей, орындаушы ұйымның дәлелді өтінішін қоса бере отырып, жиынтық есеп-қисапқа, жобалар немесе бағдарламалар бойынша күнтізбелік жоспарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау;";

      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) апелляциялық комиссияның шешімдерін орындау.";

      22-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қосымша түсініктемелер беру үшін ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың немесе бағдарламалардың, уәкілетті орган бекіткен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдар жобаларының, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ғылыми жетекшілері мен орындаушыларын отырыстарға шақыруға;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша, сондай-ақ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі өтінімде, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға арналған өтінімде көрсетілген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, күтілетін түпкілікті нәтижелерді өзгертпей, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдардың жобалары бойынша күнтізбелік жұмыс жоспарын және жиынтық күнтізбелік жұмыс жоспарын және жиынтық есеп-қисапты түзетуге рұқсат беруге (жобаларды және (немесе) бағдарламаларды орындаушының негіздемесі мен өтінішхаты болған кезде жиынтық есеп-қисапты жалпы сомасын өзгертпей, қаржыландыру көлемін қысқарту, сондай-ақ шығыстар баптары арасында үнемдеудің пайда болу жағдайлары түзету үшін негіз болып табылады);";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың ғылыми жаңалығын, ғылыми-техникалық деңгейін және ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерінің перспективалылығын бағалауды кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму басымдықтарына сәйкестігін ескере отырып, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың (бұдан әрі – МҒТС) қорытындысы негізінде жүргізеді.";

      32-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "МҒТС қорытындысы (қойылған балдарды көрсетпей);";

      3) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде қаржыландыру үшін бұрын мақұлданған және/немесе аяқталған гранттық қаржыландыру жобаларының немесе бағдарламаларының уәкілетті орган бекіткен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген, мақұлдау кезеңінде басшысы қаралатын өтінімнің ғылыми жетекшісі болған ғылыми ұйымдар жобаларының тізімі.";";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды конкурстық іріктеу, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға арналған өтінімдерді іріктеу жөніндегі кеңестердің отырыстарындағы мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен қаралады.";

      38, 39, 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      38. Кеңестер:      

      1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың бағдарламаларын;

      2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бөлігінде басқа да бағдарламаларды;

      3) Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын;

      4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын;

      5) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулері жөніндегі жобаларды тиісті қаржы жылына арналып бекітілген бюджет шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабына сәйкес ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату), іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдер қабылдайды.

      39. Осы Ереженің 38-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген объектілер (бұдан әрі – объектілер) бойынша кеңестер шешімдерін кеңестер мүшелері сұрау салынатын қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалауды қамтитын МҒТС қорытындысының негізінде:

      1) ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға берілетін жобалар үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес;

      2) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға берілетін бағдарламалар үшін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес;

      3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі конкурстан тыс рәсімдер арқылы берілетін бағдарламалар үшін осы Ережеге  3-қосымшаға сәйкес;

      4) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға арналған өтінімдер үшін осы Ережеге 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште бағалау парағындағы әр өтінім үшін әрбір бағалау өлшемшарты бойынша кеңестің балдарын қою жолымен және (немесе) сараптама орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жеке қабылдайды.    

      Кеңестер мүшелері қойған балдардың негізінде кеңестің қорытынды пікірін көрсететін әрбір өлшемшарт бойынша орташа балдар қосындысының нәтижесі ретінде әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл және әрбір өтінім бойынша кеңестің жалпы балы айқындалады.

      Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылымның басым бағыты бойынша кеңестің 8-ден (сегіз) кем жалпы балын жинаған өтінімдер әрі қарай қаралмайды.

      Әрбір өтінім бойынша кеңестің қорытындысы:

      1) ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға берілетін жобалар үшін осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес;

      2) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға берілетін бағдарламалар үшін осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес;

      3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламалар үшін осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес;

      4) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға арналған өтінімдер үшін осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Гранттық қаржыландыруға арналған өтінім бойынша кеңестің қорытындысы оны талқылау аяқталғаннан кейін экранға шығарылады және 24 (жиырма төрт) сағат ішінде сараптама орталығының ақпараттық жүйесінде объектінің ғылыми жетекшісінің жеке кабинетінде орналастырылады.

      40. Әрбір объект бойынша кеңестің шешімі МҒТС нәтижелері бойынша бағалау балын және кеңестің қорытындысына сәйкес жалпы балды қосу арқылы алынған қорытынды балл негізінде қабылданады. МҒТС нәтижесінде белгіленген қаржыландыру сомасы нұсқаларының бірі, егер бағалау процесінде оны кеңес отырысына қатысушы кеңес мүшелерінің көпшілігі көрсетсе, тиісті негіздемесі бар объектіні қаржыландыру көлемі ретінде айқындалады.

      Егер қаржыландырудың екі түрлі көлемі кеңес мүшелері көпшілігінің бірдей дауыс санын алса, онда объектіні қаржыландыру көлемі ретінде олардың азы айқындалады. Егер объектіні бағалау процесінде кеңес мүшелерінің көпшілігі сұралғаннан 25 %-ға (жиырма бес) төмен соманы көрсетсе, онда кеңес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға арналған өтінімдерді қоспағанда, объектіні қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

      Іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын жобалар бойынша өтінімдер үшін объектіні қаржыландыру көлемі ретінде МҒТС нәтижесінде белгіленген сома айқындалады.

      Апелляциялық комиссияның жұмысы аяқталып, кеңес оның барлық шешімдерін орындағаннан кейін объектілер қорытынды балдың үлкен мәнінен кішісіне кему тәртібімен объектілерді орналастыра отырып, қорытынды балдың негізінде сараланған тізім түрінде ресімделеді.

      Объектілер қорытынды балдың үлкен мәнінен кіші мәніне кему тәртібімен объектілерді орналастыра отырып, қорытынды балдың негізінде сараланған тізім түрінде ресімделеді.

      Бірдей қорытынды балл жинаған объектілер кеңес таңдаған қаржыландыру көлемінің өсуі бойынша сараланады.

      Гранттық қаржыландыру бойынша қорытынды балы 30-дан (отыз) кем объектілер сараланған тізімге енгізілмейді, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңесті қоспағанда, кеңес жобаны қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

      Гранттық қаржыландыруға мақұлданған жиынтық қаржыландыру көлемі тиісті жылдарға ЖҒТК шешімімен көзделген осы бағытқа арналған қаржыландырудың жалпы көлемінен аспайтын балдары ең жоғары объектілер болып саналады. Қаржыландыру мақұлданған объектілердің соңғысы шекті – қорытынды балдың мәнін құрайды. Шектен төмен балл жинаған объектілер қабылданбайды.

      Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша сараланған тізімдер ғылыми-зерттеу жұмысына арналған әрбір техникалық тапсырма бойынша жеке қалыптастырылады. Сараланған тізімде ең жоғары қорытынды балл жинаған объект қаржыландыруы мақұлданған болып саналады. Қалған объектілер қабылданбайды.

      Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын объектілер бойынша сараланған тізім жасалмайды. Мұндай объектілерді мақұлдау немесе қабылдамау туралы шешімдер кеңес отырысына қатысып отырған кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға арналған өтінімдерді іріктеу жөніндегі кеңестің шешімі МҒТС нәтижелері ескеріле отырып, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.";

      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

      "43-1. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың аралық және қорытынды есептерін қарау нәтижелері бойынша кеңестің шешімдері МҒТС қорытындысы мен мониторинг актілері (бар болса) ескеріле отырып, кеңес отырысына қатысып отырған кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.";

      Ережеге 3 және 6-қосымшалар осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларға сәйкес 3-1 және 6-1-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 657 қаулысына
1-қосымша
  Ұлттық ғылыми кеңестер
туралы ережеге
3-қосымша

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі өтінімнің бағалау парағы ________________________________________________________________________ (объектінің ЖТН және атауы)

      1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның мазмұны

      Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл.

Р/с №

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Балдар*

Кеңес мүшесінің бағалауы, балл

1

2

3

4

1.

Өтінім беруші ұсынған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (қисындылықты, негізділікті, жүйелілікті, болжамдылықты ескере отырып) және сұратылып отырған қаржыландыру көлемінің (экономикалық прагматизмді ескере отырып) өтінімде көрсетілген қойылған міндеттер мен күтілетін нәтижелердің күрделілік деңгейіне сәйкестігі

5 балға дейін, мұндағы: өте жоғары – 5 балл; жоғары – 4 балл; ортадан жоғары – 3 балл; орташа – 2 балл; орташадан төмен – 1 балл; төмен – 0 балл.


2.

Бағдарламаның әзірлену дәрежесі, яғни бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес зерттеулерді сапалы орындау үшін орындаушыларда ғылыми дайындама мен материалдық базаның болуы (тиісті білікті мамандардың болуын ескере отырып)

5 балға дейін, мұндағы: өте жоғары – 5 балл; жоғары – 4 балл; ортадан жоғары – 3 балл; орташа – 2 балл; орташадан төмен – 1 балл; төмен – 0 балл.


3.

Ғылыми жетекшінің ғылыми зерттеулер нәтижелеріне қол жеткізу процесін ұйымдастырудағы ғылыми деңгейі мен тәжірибесі (ғылыми жетекшінің басшылығымен аяқталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың сапасы мен нәтижелілігін, сондай-ақ басқа да объективті көрсеткіштерді ескере отырып)

5 балға дейін, мұндағы: өте жоғары – 5 балл; жоғары – 4 балл; ортадан жоғары – 3 балл; орташа – 2 балл; орташадан төмен – 1 балл; төмен – 0 балл.


Жалпы балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдар жиынтығы)



      Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі________________________________________
(ҰҒК атауы)

      _____________________________________
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә. (бар болса)

      * – Балдарды Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қағидаларына сәйкес сараптама орталығы ұсынған өтінім, МҒТС қорытындысы және басқа да материалдар негізінде сарапшылар өздерінің кәсіби пайымдауына сүйене отырып, жеке айқындайды.

      2. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны қаржыландыру көлемі

Р/с

Көрсеткіші

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі, мың теңге

Өтінім беруші сұратып отырған сома

Бағалардың негізділігін бағалауды ескере отырып, МҒТС сарапшыларының пікірлері

ҰҒК мүшесінің пікірі (МҒТС сарапшылары нұсқаларының бірін көрсету)

1-сарапшы

2-сарапшы

3-сарапшы

1.

Барлығы (бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне)






1.1.

20 ___ жыл (1-ші жыл)






1.2.

20 ___жыл (2-ші жыл)






1.3.

20 ___ жыл (3-ші жыл)






      Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі ________________________________________

      (ҰҒК атауы)

      ___________________________

      (ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 657 қаулысына
2-қосымша
  Ұлттық ғылыми кеңестер
туралы ережеге
3-1-қосымша

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға арналған өтінімдердің бағалау парағы ____________________________________________________________________________ (объектінің ЖТН және атауы)

      1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның мазмұны

      Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл.

Р/с №

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Балдар*

Кеңес мүшесінің бағалауы, балл

1

2

3

4

1.

Өтінім беруші ұсынған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (қисындылықты, негізділікті, жүйелілікті, болжамдылықты ескере отырып) және сұратылып отырған қаржыландыру көлемінің (экономикалық прагматизмді ескере отырып) өтінімде көрсетілген қойылған міндеттер мен күтілетін нәтижелердің күрделілік деңгейіне сәйкестігі

5 балға дейін, мұндағы: өте жоғары – 5 балл; жоғары – 4 балл; ортадан жоғары – 3 балл; орташа – 2 балл; орташадан төмен – 1 балл; төмен – 0 балл.


2.

Бағдарламаның әзірлену дәрежесі, яғни бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес зерттеулерді сапалы орындау үшін орындаушыларда ғылыми дайындама мен материалдық базаның болуы (тиісті білікті мамандардың болуын ескере отырып)

5 балға дейін, мұндағы: өте жоғары – 5 балл; жоғары – 4 балл; ортадан жоғары – 3 балл; орташа – 2 балл; орташадан төмен – 1 балл; төмен – 0 балл.


3.

Ғылыми жетекшінің ғылыми зерттеулер нәтижелеріне қол жеткізу процесін ұйымдастырудағы ғылыми деңгейі мен тәжірибесі (ғылыми жетекшінің басшылығымен аяқталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың сапасы мен нәтижелілігін, сондай-ақ басқа да объективті көрсеткіштерді ескере отырып)

5 балға дейін, мұндағы: өте жоғары – 5 балл; жоғары – 4 балл; ортадан жоғары – 3 балл; орташа – 2 балл; орташадан төмен – 1 балл; төмен – 0 балл.


Жалпы балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдар жиынтығы)



      Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі ________________________________________
(ҰҒК атауы)

      ___________________________________

      (ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә. (бар болса)

      * – Балдарды Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қағидаларына сәйкес сараптама орталығы ұсынған өтінім, МҒТС қорытындысы және басқа да материалдар негізінде сарапшылар өздерінің кәсіби пайымдауына сүйене отырып, жеке айқындайды.

      2. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны қаржыландыру көлемі

Р/с

Көрсеткіші

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі, мың теңге

Өтінім беруші сұратып отырған сома

Бағалардың негізділігін бағалауды ескере отырып, МҒТС сарапшыларының пікірлері

ҰҒК мүшесінің пікірі (МҒТС сарапшылары нұсқаларының бірін көрсету)

1-сарапшы

2-сарапшы

3-сарапшы

1.

Барлығы (бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне)






1.1.

20 ___ жыл (1-ші жыл)






1.2.

20 ___жыл (2-ші жыл)






1.3.

20 ___ жыл (3-ші жыл)






1.4.

20 ___ жыл (4-ші жыл)






1.5.

20 ___ жыл (5-ші жыл)






      Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі _______________________________________
(ҰҒК атауы)

      ________________________________________

      (ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 657 қаулысына
3-қосымша
  Ұлттық ғылыми кеңестер
туралы ережеге
6-қосымша

      "______________________________________________" ұлттық ғылыми кеңесі
(Ұлттық ғылыми кеңестің атауы)

      Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі өтінімге 

___________________________________________________________________________ (объектінің ЖТН және атауы) _______________ жылғы "_____" _________ №_________ қорытынды

      1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның мазмұны

      Ең жоғары қорытынды балл –15 балл (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін 19 балл).

Р/с

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Орташа балл *

1

2

3

1.

Өтінім беруші ұсынған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (қисындылықты, негізділікті, жүйелілікті, болжамдылықты ескере отырып) және сұратылып отырған қаржыландыру көлемінің (экономикалық прагматизмді ескере отырып) өтінімде көрсетілген қойылған міндеттер мен күтілетін нәтижелердің күрделілік деңгейіне сәйкестігі


2.

Бағдарламаның әзірлену дәрежесі, яғни бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес зерттеулерді сапалы орындау үшін орындаушыларда ғылыми дайындама мен материалдық базаның болуы (тиісті білікті мамандардың болуын ескере отырып)


3.

Ғылыми жетекшінің ғылыми зерттеулер нәтижелеріне қол жеткізу процесін ұйымдастырудағы ғылыми деңгейі мен тәжірибесі (ғылыми жетекшінің басшылығымен аяқталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың сапасы мен нәтижелілігін, сондай-ақ басқа да объективті көрсеткіштерді ескере отырып)


Ұлттық ғылыми кеңес мүшелерінің бағалау нәтижелері бойынша жалпы балл


      * – Әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл кеңес мүшелерінің әрқайсысы қойған тиісті өлшемшарт бойынша балдардың орташа мәні ретінде айқындалады

      Қосымша өлшемшарт:

1.

Жеке сектор тарапынан немесе бағдарламаның ғылыми нәтижелерін басқа да тұтынушылар тарапынан қоса қаржыландырудың болуы (тек қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін)

Жобаның жалпы құнының әрбір 5 % қоса қаржыландыру есебінен 1 балл, бірақ жиынтығы 4 балдан аспайды


Қорытынды балл



      2. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі

Р/с

Көрсеткіш

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі, мың теңге

Өтінім беруші сұратып отырған сома

ҰҒК ұсынып отырған сома

Негіздеме

1.

Барлығы (20__ – 20___ ж.)




1.1.

20 ___ жыл (1-ші жыл)




1.2.

20 ___ жыл (2-ші жыл)




1.3.

20 ___ жыл (3-ші жыл)




      Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы _____________________________________
(ҰҒК атауы)

      ___________________________________

      (Төрағаның Т.А.Ә. (бар болса)

      "Қосымшаның түпнұсқалығын және шешімдер қабылдау кезінде белгіленген рәсімдердің сақталғанын растаймын"

      Ұлттық ғылыми кеңестің хатшысы ______________________________________

      (ҰҒК атауы)

      _________________________________**

      (хатшының Т.А.Ә. (бар болса)

      ** – Ұлттық ғылыми кеңестің хатшысы әрбір парақты дәйектеуге тиіс

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 657 қаулысына
4-қосымша
  Ұлттық ғылыми кеңестер
туралы ережеге
6-1-қосымша

      "_____________________________________________" ұлттық ғылыми кеңесі

      (Ұлттық ғылыми кеңестің атауы)

      Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға арналған өтінімдердің

      ______________________________________________________________________

      (объектінің ЖТН және атауы)

      _______________ жылғы "__" _________ №________ қорытындысы

      1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның мазмұны

      Ең жоғары қорытынды балл –15 балл.

Р/с

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Орташа балл *

1

2

3

1.

Өтінім беруші ұсынған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (қисындылықты, негізділікті, жүйелілікті, болжамдылықты ескере отырып) және сұратылып отырған қаржыландыру көлемінің (экономикалық прагматизмді ескере отырып) өтінімде көрсетілген қойылған міндеттер мен күтілетін нәтижелердің күрделілік деңгейіне сәйкестігі


2.

Бағдарламаның әзірлену дәрежесі, яғни бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес зерттеулерді сапалы орындау үшін орындаушыларда ғылыми дайындама мен материалдық базаның болуы (тиісті білікті мамандардың болуын ескере отырып)


3.

Ғылыми жетекшінің ғылыми зерттеулер нәтижелеріне қол жеткізу процесін ұйымдастырудағы ғылыми деңгейі мен тәжірибесі (ғылыми жетекшінің басшылығымен аяқталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың сапасы мен нәтижелілігін, сондай-ақ басқа да объективті көрсеткіштерді ескере отырып)


Ұлттық ғылыми кеңес мүшелерінің бағалау нәтижелері бойынша жалпы балл


      * – Әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл кеңес мүшелерінің әрқайсысы қойған тиісті өлшемшарт бойынша балдардың орташа мәні ретінде айқындалады

      2. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі

Р/с

Көрсеткіші

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі, мың теңге

Өтінім беруші сұратып отырған сома

ҰҒК ұсынып отырған сома

Негіздеме

1.

Барлығы (20__ – 20___ ж.)




1.1.

20 ___ жыл (1-ші жыл)




1.2.

20 ___ жыл (2-ші жыл)




1.3.

20 ___ жыл (3-ші жыл)




      Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы ______________________________________
(ҰҒК атауы)

      ____________________________________

      (Төрағаның Т.А.Ә. (бар болса)

      "Қосымшаның түпнұсқалығын және шешімдер қабылдау кезінде белгіленген рәсімдердің сақталғанын растаймын"

      Ұлттық ғылыми кеңестің хатшысы ______________________________________

      (ҰҒК атауы)

      __________________________________**

      (хатшының Т.А.Ә. (бар болса)

      ** – Ұлттық ғылыми кеңестің хатшысы әрбір парақты дәйектеуге тиіс