Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтағы функциялары мынадай мазмұндағы 261-1) тармақшамен толықтырылсын:
"261-1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісу бойынша) бірлесіп мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына көлік шығыстарын өтеу тәртібін әзірлеу және бекіту, сондай-ақ өтемақы алуға жататын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының санаттарын айқындау;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |