Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қосымша тізбе:
1) ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодтарын алты немесе төрт белгі деңгейінде көрсете отырып, бір мезгілде мынадай:
қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 %-ы немесе одан астамы белгілі бір елдің үлесіне тиесілі импорт құрылымындағы тауарлар, бұл ретте көрсетілген елдерден импорттың құндық көлемі 10 мың АҚШ долларынан артық болуға тиіс;
өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қарастырылып отырған кезеңде табиғи мәндегі импорт көлемінің ұлғаюын (және/немесе қосымша өлшем бірлігінде) көрсететін тауарлар өлшемшарттарына сәйкес келетін тауарлардан;
2) қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 %-ы немесе одан астамы импорт үлесіне тиесілі елдердің атауларынан тұрады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |