Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 258 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспардың орындалуы үшін жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ басқа да ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жоспарды уақтылы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жартыжылдық негізде 1 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып отырсын;

      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынып отырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жыл сайын 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың іске асырылу қорытындысы туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 28 сәуірдегі
№ 258 қаулысымен
бекітілген

Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспары

Р/с
Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Іске асыру мерзімдері Жауапты
орындаушылар
1 2 3 4 5
I. Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою

1

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу тектіктерін тұжырымдау

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ұсыныстар

2022 жылдың соңына дейін

АҚДМ, ІІМ, БП (келісу бойынша), БҒМ, Еңбекмині

2

Халықаралық еңбек ұйымының Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы № 190 конвенциясына қосылу туралы ұсыныс енгізу

ХГҚ жөніндегі ВАК-қа ұсыныстар

2023 жылдың соңына дейін

Еңбекмині, ІІМ, БП (келісу бойынша), Әділетмині

II. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету

3

Жергілікті билік органдары деңгейінде гендерлік саясатты жетілдіру бойынша қабылданған міндеттемелерді ілгерілету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

2022 жылғы тамыз

АҚДМ, ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), АҚҰ0 (келісу бойынша), Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері

4

Қоғамдық және іскерлік кеңестерде, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жанындағы консультациялық-кеңесші құрылымдарда әйелдердің өкілдік етуін кеңейту (кемінде 30 %) туралы мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

2022 жылдың соңына дейін

АҚДМ, ҚР Президенті жанындағы ӘІОДСҰК (келісу бойынша), басқа ОМО, квазимемлекеттік ұйымдар

III. Бірігу еркіндігі құқығы

5

Қоғамдық бірлестіктердің қызметін реттейтін заңнамаға оларды құру және олардың қызметін ұйымдастыру жөніндегі рәсімдерді ырықтандыруға бағытталған өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2023 жыл

АҚДМ

6

Кәсіподақтарға және еңбек жанжалдарын шешуге қатысты, оның ішінде Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылдың соңына дейін

Еңбекмині, АҚДМ, Әділетмині

IV. Мүгедек адамдарға қатысты адам құқықтары

7

Әлеуметтік және банк салаларындағы, сондай-ақ мүгедек адамдардың қолжетімділігі үшін жағдайлар жасау бойынша халыққа өзге де қызметтер көрсететін бизнес субъектілері мен ұйымдарды қаржылық емес ынталандыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

2022 жылдың соңына дейін

Еқбекмині, ҚНРДА (келісу бойынша), АҚДМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), Нұр- Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері


V. Қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау мен азаптаудың және қатыгездікпен қараудың алдын алу саласындағы адам құқықтары

8

Азаматтардың науқастануына немесе мүгедектігіне байланысты жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру бойынша

БП жанындағы ВАЖТ-ға ұсыныстар енгізу

2022 жылғы қыркүйек

ІІМ, ДСМ, БП, (келісу бойынша)

9

Жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін өзектілендіру

бұйрық

2022 жылдың соңына дейін

ДСМ, ІІМ, БП (келісу бойынша)

10

Адам құқықтарын қорғау саласындағы, оның ішінде құқық қорғау ұйымдарына қатысты артық әкімшілендіруді және бақылауды жоққа шығаратын мемлекеттік реттеу қағидаттары мен тәсілдерін заңнамалық бекіту мәселесін пысықтау

Казақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс

2022 жылдың соңына дейін

АҚДМ

11

Жоғарғы Соттың қылмыстық істерді апелляцияда, кассацияда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарау мәселелері жөніндегі нормативтік қаулыларын өзектілендіру

Нормативтік қаулы

2022 жылдың соңына дейін

ЖС (келісу бойынша), БП (келісу бойынша)

12

Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жазалау шараларының арақатынасы мен тағайындалуы, әкімшілік жазаларды қолдану бөлігінде, оның ішінде:
қоғамдық қызметті қоса алғанда, белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салуға (ҚР ҚК-нің 50-бабы);
ҚР ҚК-нің 131-бабы бойынша ұсыныстар тұжырымдауға;
-ҚР ҚК-нің "Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу" 145-бабы шеңберінде кемсітушілік әрекеттер үшін жазаларға;
ҚР ҚК 405-бабының ережелерін нақтылауға;
ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабына әкімшілік тұтқындауды алып тастау бөлігінде өзгеріс енгізуге;
іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмайтын жағдайларды ескере отырып ҚР ҚК-нің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" 274-бабының ережелерімен ҚР ӘҚБтК-ге толықтырулар енгізуге қатысты нормалардың қолданылу практикасы мен ұсынымдарын ескере отырып, қылмыстық және әкімшілік заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

БП жанындағы ВАЖТ-қа ұсыныстар енгізу

2022 жыл

БП (келісу бойынша), Еңбекмині, ІІМ, Әділетмині, АҚДМ

13

Қазақстан Республикасының заңнамасын дене күші мен арнайы құралдарды қолданудың шектері мен негіздері бөлігінде одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс

2022 жылдың соңына дейін

БП (келісу бойынша), ІІМ, СҚА (келісу бойынша), Әділетмині, ОМО

14

Ыстамбұл хаттамасына сәйкес азаптаулар туралы істерді тергеу әдістемесі бойынша ұсыныстар тұжырымдау

нұсқаулық

2022 жыл

БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша)

15

Өтініш берудің (қолжазба түріндегі мәтіндік өтініштерден басқа, арнайы терминалдар арқылы беру) балама құралдары бойынша мекеме қызметкерлері тарапынан оларға қол жеткізуді шектеу мүмкіндігін жоққа шығарып және шағымдардың құпиялылығын толық қамтамасыз ете отырып, ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

2022 - 2025 жылдар

ІІМ, БП (келісу бойынша)

16

Құқық қорғау органдары жанындағы білім беру ұйымдарында және Қазакстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында адам құқықтары мәселелері бойынша оқу процесіне азаматтық мамандарды тарту

оқыту іс-шаралары, тренингтер

2022 жылдың соңына дейін

ІІМ, БП (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), АҚҰО (келісу бойынша), ҚР Президенті жанындағы АҚК (келісу бойынша),
ҚР Президенті жанындағы ӘІОДСҰК (келісу бойынша), МҚІА келісу бойынша), ЖС жанындағы Сот төрелігі академиясы (келісу бойынша)

17

Өндірістерді кеңейту және сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін шағын және орта бизнес субъектілерін тарту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

2022 - 2023 жылдар

ІІМ, ҰЭМ, ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

18

"Қылмыстық атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматты дерекқоры" ақпараттық жүйесінің функционалын жетілдіру

пайдалануға беру актісі

2023 жылдың соңына дейін

ІІМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ

19

Алқабиге үміткерлердің тізімін қалыптастыру процесін автоматтандыру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылдың соңына дейін

ЦДИАӨМ, ЖС (келісу бойынша), БП (келісу бойынша)

20

Мемлекеттік-жекешілік әріптестік тетігін іске асыру шеңберінде заманауи пенитенциарлық мекеме салу бойынша ұсыныстар тұжырымдау
Ғимараттарды, үй-жайларды және мекемелердегі инженерлік-техникалық күзет құралдарын күрделі жөндеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс
пайдалануға беру актісі

2022 жылдың соңына дейін
2022 - 2026 жылдар

ІІМ, ҰЭМ, Қаржымині, Нұр- Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері

21

Заңнамаға пробация қызметін қаржылық қамтамасыз ету функциясын республикалық бюджеттен жергілікті деңгейге беруге, пробация қызметінің белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жазалардың орындалуын бақылау жөніндегі функциясын алып тастауға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс

2022 жыл

ІІМ, БП (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, АҚҰО (келісу бойынша), НұрСұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері

22

Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанларын жою туралы халықаралық конвенцияның 1-бабының 1-тармағын ескере отырып, кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу мәселесін зерделеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

2022 жылдың соңына дейін

АҚДМ, БП (келісу бойынша), ІІМ, АҚҰ0 (келісу бойынша), Әділетмині, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар

23

Құқық қорғаушыларды қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру

жұмыс тобын құру

2022 жылдың бірінші жартыжылдығы

АҚҰ0 (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ІІМ, АҚДМ

VI. Адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету

24

Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылғы қыркүйек
2023 жылғы сәуір

ІІМ, Еңбекмині, БП (келісу бойынша), Әділетмині, СІМ, АҚҰ0 (келісу бойынша), ҚР Президенті жанындағы АҚК (келісу бойынша)

25

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспарын талдауды және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның арнайы баяндамасында жазылған ұсынымдарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2024 - 2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2023 жылғы желтоқсан

ІІМ, Еңбекмині, БП (келісу бойынша), СІМ, ДСМ, АҚҰО (келісу бойынша), ҚР Президенті жанындағы АҚК (келісу бойынша)

VII. Мигранттарға, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты адам құқықтары

26

Қазақстан Республикасында уақытша тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, апатридтерге және шетелдік азаматтарға қатысты адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық шарттар жасасу туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс

2022 жылдың соңына дейін

ІІМ, Еңбекмині, СІМ, Әділетмині

VIII. Біріккен Ұлттар Ұйымының органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру

27

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы әзірлеген Жаһандық индикаторлар негізінде адам құқықтарының сақталуын бағалау индикаторларын одан әрі енгізу бойынша жұмыс жүргізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

2023 - 2024 жылдар

Әділетмині, СЖРА (келісу бойынша), ҰЭМ, БП (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), ІІМ, ОСК (келісу бойынша), АҚҰ0 (келісу бойынша), АҚДМ, СІМ, Еңбекмині, ДСМ, БҒМ, СҚА (келісу бойынша), ИИДМ, ЦДИАӨМ, ТЖМ, ЭГТРМ, АШМ, Қаржымині, ЭМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      АҚҰ0 - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

      "Атамекен" ҰКП - "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет миннстрлігі

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы