Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда (сақтау орындарында, парктерде, ангарларда) және олардың заңсыз айналымына алғышарттарды болдырмайтын жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте үй-жайлар (сақтау орындары, парктер, ангарлар) техникалық күзет және өрт қауіпсіздігі құралдарымен жарақтандырылады.
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарының қару-жарақ пен әскери техниканы сақтауын ұйымдастыру нұсқаулықпен регламенттеледі.
Қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қолданыстағы басшылық құжаттарының және зымырандар мен оқ-дәрілердің арсеналдарын, базалары мен қоймаларын жобалау саласындағы нормативтік құжаттардың негізінде өндірістік қызметтің және шығарылатын өнімнің ерекшелігі бөлігінде әзірленеді.
Қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау жөніндегі нұсқаулықты азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымының бірінші басшысы бекітеді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |