Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және "Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 158 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      "9. Мемлекеттің сервистік моделін құру үшін сот жүйесі мен әкімшілендіруді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін трансформациялау" деген бөлімде:

      "9.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" деген кіші бөлімде:

      мына:

      "

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы шеңберінде іске асырылатын болады

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылатын болады

  ";

      2) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесінде:

      "Мемлекеттік сектор" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.

11.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ақпарат

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

СЖҚІА

  ".

      2. "Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов