2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 130-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы (таксономиясы) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысымен бекітілген |
"Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы (таксономия) (бұдан әрі – таксономия) 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 130-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қазіргі табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған, осы таксономияға қосымшада келтірілген "жасыл" жобалар санаттарын (сандық және сапалық шекті мәндерді қоса алғанда) сыныптау жүйесін білдіреді.
2. Таксономия мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) таксономияның негізгі санаттарын көздейтін 1-деңгей;
2) негізгі санаттар шеңберінде "жасыл" жобалар секторын көздейтін 2-деңгей;
3) секторлар шеңберінде "жасыл" жобалардың кіші секторын көздейтін 3-деңгей;
4) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды: тіркеу кезінде заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер (шаруашылық жүргізуші субъектілер) мәлімдеген экономикалық қызмет түрі;
5) таксономия санатына жататын жобалар мен технологиялардың мысалдары;
6) шекті мән (шекті өлшемшарт, шек) – жобаларды "жасыл" ретінде сыныптау үшін қол жеткізу қажет экономикалық қызмет түрлерінің, активтер мен жобалардың сандық және сапалық өлшемшарттарының шекті мәндері. Шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау (таксономияда көрсетілген стандарттардың талаптарына сәйкестікті растау не жекелеген кіші секторларға қатысты таңбаланымдардың болуы) талабында көрсетілуі мүмкін.
3. Таксономия мынадай санатты қамтиды:
1) жаңартылатын энергия (жел, күн, геотермальды, гидро, биоэнергия, жаңартылатын энергия көздеріне арналған жеткізілімдер тізбегі және қосалқы инфрақұрылым, сутегі өндірісі);
2) энергия тиімділігі (жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан өнеркәсіптік объектілерде энергия тиімділігін арттыру, бюджеттік және коммуналдық секторда энергия тиімділігін арттыру, энергиялық тиімді үйлер, құрылыстар мен құрылысжайлар);
3) жасыл ғимараттар (жасыл ғимараттар, ілеспе жүйелер және құрылыс материалдары, жасыл инфрақұрылым);
4) ластанудың алдын алу және бақылау (ауа сапасы, топырақ);
5) су мен қалдықтарды орнықты пайдалану (суды орнықты пайдалану және су үнемдеу, қалдықтар мен сарқынды сулар, ресурстарды сақтау және қалпына келтіру);
6) орнықты ауыл шаруашылығы, жерді пайдалану, орман шаруашылығы, биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық туризм;
7) таза көлік (таза көлік, төмен көміртекті көлік құралдары, таза көлік инфрақұрылымы, таза көліктік ақпараттық-коммуникациялық технологиялар).
4. ЭҚЖЖ сәйкес кодтар қызметі экономикалық қызметті сыныптауды есепке алуды көздейтін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілердің және ұйымдардың таксономияны пайдалануын оңайлату мақсатында, оның ішінде компаниялардың экономикалық қызметтен түсетін айналымның таксономияға сәйкес келетін үлесі туралы ақпаратты ерікті түрде ашуы мақсатында келтірілген. Бұл ретте келтірілетін ЭҚЖЖ кодтары жобаларды "жасыл" жобалар санатына жатқызудың дербес өлшемшарты болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысымен бекітілген |
|
таксономияға қосымша |
"Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы (таксономиясы)
1-деңгей: Санат | 2-деңгей: Сектор | 3-деңгей: Кіші сектор | ЭҚЖЖ коды* | Мысалдар | Шек |
1. Жаңартылатын энергия | 1.1 Жел | 1.1.1 Энергетикалық объектілер | 35.11.4 | жел генераторлары, жел сорғылары, жел турбиналары | шектеу жоқ |
1.2 Күн | 1.2.1 Электр энергиясын өндіру объектілері (PV & CSP) | 35.11.5 | орталықтандырылған және орталықтандырылмаған күн электр станциялары, оның ішінде шоғырланған күн электр станциялары (CSP), күн фотоэлектрлік (PV) энергиясы, орталықтандырылмаған күн фотоэлектрлік станциясы | шектеу жоқ | |
1.2.2 Бөлінген шағын күн жүйелері | 35.11.5 | үйге арналған шағын портативті күн жүйелері, шағын желілер және шағын үй шаруашылықтарын қуаттауға арналған автономды жүйелердің басқа типтері | шектеу жоқ | ||
1.2.3 Күн жылу қондырғылары | 35.11.5 | күннің жылу энергиясын қолдануға және өндіруге арналған құралдар, оның ішінде суды күннің қыздыруымен жылыту және барлық басқа да салаларда күн энергиясын жылыту мақсатында қолдану | шектеу жоқ | ||
1.3 Геотермальды | 1.3.1 Электр энергиясы мен жылу өндіру объектілері |
28.92.1 | электр энергиясын өндіруге және барлық секторларда геотермальды энергияны жылыту мақсатында қолдануға арналған жабдық; үй-жайларды жылытуға және орталықтандырылған жылумен жабдықтауға арналған геотермальды жылу сорғылары | шектеу жоқ | |
1.4 Гидро |
1.4.1 Шағын гидро электр станциялары | 35.11.2 | жиынтық қуаты он мегаватқа дейінгі (қоса алғанда) бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар су электр станциялары | шектеу жоқ | |
1.4.2 Орташа гидро электр станциялары | 35.11.2 | жалпы белгіленген қуаты 10-нан 100 мегаватқа (МВт) дейінгі гидро электр станциялары, сорғысы бар гидро электр станциясы | жобаны іске асыруға жол берілетіні туралы экологиялық сараптаманың қорытындысы не көзделіп отырған қызметтің әсеріне скринингтің қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау (ҚОӘБ) жүргізу қажеттігінің жоқтығы туралы қорытындысы не ҚОӘБ-тың жобаны іске асыруға жол берілетіні туралы қорытындысы | ||
1.5 Басқалары | 1.5.1 Жылу энергиясын өндіретін басқа да объектілер | 35.11.9 | топырақ, су және ауа температурасының градиенттерін қолданатын жылу сорғылары | шектеу жоқ | |
1.6 Биоэнергия | 1.6.1 Биоэнергетикалық өнімдер объектілері |
38.21.0, | отын дайындауға арналған қондырғыларды, алдын ала өңдеуге арналған қондырғыларды және биоөңдеуге арналған қондырғыларды, газ тәрізді, сұйық және қатты (орман) биоотын өндіруге арналған қондырғыларды қоса алғанда, биоэнергетикалық өнімдерді өндіруге арналған қондырғылар (анаэробты ашытуға арналған қондырғыларды қоса алғанда). Сарқынды суларды тазартқаннан кейін тұнбаларды өңдеуге арналған жабдық | Қалдықтардың ең аз үлесі – 50 % немесе 300 грамм CO2 е/кВт*сағ. Сондай-ақ ірі қондырғылар үшін – қалдықтарды басқару, материалдарды пайдалану, SO2, NOx және CO шығарындылары бойынша шектерді орындау бөлігінде қатты биомассаны және/немесе шымтезекті жағуға қатысты Ірі отын жағатын қондырғыларға арналған 2017 жылғы ЕҚТ (BREF)** анықтамалығының талаптарына сәйкестігі | |
1.6.2 Жылу және электр энергиясын өндіру | 38.21.0 | жылу және электр өндіру объектілері; жылыту жүйелері; биомассадағы, биогаздағы электр станциялары; биомассадағы жылу электр орталықтары; жақсартылған биомасса пештері; ауыл шаруашылығы және орман қалдықтарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының қалдықтарын электрлендіру үшін пайдалану | Қалдықтардың ең аз үлесі – 50 % немесе 300 грамм CO2 е/кВт*сағ. Сондай-ақ ірі қондырғылар үшін – қалдықтарды басқару, материалдарды пайдалану, SO2, NOx және CO шығарындылары бойынша шектерді орындау бөлігінде қатты биомассаны және/немесе шымтезекті жағуға қатысты Ірі отын жағатын қондырғыларға арналған 2017 жылғы ЕҚТ (BREF)1 анықтамалығының талаптарына сәйкестігі | ||
1.7 Жаңартылатын энергия көздеріне арналған жеткізілімдер тізбегі және қосымша инфрақұрылым | 1.7.1 Жаңартылатын энергия көздеріне арналған жабдықтар өндіру | 28.11.2, 28.12.0, 28.13.1, 28.13.2, 28.14.0 |
жел, су және геотермальды турбиналарды, фотоэлектрлік элементтер мен компоненттерді, күн коллекторларын (тәрелкелер немесе табақтар деп аталатын), геотермальды сорғылардың науалары мен компоненттерін өндіру немесе құрастыру жөніндегі зауыттар. | шектеу жоқ | |
1.7.2 Электр беру желілері және жаңартылатын энергия жүйелеріне арналған қолдаушы инфрақұрылым | 26.11.0, 27.11.0, 27.12.0 27.20.0 33.14.1 35.13.0 42.22.0 | жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге арналған жаңа, кеңейтілген және жақсартылған тарату жүйелері (желілер, қосалқы станциялар), сақтау жүйелері (аккумуляторлық, механикалық, су жинақтаушы) және жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (зияткерлік желі және шағын желі); бөлінген электр беру желілері; ірі және ұсақ сақтау орындары; зияткерлік электр желілері; жылу және электр есептегіштері мен датчиктері; инверторлар/контроллерлер; трансформаторлар; кернеу реттегіштері; тарату құрылғылары; экологиялық таза технологияларды тасымалдауға арналған жолдар; "жасыл" сутекті сақтау жүйелері | шектеу жоқ | ||
1.7.3 Жаңартылатын энергияны сақтау жүйелері | 27.20.0, 27.90.9 | аккумуляторлар, конденсаторлар, сығылған ауаны сақтау орны және маховиктер; энергияны ірі ауқымда сақтау, сондай-ақ жоғарыда аталғандарға арналған өндірістік қуаттар | шектеу жоқ | ||
1.8 Сутегі өндірісі | 1.8.1 "Жасыл" сутегі өндірісі | 20.11.0 | жаңартылатын энергияны ("жасыл" сутегін) пайдалана отырып, сутегін өндіру жөніндегі қондырғылар | Сутегі өндірісінде CO2 ең аз тікелей шығарындылары 5,8 тонна CO2е сутегі тоннасын құрайды; электролиз әдісімен сутегін өндіру кезінде электр энергиясын тұтыну 58 МВт*сағ/аспайды сутегі тоннасын құрайды; сутегі өндірісінде пайдаланылатын электр энергиясын өндіру кезіндегі орташа үлестік шығарындылар 100 грамм CО2е/кВт*сағ аспайды. | |
2. Энергия тиімділігі | 2.1 Қолданыстағы және салынып жатқан өнеркәсіптік объектілерде энергия тиімділігін арттыру | 2.1.1 Энергиялық тиімді жабдықтар және технологияларды жетілдіру | 25.21.0 25.30.0 27.11.0 28.11.2 28.15.2 33.20.0 35.30.2 43.22.0 | неғұрлым тиімді жабдықты орнату, процестер мен басқарудағы өзгерістер, жылу жоғалтуларын азайту және/немесе қалдық жылу мен қысымды пайдалану арқылы өнеркәсіпте энергия тиімділігін арттыру; энергетикалық аудит қорытындысына негізделген энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар; компрессорларға, сорғыларға және желдету жүйелеріне арналған энергиялық тиімді қозғалтқыштар, жиілікті реттегіш жетектер (VFD driver). Энергия тиімділігі жоғары қазандықтар | Базалық деңгеймен салыстырғанда энергия тұтынудың 20 %-ға ең аз төмендеуі (жобаны іске асырғанға дейін) |
2.1.2 Жылу электр орталығының жабдықтарын орнату / когенерациялық немесе тригенерациялық қондырғылар | 35.11.1 35.30.5 | жылытуға қосымша электр қуатын өндіретін когенерациялық және аралас циклді қондырғыларды орнату және пайдалану; жылу электр орталықтары; аралас циклді электр станциялары | Базалық деңгеймен салыстырғанда энергия тұтынудың 20 %-ға ең аз төмендеуі (жобаны іске асырғанға дейін) | ||
2.1.3 Энергияны өндіру, беру және тарату жүйелеріндегі энергия тиімділігі | 27.11.00 | желінің тұрақтылығын/сенімділігін арттыруды қоса алғанда, энергия тұтынуды және/немесе техникалық жоғалтуларды азайту үшін электр беру желілерін жаңғырту немесе жаңа қосалқы станциялар және/немесе тарату жүйелерін салу; ақылды желілер; жоғары вольтты желілер | Базалық деңгеймен салыстырғанда энергия тұтынудың 20 %-ға ең аз төмендеуі (жобаны іске асырғанға дейін) | ||
2.1.4. Орталықтан жылыту | 25.21.0 33.11.2 | шағын (бөлінген) генерация станцияларын немесе басқа технологияларды пайдалана отырып, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту. Шағын (бөлінген) генерация станциясы | Базалық деңгеймен салыстырғанда энергия тұтынудың 20 %-ға ең аз төмендеуі (жобаны іске асырғанға дейін) | ||
2.2 Бюджеттік және коммуналдық секторда энергия тиімділігін арттыру | 2.2.1 Энергия үнемдейтін жарықтандыру немесе жабдықтар | 43.21.9 | неғұрлым тиімді жарықтандыруды немесе жабдықтарды орнату арқылы коммуналдық және мемлекеттік қызметтер көрсетуде энергия тиімділігін арттыру; жарықдиодты көше жарықтандыру жүйесі, коммерциялық, сауда, көтерме, кеңсе ғимараттары мен басқа да өнеркәсіптік емес объектілерді жарықтандыруды жақсарту |
Энергия шығындарының | |
2.2.2 Энергия үнемдейтін өнімдер (түпкі пайдаланушы) |
27.51.1 | неғұрлым энергия тиімді өнімдерді өндіру не сатып алу және қолдану; энергия үнемдейтін тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, жылытқыштар және энергия тұтынатын өзге де электр құрылғылары (өнімді таңбалаудың жоғарылатылған сыныбына сәйкес) |
Өнім түрі үшін, оның ішінде ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттарға сәйкес энергетикалық таңбалауға, | ||
2.2.3 Энергия үнемдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 33.20.0 | энергия аудитін, энергия сервистік компаниялардың энергия аудитін қоса алғанда, энергияны түпкілікті тұтынушыларға, оның ішінде өнеркәсіптік объектілерге, ғимараттар мен көлік жүйелеріне арналған энергия үнемдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, келісімшарт бойынша энергия тұтынуды басқару (энергия менеджменті) | "Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар және нұсқаулық" ҚР СТ ISO 50001 немесе халықаралық деңгейде танылған ұқсас стандарттарға сәйкес | ||
2.3 Энергиялық тиімді ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар | 2.3.1 Ғимараттарды энергиялық тиімді салу | 33.20.0 41.10.0 41.20.1 41.20.2 41.20.3 41.20.4 43.29.8 43.32.0 | ЭНЕРГЕТИКА: Ғимараттарда энергия тұтынуды азайтатын энергиялық тиімді сәулет жобаларын, аспаптар мен жабдықтарды, сондай-ақ құрылыс технологияларын пайдалану | Жасыл құрылыс саласындағы мынадай рейтингтік бағалаудың болуы: LEED, EDGE, BREEAM, DGNB және/немесе энергия тиімділігінің (энергия тиімділігі жоғары сыныбының) таңбаланымдары | |
2.3.2 Қолданыстағы коммерциялық, қоғамдық, тұрғын және өнеркәсіптік ғимараттарда тиімділікті арттыру | 33.20.0 41.10.0 41.20.1 41.20.2 41.20.3 41.20.4 43.29.8 43.32.0 36.00.0 37.00.0 |
ЭНЕРГЕТИКА: жарықтандыру, аспаптар мен жабдықтар, жылыту/салқындату жүйелері, энергия тұтынуды азайтуға мүмкіндік беретін сәулеттік өзгерістер немесе құрылыстағы өзгерістер. | |||
3. Жасыл ғимараттар | 3.1 Жасыл ғимараттар | 3.1.1 Жаңа жасыл ғимараттар (коммерциялық, қоғамдық, өнеркәсіптік және тұрғын) салу | 33.20.0 41.10.0 41.20.1 41.20.2 41.20.3 41.20.4 43.29.8 43.32.0 36.00.0 37.00.0 |
ЭНЕРГЕТИКА: Тиімділігі жоғары сәулет жобаларын, энергиялық тиімді аспаптар мен жабдықтарды, сондай-ақ қолданыстағы стандарттардан асып түсетін және энергия тиімділігінің жоғары сертификаттарына немесе рейтингтеріне сәйкес келе отырып, ғимараттың энергия тұтынуын төмендететін құрылыс әдістерін пайдалану. | Жасыл құрылыс саласында мынадай рейтингтік бағалаудың болуы: LEED, EDGE, BREEAM, DGNB, US Energy Star сияқты энергетикалық рейтинг белгілері және Еуропалық Одақта қолданылатын Energy Performance Certifications сияқты энергетикалық таңбалау схемаларына сәйкестігі |
3.2 Ілеспе жүйелер және құрылыс материалдары | 3.2.1 Жүйелерді, жасыл құрылыс материалдары мен өнімдерін өндіру және қолдану | 23.14.0 23.31.0 23.32.0 23.65.0 23.99.2 23.99.3 33.20.0 41.10.0 41.20.1 41.20.2 41.20.3 41.20.4 43.29.8 43.32.0 | тиімді және төмен көміртекті құрылыс жүйелері (жарықтандыру, жылыту, ауаны баптау, лифтілер, эскалаторлар, есептегіштер, жерүсті жылу сорғылары және т.с.с.) және энергияны аз тұтынатын материалдар; органикалық мақтадан жасалған оқшаулағыш материалдар | Жасыл құрылыс саласында мынадай рейтингтік бағалаудың болуы: LEED, EDGE, BREEAM, DGNB және / немесе энергия тиімділігінің (энергия тиімділігі жоғары сыныбының) таңбаланымдары | |
3.3 Жасыл инфрақұрылым | 3.3. Жасыл инфрақұрылым | 42.11.1, 81.30.0 | көп мақсатты жасыл аймақтар (суды ұстап қалу, көлеңкелеу, демалу, биоалуантүрлілік дәліздері, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарына арналған жұмсақ төсем); су тасқынынан қорғау (артық кернеуден қорғау қоршаулары, сорғы станциялары, бөгеттер, қақпалар); көшені жарықтандыру; ғимараттардың маңайындағы қалдықтарды жинау жөніндегі учаскелерді абаттандыру | Жасыл құрылыс саласында мынадай рейтингтік бағалаудың болуы: LEED, EDGE, BREEAM, DGNB және / немесе энергия тиімділігінің (энергия тиімділігі жоғары сыныбының) таңбаланымдары | |
3.3.2 Жеке тұрғын үйлер мен іргелес аумақтарды салу және жаңғырту | 35.11.5 35.22.0 36.00.0 37.00.0 38.11.0 38.21.0 38.32.3 41.20.1 43.21.1 43.21.9 43.22.0 43.29.1 43.29.8 43.31.0 43.32.0 43.33.0 43.34.0 43.91.0 43.99.9 | жаңа энергиялық тиімді және жасыл үйлер салу. Қолданыстағы үйлерді жаңғырту; санитариялық жағдайларды жақсарту (тұндырғыш, қалдықтарды кәдеге жарату); электр қуатын жеткізу; отынның балама түрлерін қолдану; жылу сорғыларын пайдалану немесе орталықтандырылған жылытуға қосу; энергияны сақтау, жаңбыр суын жинау; сұр және қара суды өңдеу. |
Су тұтынудың | ||
3.3.3 Жеке үйлерге, туристік лагерьлерге және шағын бизнеске арналған дербес дәретханалар мен экосанитариялық дәретханалар | 37.00.0 | топырақтың ластануын азайтуға көмектесетін дербес және экологиялық дәретханаларды орнату. Биодәретханалар, контейнерлік дәретханалар, құрғақ дәретханалар, тұндырғы жүйелері, несепті ағызатын құрғақ дәретхана | Экожүйелерге зиян келтірмей қалдықтарды 100 % кәдеге жарату, суды қайта пайдалану | ||
4. Ластанудың алдын алу және оны бақылау | 4.1 Ауа сапасы | 4.1.1 Ауаны өнеркәсіптік ластанудан және қалалық атмосфералық ауаның ластануынан тазарту, рециркуляциялауға арналған жабдық | 28.11.2 28.13.1 28.13.2 33.12.2 43.29.8 | ауаны өнеркәсіптік ластанудан және қалалық атмосфералық ауаның ластануын, пайдаланылған газдарды тазарту құрылыстары; өнеркәсіптік ағындарды қысқартуға арналған жабдық; ауаны рециркуляциялауға арналған жабдық; күкіртсіздендіру және денитрификациялау, сүзгі-пакеттерді, пайдаланылған газдардың жанарғыларын пайдалану | Атмосфераға шығарындылар ЕҚТ (BREF) анықтамалықтарында белгіленген байланысты шығарындылар-ЕҚТ (BAT-AELs) деңгейінің диапазондары шегінде, оның ішінде Өнеркәсіптік шығарындылар туралы директива шеңберінде (өнеркәсіптік ластануларға қатысты) |
4.1.2 Үй шаруашылықтары мен шағын және орта бизнес үшін таза жылыту аспаптарын өндіру және орнату | 27.52.0 28.21.1 43.33.0 | ауаның ластануын төмендетуге арналған таза жылыту аспаптарын өндіру, сатып алу және орнату; электрлік радиатор (ауа жылытқыш), электр картриджді жылытқыш, түнгі жылытқыш, жылытқышы бар электрлік еден, жылы қабырғалар | Парниктік газдар шығарындыларының 20 %-ға ең аз төмендеуі | ||
4.1.3 Көміртекті тұтып қалу және сақтау | 39.00.0 | көміртекті тұтып қалуға және сақтауға арналған аспаптар мен өнімдер | Ластануды кешенді болғызбау және бақылау шеңберінде сақтау кезінде эмиссиялар бойынша ЕҚТ (BREF) анықтамалығының талаптарына қалдықтарды басқару және материалдарды пайдалану бөлігінде сәйкестігі, 2006 жылғы шілде | ||
4.2 Топырақ | 4.2.1 Топырақтың ластануын азайту; оны қалпына келтіруге арналған жабдықтар мен инфрақұрылым | 01.11.1 – 01.30.0 28.30.4 39.00.0 43.12.3-дейін | ластанған және тозған топырақты қалпына келтіру технологиялары мен өнімдерін пайдаланатын жабдықтар мен инфрақұрылым, топырақтың құнарлылығын жақсарту; орнықты егіншілік, егіншіліктің органикалық жүйелерін қоса алғанда, егіншіліктің орнықты жүйелеріне көшу; топырақты қорғаудың фитомелиоративтік және механикалық әдістерін қолдану; топырақты өңдеуде нөлдік және қорғаушы технологияларды қолдану; жергілікті жағдайларға бейімделген дақылдар мен сұрыптарды өңдеу; техногендік және антропогендік ластанулардан тазарту; | шектеу жоқ | |
5. Суды, қалдықтарды орнықты пайдалану | 5.1 Суды орнықты пайдалану және суды үнемдеу | 5.1.1 Су үнемдеу, сақтау және бөлу технологиялары мен жүйелерін өндіру, сатып алу және орнату | 01.61.2 36.00.0 37.00.0 42.21.2 | суды үнемдеу, сақтау және тарату технологиялары мен жүйелерін өндіру, сатып алу және орнату; ауызсуды тазартуға арналған технологиялар мен жабдықтар; еріген қарды немесе тасқындарды жинауға арналған, сондай-ақ өзендегі су деңгейін реттеуге арналған жерасты суларының резервуарлары; өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, рекреациялық немесе өзге де пайдалану үшін шахта және карьер суларын пайдалану; өнеркәсіптік су үнемдеу технологиялары және өлшеу жабдығы; ауыл шаруашылығындағы су үнемдеп суару; жаңбыр суын жинау жүйелері; жерасты суларын қоректендіру жүйелері; каналдар мен тарату жүйелері; нөсерлі ағындарды басқару, су айналымы жүйелері | Таза (табиғи) суды шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына 40 %-дан, суаруға 30 %-дан және өндірістік пен техникалық қажеттіліктер үшін тұтынуды 70 %-дан төмендетпей қысқарту |
5.1.2 Су объектілеріндегі мониторингтеу және ерте алдын алу және ден қою жүйелері | 26.51.7 84.25.0 | мониторинг және дауыл, құрғақшылық, су тасқыны немесе бөгеттердің бұзылуы туралы ерте хабарлау жүйелері; судың сапасын немесе мөлшерін мониторингтеу және өлшеу процестері; суды мониторингтеуге арналған зияткерлік желілер | SMART (өзін-өзі бақылау, талдау және есептілік технологиясы), автоматтандырылған мониторингтеу жүйесі | ||
5.1.3 Су дайындау құрылысжайлары (қондырғылары) | 36.00.0 | су пайдалануға арналған жабдық немесе инфрақұрылым; су тазарту жүйелері; тұщыландыру қондырғылары | Ауызсу: су таксономия шегіне сәйкестігіне бағалау жүргізу кезінде қолданылатын санитариялық талаптарға / нормаларға сәйкес келуге тиіс. Техникалық су: су жабдықтың паспортына сәйкес келуге тиіс | ||
5.1.4 Кейіннен қайталама пайдалануға арналған сарқынды суларды тазарту қондырғылары | 37.00.0 | ағынды суларды тазартуға арналған жабдықтар; ағынды суларды тазарту зауыттары; шахта және карьер суларын тазарту, нөсер суын басқа ағынды сулардан бөліп тұратын кәріздік / дренаждық желілер, тұрмыстық және өндірістік ағынды суларды қайта пайдалану және рециркуляциялау жүйелері; тұйық циклді пайдалану | Тазартылған суларды нысаналы пайдалану бойынша қайталама су пайдалануға қолдану | ||
5.2 Қалдықтар мен сарқынды сулар | 5.2.1 Коммуналдық қалдықтарды жинауға, сұрыптауға арналған жабдық | 28.12.0, 28.22.2, 28.22.3 28.22.5, 28.22.9, 38.11.0 | қайталама шикізатты қабылдау пункттерін қоса алғанда, коммуналдық қалдықтарды жинауға және сұрыптауға арналған жабдық | Коммуналдық қалдықтар бөлек жиналуға және қайталама шикізат қайта өңдеуге жіберілуге тиіс | |
5.2.3 Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу, қайталама шикізатты қалпына келтіруге, қайта пайдалануға және қайта өңдеуге арналған жабдық | 28.22.9 33.12.2 33.20.0 38.32.1 38.32.2 38.32.3 |
қатты коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеудің экологиялық инфрақұрылымын, ғимараттарды, құрылысжайлар мен инфрақұрылымдық объектілерді салу және жөндеу кезінде пайда болатын қалдықтарды қайта өңдеуге және қайта қолдануға арналған инфрақұрылымды құру. |
Жиналған қайталама шикізатты кемінде | ||
5.2.4 Өнеркәсіптік және қауіпті қалдықтарды жинауға, сұрыптауға, қалпына келтіруге, қайта пайдалануға, қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға арналған объектілер | 28.22.9 28.95.0 28.96.0 33.20.0 38.12.0 38.22.0 | өнеркәсіптік және қауіпті қалдықтарды жинауға, сұрыптауға, қалпына келтіруге, қайта пайдалануға, қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға арналған жабдық | Қалдықтарды өңдеу бойынша ЕҚТ (BREF) анықтамалығына қалдықтарды және жанама өнімдерді, әсіресе қауіпті өнеркәсіптік қалдықтарды басқару бөлігінде сәйкестігі | ||
5.2.5 Көмуге тыйым салынған қалдықтарды қайта өңдеу полигондары мен зауыттарын салу және жаңғырту | 38.21.0 38.22.0 | полигондарды салу және жаңғырту; көмуге тыйым салынған қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу | Таксономия шегіне сәйкестігін бағалау кезінде қолданыстағы ҚР нормалары мен талаптарына сәйкестігі (2030 жылға дейін) | ||
5.2.6 Қалдықтарды компосттауға арналған жабдық пен техника | 28.15.2 28.22.3 28.22.9 38.21.0 | биологиялық ыдырайтын қалдықтардан компост өндіру жөніндегі жабдық пен техника | Алынған компост топырақты тыңайту үшін пайдаланылады. Дайын компостта пластиктің, шынының және металдың болмауы. Компосттың биотыңайтқыштарға арналған ұлттық стандарттарға сәйкестігі | ||
5.2.7. Сарқынды суларды тазарту қондырғысы | 37.00.0 | сарқынды суларды жинау, сақтау, тазалау және жою желілері; сарқынды суларды тазарту зауыттары; шламды тазарту құрылысжайлары; ауызсуды тазартуға арналған жабдық; тұщыландыру қондырғылары; көң мен көң бөкпесіне арналған тазарту құрылысжайлары | Атмосфераға және суға шығарындылар қалдықтарды анаэробты өңдеуге арналған ЕҚТ (BREF) анықтамалығында белгіленген (егер қолданылатын болса) ЕҚТ (BAT-AELs)-байланысқан шығарындылар деңгейі диапазонындарының шегінде | ||
5.3 Ресурстарды сақтау және қалпына келтіру | 5.3.1 Шикізатты алмастыру | 39.00.0 | уытты шикізатты уытты емес шикізатпен алмастыру | шектеу жоқ | |
5.3.2 Өнім өндіру үшін қайталама шикізатты пайдалану | 38.11.0 38.32.1 38.32.2 38.32.3 | табиғи ресурстарды қайталама шикізатқа ауыстыру, қайталама шикізатты қолдана отырып өнім шығару | Өнім құрамындағы қайталама шикізат кемінде 30 % | ||
6. Орнықты ауыл шаруашылығы, жер пайдалану, орман шаруашылығы, биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық туризм | 6.1. Орнықты ауыл шаруашылығы | 6.1.1 Органикалық ауыл шаруашылығы өнімі (өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы) (тоқыма өнімінен басқа) | 01.11.1 – 01.64.0-дейін | таза өндіріс стандарттарына сәйкес келетін ауыл шаруашылығы, егіншілік және органикалық балық өнімдерін өндіру (объектілер салу мен пайдалануды қоса алғанда) |
1) органикалық өнімдерге арналған тиісті халықаралық, мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттар, сондай-ақ сатып алынған органикалық немесе жасыл өнімдерді таңбалау; |
6.1.2 Климаттық тұрғыдан ақылды ауыл шаруашылығы (жайылымдар мен мал шаруашылығын орнықты басқару) | 01.41.0 – 01.64.0-дейін | тарту, ирригациялық және басқа да ауыл шаруашылығы немесе мал шаруашылығы процестерінде энергия мен суды пайдалануды қысқарту, сондай-ақ жер пайдалануды азайту, яғни жайылымдық жерлерді орнықты басқару және сапа (жоғары өнімділік) негізінде өндіруге/ мал шаруашылығын басқаруға жәрдемдесу үшін мал шаруашылығы бойынша стандарттарды қолдану; топырақты тиімді өңдеу (құрғақшылықтың алдын алу), аквамәдениет, өз табындарының көлемін азайтатын, мал шаруашылығының неғұрлым орнықты әдістерін қолданатын бақташылар/мал өсірушілер |
Таза (табиғи) суды тұтынуды 30 %-дан төмендетпей; суды қайталама пайдалану; ЖЭК қолдану; энергия тұтынуды | ||
6.2 Ормандарды орнықты басқару және биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау | 6.2.1 Ағаш егу және орманды қалпына келтіру | 02.10.0 | орман дақылдарын отырғызу; орман плантацияларын құру, оның ішінде RED+, VERRA стандарттарына сәйкес келетін жобалар; елді мекендердің айналасында жасыл аймақтар құру | шектеу жоқ | |
6.2.2 Ормандарды орнықты басқару | 02.40.0 71.12.4 71.12.5 | көміртегіні депонирлеу жөніндегі ормандар функциясын ұлғайтатын немесе орман экожүйелерін орнықты басқарудың тиісті практикалары, ақпараттық жүйелер мен технологиялар есебінен орман шаруашылығы қызметінің әсерін төмендететін жобалар | шектеу жоқ | ||
6.2.3 Биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау | 91.04.2 93.19.0 | тозған экожүйелерді қорғау және / немесе қалпына келтіру арқылы биосфераны сақтау жөніндегі жобалар; жабайы жануарлардың нақты тіршілік ету ортасы, сулы-батпақты алқаптар, шымтезек батпақтар, шөлдер сияқты экологиялық функционалды аймақты салу және қолдау | шектеу жоқ | ||
6.3 Орнықты туризм | 6.3.1 Экотуризмнің дамуына ықпал ететін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер | 41.10.0 – 43.99.9 64.19.1 64.19.2 64.19.3 64.19.9 64.20.0 64.92.2 64.92.9 64.99.1 84.13.0 85.10.0-дейін 85.60.9 88.99.0 | экологиялық туризмді дамытуға бағытталған жағдайлар жасау, жергілікті халықты тарту (шағын кредиттер беру, субсидиялар бағдарламалары), экологиялық ағарту, экологиялық туризм үшін инфрақұрылым құру | ҚР заңнамалық нормаларына (туристік қызмет бойынша), сондай-ақ ұлттық, халықаралық, мемлекетаралық экологиялық стандарттарға немесе шет мемлекеттің танылған экотаңбалау стандарттарын қоса алғанда, туристік көрсетілетін қызметтер мен экологиялық таза маршруттар саласындағы экотаңбалау стандарттарына сәйкес | |
6.3.2 Қонақ үй мен лагерьді орнықты басқару | 55.10.1 55.10.2 55.10.3 55.10.4 55.20.0 55.30.1 55.30.2 55.90.1 | орнықты қонақ үй бизнесінің ұлттық, халықаралық немесе мемлекетаралық стандарттарына сәйкес мейманханалар мен лагерьлер қызметін басқару | Ұлттық, халықаралық, мемлекетаралық экологиялық стандартқа немесе қонақ үйлерге, хостелдерге қойылатын орналастыру құралдары мен экологиялық талаптардың көрсетілетін қызметтері саласындағы экотаңбалау стандартына не қонақ үй секторы үшін шет мемлекеттің танылған стандарттарына сәйкес, мысалы, "Өмір парағы", EU Eco-labelling, Nordic Swan және т.б. | ||
7. Таза көлік | 7.1 Төмен көмірсутекті көлік құралдары | 7.1.1 Төмен көміртекті автомобильдерді сатып алу | ЭҚЖЖ кез келген коды (компанияның қызмет түрі кез келген болуы мүмкін) | төмен көміртекті автомобильдерді, оның ішінде электромобильдерді, сутегі, гибридтік қозғалтқыштардағы көлік құралдарын сатып алу | <90 грамм CO2е / км |
7.1.2 Төмен көміртекті автомобильдерге арналған өндірістік жеткізілімдер тізбектері | 27.20.0 27.90.9 29.10.2 29.31.0 | көлік құралдарына және түйінді компоненттерге арналған мамандандырылған өндірістік қуаттар; тиісті көлік құралдарында пайдаланылатын батареялар | <90 грамм CO2е / км | ||
7.2 Төмен көміртекті тасымалдар және жүк тасымалдары | 7.2.1 Төмен көміртекті тасымалдар және жүк тасымалдары | 30.20.0 49.20.0 49.41.0 | электрлендірілген және электрлендірілмеген теміржол жүк тасымалдарына арналған жылжымалы құрам | Автомобиль тасымалдары үшін – 100 грамм CO2е / тонна * км; теміржол тасымалдары үшін – 40 грамм CO2е / тонна * км | |
7.3 Таза көлік инфрақұрылымы | 7.3.1 Қоғамдық көлік инфрақұрылымы | 30.91.0 30.92.1 42.11.1 42.13.0 42.99.0 49.31.1 49.31.2 49.31.3 49.31.3 49.39.0 72.19.1 | қоғамдық көлік және көлік инфрақұрылымы; жүрдек автобус тасымалдары жүйелері (BRT systems); қоғамдық велосипед инфрақұрылымы | Қоғамдық көлік үшін 50 грамм CO2е / жолаушы – км; велосипед инфрақұрылымы үшін шектеусіз | |
7.3.2 Төмен көміртекті көлік инфрақұрылымы | 42.11.1 до 42.13.0 42.99.0 45.20.2 | зарядтау станциялары мен балама отынға арналған мамандандырылған инфрақұрылым (баламалы отынның зарядтау станциялары жанармай құю станциялары мен қазбалы отын гараждарынан бөлек орналасқан жағдайда); эко-отын станциясы, электромобильдерге, троллейбустарға, трамвайларға, электр автобустарына және тиісті инфрақұрылымға арналған зарядтау станциясы | шектеу жоқ | ||
7.3.3 Төмен көміртекті көлікті жоспарлау | 49.31.1 до 49.32.0 | жеңіл автомобильдерді пайдалануды қысқартуға алып келетін көлік және қала құрылысын жоспарлауды интеграциялау; тығыз құрылыс салу; жерді көп мәрте пайдалану; жаяу қоғамға көшу; транзиттік қатынас; ақылды жүк тасымалдау жүйелері | шектеу жоқ | ||
7.4 Таза көліктік АКТ4 | 7.4.1 Көлік түріне қарамастан активтерді пайдалануларды, ағындарды және модальды жетілдіруді жақсартатын АКТ | 62.02.1 62.02.2 62.03.1 62.03.2 62.09.1 до 63.99.9 | қоғамдық көлік туралы ақпарат, автомобильдерді бірлесіп пайдалану схемалары, смарт-карталар, жолда қуаттау жүйелері және т. б. | "Ақпараттық технологиялар. Деректер орталықтары. Тиімділіктің түйінді көрсеткіштері" ҚР СТ ISO/IEC 30134, "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және пайдалану жөніндегі нұсқаулық" ҚР СТ ISO 14001, "Энергетикалық менеджмент жүйелері. Талаптар және пайдалану жөніндегі нұсқаулық" ҚР СТ ISO 50001 |
Ескертпелер:
* Жобалардың белгілі бір кіші секторына сәйкес келетін Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптаушының (ЭҚЖС) кодтары қызметі экономикалық қызмет сыныптамасын есепке алуды көздейтін ұйымдардың Жасыл таксономияны қолдануын оңайлату мақсатында келтірілген. ЭҚЖЖ кодтары жобаларды экологиялық тұрақты жобалар санатына жатқызудың дербес өлшемшарты болып табылмайтынын назарға алу керек, өйткені олар өзгелерден басқа, тиісті таксономия санатының, секторының немесе кіші секторының мазмұнын көрсетпейтін тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және жұмыстардың түрлерін, сондай-ақ таксономияда белгіленген шекті өлшемшарттарға сәйкестік жобаларды "жасыл" санатқа жатқызудың шарты болып табылатынын қамтуы мүмкін.
** Ең үздік қолжетімді технологиялардың ұлттық анықтамалығы (ЕҚТ) болмаған жағдайда, мұнда және бұдан әрі ЕҚТ анықтамалықтарына (BREF) сілтеме жасаған жөн.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКТ – ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
ЖЭК – жаңартылатын энергия көздері
ЕҚТ – ең үздік қолжетімді техникалар
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты
BAT-AELs – BREF анықтамалықтарында келтірілген шығарындылардың ілеспе деңгейлері
BREEAM, LEED, EDGE, DGNB – танылған халықаралық рейтингтік бағалау жүйелері және ғимараттардың экологиялық тиімділігі мен экологиялық құрылыс стандарттары
BREF (Best Available Techniques Reference Document) – Еуропалық Одақтың ең үздік қолжетімді техникалары бойынша анықтамалықтар; өнеркәсіптік қызметке, жабдықты пайдалану шарттарына және қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері мен шығарындыларының нормаларына қатысы бар анықтамалық құжаттардың сериясын білдіреді
CO – көміртегі монооксиді (иіс газы)
СО2е (CO2-эквиваленті) – парниктік газдар шығарындыларының көлемін бағалау үшін пайдаланылатын шартты бірлік. Бұл идеалды араласқан парниктік газдың немесе идеалды араласқан парниктік газдар қоспасының шығарылу көлемінің әсеріне эквивалентті радиациялық әсері бар көмірқышқыл газының (СО2) шығарылу көлемін білдіреді; бұл ретте қоспаның әр газының шығарылу көлемі оған сәйкес келетін жаһандық жылыну әлеуетіне көбейтіледі
CSP – күн энергиясын шоғырландыру технологиясы
NOx – NO және NO2 азот оксидтері
PV – фотоэлектрлік элементтер модулі (күн энергиясын өндіру үшін)
SO2 – күкірт диоксиді (IV)
VFD drive – жиілікті реттегіш жетек