Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) мен Қордың тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібін айқындайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қордың интернет-ресурсында орналастырылған қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын Қор қабылдайды.";
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесінде және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12. | "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында көзделген Қор объектілерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі есеп (12-нысан) | ттоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін | ПӘ (келісу бойынша), ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
";
ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
мына:
"ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын, мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандарында:
5 және 12-нысандар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 949 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысымен бекітілген |
5-нысан
ИИДМБ1, "Нұрлы жол"2 шеңберінде және Қордың Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын Қордың инвестициялық жобалары туралы ақпарат
Р/с № | Жобаның атауы | Қатысушылар | Өңір | Мақсаты/әсері | Іске асыру мерзімдері | Өндіріс қуаты | |
Жылына заттай мәнде | Жылына құндық мәнде, млн теңге | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | |||||||
2. |
кестенің жалғасы:
Кезеңдегі жұмыс орындарының саны | Жобаны іске асыру басталғаннан бері игерілген инвестициялар | Жобаның құны, млн теңге | Қаржыландыру схемасы | ||||||
Құрылыс | Пайдалану | млн теңгемен | жобаның жалпы құнынан %-бен | Меншікті (Қор және ЕТҰ3) | қарыз | РБ4 | оның ішінде РБ (ҰҚ5) | БЖЗҚ6 (қарыз) | |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
кестенің жалғасы:
Пайдалануға берілген күні (АА. ЖЖ.) | Жобалық қуатқа шыққан күні (АА. ЖЖ.) | Өндірілген өнімнің заттай мәндегі көлемі (пайдалануға берілген күннен бастап), тонна, дана және т.б. | Құндық мәндегі өндірілген өнімнің көлемі (пайдалануға берілген күннен бастап), млн теңге | Ағымдағы жағдайы (жоба бойынша орындалған іс-шаралар және жүргізілетін жұмыстар) | Проблемалық мәселелер | |
Мәселе | Құзыретті органды көрсете отырып, шешу жолдары | |||||
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
_____________________________
1 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2 Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы
3 Еншілес және тәуелді ұйымдар
4 Республикалық бюджет
5 Ұлттық қор
6 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
12-нысан
"Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында (бұдан әрі – № 908 ҚРҮҚ) көзделген Қор объектілерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі есеп
Активтің атауы | № 908 ҚРҮҚ-ға № 2/№ 5/№ 6 қосымшада берілген | Меншікті үлес, барлығы, % | Сатылатын (берілетін) үлес, % | Бәсекелес ортаға беру, күні | ||
Сату күні (сатып алу-сату шартына қол қою) | Қордың құрамынан шығу нысаны (сатылды, таратылды, қайта ұйымдастырылды) | Сату тәсілі | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жиыны | ||||||
№ 908 ҚРҮҚ бойынша барлығы | ||||||
№ 908 ҚРҮҚ 2-қосымша бойынша | ||||||
№ 908 ҚРҮҚ 5-қосымша бойынша | ||||||
№ 908 ҚРҮҚ 6-қосымша бойынша | ||||||
Қалдық |
кестенің жалғасы:
Құны12, мың теңге | Өзгелер | ||||
Баланстық13 (меншікті капитал) | Бағалау (бастапқы) | Сату | Айырмасы | ||
баланстық | бағалау | ||||
8 | 9 | 10 | 11=10-8 | 12=10-9 | 13 |
Жиыны | |||||
______________________________
12 Таратылған және қайта ұйымдастырылған активтер бойынша толтыру талап етілмейді.
13 Активті сату жылының алдындағы есепті жылдың ішіндегі қаржылық көрсеткіштер көрсетіледі.