"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 948 қаулысы.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 948 қаулысымен
бекітілген

"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму стратегиясы МАЗМҰНЫ



Кіріспе

3

1-бөлім.

Ағымдағы жағдайды талдау

4

1.1-кіші бөлім.

Сыртқы ортаны талдау

4

1.2-кіші бөлім.

Ішкі ортаны талдау

16

2-бөлім.

Миссия және пайымы

20

3-бөлім.

Қызметтің стратегиялық бағыттары, қызметтің мақсаттары, түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер

21

3.1-кіші бөлім.

"Туристік ресурстарды дамыту" 1-стратегиялық бағыты

21

3.2-кіші бөлім.

"Туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру" 2-стратегиялық бағыты

28

3.3-кіші бөлім.

"Елдің туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету" 3-стратегиялық бағыты
     

44

3.4-кіші бөлім.

"Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету" 4-стратегиялық бағыты

51

4-бөлім.

Тәуекелдерді басқару

56


Қосымшалар


     
Кіріспе

      "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 428 қаулысымен құрылған.

      "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Даму стратегиясы) қоғам миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, түйінді көрсеткіштерін және қызметінің онжылдық кезеңде күтілетін нәтижелерін айқындайды.

      Көрсетілген параметрлер Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, оның ішінде:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар-2025);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама);

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) мақсаттарының, міндеттері мен индикаторларының декомпозициясы негізінде қалыптастырылған.

      1-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау


      1.1-кіші бөлім. Сыртқы ортаны талдау

      Халықаралық туризмді қалпына келтіру мен трендтер

      Дүниежүзілік туристік ұйымның (United Nations World Tourism Organization) деректері бойынша 2020 жыл жаһандық туризм үшін тарихтағы ең нашар жыл болды: халықаралық сапарлар саны 74 %-ға қысқарды.

      Азия-Тынық мұхиты аймағында сапарлар санының 84 %-ға, Таяу Шығыс пен Африкада 75 %-ға, Еуропада 70 %-ға, Солтүстік және Оңтүстік Америкада 69 %-ға ең көп құлдырауы тіркелді.

      Бұл экспорттық кірістің 1,3 трлн АҚШ долларына төмендеуіне әкелді, мұның өзі 2009 жылғы жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде болған шығындардан 11 есеге көп.

      Ұйымның болжамдарына сәйкес 2021 жылы саланы қалпына келтірудің бұрын айтылған перспективалары нашарлады. Қауіпсіз халықаралық сапарларға қол жеткізу үшін көп нәрсе жасалғанына қарамастан, дағдарыс аяқталған жоқ. Жаңа деректер бойынша халықаралық туризмді қалпына келтіру бір жарым жылдан үш жылға дейін созылуы мүмкін және дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге оралу 2023 – 2024 жылдардан ерте болмайды.

      COVID-19 коронавирустық инфекциясымен байланысты қауіптерді азайту шараларын үйлестіру, үндестіру және цифрландыру, оның ішінде тестілеу, бақылап отыру мен вакцинация сертификаттары қауіпсіз сапарға және туризмді қалпына келтіруге дайындықтың маңызды негізі болып табылады.

      Туризмнің қалпына келу шамасына қарай ұйым сарапшылары ішкі туризмге, ашық аспан астындағы және табиғаттағы туристік іс-шараларға, сондай-ақ "баяу саяхатқа" сұраныс артады деп болжайды.

      Бұдан басқа, саяхатты жоспарлау кезінде:

      1) бағыттардың танымалдылығы елдің немесе аймақтың жаңа COVID-2019 коронавирустық инфекциясының таралуын қаншалықты бақылауда ұстайтынына байланысты болады. Қабылданған сақтық шаралары және індеттің бастапқы өршуі қалай жойылғандығы саяхатшыларды белгілі бір елде немесе жерде болған кезде қауіпсіз болатынына сендіреді;

      2) қоғамдық көліктерсіз және адам көп жиналатын туристік аймақтарсыз, туристер басқа адамдармен байланысқа түспейтін алыс жерлерге бағытталған әлеуметтік қашықтық практикасын сақтауды оңай қолдауға мүмкіндік беретін маршруттар қажет болады;

      3) танымал бағыттар ғана емес, сонымен бірге адамдардың баратын жеріне және оның ішінде қалай жүретіні де өзгереді. Авиакомпанияны таңдауға тек баға ғана емес, сонымен қатар гигиена стандарттары да әсер етеді (маскалар міндетті ме, жоқ па, орындар арасындағы қашықтық және тағы басқа). Ел ішінде саяхатшылар қауіпсіздікте болып, адамдардың көп жиналуынан аулақ бола алатындай жеке көлікті таңдауға немесе бизнес-класс пойызына ауысуға көбірек қызығушылық танытуы мүмкін;

      4) топтық сапарлардан бас тарту;

      5) саяхат кезінде байланыста болу өте маңызды болады, өйткені енді COVID-2019 коронавирустық инфекциясына байланысты саяхаттар бойынша соңғы нұсқаулықтар туралы хабардар болу қажет.

      Халықаралық рейтингтер

      Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингі

      Дүниежүзілік экономикалық форум-2019 Туризм мен саяхаттардың бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық рейтингінде Қазақстан алдыңғы индекс –2017 жылғы 81-орынмен салыстырғанда өз позицияларын аздап жақсартып, 140 елдің ішінде 80-орынды иеленеді (екі жылда бір рет бағаланады, рейтингтегі үздік елдер – Испания, Франция және Германия, ең нашарлары – Йемен, Чад және Либерия). Рейтинг саяхаттар мен туризм секторының орнықты дамуын қамтамасыз ететін бірқатар факторларды ескереді.

1-кесте. Дүниежүзілік экономикалық форумның Туризм мен саяхаттардың бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстанның 2019 жылғы позициясы


2017

2019

Өзгеріс

Туризм мен саяхаттардың бәсекеге қабілеттілік рейтингі

81-орын 80-орын
 
1 тармаққа жақсарту

Көрсеткіштер есебінен рейтингті жақсарту

Арту

Мәдени ресурстар және бизнес саяхат

75-орын

65-орын

10 тармаққа

Туристік сервис инфрақұрылымы

97-орын

90-орын

7 тармаққа

Бағалардың бәсекеге қабілеттілігі

8-орын

4-орын

4 тармаққа

Жерүсті және порт инфрақұрылымы

91-орын

87-орын

4 тармаққа

Табиғи ресурстар

92-орын

89-орын

3 тармаққа

Туризмнің басымдылығы

93-орын

91-орын

2 тармаққа

Көрсеткіштер есебінен рейтингтің нашарлауы:

Төмендеу

Экологиялық тұрақтылық

99-орын

118-орын

19 тармаққа

Қолайлы бизнес-орта

36-орын

49-орын

13 тармаққа

Адами ресурстар және еңбек нарығы

47-орын

57-орын

10 тармаққа

АКТ дайындығы

52-орын

60-орын

8 тармаққа

Денсаулық және гигиена

6-орын

12-орын

6 тармаққа

Қауіпсіздік және құқық тәртібі

58-орын

63-орын

5 тармаққа

Әуе көлігі бойынша инфрақұрылым

71-орын

75-орын

4 тармаққа

Халықаралық ашықтық

113-орын

113-орын

Өзгеріссіз


      Қазақстанда туризмді дамыту үшін жоғары әлеует рейтингтің мынадай көрсеткіштерінде көрсетілген:

      1) дүниежүзілік мұраның мәдени объектілерінің саны бойынша ел 62-орынға ие;

      2) ауызша және материалдық емес мәдени мұра объектілерінің саны бойынша – 16-орын;

      3) дүниежүзілік мұраның табиғи объектілерінің саны бойынша – 32-орын.

      Бұл ретте, Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшыларының пікірінше, туризм саласындағы қазақстандық рейтингті мынадай факторлар айтарлықтай нашарлатады:

      1) туристік инфрақұрылым сапасының төмендігі (қонақүйлер, курорттар, мәдени-ойын-сауық объектілері) – 127-орын;

      2) әуе қатынасы ашықтығының жеткіліксіздігі – 123-орын;

      3) жол сапасының төмендігі – 106-орын;

      4) автомобильдерді жалға беру бойынша компаниялардың әлсіз қатысуы – 95-орын;

      5) визалық режимнің күрделілігі – 81-орын.

      Рейтингте заңнама мен инфрақұрылымнан басқа Қазақстанда туризмнің әлсіз маркетингі атап өтіледі. Мәселен, Қазақстанға туристерді тарту үшін маркетинг пен брендинг тиімділігінің көрсеткіші және елдің бренд-стратегиясының рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы тек 99-орында тұр.

      Қазақстанның туризм орны ретіндегі маркетингі мен ілгерілеуінің төмен белсенділігін цифрлық сұраныс көрсеткіштері де көрсетеді: мәдени және ойын-сауық туризмін онлайн іздеу саны бойынша Қазақстан 104-орында, табиғи туризм бойынша – 116-орында.

      Brand Finance

      Brand Finance британдық консалтингтік компаниясының деректері бойынша 2020 жылы жаңа COVID-2019 коронавирустық инфекцияның пандемиясына және бүкіл әлемдегі экономиканың тоқырауына байланысты барлық проблемаларға қарамастан, Қазақстан 2019 жылғы ұстанымын сақтап қалды және ең жылдам өсіп келе жатқан ұлттық брендтердің бірі болып табылды. Үздік жүздікте ел 44-орынды иеленді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 7 позицияға жоғары:

2-кесте. Елдер – құнды ұлттық брендтер


Ел

Рейтингтегі орны

2020

2019

АҚШ

1

1

Қытай

2

2

Жапония

3

4

Германия

4

3

Ұлыбритания

5

5

Франция

6

6

Үндістан

7

7

Канада

8

8

Италия

9

10

Оңтүстік Корея

10

9

Ресей

14

14

Қазақстан

44

44

Камерун

100

98


      Орнықты туризм бойынша Euromonitor International рейтингі

      Euromonitor International зерттеулеріне сәйкес бүкіл әлемде ойлаудың айқын өзгеруі және тек сату көлеміне бағытталған саяхаттар мен туризмнің ескі моделіне қарсылық байқалады. Оның орнына мүдделі тараптар туризмнің өзінің дамуын және қоғамның табиғи ресурстарын, әлеуметтік және мәдени құндылықтарын сақтау үшін жағдайларды ескеретін тұрақты туризмді құру арқылы "жақсырақ болуға" ұмтылады.

      Орнықты туризм бойынша Euromonitor International рейтингінде Қазақстан 99 елдің ішінде 62-орынды иеленді. Алғашқы позицияларды Швеция, Финляндия және Аустрия иеленді, тізімнің соңында Маврикий (97-орын), Үндістан (98-орын) және Пәкістан (99-орын). Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде Беларусь 26-шы, Украина 30-шы, Грузия 41-ші, Ресей 65-ші орында.

      Мемлекеттік саясат

      Қазақстан Республикасының экономикасы салаларының бірі ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздері "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған.

      Қоғамның тікелей қатысуымен туристік қызмет саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында:

      1) "басым туристік аумақтар" ұғымын айқындауды және осындай аумақтарда туристік қызмет объектілерін құру кезінде инвестициялық преференциялар беруді;

      2) туроператорлық қызметті шығу, келу және ішкі туризм салаларына бөлу;

      3) туристік саланы мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын:

      әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялауды;

      кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттары мен туристік автобустар үшін жабдықтар сатып алу, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде, жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін өтеуді/субсидиялауды;

      кәмелетке толмаған жолаушыларды Қазақстан Республикасының аумағында әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билет құнын субсидиялауды;

      шетелдіктер үшін туристік жарна төлеуді енгізуді;

      4) ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым ретінде қоғамның өкілеттіктерін айқындауды көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы әзірленіп, Мемлекет басшысы оған қол қойды.

      Әртараптандырылған және инновациялық экономиканы құру үшін Ұлттық жоспар-2025-те мультипликативтік әсері бар экономика өсімінің жаңа көзі ретінде ішкі туризмді дамыту міндеті көзделген. Бұл үшін туристік ресурстарды және ТОП-10 дестинацияны дамыту, инвестициялар тарту, туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, қолайлы ахуал жасау және Қазақстанның туристік әлеуетін танымал ету жөніндегі шаралар қажет.

      Әлемдік туристік нарық жүйесіне интеграцияланған тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік саланы құру тетіктері Тұжырымдамада айқындалған. Бұл өңірлік мәдени-туристік кластерлерді дамыту, туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестициялар тарту, туристік дамуды жоспарлау, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында, ішкі және халықаралық нарықтарда туристік дестинацияларды жүйелі ілгерілету, сондай-ақ Ұлттық туристік офисті құру.

      Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ТОП-10 туристік дестинация айқындалып, дамытуға басымдық берілді: Алматы тау кластері, Алакөл (Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары), Маңғыстау, Түркістан, Байқоңыр, Нұр-Сұлтан, Щучье-Бурабай, Имантау-Шалқар, Баянауыл және Балқаш курорттық аймақтары. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты 2025 жылға қарай елдің жалпы ішкі өнімнің жалпы көлеміндегі туризм үлесін 8 %-ға дейін қамтамасыз ету болып табылады. Туризм және саяхат жөніндегі Дүниежүзілік кеңестің (World Travel Tourism Council) деректері бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімінде туризмнің қосқан үлесінің көрсеткіші бүгінде 5,2 %-ды құрайды.

      Қазақстанның туристік саласын дамыту жөніндегі жұмысқа орталық және жергілікті атқарушы органдар, салалық және кәсіпкерлік қауымдастықтар, қоғамдық ұйымдар, сараптамалық қоғамдастық тартылған, сондай-ақ Қазақстанның ішкі және келу туризмін дамыту мен туристік әлеуетін ілгерілету жөніндегі қоғам құрылған.

      Тарихи-мәдени факторлар

      Қазақстан бай тарихи-мәдени мұраға, шетелдік туристер арасында танымал экотуризмді дамыту үшін бірегей табиғи әлеуетке ие, туризм үшін салыстырмалы түрде тұрақты және қауіпсіз орын болып табылады, жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуетіне ие.

      Мәселен, Қазақстан Республикасында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізімде 5 атау (кандидаттар қатарында 13 объект) бар. Оның ішінде табиғи нысандарға Сарыарқа (Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері) және Батыс Тянь-Шань (Ақсу-Жабағылы мен Қаратау қорықтары, сондай-ақ Сайрам-Өгем ұлттық паркі) жатады. Мәдени нысандар адам данышпандығының жауһары ретінде танылған Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Таңбалы (Таңбалы) петроглифтері және Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізі бағыттарының желісі, оның ішінде Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе және Өрнек қалалары (Қазақстан, Қырғызстан және Қытай бірлескен номинациясы) бар.

      Бұдан басқа, соңғы жылдары Қазақстан туризм бойынша түрлі халықаралық рейтингтерде экотуризм үшін үздік орындардың бірі ретінде жиі аталып келеді.

      Мысалы, 2020 жылдың басында Британдық бэкпекерлер қоғамы Қазақстанды белсенді экосаяхаттарды ұнататындар үшін 2020 жылға арналған бару тізімінің ТОП-5 қатарына белгіледі, Қайыңды көлі Ресей ақпарат агенттігінің нұсқасы бойынша әлемдегі ең әдемі тау көлдерінің тізіміне енгізілді, ал Gulf News беделді басылымының нұсқасы бойынша Үлкен Алматы көлі Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрғындары үшін ТОП-5 дестинацияға кірді.

      2021 жылы Қазақстан Lonely Planet (АҚШ), Le Figaro (Франция), The Guardian (Ұлыбритания) сияқты беделді әлемдік басылымдардың нұсқасы бойынша бару үшін үздік орындар қатарында айқындалды.

      Экономикалық факторлар

      Соңғы алты онжылдықта әлемде туризмнің тоқтаусыз өсуі байқалды. Көптеген елдерде халықаралық туризм жұмыс орындарын құру, көрсетілетін қызметтерді экспорттау және инфрақұрылымды дамыту арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың драйвері болды.

      2020 жылы әлемде де, Қазақстанда да туристік салаға жойқын ықпал еткен экономикалық фактор жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясы мен оның таралуынан қорғау үшін қабылданған шектеу және карантиндік шаралар болды.

      Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтеріне сәйкес 2020 жылы шетелдік туристердің әлемдік ағымы 3,8 есе азайды.

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясын пандемия деп жариялауына байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан 2020 жылғы 16 наурыздан бастап бүкіл аумақта төтенше жағдай енгізді. 2020 жылғы 11 мамырда карантиндік шектеулердің қолданылуы жалғасып, төтенше жағдай режимі аяқталды.

      Шекаралардың жабылуы туристік бизнеске және басқа да көптеген салаларға соққы болды және нарықтың жұмысын толығымен тоқтатты. Бизнес үлкен қаржылық шығындарға ұшырады. Отандық дестинациялардағы туристік маусымның ұзақтығы қысқа екенін ескерсек, бұл әсіресе маңызды.

      Жалпы, туризм және саяхат жөніндегі Дүниежүзілік кеңестің (WTTC) әдістемесі бойынша елдің жалпы ішкі өнімнің құрылымындағы туризмнің үлесі 2020 жылы 5,2 %-ды, ал 2019 жылы 6 %-ды құрады.

      Түрлі сараптамалық деректер бойынша отандық туристік операторлар мен турагенттер қызметінің кірістілігі 70 - 80 %-ға төмендеді. Әртүрлі аймақтардағы көрініс аймақтық факторлардың әсерінен, қатаң шектеу шараларының болуы немесе болмауы салдарынан жақсы немесе нашар сипатта болды.

      Қазақстанға 2020 жылы 2 млн шетелдік турист келген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,3 есе аз. Келген туристер санының 70 - 90 %-ға төмендеуі барлық мақсатты нарықтар бойынша тіркелді.

      3-кесте. Келген туристік ағындардың серпіні


Мақсатты нарық

Келушілер, мың адам

Өсу қарқыны
2018/2019
%

Өсу қарқыны
2019/2020
%

2018

2019

2020

Ресей

1738

1872

463

+ 7,7

- 75,3

Әзербайжан

98,3

94,0

29,7

- 4,4

- 68,4

Қытай

51,4

77,6

14,6

+ 51

- 81,2

Германия

99,1

101,5

11,6

+ 2,4

- 88,6

АҚШ

31,4

32,8

6,1

+ 4,5

- 81,4

Оңтүстік Корея

35,1

40,2

5,7

+ 14,5

- 85,8

Ұлыбритания

21,5

23,2

4,0

+ 7,9

- 82,8

Үндістан

32,6

32,4

6,9

- 0,6

- 78,7

Иран

10,6

10,1

2,3

- 4,7

- 77,2

Польша

15,7

16,0

2,5

+ 1,9

- 84,4

Гонконг

7,0

7,4

0,8

+ 5,7

- 89,2

Малайзия

7,6

6,8

0,8

- 10,5

- 88,2

БАӘ

5,3

8,1

0,8

+ 52,8

- 90,1

Латвия

4,1

4,4

0,8

+ 7,3

- 81,8

Сингапур

1,7

1,9

0,2

+ 11,8

- 89,5

Өзбекстан

4351

3591

769

- 17,5

- 78,6


      Пандемияға дейін елге келетін туристік ағындардың серпіні сапалы өзгерістерді көрсетті: нысаналы елдерден келетін туристер санының өсуі, сонымен бір уақытта көрші елдерден келушілердің төмендеуі байқалды (Өзбекстан 21 %-ға, Украина 6,3 %-ға, Түрікменстан 36,9 %-ға, Армения 8,7 %-ға).

      Қазақстаннан шыққан туристер саны 2020 жылы 2,9 миллион адамды құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,7 есе аз.

      Орналастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі 40 %-ға төмендеді, ал ресми статистика деректері бойынша қонақүйлердің толтырылуы 24-тен 17 пайызға дейін қысқарды. Бұл сұраныстың жоқтығын және қонақүйлер мен пансионаттардың көлеңкелі айналымын көрсетуі мүмкін, ол саладағы жүйелі тәуекелдердің бірі болып табылады.

      4-кесте. Орналастыру орындары көрсететін қызметтер


Көрсеткіштер

2018

2019

2020

Орналастыру орындары келушілерге қызмет көрсетті, млн адам, оның ішінде:

5,5

6,3

3,6

резиденттер

4,7

5,3

3,3

бейрезиденттер

0,83

0,98

0,25

Көрсетілген қызметтер көлемі, млрд теңге

103,9

120,5

66,9

Қонақүйлердің толтырылуы (төсек-орын), %

23,2

23,7

17,3


      Шекаралардың жабылуы қазақстандықтарды ел ішінде демалуға итермеледі. Көпшілігі қалаларға жақын табиғи демалыс орындарына, ұлттық парктер мен курорттық аймақтарға барды. Сондықтан ішкі туристік ағындар келу және кету ағындарымен салыстырғанда аз дәрежеде азайды. Мәселен, 2020 жылы ішкі туристер саны 4,5 млн адамды құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 32,8 %-ға (6,7 млн адам) аз, бірақ сыртқа шығатын туристерден 1,6 есе көп. Ішкі туризмді дамыту елдегі туристік саланы дамытудың жаңа трендіне айналды.

      2020 жылы ішкі туристердің 73 %-ына орналастыру орындары қызмет көрсетті (2019 жылы – 80 %), 21 %-ы ұлттық парктерге барды (2019 жылы – 16 %), 4,9 %-ы санаториялық-курорттық ұйымдарда демалды (2019 жылы – 4,5 %).

      4,5 млн ішкі туристердің ішінен 2020 жылы отандық курорттық аймақтарға 1,7 млн адам (2019 жылы – 1,2 млн адам, 2018 жылы – 1,1 млн адам) келді.

      5-кесте. Ішкі туристік ағындар


Көрсеткіш

2018

2019

2020

Ішкі келушілердің саны, мың адам, оның ішінде:

 
5864,7

 
6657,5

 
4463,2

орналастыру орындары қызмет көрсетті

4695,9

5286,8

3328,6

санатори-курорттық мекемелер қызмет көрсетті

296,9

312,1

218,7

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызмет көрсетілді

871,9

1058,6

915,9


      Ішкі туризмді дамытудың маңызды экономикалық аспектісі халықтың әл-ауқаты болып табылады.

      Статистика деректеріне сәйкес 2020 жылы халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы жылына 744424 теңгені, ал бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 184091 теңгені құрады. Бұл ретте тұтыну шығыстар құрылымында 77 %-ы азық-түлікке және азық-түліктен басқа тауарларға, 16 %-ы – ақылы көрсетілетін қызметтерге жұмсалады.

      Тұтастай алғанда, қазақстандықтардың сатып алу қабілетінің төмендеу үрдісі бар: нақты мәнде ақшалай кірістер мен жалақының өсу қарқыны 2014 жылдан бастап осы кезеңде жыл сайынғы инфляция 7 %-дан артық болғанда теріс мәнге ие.

      Бұл сондай-ақ қазақстандықтардың 50 %-дан астамы санаты жоқ қонақүйлер қызметін пайдаланатындығымен расталады, ал 5 және 4 жұлдызды қонақүйлерде тек 14 %-ы ғана тұрақтады.

      6-кесте. Резиденттерге орналастыру орындарында санаттар бойынша көрсетілген қызмет, мың адам


Көрсеткіш

2018

2019

2020

Орналастыру орындары қызмет көрсетті, оның ішінде:

4695,9

5286,8

3328,5

5* қонақүйлерде қызмет көрсетілді

302,4

311,2

238,3

4* қонақүйлерде қызмет көрсетілді

376,6

416,2

246,7

3* қонақүйлерде қызмет көрсетілді

401,9

422,8

148,9

2* қонақүйлерде қызмет көрсетілді

58,4

30,6

13,1

1* қонақүйлерде қызмет көрсетілді

44

32

3,3

Санаты жоқ қонақүйлерде қызмет көрсетілді

2227

2664

1916

Басқа орналастыру орындары қызмет көрсетті

1285,6

1410

762,2


      Инвестициялар тарту

      Пандемия кезеңінде дестинациялардың туристік инфрақұрылымын дамыту тоқтаған жоқ.

      Туризм салалары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2020 жылы 628,9 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 23,4 %-ға артық (502,1 млрд теңге).

      Өңірлерде республикалық және өңірлік перспективалы жобаларды түгендеу және өңірлік жобалау офистері мен бастамашылардың ұсыныстарын жинау жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша туризм саласындағы инвестициялық жобалардың кеңейтілген тізбесі жаңартылды және тұрақты мониторингте тұр, оның ішінде:

      1) 2019 жылы 30,8 млрд теңге сомасына 82 жобаны іске асыру аяқталды;

      2) 2020 жылы 138,3 млрд теңге сомасына 92 инвестициялық объектіні іске қосу бойынша жәрдем көрсетілді;

      3) 1,1 трлн теңге сомасына 152 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 2021 жылға 457,6 млрд теңге сомасына 103 жобаның құрылысын аяқтау жоспарда бар;

      4) 2,1 трлн теңге сомасына 66 жоба пысықтау сатысында.

      Бұдан басқа, 2019 – 2020 жылдары Мемлекеттік бағдарламаны және ТОП-10 туристік дестинацияны дамытудың мастер-жоспарларын іске асыру шеңберінде 59 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 68 млрд теңге бөлінді. Іске асырылған жобалар шеңберінде 2025 жылға жоспарланған 25 мың төсек-орынның 10,6 мыңы іске қосылды.

      Нәтижесінде, егер жалпы Қазақстан бойынша орналастыру орындарының саны аздап қысқарса да (78 бірлікке немесе 2 %-ға), жалпы нөмірлік қор 1,6 %-ға ұлғайды және бір мезгілдегі сыйымдылық (төсек-орын) 1,3 %-ға ұлғайды.

      7-кесте. Орналастыру орындары мен нөмірлік қордың серпіні


Көрсеткіштер

2018

2019

2020

Орналастыру орындарының саны, бірлік

3 322

3 592

3 514

Курорттық аймақтарда орналастыру орындарының саны, бірлік*

900

1009

1467

Нөмірлер саны, мың бірлік

71,9

75,9

77,1

Бір мезгілдегі сыйымдылық, мың төсек-орын

168,6

181,2

183,6

      * - 2020 жылы курорттық аймақтарда орналастыру орындарының санын 458 бірлікке ұлғайту есепке алу әдіснамасының өзгеруіне байланысты: қоғам мәселені пысықтады және 2020 жылдан бастап курорттық аймақтар бөлінісінде статистикалық ақпарат Қазақстанның туристендіру картасының ТОП-10 туристік дестинациясы бойынша қосымша деректерді қамтиды.

      Туристік саланың инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне туризм саласындағы инвестициялық жобаны басым деп тану шегін 2 млн айлық есептік көрсеткіштен 200 мың айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету жөніндегі шаралар енгізілді, бұл салықтық және кедендік жеңілдіктер береді, ал "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңға туристік саланың инфрақұрылымдық жобаларына жеке инвестицияларды тартуды ынталандыратын келесі жүйелі шаралар енгізілді:

      1) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттары үшін жабдық сатып алу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу;

      2) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;

      3) сыйымдылығы сегіз отыратын орыннан кем болмайтын автокөлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу;

      4) облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;

      5) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау.

      "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасына ЭҚЖЖ 5 коды енгізілді, "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнес үшін салалық шектеулер алынып тасталды, ірі бизнес субъектілерімен толықтырылды (55.1, 55.2, 55.3 ЭҚЖЖ), кредиттеу сомасы 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

      2020 жылы мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде "Бизнестің жол картасы – 2025" бойынша 60 жобаға 39,3 млрд теңге, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша туристік саланың 43 жобасына 21,7 млрд теңге жеңілдікпен қаржыландыру бөлінді.

      Туристік нарық мәселелерін зерттеу

      Жаңа туристік өнімдерді әзірлеу кезінде проблемалық мәселелерді анықтау үшін қоғам отандық туристік операторлар арасында сауалнама жүргізді.

      Қарастырылып отырған мәселені бастапқы талдау үшін сапалы (qualitative) зерттеу әдісі таңдалды. Сауалнама үш ашық сұрақтан, сондай-ақ бір таңдау сұрағынан тұрды.

      Ашық сұрақтар:

      1. Сіздің компанияңыз жаңа туристік өнімдерді әзірлеу кезінде қандай проблемаларға тап болады?

      2. Сіздің ойыңызша өзіңіз атаған мәселелерді шешуге қандай әрекеттер көмектеседі?

      3. Туроператорлар барынша тартымды турөнімдерді әзірлеуі үшін Қазақстанда туристер үшін қандай жаңа тәжірибелер (experience) пайда болуы тиіс?

      Жауаптарды талдау нәтижесінде туристік операторлар жаңа туристік өнімдерді әзірлеу кезінде бетпе-бет келетін проблемалардың 5 тобы анықталды.

      1. Қызмет көрсету провайдерлерінің жетіспеушілігі немесе сапасының нашар болуы

      Көбінесе (50 жауаптың 24-і) туристік операторлар жеткізушілер ұсынатын қызметтердің (тұру, көлік, гидтер және т.б.) жетіспеуі немесе сапасыздығына байланысты проблемаларды атап өтті. Санитарлық нормаларға сәйкес келетін жол бойындағы жоғары сапалы сервис объектілерінің болмауы туристік өнімдерге жаңа объектілерді қосуға мүмкіндік бермейтін проблемалардың бірі болып табылады.

      Жеткізушілердің, атап айтқанда көлік компанияларының, санаторийлердің оңтайлы баға белгілеу үшін туроператорлармен ынтымақтасуға құлықсыздығы байқалады, кейбір жеткізушілер күмәнға бой алдырады және туроператорлармен жұмыс істеу кезінде шешімдер баяу қабылданады. Бұдан басқа, көлік құралдары паркі жаңартылмайды; 3 және 4 жұлдызды орналастыру орындарында және қонақүйлерде қызмет көрсетудің өте төмен деңгейі, гидтер ұсынатын қызметтердің жеткіліксіз сапасы және шет тілдерін білетін кәсіби гидтердің жетіспеушілігі байқалады; шалғай өңірлерде орналастыру орындары жетіспейді.

      Сондай-ақ, деректер базасының (байланыстар, орындар, жол бойындағы сервис, қонақүйлер/хостелдер, гидтер/нұсқаушылар, жеке көлік қызметтері (өз машиналарында жұмыс істеуге дайын адамдар), әсіресе шағын және "ашылмаған" туристік объектілер бойынша фотосуреттер) жетіспейтіні байқалады.

      Бұл топқа қызықты табиғи немесе қолдан жасалған көрікті жерлердің болмауына байланысты зәкірлік объектілер арасында туристік өнімді жеткілікті түрде молықтырудың мүмкін еместігі туралы; ұлттық нақыштағы ойын-сауық іс-шараларының немесе тұрақты жұмыс істейтін этно-ауылдардың болмауы туралы, сондай-ақ туристер үшін қызықты өнеркәсіптік объектілердің, мысалы шахталар мен зауыттардың жабықтығы (салыстырмалы немесе Толық) туралы туроператорлардың түсініктемелерін де жатқызуға болады.

      2. Инфрақұрылым

      Қажетті коммуникациялардың (жолдар, электр қуаты, су, дәретхана) болмауы кемпингтер мен жол бойындағы тұрақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Объектілердің бір-бірінен қашық болуына байланысты логистикадағы қиындықтар, сондай-ақ экскурсиялық туристік автобустардың автобус жолағын пайдалануына мүмкіндіктің болмауы ерекше атап өтілді.

      3. Қаржылық сұрақтар

      Әуе билеттерінің жоғары тарифтері және көлік бағасының қымбаттығы туристер үшін тартымды жаңа туристік өнімдер жасауға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, туроператорлардың деректеріне сәйкес туристік өнімнің жоғары өзіндік құны жоғары салықтардың (жалпы белгіленген режим бойынша КТС 20 %) немесе тұрақты жолдар болмауының салдарынан туындайды, осыған байланысты өтімділігі жоғары және сыйымдылығы аз көлікті пайдалану талап етіледі. Бірнеше туристік оператор туризмде жеңілдіктер мен қаржыландыру бойынша шектеулі мүмкіндіктерді, жаңа туристік өнімдерді қалыптастыруға көмектесетін субсидиялау мен өз қаражатының жетіспейтіндігін атап өтті. Сондай-ақ баға белгілеуді қиындатады және турлар "сатылған" туристік маусымның ортасында мәдениет объектілеріне кіру билеттерін жаңартуды стандартты туристік пакеттердің құрылуына кедергі келтіреді. Зерттеулер мен жаңа бағыттар бойынша сапарлар үшін ұйымдастырушылық шығындарға қосымша қаражаттың қажеттігі жаңа туристік өнімдерді құруға қосымша кедергі ретінде атап өтіледі.

      4. Бәсекелестік, оның ішінде жосықсыз бәсекелестік

      Туристік өнімдерді тиімді әзірлеуге кедергі келтіретін проблемалардың бірі туристік саланың заңсыз, яғни тиісті құжаттарды ресімдемей және салық төлемей жұмыс істейтін ойыншылары тарапынан жосықсыз бәсекелестік пен баға демпингі деп атап өтіледі. Ішкі туристерге бағдарланған туроператорлардың бірі туроператорлардың туристік өнімдерді құрудағы кедергілердің бірі ретінде туристік объектілердің оңай қол жетімділігін атап өтті.

      5. Өзге де проблемалар

      Туроператорлар атап өткен өзге проблемалар нарықты түсінетін, кәсіпқой қызметкерлердің шектеулі санын, маусымға тым тәуелділікті, туристік өнімдердің белгілі бір түрлеріне шектеулі сұранысты, сондай-ақ Қазақстанның туристік әлеуеті туралы контенттің жетіспеушілігін (фотосуреттер, сипаттамалық ақпарат) қамтиды.

      Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттер туристік өнімдерді дамыту үшін ең тиімді және ең аз қолдау шараларын анықтады:


Өте пайдалы
 

Сервистік жеткізушілердің санын арттыру үшін жергілікті халықты бизнес жүргізуге оқыту
Туристік операторлар үшін ақпараттық турларды ұйымдастыру

Пайдалы
 

Оқыту
Жеткізушілер мен туроператорлар ақпарат алмасатын және байланыс орнататын алаң құру (жеткізушілерді іздеуге арналған алаң)
Оларды ілгерілету арқылы жаңа туристік өнімдерге сұраныс жасау
Туризм объектілеріне түгендеу жүргізу
Туристерді тартудың үлкен "нүктелерін" құру
Жаңа туристік өнімдерге сұранысты анықтау үшін әлеуетті туристердің трендтері мен қалауларын зерттеу

Пайдасыз

Жаңа бағыттарды ашу үшін экспедициялар өткізу



      1.2-кіші бөлім. Ішкі ортаны талдау

      Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қоғамның құрылтайшысы болып табылады.

      Қоғам жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылды.

      Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Жалғыз акционер) жүзеге асырады.

      Қоғам жай акцияларды ғана шығарады. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жарияланған және орналастырылған жай акциялардың жалпы саны 129349 (бір жүз жиырма тоғыз мың үш жүз қырық тоғыз) дананы құрайды, артықшылықты акциялар жоқ.

      Қоғам жаңадан құрылған компания болып табылады, оның ізашарлары, еншілес және тәуелді ұйымдары, өңірлік филиалдық желісі жоқ.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-3-бабына сәйкес қоғамға мынадай өкілеттіктер берілген:

      1) келу және ішкі туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасын және оның туристік мүмкіндіктерін халықаралық және ішкі туристік нарықтарда ілгерілетуді, оның ішінде ұлттық туристік порталды пайдалану және дамыту арқылы жүзеге асырады;

      3) ұлттық туристік брендтерді халықаралық және ішкі туристік нарықтарда әзірлейді және ілгерілетеді, бекітілген қағидаларға сәйкес олардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;

      4) туристік салада маркетингтік стратегияны әзірлейді, оның іске асырылуына мониторингті үйлестіреді және жүргізеді;

      5) туристік ресурстарды құруға және дамытуға қатысады;

      6) Қазақстан Республикасының туристік әлеуетіне талдау жүргізеді;

      7) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуеде тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билет құнын субсидиялауға әкімшілік етеді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      Құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес қоғам мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) Қазақстанды халықаралық туристік дестинация ретінде ілгерілету;

      2) Қазақстанның туристік брендін кәсіби басқару;

      3) халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;

      4) балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, келу туризмі ағынын ұлғайту, медициналық туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      5) ел имиджін ілгерілетуге бағытталған жәрмеңкелер, фестивальдар, іскерлік және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық және инвестициялық қызметті жүзеге асыру.

      Қаржы моделі

      Қоғамның жарғылық капиталы "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын балансындағы республикалық мүлік есебінен 129349 мың теңге сомасында қалыптастырылған.

      Елде туризмді дамыту және Қазақстанды халықаралық және ішкі нарықта туристік дестинация ретінде ілгерілету жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырманы орындау арқылы қаржыландыру тетігі қоғам қызметін қаржыландыру көзі болып табылады.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қоғамның құрылуына қызметтің (функциялардың) барлық түрлерін өтеусіз негізде жүзеге асыру шартымен келісім берді (2017 жылғы 1 шілдедегі № 149-НҚ бұйрық).

      Корпоративтік басқару

      Қоғам Корпоративтік басқаруды қоғам қызметінің тиімділігін арттыру, транспаренттілік пен есеп беруді қамтамасыз ету, оның беделін нығайту және капитал тартуға жұмсалатын шығындарды азайту құралы ретінде қарастырады.

      Қоғамдағы корпоративтік басқару жүйесі қоғам қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге негізделеді және қоғамның табысты қызметіне, оның ішінде оның құндылығының өсуіне, қаржылық орнықтылық пен табыстылықты қолдауға ықпал етеді.

      Қоғамда корпоративтік басқару кодексі бекітілді, оның мақсаты корпоративтік басқаруды жүйелеу және жетілдіру, басқарудың жалпы ашықтығын қамтамасыз ету және қауымдастықтың орнықты даму мен тиісті басқару стандарттарын ұстануға үнемі әзірлігін растау болып табылады.

      Қоғамды корпоративтік басқару құрылымы оғам органдары арасындағы міндеттерді бөлуді айқындайды, корпоративтік басқару процестерінің жүйелілігі мен дәйектілігін қамтамасыз етеді және өзіне мыналарды қамтиды:

      жоғарғы орган – Жалғыз акционер;

      басқару органы – қоғамның директорлар Кеңесі;

      атқарушы орган – қоғам Басқармасы;

      бақылау органдары – Ішкі аудит қызметі, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет.

      Адами капитал

      Қоғамның басты құндылығы – оның адами капиталы.

      Білікті Адами ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында қоғам бірыңғай кадр саясатын қалыптастыру және енгізу бойынша жұмыс жүргізеді. Кадр саясатының міндеті қоғамда қоғам тиімділігінің дамуы мен өсуіне құнды үлес қоса алатын кәсіпқойларды тарту және ұстап қалу, сондай-ақ адами ресурстарға инвестициялардан барынша қайтарым алу болып табылады.

      Қоғам қызметкерлерінің саны 43 адамды құрайды (атқарушы орган мен әкімшілік блокты қоса алғанда).

      Қоғамның кадрлық құрамының 35 %-ын "Туризм" мамандығы бойынша қызметкерлер құрайды, ал қалған қызметкерлердің өз қызмет бағыттары бойынша тиісті білімі бар (қаржылық, экономикалық, заңгерлік және т.б.). Бұл ретте барлық персоналдың 63 %-ы шет тілін біледі, персоналдың 40 %-ы шет елдердегі жоғары оқу орындарын бітірген және жартысынан көбі (55 %) магистр дәрежесіне ие. Жас санаты мынадай: қызметкерлердің 21 %-ы 30 жасқа толмаған, 53 %-ы 31 – 40 жас аралығында, 26 %-ы 40 жастан асқан.

      Нормативтік тұрғыдан алғанда, қоғамның адами ресурстарын басқару мына ішкі құжаттар жүйесіне бағынады:

      1) Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы шешімімен бекітілген қоғам Қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары;

      2) Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 31 мамырдағы шешімімен бекітілген қоғамның Іскерлік және корпоративтік әдеп кодексі;

      3) Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен бекітілген қоғамның Кадр саясаты;

      4) Басқарманың 2017 жылғы 29 қарашадағы шешімімен бекітілген қоғам Қызметкерлеріне еңбекақы және сыйақы төлеу қағидалары;

      5) Басқарманың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы шешімімен бекітілген қоғамның Еңбек тәртіптемесі қағидалары;

      6) Басқарманың 2018 жылғы 4 желтоқсандағы шешімімен бекітілген қоғам Қызметкерлерін көтермелеу қағидалары;

      7) Басқарманың 2018 жылғы 26 желтоқсандағы шешімімен бекітілген қоғам Қызметкерлерін оқыту қағидалары.

      SWOT-талдау

      Қазіргі кезде қоғамның мынадай күшті және әлсіз жақтары, сондай-ақ қызметінің мүмкіндіктері мен қауіптері бар:


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Ұлттық компания мәртебесі.
Заңнамамен бекітілген өкілеттіктер мен құзыреттер.
Туризм саласында құзыреті бар команда.
 
 

Қоғам қызметін қаржыландырудың баламалы көздерінің жеткіліксіз көлемі және болмауы.
Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органдарға тәуелділік.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Қазақстанның туристік саласы өсуінің едәуір табиғи және тарихи-мәдени әлеуетінің болуы.
COVID-2019 коронавирустық инфекциясы жағдайында туризмнің ең танымал түрі ретінде экотуризмнің аумақтық және табиғи мүмкіндіктері.
Қазақстанның әлемдік геосаяси аренадағы оң имиджі.
Туристік сұраныс өсетін дамып келе жатқан сыртқы нарықтарға аумақтық жақындық (Қытай, Үндістан, Таяу Шығыс, Ресей), тікелей рейстер.
Орнықты ішкі саяси жағдай және туризмді дамыту үшін салыстырмалы қауіпсіздік.
2022 жылдан бастап шекараны ашу және визасыз режимді қалпына келтіру (эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып).

Пандемияның ұзаққа созылған салдары және әлемдік туристік индустрияның қалпына келуінің баяу қарқыны.
Коронавирустық пандемиядан туындаған мемлекеттік басымдықтардың өзгеруі
Отандық туристік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі.
Әкімшілік кедергілер.
Туризм орындарында инженерлік, көліктік, жол бойындағы, Әлеуметтік және өзге де туристік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы.
Туристік саламен сабақтас салаларды нашар үйлестіру.
Туристік дестинациялардың/ объектілердің көліктік қолжетімділігінің төмендігі, әуе қатынастарының шектеулі болуы.
Саланың сыртқы өңірлік ойыншылары тарапынан жоғары бәсекелестік.

      2-бөлім. Миссиясы және пайымы

      Қоғамның миссиясы – Қазақстандағы туризмді танымал, жайлы және қолжетімді ету.

      Қоғамның пайымы – Қазақстандағы туризмді басқару, үйлестіру және дамыту үшін ақпараттық-талдамалық ресурс болып табылатын туризм индустриясындағы негізгі ұйым.

      Қоғамның қызметі мынадай қағидаттарға негізделетін болады:

      1) мемлекеттің, инвесторлардың және туристік қызмет субъектілері мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету;

      2) туристік қызмет субъектілеріне қызметіне араласпау, бірақ туристік қызмет субъектілерінің қолайлы жағдайларды және мемлекеттік қолдау құралдарына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады;

      3) көрсетілетін қызметтердің транспаренттілігі және атаулылығы;

      4) сыртқы ортадағы өзгерістерге, нысаналы топтардың қажеттіліктеріне уақтылы және барабар ден қою, сондай-ақ қойылған мақсаттарға қол жеткізу мониторингінің нәтижелері;

      5) қойылған мақсаттарға қол жеткізудің кешенді тәсілі;

      6) қаржылық көрсеткіштер мен негізгі қызмет көрсеткіштерін тұрақты жақсарту, өзінің басқарушылық практикаларын, процестерін, технологиялық шешімдерін жетілдіру;

      7) акционерлер, әріптестер, ұжым және қоғам алдында алынған барлық міндеттемелер бойынша жауапкершілік;

      8) өз қызметкерлерінің кәсібилігін және олардың өнімділігін арттыру, еңбек қауіпсіздігін және басқа да қажетті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтарын құрметтеу және дербес және кәсіптік даму үшін мүмкіндіктер беру болып табылады.

      3-бөлім. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер

      Қоғам өз миссиясы мен пайымын іске асыру мақсатында өз қызметін мынадай стратегиялық бағыттар бойынша жүзеге асыратын болады:

      1) туристік ресурстарды дамыту;

      2) туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру;

      3) елдің туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету;

      4) компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету.


      3.1-кіші бөлім. "Туристік ресурстарды дамыту" 1-стратегиялық бағыты


      Мақсаты: туристік дестинациялардың тартымдылығы мен қолжетімділігін арттыру

      Қоғам туристік ресурстарды дамыту жөніндегі қызметтің стратегиялық бағыты шеңберінде олардың инфрақұрылымын мониторингтеу мен дамытуға жәрдемдесу және туристік саланың жобаларына инвестициялар тарту арқылы туристік дестинациялардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесетін болады.

      1-міндет. Туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамыту мониторингі және оған жәрдемдесу

      Ескерту. 1-міндетке өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес туристік дестинацияларды дамыту басымдыққа ие болды.

      Қоғам жоспарланып отырған кезеңде Қазақстанды туристендіру картасына енген республикалық деңгейдегі Қазақстанның ТОП-10 туристік дестинациясының туристік инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жалғастырады: Алматы тау кластері, Балқаш курорттық аймағы, Баянауыл курорттық аймағы, Байқоңыр, Щучье-Бурабай курорттық аймағы, Имантау-Шалқар курорттық аймағы, Алакөл көлінің жағалауы (Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары), Түркістан, Маңғыстау.

      Жәрдемдесу ТОП-10 туристік дестинацияны дамыту жөніндегі мастер-жоспарлар мен жол карталары, сондай-ақ Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жобалардың уақтылы іске асырылуына мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Қоғам жұмысының жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында жобалық тәсіл мен құралдар, оның ішінде:

      1) өңірлерде туризм жөніндегі өңірлік жобалау офистерін құру арқылы жергілікті атқарушы органдармен тиімді коммуникацияларды және жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, қоғам қызметкерлері арасында дестинацияға жауапты кураторларды айқындау;

      2) әрбір дестинация бойынша аяқталған, іске асырылатын және іске асыру жоспарланған инфрақұрылымдық жобалар бөлінісінде, сондай-ақ іске асыруға дайындық тұрғысынан жол карталарын құрылымдық талдау (жобалау-сметалық құжаттаманың, мемлекеттік сараптама қорытындысының болуы);

      3) қаржыландыру көздерін іздестіру және инфрақұрылымдық туристік жобаларға қаржыландырудың уақтылы және толық бөлінуіне жәрдемдесу;

      4) жобаларды іске асыру барысына және жергілікті жерлерде инфрақұрылымды дамытуға көшпелі мониторинг;

      5) іске асырылатын жобалардың ағымдағы мәртебесі мәселелері бойынша өңірлік жобалау офистері және/немесе жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен тұрақты кеңестер өткізу, туындайтын проблемалық мәселелерді шешу бойынша жедел шараларды анықтау және қабылдау, ағымдағы жылы іске асыру мерзімімен жобалардың аяқталуын және келесі жылға жоспарланған жобалардың іске асыруға әзірлігін қамтамасыз ету;

      6) өңірлерде туризмді дамытудың және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың проблемалық мәселелерінің тізбесін жинау және оларды орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты басшыларының деңгейіне шығару;

      7) дестинацияларды дамытудың мастер-жоспарларын іске асырудың тиімділігін жыл сайынғы талдау, түзету іс-қимылдары бойынша ұсыныстар әзірлеу.

      Қоғам жүргізген зерттеулерге сәйкес туристік қызығушылық тудыратын орындарда орналасқан орындар мен қажетті инженерлік коммуникацияларды көрсете отырып, 493 санитариялық-гигиеналық торапқа қажеттілік анықталды, оның ішінде 2020 жылы 144 бірлік орнатылды.

      Инфрақұрылымды дамыту шеңберінде қоғам туристік қызығушылық тудыратын орындарда санитариялық-гигиеналық тораптарды орнату, қолданысқа енгізу және қызмет көрсету мониторингін жалғастыратын болады, сондай-ақ осы жұмысқа қаражатты уақтылы және жеткілікті бөлуге жәрдем көрсететін болады. Мысалы, 2020 жылы Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде қоғамның көмегімен 99 санитариялық-гигиеналық тораптарды орнатуға 1 млрд теңге бөлінді.

      Санитариялық-гигиеналық тораптарды орнату және күтіп ұстау жөніндегі жобаларға жеке инвестицияларды тартудың жүйелі құралы ретінде қоғам жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша бизнес шығындарын өтеу және санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп ұстауды субсидиялау тетіктерін әзірледі. Жоспарланып отырған кезеңде қоғам тиісті қағидалар мен тәртіптерді келісу, бекіту және енгізу бойынша жұмыс жүргізеді, сондай-ақ бизнес пен жергілікті атқарушы органдар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.

      Бұған қоса, туристік инфрақұрылым дестинацияларын дамытуға жәрдемдесу мақсатында қоғам туристік маршруттарға түгендеу жүргізетін болады: туристер үшін тартымдылық, жайлылық, қолжетімділік және қарапайымдылық тұрғысынан туристік қызметтерді тұтынушылардың дестинациялардағы жүру және демалу маршруттарының тізбектерін зерделеуге және жетілдіруге бағытталған зерттеулер.

      Зерттеулер нәтижелерін талдау негізінде қоғам мүдделі тараптар үшін:

      1) әрбір дестинация үшін жеке-жеке туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған өзара байланысты техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар, оның ішінде:

      туристік объектілер, сондай-ақ туристік дестинациялардағы әуежайлар, вокзалдар арасындағы автомобиль және теміржол жолдарын салу, жөндеу, реконструкциялау және жаңғырту қажеттігі;

      дестинациялар аумағында толыққанды жол бойындағы, сервистік және "жұмсақ" инфрақұрылымды дамыту/жаңғырту, нақты объектілердің қажеттілігін және олардың орналасқан жерін (санитариялық-гигиеналық тораптар, кемпинг, сервистік қызмет көрсету объектілері, қоғамдық тамақтандыру пункттері, Медициналық және санитариялық пункттер, ақпараттық стенділер, көрсеткіштер, бағдарлау белгілері, кірме жолдар, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған абаттандыру элементтері және т. б.) айқындай отырып, оларға жету);

      2) қолданыстағы туристік өнімдер мен маршруттарды жетілдіру/кеңейту және жаңа туристік өнімдер мен маршруттарды құру, олардың туристер үшін тартымдылығын арттыру, үлгілік туристік маршруттардың "жұмсақ" инфрақұрылымын дамыту (толығырақ "Туристік өнімдерді дамыту" бөлімінен қараңыз) бойынша ұсынымдар әзірлейтін болады.

      Туристік маршруттарды түгендеу жергілікті атқарушы органдармен, салалық және кәсіпкерлік қауымдастықтардың, туристік бизнестің өкілдерімен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

      Жүргізілетін мониторинг нәтижелері қоғамның интернет-ресурстарында жарияланатын болады, сондай-ақ мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың, депутаттық корпустың, қоғамдық ұйымдардың назарына жеткізіледі. Бұл қоғам қызметінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, күштерді шоғырландыруға және жергілікті атқарушы органдарды басқарылатын аумақтарда туризмді дамыту жөніндегі нақты іс-шараларды іске асыруды жүзеге асыруға ынталандыратын пәрменді тетік құруға мүмкіндік береді. Мысалы, 2020 жылы қоғам ТОП-10 дестинациядағы 50 танымал туристік бағытты және "Grand tour" туристік өнімін түгендеуді жүргізді. Нәтижелері бойынша жазғы, қысқы маршруттар бойынша туристік маршруттар каталогы, сондай-ақ 29 маршруттан тұратын Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігі жасалды. Порталда инфрақұрылым мен туристік қызығушылық орындарының жай-күйі туралы өзекті деректер орналастырылған tourismonline.kz туристік операторларға жаңа туристік өнімдерді жасауға көмектесу.

      Салыстырмалы талдау жүргізу, салынған қаражаттың тиімділігін бағалау және даму серпінін бағалау мақсатында қоғам туристік инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірлерді ұлттық рейтингтік бағалау әдістемесін әзірлеуді және енгізуді жоспарлап отыр. Рейтингтік баға үздік халықаралық тәжірибені ескеріп, Қазақстанды туристендіру картасына енгізілген ТОП-10, сондай-ақ ТОП-50 дестинацияны қамтитын болады.

      Әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша бірнеше өңірге жататын туристік дестинацияларды дамыту жөніндегі жұмысты үздік үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында қоғам жобалық тәсілді қолданады және өкілдіктер құратын болады.

      Мәселен, Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде өңіраралық және ведомствоаралық мәселелерді тиімді шешу үшін 2019 жылы қоғамның Алматы қаласында өкілдігі құрылды және оның базасында 2020 жылдан бастап Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі біріккен офис жұмыс істейді, оған қоғамның, Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің, сондай-ақ кластер шеңберінде әрбір ұлттық парктің өкілдері кірді.

      Қоғам мұндай практиканы жалғастырады және 2025 жылға қарай басым туристік аумақтардағы өкілдіктердің қызметін ұйымдастырады (ТОП-10).

      2-міндет. Туристік салаға инвестициялар тарту

      Консалтинг және сүйемелдеу

      Қоғам Қазақстанның туристік дестинацияларын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту мәселелерінде үйлестіруші рөл атқаратын болады.

      Инвесторларды іздеу кезінде инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін олардың ұқсас жобаларды іске асырудағы практикалық тәжірибесі негізгі түйінді өлшемшартқа айналады. Осыған байланысты қоғам жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, "өз клиентіңді біл" қағидаты бойынша әлеуетті инвесторлардың үнемі жаңартылып отыратын деректер базасын құрды, ол контрагент қызметінің сипатын және оның инвестициялық басымдықтарын сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

      Қоғам перспективалық инвестициялық жобалардың дерекқорын қалыптастыру, іске асыру мониторингі және өзектілендіру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

      Жалпы, деректер базасында тұрақты мониторингте 3,2 трлн теңгеге 218 инвестициялық жоба бар. іске асыру мерзімі – 2021 – 2025 жылдар. Қоғам көрсетілген жобалар тізбесінің мониторингін, оны өзектілендіруді және ілгерілетуді тұрақты негізде жүзеге асырады. Инвестициялық жобалар аяқталу шамасына қарай бұл тізбеден шығарылады және аяқталғандар санатына өтеді. Мәселен, 2021 жылдың басынан бері аталған тізбеден Түркістан облысында орналасқан 4 объект іске қосылды.

      Осы жобаларды іске асыруға жәрдемдесуді қоғам мынадай бөлікте жүзеге асыратын болады:

      1) жеңілдікті қаржыландыруды, преференцияларды бөлу, жер, инфрақұрылымдық және мемлекеттік органдармен өзге де проблемалық мәселелерді шешу;

      2) инвесторларды іздеу, консалтинг және сүйемелдеу;

      3) инвестициялық жобаларды жинақтау және инвесторлар үшін инвестициялық ұсыныстар дайындау;

      4) әлеуетті инвесторлар арасында, оның ішінде әлеуетті инвесторлар базасы, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының ресурстары, дипломатиялық өкілдіктер, әріптестер желісі арқылы перспективалы инвестициялық жобалар туралы ақпаратты тарату арқылы жүзеге асырылады.

      Қоғам ұлттық парктерде экологиялық туризм жөніндегі жобаларды табысты іске асыру үшін зәкірлік инвесторлармен жұмысты жалғастыратын болады.

      Айталық, 2021 жылы "Көлсай көлдері", "Шарын", "Алтын-Емел" ұлттық парктері бойынша инвесторлар анықталды. 2020 жылы "Іле Алатауға" инвестор тартылып, Аюсай шатқалына алғашқы визит-орталығы салынды. Алматы тау кластерінде 3 инвестор визит-орталықтары бар (Бутаковка, Тұйықсу, Горельник және "Medeo RESORT" кешені) жобаларды іске асырады. ТОП-10 туристік дестинациялардың аумағында инвестор экоқонақүйлер желісінің құрылысын бастады және бұл жұмысты бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды ету жоспарланып отыр.

      Бұл жобалар орта мерзімді перспективада кемінде 56 млрд теңге инвестициялар ағынын, кемінде 14 визит-орталықтарының құрылысын, кемінде нөмірлік қоры 900 нөмір болатын жаңа экологиялық орналастыру орындарын пайдалануға енгізуді, кемінде 180 км жол жайластыруды қамтамасыз етеді.

      Қоғам сондай-ақ инвестицияларды жоспарлау қағидатын енгізетін болады. Осылайша, туристік маршруттарды түгендеу және туристік инфрақұрылымның дамуын рейтингтік бағалау бойынша өңірлерде жүргізілген жұмыстар нақты объектілерге қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді және туристік дестинацияларды одан әрі дамытуға бағытталған инвесторлар үшін негізделген және кешенді ұсыныстар қалыптастыру көзі болады.

      Инвестициялық климатты жақсарту

      Туристік саланың жобаларына инвестициялар тартуды қамтамасыз ету мақсатында қоғам туризм саласының инвестициялық ахуалын жақсарту жөнінде шаралар қабылдайтын болады, оның ішінде:

      1) сырттан келетін және ішкі туризм секторындағы кәсіпкерлік субъектілері үшін, оның ішінде COVID-2019 жаңа коронавирус инфекциясы пандемиясының әсерінен зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру жөніндегі дағдарыстан кейінгі шаралар шеңберінде қолданыстағы қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру;

      2) ішкі және сырттан келетін туризм секторында кәсіпкерлікті ынталандыру шаралары мен қолдау құралдарын әзірлеу және енгізу (оның ішінде субсидиялау, жеңілдікпен кредиттеу, гранттық қаржыландыру, лизинг, салық жеңілдіктері, шығындарды өтеу);

      3) инвесторлар үшін жағдайларды жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайту.

      Туристік сала жобаларына жеке инвестициялар тартуды ынталандырудың жүйелі шараларын енгізу мақсатында қоғам туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде сыйымдылығы кемінде сегіз отыратын орын болатын тау шаңғысы курорттары мен автокөлік құралдары үшін жабдықтар сатып алу бойынша, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу, кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау тетіктері мен қағидаларын әзірледі. Бұдан әрі әзірленген қағидаларды мүдделі мемлекеттік органдармен, бизнеспен және жұртшылықпен келісу бойынша жұмыс жүргізіледі, 2022 жылдан бастап шараларды іске қосу үшін қаржыландыру бөлу мәселелері пысықталады, сондай-ақ кәсіпкерлер мен халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

      Инвестициялық қызмет

      Туристік саладағы жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету мақсатында қоғам туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыратын жаңадан құрылатын және жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысу және осы жобаларды басқаруға қатысу арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

      Инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде қоғам жұмыс істеп тұрған инфрақұрылым объектілерін кеңейтуге, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ туристік саладағы инфрақұрылымның жаңа объектілерін салуға бағытталған өзін-өзі ақтайтын және тиімді инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысатын болады. Қоғам қатысатын инвестициялық жобалар өңірдегі туризмді дамытудың негізгі бағыттарына және туризмнің басым түрлеріне сәйкес келуі тиіс.

      Қоғамның ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуы кезінде тәуекелдерді төмендету мақсатында ұқсас жобаларды іске асыруда қажетті тәжірибесі бар стратегиялық әріптестің (ірі акционердің) және институционалдық инвесторлардың болуына артықшылық беріледі.

      Қоғам өтелу мерзімі 10 жылдан 15 жылға дейінгі жобаларға қатысатын болады.

      Меншікті, қарыз және өзге де қаражат инвестицияларды қаржыландыру көздері болып табылады.

      Қоғамның инвестициялық қызметінен табыс алудың негізгі нысаны қаражат салынған акциялар құнының және жарғылық капиталдардағы қатысу үлестерінің өсуі болады.

      Инвестициялық жобалардың табысты іске асырылуына және акциялар мен жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері құнының жоспарланған өсіміне қол жеткізілуіне қарай қоғам өзіне тиесілі акциялар мен үлестерді ұйымдардың басқа акционерлеріне де, сол сияқты ашық бағалы қағаздар нарығына да сатуды жүзеге асыратын болады. Сатудан алынған қаражат капиталды қайта инвестициялау үшін пайдаланылады.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері     


Көрсеткіш

2022

2023

2024

2025

2026

2027

2028

2029

2030

2031

Туристік сала жобаларына тартылған инвестициялар көлемі, млрд теңге

111

255

423

573

723

873

1023

1173

1323

1473

Туристік сала жобаларына тартылған шетелдік инвестициялар көлемі, млрд теңге

16,7

38,3

63,5

86

108,5

131

153,5

176

198,5

221

Туристік дестинациялардағы төсек-орындардағы біржолғы сыйымдылықты ұлғайту, төсек-орын

2000

6400

7700

16200

17200

18200

19200

20200

21200

22200


      Күтілетін нәтижелер

      1) 2031 жылға қарай туристік сала жобаларына кемінде 1473 млрд теңге инвестициялар, оның ішінде 221 млрд теңге шетелдік инвестициялар тартылатын болады;

      2) Қоғамның жәрдемдесуімен/қатысуымен іске асырылған инвестициялық жобалар шеңберінде туристік дестинацияларда 2031 жылға қарай 22200 жаңа төсек-орын енгізіледі;

      3) 2031 жылға қарай ұлттық парктердің туристік инфрақұрылымын дамыту үшін кемінде 56 млрд теңге инвестициялар тартылатын болады, олар кемінде 14 визит-орталықтарын салуды және кемінде 900 нөмірді пайдалануға беруді қамтамасыз етеді;

      4) Қоғамның қолдауымен 2025 жылға дейін Қазақстанды туристендіру картасының ТОП-10 дестинациясында 197,4 млрд теңге сомасына 141 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады (жергілікті атқарушы органдарға тиісті қаржыландыру бөлінсе);

      5) 2031 жылға дейін туристік қызығушылық тудыратын орындарда кемінде 493 санитариялық-гигиеналық тораптар және жол бойындағы сервистің 64 объектісі салынады және пайдалануға беріледі;

      6) 2031 жылға дейін туристік инфрақұрылымның даму деңгейіне қарай өңірлерді ұлттық рейтингтік бағалау енгізілетін болады.

      3.2- кіші бөлім. "Туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру" 2-стратегиялық бағыты


      Мақсаты: туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру

      Отандық туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғам ішкі және сырттан келетін туризм секторында жұмыс істейтін туристік қызмет субъектілерінің жұмысы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға, туризм салалары қызметкерлерінің құзыреттерін дамытуға, туристік саланы цифрландыруға және туристік өнімдерді жүйелі дамытуға жәрдемдесетін болады.

      COVID-2019 жаңа коронавирустық инфекция пандемиясының нарыққа әсер ету салдарына байланысты ішкі және сырттан келетін туризм секторында отандық туристік бизнесті қалпына келтіру және қолдау бойынша дағдарысқа қарсы және дағдарыстан кейінгі шараларды әзірлеуге ерекше назар аударылатын болады.

      1-міндет. Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялауды әкімшілендіру

      Қоғам Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау құралын әкімшілендіруді жүзеге асыратын болады.

      Субсидиялаудың негізгі мақсаты - қазақстандықтарды туристік өнімдерге жұмсалатын шығындарды төмендету арқылы Қазақстанның туристік дестинацияларында бүкіл отбасымен демалуға ынталандыру.

      Тетікті іске асыру шеңберінде тиісті тәртіппен көзделген шарттар сақталса, сатып алынған туристік өнімнің құрамында 2 жастан 18 жас аралағындағы балалар үшін авиабилет сатып алу бойынша Қазақстан азаматтарының шығыстарын субсидиялау көзделетін болады. Субсидиялау билеттің құны шегеріліп, тұтынушыға өткізілетін турөнімнің жалпы құнына кіретін "балалар" авиабилеттерінің құнын туроператорға төлеу арқылы жүзеге асырылады.

      Қоғам құралды әкімшілендіру процестерінің ашық және жылдам өтуін қамтамасыз етеді, тетіктің тиімділігін жетілдіреді және арттырады.

      2020 жылдан бастап қоғам туристік бизнеспен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп субсидиялау қағидаларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Қағидаларды келісу және бекіту, туристік операторлар мен халық арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

      Субсидиялауды енгізу ішкі авиамаршруттардын санын ұлғайтуды, дестинациялар аумағында орналастыру орындарында келушілер санының өсуін, сапалы туристік өнімдерді қалыптастыруды, авиатасымалдаушылар, туроператорлар және орналастыру орындары арасында адал бәсеке құруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Бұл өз кезегінде бағаны төмендетуге және ұсынылатын қызметтер мен сервистің сапасын арттыруға ықпал ететін болады. Шара қазақстандықтардың демалысын 30 %-ға дейін арзандатуға мүмкіндік береді.

      2031 жылға дейін субсидиялаумен кемінде 550 мың баланы қамтамасыз ету жоспарлануда.

      2-міндет. Құзыреттерді дамыту

      Қоғам тәжірибелі жергілікті және халықаралық сарапшыларды, оның ішінде онлайн форматта тарта отырып, оқыту іс-шараларын, тренингтер, тағылымдамалар, мастер-кластар, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру арқылы туризм салалары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізетін болады.

      2020 жылы қоғаммен байланыс онлайн-платформасы негізінде tourismonline.kz онлайн ішкі туризм академиясы іске қосылды (academy.tourismonline.kz платформаның жұмысы туралы ақпарат "Туристік саланы цифрландыру" бөлімінде келтірілген). Платформада тыңдаушылар туристік бизнестің өз қызметін қалай бастаудан бастап жұмыс істеп тұрған бизнесті дамыту бойынша практикалық дағдыларға дейінгі негіздерін оқи алады. 2020 жылы платформада 3000-ға жуық адамның қатысуымен 50 тақырып талқыланды, ал вебинарлар жазбалары 35 мыңнан астам рет қаралды. Қазақстаннан басқа қатысушылар географиясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері мен алыс шетелдерді қамтиды.

      2020 жылдың қыркүйегінде онлайн ішкі туризм академиясы іске қосылғаннан бері платформада туристік өнімді қалай құру туралы кіріспеден бастап нақты идеяларға дейін 6 оқыту курсы, сондай-ақ eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесі туралы нұсқаулық орналастырылды.

      Қоғам платформа мен онлайн академия қызметін (контент, ілгерілету, дамыту) сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруды және тыңдаушылар мен қарауларды қамтуды біртіндеп ұлғайтуды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

      Бұдан басқа, қоғам туристік өнімдерді дамыту бойынша, оның ішінде іскерлік туризм, туристік қызмет көрсету сапасының стандарттары және басқалары бойынша туристік бизнес субъектілері үшін арнайы бағдарламалар әзірлейді және оқыту іс-шараларын жүргізеді.

      Агротуризмді дамыту және танымал ету мақсатында қоғам ауыл халқы арасында маркетинг, туристік өнімдер жасау, бизнесті ашу және жүргізу, оның ішінде қонақүйлерді ашу бойынша оқыту іс-шараларын жүргізетін болады. Өңірлерді қамту туристік дестинациялардың топ-10, ТОП-50 және басқа да туристік дестинациялардың шалғай өңірлерінде туристер үшін қызығушылық тудыратын болады.

      Бұдан басқа, 2021 жылдан бастап жергілікті оқу орындары мен туризм индустриясы кәсіпорындарының базасында туризм саласы үшін желілік персоналды оқыту пилоттық режимде басталды. Кадрларды даярлау 2021 жылы Маңғыстау облысынан бастап ТОП-10 туристік дестинацияда шоғырландырылатын болады.

      2022 жылдан бастап микро және шағын бизнеске арналған тәлімгерлік бағдарламасын, сондай-ақ агротуризм, экотуризм, медициналық туризм, балалар мен жасөспірімдер туризмі және басқа да бағыттар үшін консультациялар мен әріптестік кездесулерді ұйымдастыру жоспарлануда.

      Жалпы, қоғам 2031 жылға қарай туризм саласында кемінде 14 мың жұмыспен қамтылған адамды құзыреттерді дамыту жөніндегі іс-шаралармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

      Нарықтың құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыс жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықта, оның ішінде "Туризм" (дестинацияны басқару, ұлттық парктерді басқару, оқиғалық менеджмент және тағы басқа) бағыты бойынша жоғары оқу орындарында жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуге және қолданыстағыларын өзектілендіруге жәрдемдесу жолымен жүргізілетін болады.

      3-міндет. Туристік саланы цифрландыру

      Қоғам Қазақстанда ішкі және сырттан келетін туризм дамытуды кешенді қолдау үшін қажетті мамандандырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен қосымшаларды құру жөніндегі жұмысты мынадай бағыттар бойынша жүргізетін болады:

      1) онлайн-сату технологияларын енгізу және туристік бизнес субъектілері, туристер, билік органдары арасындағы онлайн-өзара іс-қимыл арқылы туристік қызметтердің қолжетімділігін арттыру;

      2) ішкі және сырттан келетін туризм саласында талдамалық деректердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

      3) Қазақстанның туристік әлеуетін елде және шетелде ауқымды ілгерілету үшін платформалар мен арналарды құру және сүйемелдеу (толық сипаттама "Онлайн ілгерілету" бөлімінде).

      Ұзақ мерзімді перспективада барлық құрылған мамандандырылған ақпараттық жүйелер мен модульдердің бәрі бірыңғай кешен – Е-Tourism ақпараттық-коммуникациялық жүйесін автоматтандыруға, онлайн-режимге ауыстыруға және туристік қызмет пен туристік қызметтерді тұтынудың әртүрлі процестерін жеңілдетуге жауап беретін жекелеген құрылымдық элементтермен біріктірілетін болады.

      eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесі

      Қоғам мобильді қосымшасы бар eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесін әзірледі, ол орналастыру орындарының бірыңғай тізілімін құруға, туристік ағындар, туристер портреті және көші-қонды бақылау бойынша деректерді жинау мен өңдеуге мүмкіндік берді.

      Бүгінгі күні жүйе "Бүркіт" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық жүйесімен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, бұл орналастыру орындарына шетелдік туристердің келуі туралы Ішкі істер органдарын хабардар ету процесін автоматтандыруға мүмкіндік берді. Бұл, бір жағынан, келетін туристер үшін визалық және көші-қон рәсімдерін жеңілдетеді, ал екінші жағынан, шетелдік туристерді орналастыру мен есепке алу орындары қызметінің ашықтығын арттырады.

      eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесі 217 орналастыру орнында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының барлық 4-5 жұлдызды қонақүйлерінде орнатылған.

      Жоспарланып отырған кезеңде қоғам жүйені өрістету және оны Қазақстан өңірлерінде (облыс орталықтары және ТОП-10 дестинация) енгізу бойынша жұмыстар жүргізеді, орналастыру орындарының қызметкерлерін жүйені пайдалану бойынша оқытуды жүргізеді, сондай-ақ тұрақты негізде жүйе модульдерін жаңғырту жүргізілетін болады.

      Қоғам 2026 жылға дейін Қазақстан бойынша 1700 орналастыру орнында eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесін орнатуды жоспарлап отыр және 2031 жылға қарай онда елге келген кемінде 500 мың шетелдік келуші тіркелетін болады.

      Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталының модульдері

      Жоспарланып отырған кезеңде туристік саланы цифрландыруға жәрдемдесу шеңберінде қоғам Kazakhstan.travel порталын мемлекеттің, бизнестің және туристердің пайдалануы үшін барынша жарамды саланың бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық алаңы ретінде қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

      Бұл үшін көлік инфрақұрылымы, кәдесый өнімдерін сатушылар мен дүкендер, дестинациялар мен туристік объектілер парақтарын құру және дамыту, порталдың коммерциялық платформасының жаңа функцияларын жасау және қолда бар функцияларын пысықтау, келушілер үшін ақпаратты дербестендірілген түрде көрсету, сондай-ақ "MICE", "Фотобанк" және "Marketplace"модульдерін дамыту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

      "MICE" модулі

      Бұл бөлімде Қазақстанда іс-шара ұйымдастырғысы/өткізгісі келетін қазақстандық және шетелдік компаниялар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында конгрестік-іскерлік іс-шараларды өткізу үшін қолжетімді алаңдар туралы ақпарат және алаңдарды іздеу функциясы, әртүрлі қазақстандық және шетелдік бағдарламалар туралы, Қазақстанда іс-шараларды ұйымдастырушылардың және конгрестік-іскерлік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін отандық қызметтерді жеткізушілердің қолдауы туралы деректер ұсынылған.

      Порталдың осы бөлімінде қоғам жеке кабинет арқылы (мәртебені қарау және т.б.) ұйымдардың құжатталған сұраныстарын басқару мүмкіндігін енгізуді, жаңа рөлдер жасауды, жаңа қалалар мен олар туралы ақпарат қосуды жоспарлап отыр.

      "Фотобанк" модулі

      Бүгінгі таңда Қазақстандағы туристік қызығушылық тудыратын жерлердің 500-ге жуық өзекті және сапалы фотосуреттерін қамтитын Фотобанк бөлімі Қазақстанның фотосуреттерін түрлі параметрлер (тегтер) бойынша табуға, оларды қарауға және тегін жүктеуге мүмкіндік береді.

      Порталдың осы бөлімін дамыту шеңберінде қоғам мынадай жұмыстарды жүргізетін болады:

      фотосуреттер бұрышында "www.kazakhstan.travel" жартылай мөлдір су белгілерін орнату бойынша қосымша функциялар мен мүмкіндіктерді жетілдіру;

      таңдалған фотосуретті ең жақсы сапада алуға сұрау салуды жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      фотобанктің пайдалылығы туралы, оның ішінде жүктелген фотосуреттердің саны туралы талдама алу, "танымал" және "жаңа" тегтері бойынша ең көп жүктелген фотосуреттерді және жақында жүктелген фотосуреттердің көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету (автоматты түрде берілетін, жаңартылатын тегтерді қосу функциясы).

      "Marketplace" модулін құру

      Қазіргі уақытта қоғам "Marketplace" модулін – онлайн-брондау және туристік өнімдер мен қызметтерді сатуға арналған сервисті жобалауды жүзеге асырады.

      Marketplace модулін дамыту аясында қоғам:

      портал арқылы сатып алуға болатын қызметтерді/тауарларды іздеу функциясын қосу (туристік пакеттер, автокемпинг, кәдесыйлар, автокөлікті жалға алу және басқалар);

      тапсырысты жіберу арқылы төлем мен брондауды жүргізгеннен кейін бірден растауды ала отырып, брондау функциясын қосу;

      бизнес өкілдерінің жеке кабинеттерін қосымша өңдеу;

      бизнес өкілдерін тіркеу және модерациялау;

      коммерциялық платформаны дамыту;

      туристік өнімдердің ірі агрегаторларымен интеграция.

      Ойын элементтерін қолдана отырып киелі орындарды цифрландыру

      Қоғам "Киелі география" жобасын іске асыру үшін Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі бойынша туризмді дамытуды жоспарлап отыр, оған Қазақстанның 100 жалпыұлттық қасиетті объектілері кіреді. Бұл қазақ халқының жадында мәңгілік құндылыққа ие және ұлттық бірлік пен қайта өрлеу символы ретінде қызмет ететін ерекше қастерлі табиғи және мәдени мұра ескерткіштері.

      Қазақстанның киелі жерлеріне ішкі туристік ағынды ұлғайту мақсатында осы жерлерде туристік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстармен қатар қоғам ойын элементтерін қолдана отырып, киелі орындарға туристерді тарту жөніндегі жобаны іске асыратын болады.

      Жоба Қазақстанның киелі жерлеріне қазақстандықтардың жас және орта буынының нысаналы аудиториясын тартуға бағытталған. Жоба туристік пакеттерді сатуды және киелі орындарға баруды ойын түрінде ынталандыру үшін мобильді қосымшаны әзірлеуді көздейді.

      Болашақта бұл тәжірибені басқа тарихи немесе мәдени объектілерге (музейлер, кітапханалар, театрлар және тағы басқа) келушілерді ұлғайту үшін қолдану жоспарлануда.

      урстат" ақпараттық жүйесі

      Қоғам туризм саласындағы статистикалық деректерді жинау және өңдеу бойынша Tourstat.kz ақпараттық жүйесін – туризм саласындағы статистикалық деректерді пайдаланушыға ыңғайлы түрде және форматта визуализациялау мүмкіндігі бар жүйені әзірледі.

      Бүгінгі күні жүйе Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, бұл Графиктер мен диаграммаларды автоматты түрде қалыптастыра отырып, деректерді алуды жеңілдетуге мүмкіндік берді.

      Орта мерзімді перспективада қоғам жүйені мобильді операторлардың, eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесінің деректерімен біріктіруді және жолаушыларды тасымалдаушылардан ақпарат алмасуды жоспарлап отыр, бұл өз кезегінде өңірлер, дестинациялар, жас және өзге де өлшемдер бөлінісінде ішкі және сырттан келетін туристердің нақты саны туралы өзекті деректерді жедел алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, интеграция бүгінгі күні туристердің Қазақстан бойынша жүріп-тұруы және олардың шығыстары туралы қолда жоқ ақпаратты иеленуге мүмкіндік береді.

      Бұл елдегі нақты туристік ағымдар туралы нақты және жедел көрініске ие болуға, сондай-ақ орналастыру орындарының қызметін көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік береді.

      "Туризм онлайн" ақпараттық жүйесі

      Нарыққа қатысушыларды біріктіретін туристік экожүйе үшін алаң құру мақсатында қоғам tourismonline.kz бірыңғай коммуникациялық онлайн-платформа әзірледі, оның негізінде ішкі туризмнің онлайн академиясы іске қосылды (academy.tourismonline.kz), отандық туристік сала мамандарының білімін жинауға және форум, чат-бот және вебинарлар арқылы туризм саласындағы соңғы трендтермен алмасуға мүмкіндік бар.

      "Туризм онлайн" жүйесін одан әрі дамыту аясында туристік бизнестің ыңғайлы болуы үшін қоғам оның платформасында жұмыс істеуді жоспарлап отыр:

      туристік өнімдерді қалыптастыру үшін қажетті қолда бар объектілер, сервистер және қызмет көрсетушілер (орналастыру орындары, тамақтану орындары, санитариялық-гигиеналық тораптар, байланыспен және интернетпен қамтамасыз етілу, жол бойындағы сервис, медициналық қызметтер және т. б.) бойынша ақпаратты енгізе отырып, туристік маршруттардың цифрлық картасын жасау;

      онлайн форматта көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы кері байланыс, пікірлер, ұсыныстар мен түсініктемелер үшін мүмкіндік жасау;

      туристік операторлар мен туристік қызметтерді жеткізушілердің рейтингін жүргізу, бұл қазіргі туристік өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға және дамытуға ықпал ететін болады.

      "View Project" ақпараттық жүйесі

      Қоғам Қазақстанның туристік дестинацияларында инфрақұрылымдық және инновациялық жобаларды іске асыру кезінде әкімдіктермен онлайн мониторинг жүргізу және өзара іс-қимыл жасау үшін "View Project" жобаларын басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірледі. Жүйеге жергілікті мемлекеттік органдар, әріптестер, инвесторлар және басқа да мүдделі тараптар қол жеткізе алады.

      Қоғам жобалар туралы деректерді жүйеге енгізу бойынша жұмысты бастады.

      Қоғамның жұмысында жүйені дамыту және тиімді пайдалану үшін жүйенің функционалдығы мен мүмкіндіктерін дамыту жоспарлануда:

      жергілікті атқарушы органдарды деректерді өзектілендіру және жобаларды ілгерілету жөніндегі бірлескен алаңдағы жұмысқа тарту;

      жобаларды іске асырудың мәртебесі, қаржыландырылуы және проблемалық мәселелері туралы өзекті анықтамалық ақпарат дайындауға арналған процестерді автоматтандыру және уақыт шығындарын қысқарту;

      көп қатпарлы цифрлық картадағы жобаларды визуализациялау.

      4-міндет. Туристік өнімдерді дамыту

      Ресурстарды тиімді пайдалану және бәсекеге қабілетті ұлттық туристік өнімді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мақсатында туристік бизнеске туристік өнімдерді қалыптастыру проблемалары туралы сауалнама өткізу нәтижелерін ескере отырып (сипаттама "Сыртқы ортаны талдау" бөлімінде келтірілген) қоғам Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, қоғам және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында қол қойылған ұлттық туристік өнімді әзірлеу жөніндегі жол картасын (бұдан әрі – Жол картасы) іске асыру шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізілетін болады).

      Жол картасы туристік өнімдерді дамытуға бағытталған 6 бөлім бойынша 30 іс-шараны қамтиды. 2020 жылы Жол картасы шеңберінде қоғам аграрлық (ауылдық), мектеп, санаторий-курорттық, кемпингтік туризм және Керуен бойынша туристік өнімдерді дамыту үшін бірқатар нақты іс-шараларды іске асырды, сондай-ақ туристік маршруттардың стандарттарын зерттеу және түгендеу жүргізді.

      Бұдан әрі қоғам Жол картасын іске асыруды жалғастыруды және сапалы туристік өнімдерді, оның ішінде (бірақ онымен шектелмей) қалыптастыруда бизнесті жүйелі қолдауды жоспарлап отыр):

      ақпараттық турлар өткізу;

      балаларды сауықтыру орталықтары мен лагерьлерді түгендеу;

      туристік маршруттарды түгендеу;

      қонақүйлердің дерекқорын құрып және тренингтер өткізе отырып, экологиялық және агро-ауылдық туризмді ілгерілету;

      Қазақстанда туристік қызметтер сапасының белгісін енгізу;

      Қазақстанда экскурсиялық-танымдық балалар-жасөспірімдер туризмінің жаңа бағдарламаларын әзірлеу және ілгерілету (жанды сабақтар);

      онлайн академия шеңберіндегі семинарлар мен тренингтерді жалғастыру;

      қалалық туризмді, оның ішінде мұражайлардың қызметін зерттеу және басқа да іс-шаралар арқылы дамыту.

      Ақпараттық турлар

      Қоғам жыл сайын отандық және шетелдік туристік операторлар, туризм саласындағы халықаралық іс-шаралардың агенттіктері мен ұйымдастырушылары, сондай-ақ тиісті нысаналы аудиторияларды қамтитын бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлер үшін таныстыру ақпараттық турларын ұйымдастырады және өткізеді. Ақпараттық турларды жылына кемінде 100 адамның қатысуымен өткізу жоспарлануда. Ақпараттық турлардың тізбесін қоғам нарықтың қажеттіліктері мен ұсыныстарын ескере отырып қалыптастыратын болады.

      Турлардың нәтижелері бойынша өздері үшін жаңа бағыттар мен объектілерді ашқан туристік операторлар алынған ақпарат негізінде жаңаларын әзірлейтін немесе қолда бар өнімдік ұсыныстарын жақсартатын болады. Конгрестік-іскерлік агенттіктер мен халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушылардың өкілдері іс-шараларды өткізуге арналған алаңдардың әлеуетін зерделеп, оларды ұйымдастыруды жоспарлай алады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер алынған контентті өз аудиториясына тарататын болады және Қазақстандағы туризмді кеңінен насихаттайтын болады.

      Экскурсиялық-танымдық балалар мен жасөспірімдер туризмін ілгерілету

      Қоғам 2020 жылы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және туристік бизнеспен бірлесіп "жанды сабақтар" жобасы шеңберінде білім беру бағдарламаларына туристік-экскурсиялық іс-шараларды енгізуге жәрдемдесу жөніндегі жұмысты бастады.

      Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың туризмге деген қызығушылығын арттыру, олардың білімін кеңейту және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

      Жоба мектеп бағдарламаларын визуализациялау жүзеге асырылатын мектептен тыс жерлерге барып, экскурсиялық сабақтар өткізуді қарастырады. Жобаны іске асыру туристік операторлардың білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынасын талап етеді. Жобаға халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары, оқу үздіктері мен қалалық және ауылдық өңірлердегі мектептерде оқитын медицина қызметкерлерінің балалары қатысады.

      2020 жылы жобаға төрт өңірден (Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Түркістан және Жамбыл облыстары) 655 бала қатысты.

      Алдағы уақытта жоба шеңберінде қоғам интерактивті турларды қалыптастыруға көмек көрсетуді, Қазақстанның барлық өңірлерін қамти отырып, мектеп пәндері бойынша экскурсиялық сабақтар бағдарламаларының әдістемелік әзірлемелерін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

      Жоспарланып отырған кезеңде "жанды сабақтар" жобасы шеңберінде география кеңейтіліп, балаларды қамту 2022 жылы 1000 оқушыдан 2031 жылы 2800 оқушыға дейін ұлғайтылады. Жалпы қоғам 2022 – 2031 жылдары экскурсиялық-танымдық туризмге кемінде 19 мың оқушыны тартуды жоспарлап отыр.

      Бұдан басқа, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруын ескере отырып, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен ынтымақтастық жасасу кезінде балалар туристік пойызының жұмысын қалпына келтіру жоспарлануда.

      Түгендеу және зерттеу

      Туристік өнімдерді дамыту үшін қоғам туристік операторлардың өз өнімдерінің ұсыныстарын әзірлеу кезінде одан әрі пайдалануы үшін қандай да бір туристік маршруттар мен объектілердің қажеттілігі мен жай-күйі туралы өзекті деректерді жинауды қамтитын маркетингтік зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде:

      1) нысаналы сегменттердегі қазақстандық туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге трендтер мен сұранысты зерделеу;

      2) туристік қызығушылық объектілерін және қолданыстағы туристік маршруттарды түгендеу және диагностикалау, оларды абаттандыру жөніндегі шараларды айқындау;

      3) отбасылық және балалар-жасөспірімдер туризмін, демалыс күні турларын дамыту үшін модельдік және үлгілік, оның ішінде қысқа мерзімді және бұқаралық туристік маршруттарды, транзиттік жолаушылар ағыны үшін елде болу уақытында арнайы туристік ұсыныстарды әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

      Жыл сайынғы негізде қоғам жаңа бағыттарды ашу, туристік өнімдерді әзірлеу және ілгерілету мақсатында, оның ішінде агро-ауыл, гастрономиялық, кемпингтік туризм, караванинг және т.б. бойынша экспедициялық шығулар жүргізетін болады.

      Жүргізілген зерттеулер мен экспедициялық-іздестіру сапарларының нәтижесінде цифрлық және баспа түрінде туристік қызығушылық объектілерінің дерекқорлары (тізілімдері) құрылады, олардың ағымдағы жай-күйіне бағалау жүргізіледі, дамыту және жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірленеді.

      Қоғам жаңа туристік өнімдерді қалыптастыру және қолданыстағыларын дамыту үшін жергілікті жерлерді зерделеу мақсатында ТОП-10 және ТОП-50 дестинацияны қамти отырып, жыл сайын туристік маршруттарға түгендеу ұйымдастырады және жүргізеді. Қоғам кемінде 1000 туристік маршруттарға/объектілерге түгендеу жүргізуді жоспарлап отыр.

      Түгендеу және зерттеу қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар орталық және жергілікті атқарушы органдарға, оның ішінде инфрақұрылымды дамыту бойынша енгізілетін болады.

      Туристік қызметтерді стандарттау және сертификаттау

      Халықаралық тәжірибе (Қытай, Испания, Швейцария) мысалында туристік қызметтерді стандарттау жүйелеріне жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша қоғам Қазақстандағы туристік қызметтерді ерікті стандарттау үшін тиімді тетік болуға арналған "сапа белгісі" жүйесін кезең-кезеңімен енгізуді жүзеге асыратын болады.

      Жүйені енгізу мақсатында қоғам мынадай іс-шаралар жүргізеді:

      1) жүйенің жұмыс істеуі үшін нормативтік базаны әзірлеу және қалыптастыру;

      2) қолданыстағы стандарттарды өзектілендіру немесе жаңа стандарттарды құру қажеттілігін анықтай отырып, туризм саласына қатысты барлық стандарттарды Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп түгендеу;

      3) туристік бизнес субъектілері арасында сапа стандарттарына сәйкестік идеясын ілгерілету;

      4) орналастыру орындары арасында сапа жүйесін енгізу;

      5) туристік соқпақтардың сапасын бағалау және оларды сыныптау жүйесін енгізу;

      6) туристік объектілер, гид-экскурсоводтар арасында жүйені енгізу.

      Пакеттік турларды ілгерілету және ынталандыру

      Пакеттік турларды құруды және ілгерілетуді ынталандыру үшін қоғам Туристік өнімдерді дамыту бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаның мәні Қазақстандағы туризмнің ТОП-10 туристік дестинация сияқты басым бағыттары бойынша кепілдік берілген күні мен белгіленген бағалары бар пакеттік турлар болып табылатын туристік өнімдерді іріктеу және қоғам құралдары арқылы одан әрі ілгерілету болып табылады. Бұл ретте қоғам туристер үшін сапалы қазақстандық туристік өнімдерді жасауда және дұрыс жинақтауда консультациялық қолдау көрсететін болады.

      Бастапқы кезеңде тек ішкі туризм пакеттеріне назар аударылады. 2022-2023 жылдардан бастап Бағдарлама сырттан келетін туристерге арналған туристік өнімдер үшін де өткізілетін болады.

      Конгрестік-іскерлік туризмді дамыту

      Конгрестік-іскерлік туризмді дамыту мақсатында қоғам 2019 жылы Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығына (ICCA) мүшелікке өтті және елдің негізгі мүдделі тараптарымен бірлесіп, Қазақстанға түрлі конгрестік-іскерлік іс-шараларды тарту жөнінде бірыңғай өтінім беру жолымен шетелдік тендерлік алаңдарға (биддинг) қатысуды бастады.

      Елге іс-шараларды тарту шетелдік делегаттарды тартуға, іскерлік белсенділікті арттыруға және соның салдарынан ел экономикасына үлес қосуға және жұмыс орындарын қолдауға әкеледі. Мысалы, Гонконг политехникалық университетінің (PolyU) зерттеуі бойынша 2019 жылы Қазақстанда өткізілген PATA Travel Mart іс-шарасы 225 уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құруға және қолдауға мүмкіндік берді, ал инвестицияларды қайтарудың жалпы коэффициенті (ROI) 1:3 құрады.

      Осы жұмысты жалғастыру мақсатында қоғам жыл сайын 10 шетелдік тендер алаңына қатысуды жоспарлап отыр.

      Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, Конгресс-іскерлік туризм елшілерінің бағдарламалары даму стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені бұл елшілер халықаралық қауымдастықтар мен шетелдік компаниялардың ірі іс-шараларын тарта алатын халықаралық деңгейде танымал адамдар (ғалымдар, дәрігерлер, қоғам қайраткерлері және тағы басқа) арасынан таңдалады.

      Қазақстанға конгрестік-іскерлік іс-шараларды тарту үшін жағдай жасау мақсатында қоғам халықаралық іс-шаралардың жергілікті ұйымдастырушыларын қолдауға бағытталған конгрестік-іскерлік туризм елшілерінің бағдарламасын бекітті. Бағдарлама конгрестік-іскерлік туризмнің әлеуетті елшілері тартатын ірі халықаралық іс-шаралар санын ұлғайтуды ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.

      Қоғам жыл сайын конгрестік-іскерлік туризмнің 10 елшісін тартуды жоспарлап отыр.

      Экологиялық туризмді дамыту

      Экологиялық туризмді дамыту үшін басқарудың тұрақты нысандарын енгізу мақсатында қоғам қолданыстағы практикаларды және туризмді дамыту заңнамасын, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сарапшылық қоғамдастықты тарта отырып, әмбебап стандарттарға сәйкестігіне жүйелі талдау жүргізу бойынша жұмыс жүргізеді.

      Орнықты дамудың әзірленген нысандары мен стандарттары жүйелі негізде енгізілетін және табиғатқа ұқыпты қарау жөніндегі ақпараттық науқандар шеңберінде ел бойынша ілгерілейтін болады.

      Жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі бизнес үшін, оның ішінде халықаралық сарапшыларды тарта отырып, оқыту іс-шараларын өткізу, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді басқару процестеріне цифрлық және автоматтандырылған технологияларды енгізу орнықты және экологиялық туризмді дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болады.

      Агротуризмді дамыту

      Агротуризмді (ауылдық туризмді) дамыту мақсатында қоғам агротуризмді дамыту үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселелерін қоса алғанда, заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі жұмысты үйлестіретін болады.

      Ел бойынша қонақүйлерді, айшықталған "агротуристік ауылдар", "балық аулайтын және аңшылық ауылдар" нысанындағы мамандандырылған жеке қонақүйлерді жаппай ашу мақсатында шағын гранттар мен кредиттер түрінде агротуристік объектілерді салу және дамыту үшін ауыл тұрғындарын қолдау шараларын енгізу, сондай-ақ ауыл халқы арасында оқыту және ақпараттық-үгіт жұмысы мәселелері пысықталатын болады.

      Агротуризмнің дамуы ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту үшін инвестициялар тарту, сондай-ақ аумақтардың брендингін дамыту бойынша жұмыстармен тікелей байланысты.

      Этнографиялық туризмді дамыту

      Этнографиялық туризмді дамытуға жәрдемдесу мыналар арқылы жүзеге асырылатын болады:

      1) ауылдық өңірлерде туризм саласында шағын бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы (ұлттық меймандостыққа және этнографиялық элементтерге баса назар аудара отырып, қонақүйлер ашу), оның ішінде туристік өнімдерді дистрибуциялау жөнінде ақпарат әзірлеу және тарату;

      2) сұңқармен аң аулау, ұлттық ойындар (көкпар, бәйге) және салт-дәстүрлер элементтерімен ұлттық және халықаралық ауқымдағы оқиғалық іс-шаралар өткізу;

      3) Қазақстанның табиғи, мәдени және өзге де көрікті жерлерімен байланысты қазақ аңыздарының иллюстрацияланған жинақтарын шығару;

      4) қолөнер саласындағы жүйелі проблемаларды және тежеуші факторларды шешу үшін жағдайлар жасау (нормативтік база, қолөнершілердің мәртебесі, мемлекеттік қолдау шаралары, оқыту, ілгерілету және тағы басқа).

      Кемпингтік туризм және автокараванинг

      Кемпингтік туризм мен автокараванинг табысты дамыту мақсатында мынадай шаралар іске асырылатын болады:

      1) дамыған елдердің халықаралық стандарттары негізінде кемпингтерді жобалау және олардың қызметінің стандарттарын (көрсетілетін қызметтер тізбесі мен сервис деңгейі) әзірлеу, рекреациялық көлік үшін ыңғайлы жол жүрісін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларын жетілдіру;

      2) ең танымал автомаршруттар бойындағы кемпингтер, трейлерлік парктер, глэмпингтер, этноауылдар желісін дамыту үшін мемлекеттік қолдау, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін әзірлеу;

      3) қазіргі көрнекі жерлер мен туристік қызығушылық орындарын ескере отырып, зәкірлі туристік маршруттар бойындағы тұрақ/ кемпинг/ глэмпинг орындарын анықтау үшін экспедициялар, сондай-ақ өңірлер бойынша іс-шаралар керуендерін ұйымдастыру.

      Емдеу-сауықтыру (медициналық) туризмі

      Емдеу-сауықтыру (медициналық) туризмін дамытуға жәрдемдесу шеңберінде мынадай шаралар іске асырылатын болады:

      1) денсаулық сақтау мекемелері мен туристік компаниялар үшін медициналық туризм бойынша қолдау шаралары әзірленеді және енгізіледі (медициналық мекемелердің маркетингтік қызметіне жәрдемдесу, мамандандырылған көрмелер мен іс-шараларға қатысу, халықаралық аккредиттеу алу және басқалар);

      2) медициналық туристік өнімдерді қалыптастыруға және ілгерілетуге жәрдем көрсетілетін болады (санаторий-курорттық объектілерді түгендеу және олардың маркетингтік талдауы, клиникалардың менеджерлерін туристік өнімдерді қалыптастыру қағидаларына, туристік өнімдердің құрамдастарын түсінуге үйрету, медициналық туризмді ілгерілету және оның маркетингі);

      3) сервис стандарттарын енгізу, медициналық қызметтер мен рәсімдер стандарттарында "сервистік қабықшаны" қалыптастыру, оқыту, тәжірибе алмасу, медициналық туризм көшбасшылары-шетелдік сарапшыларды тарту;

      4) ақпараттық турлар, семинарлар және басқа да іс-шаралар арқылы медициналық ұйымдар мен санаторийлердің туристік операторлармен ынтымақтастығын ынталандыру;

      5) инвесторлар үшін қолайлы ахуал жасау жоспарланып отырған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында медициналық туризмнің басым аймақтарын ілгерілету (салықтық және кедендік преференциялар, шетелдік мамандарды тартуға рұқсат алудың оңайлатылған рәсімдері және басқалар).

      Институционалдық өзгерістер

      Жосықсыз бәсекелестік мәселесін шешу үшін қоғам мәселелерді пысықтап, олардың құқықтық базасын әзірлейтін болады:

      заңсыз жұмыс істейтін гидтерді және жалған турфирмаларды құқықтық өріске одан әрі шығару мақсатында оларды анықтау және жазалау алгоритмін құру;

      ішкі және сырттан келетін туризм бойынша туристік қызметті бақылауды және реттеуді күшейту, оның ішінде туристік полицияға қосымша функцияларды беру.

      5-міндет. Туристік саланың экожүйесін дамыту

      Қоғам ішкі және сырттан келетін туризмін дамыту үшін қолайлы экожүйе қалыптастыру мақсатында саланы қолдаудың жүйелі шараларын жетілдіру, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жәрдемдесу және туристік саланы талдамалық қолдау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады және жалғастыруды жоспарлап отыр.

      Мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру

      Қоғам мынадай бағыттар бойынша мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын жетілдіру жөніндегі жұмысты жүргізеді және жалғастырады:

      1) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған туристік саланы қолдаудың жүйелі шараларын 2022 жылдан бастап енгізу мәселелерін пысықтау және қамтамасыз ету (реттеуші құжаттарды келісу және бекіту, қаржыландыруды бөлуді қамтамасыз ету, ақпараттық-түсіндіру жұмысы және т. б.);

      2) мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларының бизнес-процестерін мониторингтеу және жетілдіру;

      3) туристік сала субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларын алу рәсімдерін автоматтандыру және цифрландыру;

      4) туристік қызмет субъектілері үшін жеңілдікті жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру (жеңілдікті кредит беру және салық салу, субсидиялау, шығындарды өтеу, гранттық бағдарламалар және т.б.).

      Туристік салаға қаржылық қолдау көрсету мақсатында қоғам гранттар бөлу және туристік ресурстарды (объектілерді) дамыту үшін жер учаскелерін алуға басым құқық бөлігінде өз өкілеттіктері мен функцияларын кеңейту мәселесін пысықтайтын болады.

      Талдамалық қолдау

      Талдамалық қолдау шеңберінде қоғам маркетингтік зерттеулер, туристердің жайлы болуын қамтамасыз ету үшін заманауи санитариялық-гигиеналық тораптар қажет туристік қызығушылық орындарын түгендеу және анықтау, жеке әріптестермен бірлесіп санитариялық-гигиеналық тораптарды құру және күтіп-ұстау, медициналық, әлеуметтік және агротуризмді дамыту, туристік саланың ұлттық стандарттарын сақтау мониторингі (орналастыру орындары, гидтер), этноауылдар мен қолөнершілер орталықтары, ТОП-10 туристік дестинациялардың әуе және теміржол қолжетімділігі, стандарттар жобаларын әзірлеу, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің оңтайлы моделін әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілді.

      Қазақстанның туризм саласындағы жаңалықтарын ағылшын тілінде (Қазақстан туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, Қазақстандағы болатын оқиғалар, Қазақстан қалаларын және мақсатты елдерді байланыстыратын жаңа рейстер және тағы басқа) және туристік әлемде болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттық travel-дайджест қоғамның байланыстары негізінде тарату тұрақты негізде өткізілді. База туризм саласындағы және басқа да сабақтас салалардағы отандық және шетелдік компаниялар өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және серіктестердің байланыс деректерінен тұрады.

      Қоғам туристік саланы талдамалық қолдауды жалғастыратын болады, оның ішінде:

      1) салада жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін талдау және оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, оның ішінде туризм саласындағы түйінді бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру мониторингі, сондай-ақ туристік саланы дамытудың ағымдағы ахуалын мониторингтеу;

      2) Қазақстандағы перспективалық бұқаралық және тауашалық туристік ұсыныстарды дамыту үшін туризм индустриясын дамытудың әлемдік трендтерін зерттеу және талдау (сұраныс, туризмнің танымал түрлері, технологиялар және процестік инновациялар);

      3) заңнаманы, оның ішінде визалық және көші-қон рәсімдерін ырықтандыру бойынша жетілдіру; шетелдік азаматтардың елге туристік мақсаттарда кіруі кезінде шекаралық бақылаудан өту рәсімдерін оңайлату және жеделдігін арттыру; туристік салада цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту (құжаттарды онлайн-ресімдеу және электрондық визалар, туристік ағындарды есепке алу, электрондық броньдау және билеттер) және т. б;

      4) туристік нарыққа қатысушылар үшін ақпараттық талдау және жаңалықтар материалдарын дайындау (дайджесттер);

      5) туристік саланы дамытудың өзекті мәселелері бойынша қолданбалы сипаттағы зерттеулер (дестинациялардың көліктік және логистикалық қолжетімділігі, туризмнің басым және тауашалық түрлерін дамыту, маркетингтік зерттеулер, түгендеу және инфрақұрылымдық даму);

      6) әдіснамалық қолдау арқылы, оның ішінде туристік ағындарды өлшеу әдістері, туристік саланы дамыту көрсеткіштерінің құрылымын өзектілендіру, туристердің бейіндерін зерттеу және туристердің дестинация имиджін қабылдауы, статистикалық деректерді елдің негізгі туристік дестинациялары бөлінісінде ақпаратпен толықтыру, статистикалық есепке алу әдістемесін жетілдіру бойынша туризм саласындағы статистиканы есепке алу жүйесін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

      Бағдарламаларды іске асыру мониторингі

      Туристік саланы дамытуды жүйелі қолдауды қамтамасыз ету және қоғамның тікелей қатысуымен ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында туристік саланы дамыту мәселелері бойынша бағдарламалық құжат әзірлеу қажеттілігі негізделді, мемлекеттік бағдарлама әзірленді және бекітілді.

      Бұдан басқа, қоғам қызметкерлері Мемлекеттік бағдарламаны басқару жөніндегі жобалау қызметінің, оның ішінде туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның жобалау офисінің қызметі шеңберіндегі жобалау қызметінің тікелей қатысушылары болып табылады.

      Туристік салада мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа тәсілдерін енгізуді қамтамасыз ету мақсатында қоғам Туристік саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуге және Мемлекеттік бағдарламаны Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, жалпыұлттық басымдықтарды және Ұлттық жоспар-2025-ті іске асыру жөніндегі түйінді құрал болатын ұлттық жобаға қайта форматтауға жәрдемдесу жөнінде жұмыс жүргізетін болады. Аталған құжаттар Қазақстанның туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мақсаттарын, міндеттерін, тәсілдерін, күтілетін нәтижелері мен көрсеткіштерін айқындайтын болады.

      Бұдан басқа, жоспарланатын кезеңде қоғам туризм саласындағы жобалау қызметі шеңберінде мыналарды жүзеге асыратын болады:

      1) ұлттық жоба шеңберінде жобаларды іске асыруды үйлестіру, басқарудың жобалық тәсілдерін қолдана отырып, оларды мониторингтеу мен бақылау;

      2) ұлттық жобаны іске асырудың ведомствоаралық және өңіраралық мәселелерін шешуді үйлестіру;

      3) ұлттық жобаны іске асыру үшін жұмысты үйлестіру және қаржыландыруды бөлуге жәрдемдесу болып табылады;

      4) ұлттық жобаның нәтижелері мен іске асырылу барысы туралы ақпарат пен есептерді талдау және дайындау;

      5) ұлттық жобаның жобалары мен іске асырылу көрсеткіштерін түзету бойынша ұсыныстар мен негіздемелерді талдау, әзірлеу;

      6) 2025 жылдан кейінгі кезеңге ұлттық жобаны әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері


Көрсеткіш

2022

2023

2024

2025

2026

2027

2028

2029

2030

2031

Туристік өнімге енгізілген авиабилеттің құнын субсидиялау құралымен қамтылған балалар саны, мың адам

10

20

30

40

50

60

70

80

90

100

Қоғамның оқыту іс-шараларына қатысушылар саны, адам

1300

1350

1400

1450

1500

1550

1600

1650

1700

1750

Орналастыру орындарында eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесін енгізу (2026 жылға дейін), бірлік

500

500

500

100

100

-

-

-

-

-

eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесінде тіркелген шетелдік келушілердің саны, мың адам (2027 жылдан бастап)

-

-

-

-

-

55

60

65

70

75


      Күтілетін нәтижелер

      1) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуеде тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау тетігімен 2031 жылға дейін кемінде 550 мың баланы қамту;

      2) 2031 жылға дейін туризм саласындағы құзыреттерді дамыту және қоғамды оқыту іс-шараларымен шамамен 14 мың адамды қамту;

      3) 2026 жылға қарай eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесіне кемінде 1700 орналастыру орнын қосу және 2022 – 2031 жылдары жүйеге шамамен 500 мың шетелдік келушілерді тіркеу;

      4) 2021 – 2022 жылдары Kazakhstan.travel порталында "Marketplace" туристік өнімдері мен қызметтерін онлайн сатып алу және сату модулін іске қосу;

      5) "Турстат" ақпараттық жүйесін мобильдік операторлардың, жолаушылар тасымалдарының және eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесінің деректерімен интеграциялау (қаржыландыруды бөлінсе, 2025 жылға дейін);

      6) 2022 жылы "Туризм онлайн" ақпараттық жүйесінің платформасында туристік өнімдерді қалыптастыру үшін туристік маршруттардың цифрлық картасын жасау және тұрақты жүргізу;

      7) туристік операторлар мен туристік қызметтерді жеткізушілердің рейтингін енгізу;

      8) жылына кемінде 100 адамды қамти отырып, туристік бизнес өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлер үшін жыл сайынғы ақпараттық турлар өткізу;

      9) жыл сайын Қазақстанда конгрестік-іскерлік іс-шараларды (биддинг) өткізу жөніндегі кемінде 10 шетелдік тендер алаңына қатысу және конгрестік-іскерлік туризмнің кемінде 10 елшісін тарту;

      10) 2031 жылға дейін кезең-кезеңмен "сапа белгісі" жүйесін енгізу, бекітілген сапа стандарттарына сәйкес келетін туризм субъектілерінің санын ұлғайту;

      11) 2022 жылдан бастап туристік өнімдерді дамыту бағдарламасын іске қосу;

      12) туризм жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеуді, мониторингтеуді және іске асырылуын үйлестіруді қамтамасыз ету (2025 жылға дейін);

      13) 2022 жылдан бастап "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жүйелі қолдау шараларын енгізуді қамтамасыз ету.

      3.3-кіші бөлім. "Елдің туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету" 3-стратегиялық бағыты


      Мақсаты: Қазақстанның туристік дестинацияларының танымалдығын қамтамасыз ету

      Ықтимал туристердің саяхат пен демалыс үшін Қазақстанның мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру және Қазақстанның халықаралық туристік дестинация ретінде танылуын арттыру мақсатында қоғам Қазақстандағы туризмнің басым түрлерін және Қазақстанды туристендіру картасына енген туристік әлеуеті жоғары дестинацияларды нысаналы нарықтарға ілгерілететін онлайн және офлайн іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды жалғастырады.

      Ақпараттық ағындар мен іс-шаралар әлеуетті туристердің ұлттық туристік өнім туралы хабардар болуын арттыруға, отандық дестинацияларды, мәдени объектілер мен іс-шараларды танымал етуге, қазақстандық туристік өнімдерді ілгерілету процестеріне туристік операторлар мен агенттерді тартуға, жергілікті халық арасында туризм мәдениетін танымал етуге және дамытуға, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталатын болады.

      1-міндет. Онлайн ілгерілету

      Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы

      2018 – 2020 жылдары қоғам Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталына (бұдан әрі – портал) айтарлықтай жаңғырту жүргізді, ол Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілетудегі негізгі элемент ретінде ұсынылады.

      Бүгінгі күні портал ел бойынша маңызды туристік қызығушылық объектілері мен туристік ұсыныстарды қамтиды; нысаналы нарықтардың 7 тілінде (қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс, қытай, корей) қолжетімді; қосымша модульдермен және ақпараттық анықтамалықтармен жабдықталған; маршруттар, туристік ұсыныстар іздеу, пайдалы ақпарат алу және іс-шаралардың елдік күнтізбесін алу мүмкіндігімен туристерге арналған бөлімі бар; бизнес өкілдеріне арналған бөлімі бар, оған туристік агенттіктердің, гид-экскурсоводтардың, өңірлер мен туризм түрлері бойынша електен өткізу мүмкіндігі бар қолөнершілердің тізілімдері енгізілген.

      Жоспарланып отырған кезеңде қоғам портал арқылы елдің туристік әлеуетін ілгерілету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады, оның ішінде:

      туристік өнімдер мен қызметтерді онлайн-брондау және сатып алу үшін порталда сервисті құру және дамыту;

      іздеу жүйелері үшін порталды оңтайландыру (SEO оңтайландыру);

      порталға трафикті жүргізе отырып, интернет-ресурстарда жарнама орналастыру;

      8 тілде порталдың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      Қазақстанға сапарларға шабыттандыратын ақпараттық және көрнекі контентті қалыптастыру (мақалалар, бейнероликтер, фото);

      порталда негізгі мұражайлардың, Қазақстанның тарихи-мәдени және табиғи көрікті жерлерінің виртуалды және 3D-турларын құру және орналастыру;

      оқиғалар күнтізбесінің функционалдығын кеңейту және келушілер үшін ақпаратты дербес көрсету.

      Қоғам жылына кемінде 500 мың портал пайдаланушысын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

      Әлеуметтік желілерде ілгерілету

      Instagram және Facebook әлеуметтік желісінде ағылшын тілінде сөйлейтін нысаналы нарықтарда (Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері) Қазақстанның туристік бағыт ретінде танылуын арттыруға бағытталған аккаунттар құрылды және тұрақты негізде жүргізілуде. Осы әлеуметтік желілерде ұлттық туристік өнімді ілгерілету үшін қоғам эко және шытырман оқиғалы туризмді ұнататындарға бағытталған ақылы нысаналы жарнама жүргізетін болады. Facebook және Instagram арқылы нысаналы нарықтардың болжамды қамтылуы кемінде жылына 50 млн қарауды құрайды.

      YouTube бейнехостингіндегі арнаның негізгі аудиториясы (7,2 мың жазылушы) – шамамен 70 %-ы қазақстандық, шетелдік аудитория 30 %-ды құрайды. Арнаның бейнемазмұны нысаналы аудитория арасында Қазақстанның туристік брендін ілгерілету танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Арна контенті үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) қолжетімді. Арнаны жүргізудің әсері арнаға PR-науқандардың бөлігі болып табылатын бейнелерді орналастыру арқылы қол жеткізіледі, олар кейіннен "вирустық" әсерге ие болады және "ақпараттық толқындар" жасайды. Перспективада тұрақты негізде кемінде 3 жарнамалық науқанды іске қосу жоспарланып отыр, олардың нәтижесінде кемінде 50 млн қарауды қамтуға қол жеткізілуі тиіс, бұдан басқа, арна жергілікті атқарушы органдардың олардың дестинацияларының туристік әлеуеті туралы имидждік бейнематериалдарын ілгерілетуге жәрдемдесу үшін де пайдаланылатын болады (өтеусіз негізде).

      "СаяхатTime" телеграм арнасы (4,6 мың жазылушы) негізінен кәсіби туристік аудитория үшін жүргізіледі, онда елдегі туризмді дамытудың негізгі жаңалықтары мен статистикасы жарияланады, тақырыптық бейнематериалдар, туристік бизнес сауалнамалары, пайдалы инфографика, Қазақстанда демалысты ұйымдастыру мәселелері бойынша шетелдік туристердің сұраныстары жарияланады (арнаға жазылушылар саны – 4,6 мың).

      Қытайдың WeChat және Weibo әлеуметтік желілерінде қытайлық аудиторияны қамту үшін аккаунттар ашылған, олар арқылы Қазақстанда экотуризм мен шытырман оқиғалы туризм үшін мүмкіндіктер ілгерілеуде. 2020 жылы екі платформада қамту 3,2 млн қарауды құрады және қоғам Қытай нарығын осы деңгейден төмен болмайтын деңгейде қамтуды қолдауды жоспарлап отыр.

      2021 жылдан бастап қоғам танымалдылыққа ие болып келе жатқан Tiktok әлеуметтік желісі арқылы 20 жасқа дейінгі жастар арасында ішкі туризмді ілгерілету жұмысын бастады. Сондай-ақ арна контенті Қазақстандағы экологиялық және шытырман оқиғалы туризмнің мүмкіндіктерін ілгерілетуге бағытталатын болады.

      Жалпы, жоспарланып отырған кезеңде қоғам әлеуметтік желілер мен арналарда аккаунттар жүргізуді жалғастырады және оларды танымалдылық пен қажеттілік серпінін ескере отырып, құрылымдайтын болады. Әлеуметтік желілерде туризмді насихаттау үшін қоғам:

      белгілі бір әлеуметтік желінің тиісті форматына бейімделген мазмұнды, онда қамтылған нысаналы аудиторияның мүдделерін (посттар, инфографика, сауалнамалар, викториналар) қалыптастырады;

      танымал инфлюенсерлерді тартады және саяхат блогтарын жүргізеді;

      аудиториямен жұмыс жүргізеді, кері байланысты жүзеге асырады және түсініктемелерде қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

      әлеуметтік желілердегі контент бірнеше тілде қолжетімді болады.

      Әлеуметтік желілердегі аккаунттарды ілгерілету үшін қоғам тікелей жарнама және "вирустық" маркетинг құралдарын, сондай-ақ оң және теріс фонды мониторингтеуді қолданатын болады.

      Цифрлық және онлайн жарнама

      Цифрлық жарнама (Интернеттегі жарнама) нысаналы құралдардың көмегімен қажетті аудиторияны дәл таңдауға мүмкіндік береді, бұл маркетингтік науқанның тиімділігіне әсер етеді.

      Қоғам Instagram, Facebook, Google, Yandex және YouTube жарнама құралдары арқылы Еуропа, Азия, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне елдің туристік әлеуетін ілгерілетудің тұжырымдамалық тәсілдерін әзірледі.

      Жоспарланатын кезеңде қоғам жарнамалық науқандарды, оның ішінде:

      Google Ads Search іздеу жүйесінде және серіктес сайттарда;

      Яндекс. Директ Search іздеу жүйесінде;

      Google Video-да (YouTube + GDN video);

      Яндекс серіктестік бейне желісінде;

      Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі Stories және Audience Network жаңалықтар арнасында жүргізетін болады, бірақ мұнымен шектелмейді.

      Интернетте тиімді жарнама науқандарын өткізу мақсатында қоғам ішкі және шетелдік аудиторияға контентті және коммуникация тәсілдерін жасау, іріктеу және бейімдеу, нысаналы аудитория көбірек ұсынылатын алаңдарды мониторингтеу және таңдау бойынша жұмыс жүргізетін болады.

      Көрсетілген шаралардың нәтижелері бойынша қоғамның болжамдары бойынша ішкі және шетелдік нарықтардағы нысаналы аудиторияны цифрлық жарнамамен қамту кемінде 50 млн қарауды құрауы тиіс.

      Арнайы жобалар – танымал тұлғалармен, маркетингтік компаниялармен, туристік порталдармен, агрегаторлармен ынтымақтастықтағы имидждік жобалар.

      Ұлттық туристік өнімді онлайн ілгерілету мақсатында қоғам арнайы жобаларды іске асырады, оның ішінде:

      1) ірі туристік агрегаторлармен, туристік және ақпараттық сайттармен және порталдармен ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстан туралы ақпаратты осындай ресурстарға орналастыру (WikiTravel, Wikipedia, Tiplr.com, We Project, NUR.KZ, онлайн платформалар ExpediaGroup, Aviasales, Trip advisor, Lonely Planet және басқалар). Осы ілгерілету құралының қамту әлеуеті шамамен 100 млн қарау;

      2) шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, туристік операторлар және туристік нарықтың басқа да қатысушылары үшін Қазақстанның туристік әлеуетінің онлайн таныстырылымдарын және вебинарлар форматындағы ақпараттық турларды өткізу;

      3) әдіснамалық қолдау, ақпараттық және көрнекі контентті ұсыну, персоналды оқыту, ілгерілетуді қолдау арқылы жергілікті атқарушы органдар сайттарын, туристік объектілерді және ұйымдарды дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

      2-міндет. Офлайн ілгерілету

      PR және дәстүрлі жарнама

      Қоғам офлайн ілгерілету шеңберінде қазақстандық туристік өнімдерді ілгерілетуді жүзеге асыратын болады, оның ішінде:

      1) жарнамалық акциялар мен науқандар;

      2) қамту әлеуеті шамамен 200 млн қарауды құрайтын отандық және шетелдік теледидардағы жарнама;

      3) Қазақстанда адамдар көп жиналатын жерлерде туризмнің мүмкіндіктері бойынша ақпараттық материалдарды (сыртқы жарнама, ақпараттық буклеттер, бейнероликтер, баспа басылымдарындағы материалдар) (әуежайлар, вокзалдар, спорттық іс-шаралар, ұшақтардың, пойыздардың борттары және т. б.) тарату);

      4) Қазақстанда туризмнің қызығушылығын арттыру және танымал ету мәселелерінде жария тұлғалармен, блогерлермен, салалық ықпал ету агенттерімен және пікір көшбасшыларымен ынтымақтастықты көздейтін "Туризм елшілері" бағдарламасын іске асыруды жалғастыру. Бүгінгі таңда туризм елшілері – танымал әнші Димаш Құдайберген, швейцариялық туристік порталдың негізін қалаушы Indy-guide.com Атахан Тосун, жастар арасындағы әлем чемпионы (WBC Youth World Super welterweight) Садриддин Ахмедов және басқалар. Жыл сайын қоғам Қазақстанның туристік әлеуетін мақсатты нарықтарда ілгерілету үшін туризмнің кемінде 3 елшісін тартатын болады;

      5) білім беру және өлкетану ұйымдарымен, қауымдастықтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен әріптестік жобалары мен бағдарламаларды іске асыру;

      6) ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдер жасалған және іскерлік өзара іс-қимыл жолға қойылған шетелдік туристік операторлар үшін қоғам серіктестері үшін атаулы ақпараттық жіберілімдерді жөнелту;

      7) шетелдік шығармашылық өнімдерді, фильмдерді, телебағдарламаларды түсіруді ұйымдастыруға жәрдемдесу және тарту;

      8) ұлттық туристік өнімді ілгерілету және келу туризмін дамыту үшін тұрақты коммуникацияларды қалыптастыруға жәрдемдесу үшін нысаналы елдерде қоғамның өкілдігін ұйымдастыру;

      9) жыл сайын қоғам Қазақстанның туристік дестинацияларын ілгерілетуде жоспарлы, кешенді және жүйелі тәсілді қамтамасыз етуге, сондай-ақ ресурстарды тиімді бөлуге мүмкіндік беретін ұлттық туристік порталға орналастыра отырып, оқиғалық іс-шаралар күнтізбесін қалыптастыратын болады.

      Халықаралық көрмелерге қатысу

      Ұлттық туристік өнімді халықаралық нарықтарға экспорттау және отандық және шетелдік туристік операторлар арасында әріптестік коммуникацияларды жолға қоюға жәрдемдесу мақсатында қоғам әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстанның халықаралық туристік көрмелерге қатысуын қамтамасыз етуді және нысаналы елдерде (Германия, Польша, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея және Малайзия) презентациялық іс-шараларды өткізуді жалғастырады.

      Қоғам жыл сайын туристік бизнестің кемінде 100 өкілінің халықаралық туристік көрмелер мен презентациялық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

      Зәкірлік іс-шаралар өткізу

      Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, туристерді тартуға арналған "зәкірлердің" бірі мәдени, спорттық және ойын-сауық сипатындағы бұқаралық іс-шаралар (Германиядағы Октоберфест, Венеция карнавалы, Үндістандағы Холи фестивалі, Рио-де-Жанейродағы карнавал және тағы басқа) болып табылады.

      Қоғам оқиғалар жобаларын, оның ішінде эко- және этнотуризмді, сондай-ақ медициналық, іскерлік, спорттық және балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру арқылы Қазақстанда оқиғалар туризмін дамытуды қолдауды жүзеге асыратын болады.

      Осылайша, 2018 – 2019 жылдары қоғам Kóshpendiler Álemi халықаралық көшпелі мәдениеттің этно-мәдени фестивалі, атты және жаяу экспедициялар және тағы басқа осы сияқты ірі зәкірлік іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырды.

      Алайда, әлемде жаңа COVID-2019 коронавирустық инфекциясының және оның штамдарының таралуын және соның салдарынан экономикалық дамудағы дағдарысты ескере отырып, ауқымды бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды.

      Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай Қоғам іс-шаралар туризмін қолдау жөніндегі жұмысты түбегейлі өзгерте отырып, қайта бастайды.

      Мәселен, егер бұрын қоғам іс-шаралар идеяларын әзірлеуді, оларды жоспарлауды, ұйымдастыруды және ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілетуді жүзеге асырса, онда болашақта бастамашы жергілікті атқарушы органдар, бизнес-қоғамдастық, жеке тұлғалар болатын іс-шараларға маркетингтік қолдауды жүзеге асыру жоспарлануда.

      Жыл сайын қоғам жоспарланған іс-шаралар тізбесін жинақтайды және оны талдау нәтижелері бойынша туристердің барынша көп санын қызықтыратын және тарта алатын және қоғам оларды жинақтау, жарнамалау, ілгерілету бөлігінде қолдау көрсететін оқиғалық "зәкірлік" жобалар пулы іріктелетін болады.


      3-міндет. Ұлттық туристік брендті басқару


      Қоғам ұлттық туристік брендтерді әзірлеуді және оларды халықаралық және ішкі туристік нарықтарда ілгерілетуді жүзеге асыратын болады.

      Қоғамның туристік брендинг жөніндегі жұмысы Қазақстанның ұлттық брендін әзірлеу мен бекітуді ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

      Оны әзірлегеннен кейін қоғам туризм саласындағы елдік бренд-менеджер рөлін өзіне ала отырып, Қазақстанның туристік брендтерін ілгерілетудің олардың тізілімін жүргізуді және барлық мүдделі тараптардың (мемлекеттік органдар, қауымдастықтар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, туристік бизнес) белсенді қатысуын көздейтін бірыңғай тұжырымдамасын/стратегиясын әзірлейді.

      Елдің туристік брендтері мүдделі ведомстволардың (Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, "Эйр Астана" акционерлік қоғамы, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, салалық қауымдастықтар, әкімдіктер) барлық имидждік іс-шаралары мен ресурстары арқылы ілгерілейтін болады. Сондай-ақ қазақстандық туристік брендті ілгерілету кезінде қоғам ресурстарды пайдаланатын болады және Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктерімен (дипломатиялық өкілдіктер, елшіліктер, ұлттық компаниялардың өкілдіктері) ынтымақтастық жолға қойылады.

      Брендинг бойынша жұмыстың нәтижесі Қазақстанның қолайлы туристік имиджі және туристердің қазақстандық туристік өнімдер үшін неғұрлым жоғары баға төлеуге дайындығы болуы тиіс.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері


Көрсеткіш

2022

2023

2024

2025

2026

2027

2028

2029

2030

2031

Ішкі нарықта онлайн және офлайн ілгерілетумен қамту, млн қарау

8

8

10

12

14

16

18

20

22

24

Нысаналы шетелдік нарықтарда онлайн және офлайн ілгерілетумен қамту, млн қарау

160

180

200

240

260

280

300

320

340

360

      Күтілетін нәтижелер

      1) Қоғам Қазақстанның туристік мүмкіндіктері мен ұсыныстарын кәсіби ақпараттық сүйемелдеуді тұрақты негізде жүзеге асыратын болады, оның нәтижесінде 2031 жылға қарай ішкі нарықта онлайн және офлайн ілгерілетумен қамту 24 млн қарауға дейін, шетел нарығында 360 млн қарауға дейін ұлғаяды;

      2) жыл сайын нысаналы елдерде Қазақстанның туристік әлеуетін PR-ілгерілету үшін кемінде 3 "Туризм елшілері" тартылатын болады;

      3) Қазақстанның туристік брендтерінің тізілімдері жүргізіледі және оларды ілгерілетудің маркетингтік стратегиясына сәйкес ішкі және халықаралық нарықта тиімді ілгерілету қамтамасыз етілетін болады.

      3.4-кіші бөлім. "Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету" 4-стратегиялық бағыты


      Мақсаты: Қоғамның ұзақ мерзімді құнының өсуін қамтамасыз ету

      Стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің табысты іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ компанияның ұзақ мерзімді құны мен орнықты дамуының өсуін қамтамасыз ету мақсатында қоғам менеджменті компанияның ресурстары мен процестерін барынша тиімді басқаруға, оның өнімділігі мен кірістілігін арттыруға, қызметкерлердің орындалатын функционал үшін жеке жауапкершілігіне бағытталатын болады.

      Осыған байланысты қоғам алдына қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету, Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және кадр саясатының тиімділігін арттыру жөнінде міндеттер қояды.

      Қоғам үш құрамдас бөлікке негізделген тұрақты даму қағидаттарын ұстанатын болады: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік.

      Қоғамның қызметі қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді, бұл ретте қоғамның қызмет аясы табиғи ресурстарға тікелей байланысты, негізделген және тәуелді.

      Осыған байланысты қоғам қызметі туризмді табиғи ресурстар мен мәдени-тарихи құндылықтарды ұзақ мерзімді пайдалануды ынталандыратын фактор ретінде дамытуға бағытталатын болады.

      Тұрақты дамудың экологиялық құрамдас бөлігі шеңберіндегі қоғамның іс-шаралары:

      рекреациялық ресурстарды туристік ағындарды қабылдауға жұмылдыруды, табиғи кешендердің өзін-өзі сауықтыру қабілеті жоғалмайтын шекті жүктемелерді айқындауды ескере отырып, туристік ресурстардың дамытуды жоспарлау және мониторингтеу, инвестициялық жобаларды қолдау;

      экологиялық, оның ішінде ауылдық және агротуризмді дамыту;

      табиғи ресурстарды пайдалануға тікелей байланысты туризм түрлерін дамыту мәселелері жөнінде талдамалық және заңнамалық қамтамасыз ету;

      жалпы туризм мәдениетін және табиғатты құрметтеуді арттыруға бағытталған халық арасында ақпараттық-насихат жұмыстары.

      Тұрақты дамудың экономикалық құрамдас бөлігін қамтамасыз ету мақсатында қоғам ұзақ мерзімді құнды арттыруға, акционерлер мен басқа да мүдделі тараптардың мүдделерін қамтамасыз етуге, процестердің тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылдайды.

      Тұрақты дамудың әлеуметтік құрамдас бөлігін іске асыру шеңберінде қоғам еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығын сақтау және персоналдың жеке дамуына жағдай жасау бойынша жұмыс атқарады. Сонымен қатар қоғам оқу іс-шараларын, тренингтер, тағылымдамалар, шеберлік сабақтарын, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру арқылы туризм және ілеспе кәсіпкерлік субъектілерінің құзыретін дамыту бойынша шаралар қабылдайды.

      1-міндет. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету

      Өзін-өзі ақтауды және қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында қоғамның қаржы моделі қаржыландыру көздерін кеңейту және саралау жағына қарай жетілдірілетін болады.

      Қоғам қызметінің таңдап алынған стратегиялық бағыттары шеңберіндегі іс-шаралар оларды іске асыру үшін қажетті тиісті құзыреттер қоғамға баламалы табыс көздерінің желісін, оның ішінде мыналар есебінен ұлғайтуға мүмкіндік береді:

      1) сырттан келетін және ішкі туристерді тартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету;

      2) туристік сала жобаларын іске асыру бойынша инвесторларды сүйемелдеу және консалтинг;

      3) ресурстардың болуын ескере отырып, жарғылық капиталдағы үлесті сатып алу арқылы инвестициялық жобаларға бақылаусыз қатысу;

      4) консультациялық, маркетингтік және ақпараттық-талдау қызметтерін (зерттеулер жүргізу, оқыту іс-шаралары, құзыреттерді дамыту, туристік нарық субъектілерінің қызметін бағалау) қамтиды);

      5) Қазақстанда туристік бизнес пен туризмді қолдау және ынталандыру құралдарына әкімшілік ету бойынша қызметтер көрсету;

      6) халықаралық және ішкі туристік нарықтарда туристік мүмкіндіктерді ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      7) мамандандырылған ақпараттық жүйелер мен цифрлық өнімдерді құру және енгізу;

      8) туристік ресурстарды құруға және/немесе дамытуға бағытталған туристік қызметті жүзеге асыру;

      9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік қызмет объектілерін басқаруды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте қаржы моделі бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттардың талаптарын міндетті түрде сақтай отырып қалыптастырылатын болады.

      Тұтастай алғанда, қоғамның қаржы саясаты мынадай қағидаттар ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады:

      1) нысаналы мақсат – қоғам қызметінің нақты тұжырымдалған стратегиялық мақсатына бағдарлануды көздейді. Барлық жоспарланған ұйымдастырушылық және қаржылық шаралар нақты мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етуі керек;

      2) іске асырылу – ұзақ мерзімді мақсаттар қою және оларға қол жеткізу стратегиясын айқындау кезінде қоғамның нақты мүмкіндіктері ескеріледі. Қойылған мақсаттар іске асырылуы керек, ал міндеттер орындалуы керек;

      3) кешенділік – ақпаратты жан-жақты талдау және есепке алу сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді;

      4) перспективалылық – қаржылық стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған;

      5) басымдық – ұзақ мерзімді стратегиялық желі барлық кейінгі жұмысқа қатысты басым және айқындайтын болып табылады.

      Қоғамда қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру үшін компанияның өтімділігі мен қаржылық тәуекелдерін басқарудың кешенді моделі әзірленетін болады. Оны іске асыру компанияның ақша ағындарының ашықтығын және оларға бақылауды, шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын, компания қызметінің нәтижелеріне қаржылық тәуекелдердің теріс әсерін азайтуды қамтамасыз етеді.

      2-міндет. Корпоративтік даму жүйесін жетілдіру

      Қоғамды корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру және дамыту шеңберінде компанияның басқару органдары қызметінің тиімділігін және олардың өзара іс-қимылын арттыру, сондай-ақ тиімді ішкі бизнес-процестерді құру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

      Директорлар кеңесі мен Басқарма қызметінің және олар қабылдаған шешімдердің тиімділігінің негізгі факторы қарауға енгізілетін материалдардың сапасы, уақтылығы және толықтығы болып табылады. Осыған байланысты қоғам қызметкерлерінің бақылауы мен жауапкершілігі, сондай-ақ материалдарды дайындау кезінде заңды сүйемелдеу күшейтілетін болады.

      Стратегиялық міндеттерді іске асырудағы қозғаушы күш дұрыс құрылған бизнес-процестер болып табылады. Осыған байланысты қоғам мерзімді негізде ұйым ішіндегі бизнес-процестерді талдауды жүзеге асырады және жетілдіру, қайталанатын функцияларды және мүдделердің ықтимал қақтығыстарын болдырмау жөнінде жұмыс жүргізеді, сондай-ақ бизнес-процестерді автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

      Қоғамда корпоративтік басқару сапасын жақсарту мақсатында үздік әлемдік практика әдістемелерінің негізінде корпоративтік басқаруды мерзімді диагностикалау практикасы (құрылым, процестер, ашықтық) енгізілетін болады.

      Қызметтің ашықтығын арттыру, оң имиджін қалыптастыру және туризм саласында кәсіби қоғамдастықтың компания іске асыратын іс-шаралар мен бағдарламаларға тартылуын арттыру мақсатында қоғам жалпы жұртшылықты және өз қызметі туралы негізгі контрагенттерді белсенді және мақсатты түрде хабардар етуді жүргізетін болады.

      Қоғам квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде барынша сыртқы назар аударатын жекелеген ішкі рәсімдерді іске асыру бөлігінде қабылданатын шешімдердің ашықтығын: сатып алуды өткізуді, бос лауазымдарға орналасуға персоналды іріктеуді, инвестициялық қызметті қамтамасыз ететін болады.

      Қоғам акционерлік қоғамдар туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ашылуға тиіс қаржылық жай-күйі, дивидендтік саясат, қол жеткізілген нәтижелер, даму перспективалары және басқа да ақпарат туралы өзекті ақпараттың, сондай-ақ қоғам қызметінің өзгерістері, жаңа түрлері, бағыттары мен нәтижелері, қоғаммен ынтымақтастықтың пайдалары және табысты жобалар туралы өзге де ақпараттың ашылуын қамтамасыз ететін болады.

      Қоғам корпоративтік басқарудың озық практикаларын енгізуге ұмтылатын болады және үш жылда кемінде бір рет компанияда корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізетін болады.

      3-міндет. Кадр саясатының тиімділігін арттыру

      Қоғамның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін табысты іске асыру адами ресурстардың сапасына және олардың уәждемесіне байланысты.

      Осыған байланысты қоғамның кадр саясаты әлеуметтік жауапкершілік, персоналды басқару жүйесінің ашықтығы, білім мен тәжірибенің сабақтастығы, қызметкерлердің жеке жауапкершілігі, қоғам мен қызметкерлердің мүдделері мен мақсаттарының өзара байланысы қағидаттарында жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа, мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыру мақсатында қоғам шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін ұлғайтуға ұмтылатын болады.

      Компанияның негізгі активі ретінде қоғамның еңбек ресурстарының сапасын арттыру персоналды іріктеу және бейімдеу процестерін басқару, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру есебінен жүзеге асырылатын болады.

      Қоғамның қолда бар кадр әлеуетін өнімді басқару мақсатында орындалатын функционалдың сапасын арттыру, сондай-ақ қажетті қосымша білім алу үшін қоғам қызметкерлерін оқыту және кәсіптік дамыту бойынша жұмыс ұйымдастырылатын болады.

      Қоғамда жинақталған құзыреттерді сақтау мақсатында сабақтастықты жоспарлау практикасы қалыптастырылатын болады. Сабақтастықты жоспарлау компания қызметкерлерінің кәсіби қасиеттері мен функционалдық міндеттеріне байланысты кадрлық резерв, тәлімгерлік және персоналды мерзімді ротациялау құралдары арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Қоғамдағы еңбек тиімділігін басқару жүйесі әрбір қызметкердің жеке еңбек тиімділігін арттыруға тікелей және тұрақты мүдделілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды тартуға және ұстап қалуға бағытталатын болады. Еңбек (қызмет) тиімділігін басқару әлеуметтік қолдау, материалдық ынталандыру, қызметті бағалау сияқты құралдар арқылы қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасау есебінен жүзеге асырылатын болады.

      Қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру тетігі ретінде қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау қызметтің жеке түйінді көрсеткіштерін белгілеу және персоналды бағалау арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Тиімді коммуникациялар және қызметкерлердің өзара іс-қимылы корпоративтік іс-шараларды өткізу, коммуникацияның тиімді ішкі арналарын қалыптастыру, қызметкерлердің пікірлері мен ұсыныстарын, оның ішінде қоғам басшылығымен кездесулер шеңберінде тұрақты зерделеу арқылы қамтамасыз етілетін болады.

      Қоғам кадрлардың тұрақтамауының деңгейін отандық квазимемлекеттік секторда жалпы қабылданған кадрлардың табиғи тұрақтамауының деңгейі ретінде 15 %-дан асырмай қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері


KPI

2022

2023

2024

2025

2026

2027

2028

2029

2030

2031

Қоғамның экономикаға үлесі, халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнен %

0,6

0,8

0,85

0,9

0,95

1

1,1

1,2

1,3

1,4

Корпоративтік басқару рейтингін алу, 10 балдық шәкіл бойынша бағалау

-

4

-

-

6

-

-

7

-

-

Кадрлардың тұрақтамау деңгейі, өткен жылға қарағанда %

15

15

15

15

15

15

15

15

15

15


      Күтілетін нәтижелер

      1) Қоғамның ел экономикасына үлесі 2022 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің 0,6-ынан 2031 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің 1,4 %-ына дейін ұлғаяды;

      2) Қоғамда практика енгізіледі және үш жылда бір рет рейтинг ала отырып, корпоративтік басқару диагностикасы жүргізіледі;

      3) Қоғам корпоративтік басқару рейтингінің жоспарлы өсуін қамтамасыз етеді;

      4) Қоғам кадрлардың тұрақтамау деңгейін жылына 15 %-дан асырмайды.

      4-бөлім. Тәуекелдерді басқару

      Осы даму стратегиясын іске асыру шеңберінде қоғам мынадай тәуекелдерге тап болуы мүмкін:


Тәуекелдер (сипаттамасы, салдарлары)

Тәуекелдің алдын алу жөніндегі шаралар

Тәуекел басталған жағдайда ден қою жөніндегі шаралар

Инвестицияларды тарту тәуекелдері

1

Жобалар бастамашылары тарапынан инвестициялық ұсыныстардың/ әлеуетті инвесторлар тарапынан қызығушылықтың болмауы.

1. Қолда бар инвестициялық ұсыныстар мен мүмкіндіктер туралы әлеуетті инвесторлардың хабардар болуын арттыру.
2. Туризм саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастық.
3. Инвестициялық ахуалды жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау.

Жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде қоғамның тартымды инвестициялық ұсыныстарға өз бетінше бастама жасауы.
 
Жобаларды іріктеу өлшемшарттары мен қаржыландыру тетіктерін қайта қарау.

2

Валюталық тәуекелдер: ықтимал шығындар және валюта бағамының күрт ауытқуына байланысты инвестордың жобадан кетуі.

1. Жобаны жоспарлау және құрылымдау процесінде валюталық тәуекелдерді есепке алу.
2. Жоба шығындарының құрылымындағы жергілікті қамту үлесін барынша көбейту.
3. Фьючерстік келісімшарттар жасасу.
 

Қаржыландырудың жаңа / қосымша көздерін, балама жеткізушілерді іздеу.

Инвестицияларды тарту тәуекелдері

3

Зәкірлік жобаларға үлестік қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға бөлінген қаражаттың болмауы, бұл компанияның инвестициялық қызметін іс жүзінде мүмкін емес етеді.

1.      Қоғам жобаларының 5 жылдық кезеңге арналған инвестициялық базасын құру.
2.      Халықаралық даму институттары желісі бойынша қосымша қаржыландыруды іздестіру.
 

Тікелей инвестициялар қорын, салалық инвестициялық қорларды, әртүрлі қаржы институттарын, оның ішінде мемлекеттік және халықаралық қаржы институттарын құру.

Қоғамның талдамалық қызметінің тәуекелдері

4

Қоғамның ұсынымдары мен ұсыныстарын тиісті орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар пайдаланбайтын және енгізбейтін тәуекел.

1. Зерттелетін мәселелерді мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп пысықтау.
2. Әзірленген ұсынымдарды салалық және кәсіпкерлік қауымдастықтардың назарына жеткізу, сараптамалық және бизнес-қоғамдастықтар, партиялар арасында тарату және т.б.
 

Деректерді агрегаттау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейіне шығара отырып, туристік саланы жүйелі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Туристік саланы цифрландыру тәуекелдері

5

Туристік нарыққа қатысушылардың цифрлық бизнеске көшуге әзір болмауы (ментальды, техникалық).

1.      Туристік бизнестің құзыреттілігін дамыту және туристік қызметті жүзеге асыру кезінде бизнес-процестерді цифрландыру мәселелері бойынша білім/ақпарат тарату.
2.      Цифрлық технологияларды енгізуге кедергі келтіруі мүмкін техникалық проблемаларды анықтау (маркетингтік зерттеулер шеңберінде), оларды нивелирлеу бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Бизнесті басқарудың цифрлық құралдарын енгізудің артықшылықтары мен қажеттілігі туралы туристік нарыққа қатысушылармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ақпараттық жүйені және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар.

Қаржылық тәуекелдер

6

Стратегияның жоспарланған іс-шараларын іске асыруға бөлінген қаражаттың болмауы және/немесе олардың жеткіліксіз көлемі.

Ішкі және сырттан келетін туризмін дамыту және ілгерілету бойынша жергілікті атқарушы органдар мен басқа да органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру.

Даму институттары, оның ішінде халықаралық институттар желісі бойынша қосымша қаржыландыруды іздеу.

Ілгерілету тәуекелдері


"Әлсіз" бренд: Қазақстанның туристік брендтерінің бәсекелестер арасында ерекшеленбеу және әлеуетті туристердің қызығушылығын туғызбау тәуекелі. Бұл елге туристік ағымның күтілетін өсуінің болмауына және брендинг пен ілгерілету шығындарының тиімсіздігіне әкеледі.

1. Брендті қалыптастыру сатысында сапалы зерттеу.
2. Брендті тестілеу.

1. Өткен тәжірибені ескере отырып, ребрендинг бойынша іс-шаралар.

8

Брендтің уәделері мен Қазақстанның туристік ресурстары мен инфрақұрылымының мүмкіндіктері арасындағы қайшылық. Бұл Қазақстанға сапарлардың қайталануын нөлге жеткізеді және орта және ұзақ мерзімді перспективада адал клиенттер санының азаюына әкеледі.

Қазақстандағы туристік ресурстарды дамыту және туристік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстар кешенін жүргізу.

1. Өткен тәжірибені ескере отырып, ребрендинг бойынша іс-шаралар.
2. Қазақстанның туристік ресурстарын дамыту жөніндегі іс-шараларды неғұрлым қарқынды өткізу.

9

Елге туристік ағындарды едәуір арттыра алатын белгілі бір аудиторияның ілгерілетумен қамтылмауы.
 
 

Сыртқы нарықтарды мерзімді талдау және маркетинг.

Ілгерілетудің маркетингтік стратегиясын өзектілендіру.

COVID-2019 жаңа короновирустық инфекция пандемиясының салдары

10

Жаңа COVID-2019 коронавирустық инфекцияның және оған байланысты шекарадан өту мен адамдардың еркін жүруіне тыйымдардың ұзаруы.
Адамдардың саяхатқа деген қорқынышы.
Бұл факторлар Қазақстанда туризмді дамыту бойынша қоғамның қабылдаған шараларын нөлге дейін төмендетуі мүмкін.
 

Қазақстанда қабылданған қауіпсіздік шаралары, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат тарату.
Әлеуметтік-дистанциялық логистика және туристердің демалуы үшін жағдай жасау.
Ішкі туризмді басымдықпен ілгерілету.

Инфрақұрылымды дамыту әрі сапалы және қызықты туристік өнімдер мен қызметтер үшін мазмұнды дайындау үшін саланың мәжбүрлі тоқтап қалу уақытын пайдалану.


  "Kazakh Tourism" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының 2022 – 2031
жылдарға арналған даму
стратегиясына
1-қосымша

"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің түйінді көрсеткіштерін есептеу әдіснамасы

      1. "Туристік сала жобаларына тартылған инвестициялар көлемі" көрсеткіші"

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:

      Көрсеткіш мыналарға қол жеткізуге бағытталған:

      1) Ұлттық жоспар-2025 "Негізгі капиталға инвестициялар" ("Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер" саласы үшін) және "Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны" көрсеткіштері;

      2) Мемлекеттік бағдарламаның "Негізгі капиталға инвестициялар көлемі" көрсеткіші.

      Әдістеме:

      Есепті кезеңде туристік сала жобаларына қоғам тартқан инвестициялар көлемінің нақты деңгейін есептеу кезінде мыналар ескерілетін болады:

      1) Қоғам қатысқан жобалардың құны, оның ішінде:

      есепті кезеңде салынған мемлекеттік инвестициялар;

      есепті кезеңде салынған жеке отандық және шетелдік инвестициялар;

      есепті кезеңде бірлескен кәсіпорындардың жобасын іске асыру үшін құрылған жарғылық капиталды төлеуге енгізілген негізгі және материалдық емес активтердің құны;

      2) есепті кезеңде қоғам жеңілдікті қаржыландыруды, преференцияларды бөлуге, жер, инфрақұрылымдық және мемлекеттік органдармен өзге де проблемалық мәселелерді шешуге жәрдем көрсеткен жобаларға салынған жеке отандық және шетелдік инвестициялар (оның ішінде өтімді, негізгі және материалдық емес активтердің құны);

      3) есепті кезеңде қоғам консалтинг, сүйемелдеу және жинақтау жасаған жобаларға салынған жеке отандық және шетелдік инвестициялар (оның ішінде өтімді, негізгі және материалдық емес активтердің құны).

      Өлшем бірлігі: млрд теңге.

      Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат көздері:

      Қоғам органдарының шешімдері, бірлесіп құрылатын компаниялардың құрылтай шарттары мен жарғылары, уәкілетті мемлекеттік органдардың өтініштері/жауаптары, инвесторлармен, серіктестермен және жоба бастамашыларымен меморандумдар мен келісімдер, инвесторлармен және әріптестермен кездесулер хаттамалары, ресми хат алмасу.

      2. "Туристік сала жобаларына тартылған шетелдік инвестициялар көлемі" көрсеткіші

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:

      Көрсеткіш Ұлттық жоспар-2025 "Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны" көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталған.

      Әдістеме:

      Есепті кезеңде туристік сала жобаларына қоғам тартқан шетелдік инвестициялар көлемінің нақты деңгейін есептеу кезінде ескерілетін болады:

      1) есепті кезеңде қоғам қатысқан жобаларға салынған шетелдік инвестициялардың құны;

      2) Есепті кезеңде қоғам жеңілдікті қаржыландыруды, преференцияларды бөлуге, жер, инфрақұрылымдық және мемлекеттік органдармен өзге де проблемалық мәселелерді шешуге жәрдем көрсеткен жобаларға салынған шетелдік инвестициялар (оның ішінде, өтімді, негізгі және материалдық емес активтердің құны);

      3) есепті кезеңде қоғам консалтинг, сүйемелдеу және жинақтау жасаған жобаларға салынған шетелдік инвестициялар (оның ішінде өтімді, негізгі және материалдық емес активтердің құны).

      Өлшем бірлігі: млрд теңге.

      Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат көздері:

      Қоғам органдарының шешімдері, бірлесіп құрылатын компаниялардың құрылтай шарттары мен жарғылары, уәкілетті мемлекеттік органдардың өтініштері/ жауаптары, инвесторлармен, серіктестермен және жоба бастамашыларымен меморандумдар мен келісімдер, инвесторлармен және әріптестермен кездесулер хаттамалары, ресми хат алмасу.

      3. "Туристік дестинациялардағы біржолғы сыйымдылықты ұлғайту" көрсеткіші

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:

      Көрсеткіш Ұлттық жоспар-2025 "Еңбек өнімділігінің өсуі" көрсеткішіне (тұру және тамақтану жөніндегі қызметтер бойынша) және Мемлекеттік бағдарламаның "Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі" көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталған.

      Туристік қызығушылық тудыратын орындарда қазіргі заманғы жаңа орналастыру орындарын, оның ішінде қазір ондай орындар жоқ дестинацияларда (ұлттық парктер) енгізу орналастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемін ұлғайтуға және тиісінше тұру мен тамақтану жөніндегі қызметтердің еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

      Әдістеме:

      Туристік дестинациялардағы біржолғы сыйымдылықты ұлғайтудың нақты деңгейін есептеу кезінде инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде оларға қатысты қоғам жаңадан салынған және/немесе есепті кезеңде пайдалануға берілген төсек-орындардың саны ескерілетін болады:

      1) қаржылай қатысты;

      2) жеңілдікпен қаржыландыруды, преференцияларды бөлуге, жер, инфрақұрылымдық және мемлекеттік органдармен өзге де проблемалық мәселелерді шешуге жәрдем көрсетті;

      3) консалтинг, сүйемелдеу және жинақтау жүзеге асырды.

      Өлшем бірлігі: төсек-орын саны.

      Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат көздері:

      Инвесторлардың, серіктестердің, жергілікті атқарушы органдардың жаңадан енгізілген төсек-орындар саны туралы ресми деректері.

      4. "Қоғамның оқыту іс-шараларына қатысушылар саны" көрсеткіші

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:

      Көрсеткіш туризм саласы қызметкерлерінің құзыреттерін дамыту және тиісінше олардың еңбек өнімділігін арттыру арқылы Ұлттық жоспар-2025 "Еңбек өнімділігін арттыру" (тұру және тамақтану жөніндегі қызметтер бойынша) көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталған.

      Әдістеме:

      Көрсеткішті есептеу кезінде қоғам ұйымдастырған және өткізген онлайн және офлайн семинарлардың, тренингтердің, курстардың және өзге де оқыту іс-шараларының, оның ішінде ішкі туризмнің онлайн академиясының платформасында отандық және шетелдік қатысушылар ескерілетін болады.

      Өлшем бірлігі: оқытылған адамдар саны.

      Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат көздері: оқыту іс-шараларына қатысушылардың тізімі, оқыту туралы берілген сертификаттар.

      5. "Орналастыру орындарында eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесін енгізу" көрсеткіші (2026 жылға дейін)

      Әдістеме:

      Көрсеткіштің нақты мәнін айқындау үшін есепті кезеңде eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесіне нақты қосылған орналастыру орындарының саны ескерілетін болады.

      Өлшем бірлігі: eQonaq (eHotel) жүйесі пайдаланатын орналастыру орындарының саны.

      Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат көздері: тіркелген орналастыру объектілерінің саны туралы eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесінен талдамалық ақпарат.

      6. "eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесінде тіркелген шетелдік келушілердің саны" көрсеткіші (2027 жылдан бастап)

      Әдістеме:

      Көрсеткіштің нақты мәнін айқындау үшін есепті кезеңде eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесінде нақты тіркелген шетелдік келушілердің саны ескерілетін болады.

      Өлшем бірлігі: оқытылған адамдар саны.

      Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат көздері: eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесінен шетелдік қонақтың "Көші-қон полициясы" АЖ-да болуы туралы жіберілген хабарламалардың саны туралы талдамалық ақпарат.

      7. "Туристік өнімге қосылған авиабилеттің құнын субсидиялау құралымен қамтылған балалар саны" көрсеткіші

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:

      Көрсеткіш міндетті түрде тұру және тамақтану бойынша ұйымдастырылған қызметтерді қамтитын субсидияланатын пакеттік турларға бағаның қолжетімділігін және сұранысты арттыру арқылы Ұлттық жоспар-2025 "Еңбек өнімділігінің өсуі" (тұру және тамақтану жөніндегі қызметтер бойынша) көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталған.

      Әдістеме:

      Туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау құралын қолдана отырып, әуе көлігімен тасымалданған Қазақстан Республикасының 2 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған азаматтарының нақты саны туристік өнімнің құрамында сатылған балалар авиабилеттеріне субсидиялау алу мақсатында туристік өнімдер бойынша нақты сатылған туристік қызметтер туралы ұсынылған ақпаратқа (есепке) сәйкес қалыптастырылатын болады.

      Өлшем бірлігі: мың адам.

      Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат көздері: туристік операторлардың ақпараты.

      8. "Ішкі нарықта онлайн және офлайн ілгерілетумен қамту" көрсеткіші

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:

      Көрсеткіш Қазақстанда ішкі нарықта туризмнің мүмкіндіктері туралы хабардар болуды арттыру және танымал ету арқылы қазақстандық нысаналы аудитория мен сырттан келетін және ішкі туристердің санын қамту бойынша Мемлекеттік бағдарламаның көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған.

      Әдістеме:

      Қамту тиісті алаңдардың есептерінен алынған аудиторияны онлайн жарнамамен (әлеуметтік желілердегі, бейнехостингтердегі, порталдағы қараулар, баннерлік жарнама, іздеу жүйелеріндегі жарнама және т. б.) нақты қамтуды және дәстүрлі жарнаманың әлеуетті қамтылуын (теледидардағы жарнама, сыртқы жарнама, бұқаралық алаңдардағы ілгерілету) қамтиды.

      Өлшем бірлігі: млн қаралым.

      Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат көздері: нақты қарау және әлеуетті қамту туралы алаңдардың деректері

      9. "Нысаналы шетелдік нарықтарда онлайн және офлайн ілгерілетумен қамту" көрсеткіші

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:

      Көрсеткіш Қазақстанда нысаналы нарықтар мен аудиториялардан ықтимал туристердің хабардар болуын арттыру арқылы шетелдік нысаналы аудиторияны және сырттан келетін және ішкі туристерді қамту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған.

      Әдістеме:

      Қамту тиісті алаңдардың есептерінен алынған аудиторияны онлайн жарнамамен (әлеуметтік желілердегі, бейнехостингтердегі, порталдағы қараулар, баннерлік жарнама, іздеу жүйелеріндегі жарнама және т. б.) нақты қамтуды және дәстүрлі жарнаманың әлеуетті қамтылуын (теледидардағы жарнама, сыртқы жарнама, бұқаралық алаңдардағы ілгерілету) қамтиды.

      Өлшем бірлігі: млн қаралым.

      Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат көздері: нақты қарау және әлеуетті қамту туралы алаңдардың деректері.

      10. "Қоғамның экономикаға үлесі" көрсеткіші

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:

      Көрсеткіш Ұлттық жоспар-2025 "Номиналды мәндегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім" және "СМТ бойынша жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім" көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған.

      Әдістеме:

      Қоғамның экономикаға қосқан үлесін есептеу кіріс әдісімен, статистикада қолданылатын кіріс әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдісіне ұқсас жүзеге асырылады.

      Көрсеткішті есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Салым = (ОТ + ЧН + ВП + ПД) / Vввп * 100%,

      онда:

      салым – есепті кезеңде қоғамның экономикаға қосқан үлесі;

      ОТ – еңбекақы және әлеуметтік сақтандыруға аударымдарды қамтитын есепті кезеңде қоғам қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу;

      ЧН – есепті кезеңде бюджетке төленген ҚҚС сомасы;

      ВП – қоғамның есепті кезеңде негізгі қызметтен алған және Қоғамның жалпы кірісі мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны арасындағы айырма ретінде есептелген жалпы пайда (есепті кезең бойынша);

      ПД – қоғамның өзге де кірісі;

      Vввп – халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімінің көлемі;

      Өлшем бірлігі: %.

      Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат көздері: қоғамның бухгалтерлік және қаржылық құжаттары және өзге де анықтамалық деректер, оның ішінде уәкілетті органдар

      11. "Корпоративтік басқару рейтингін алу" көрсеткіші

      Әдістеме:

      Рейтингтің нақты деңгейі компаниядағы корпоративтік басқару деңгейін анықтау үшін қоғам тартқан мамандандырылған тәуелсіз компанияның бағалау қорытындылары бойынша алынады.

      Өлшем бірлігі: рейтингтегі орны, 1-ден 10-ға дейінгі шәкіл бойынша.

      Бағалау кезеңділігі: 2023 жылдан бастап үш жылда бір рет.

      Ақпарат көздері: қоғамда тартылған тәуелсіз мамандандырылған компанияны корпоративтік басқару деңгейін бағалау жөніндегі есеп.

      12. Кадрлардың тұрақтамау деңгейі

      Әдістеме:

      Есепті кезеңде кадрлардың тұрақтамауының нақты деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Кт = (А + В) / ССР * 100, мұнда:

      Кт – кадрлардың тұрақтамау коэффициенті;

      А – өз еркімен жұмыстан шыққан қызметкерлер саны;

      В – басшылықтың бастамасы бойынша жұмыстан босатылған қызметкерлер саны;

      ОЖЖ – жұмысшылардың орташа саны.

      Өлшем бірлігі: %, өткен жылмен салыстырғанда.

      Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат көздері: қоғам қызметкерлерінің саны мен қозғалысы туралы нақты деректер.

  "Kazakh Tourism" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының 2022 – 2031
жылдарға арналған даму
стратегиясына
2-қосымша

Стратегиялық карта

Жалпыұлттық басымдықтар
 

Қазақстан Республикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары

Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің
2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары

"ҰК "Kazakh Tourism" АҚ
даму стратегиясында көзделген қызметтің түйінді көрсеткіштері
 

2025 жылға қарай тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынын 30 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу".
 

1. 2025 жылға қарай тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер бөлінісінде негізгі капиталға инвестициялардың нақты өсуін 2019 жылғы деңгейге қарағанда 87,3% қамтамасыз ету.
 
2. 2025 жылға қарай 30 млрд АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынын қамтамасыз ету.

2025 жылға қарай негізгі капиталға инвестициялар көлемінің 600 млрд теңгеге дейін өсуі.

2024 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестициялардың ("Тұру және тамақтану жөніндегі қызметтер" экономикалық қызмет түрі бойынша) 2019 жылғы деңгейден 73,4 %-ға нақты өсуін қамтамасыз ету.

1. 2031 жылға қарай қоғамның жәрдемдесуімен/қатысуымен туристік сала жобаларына кемінде 1473 млрд. теңге инвестиция тартуды қамтамасыз ету.
2. 2031 жылға қарай қоғамның жәрдемдесуімен/қатысуымен туристік сала жобаларына кемінде 221 млрд теңге шетелдік инвестициялар тартуды қамтамасыз ету.

-

2025 жылға қарай тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер еңбек өнімділігінің 2019 жылғы деңгейден 12,2 %-ға өсуін қамтамасыз ету.

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемінің 2025 жылға қарай 270 млрд теңгеге дейін өсуі.

2024 жылға қарай еңбек өнімділігінің ("Тұру және тамақтану жөніндегі көрсетілетін қызметтер" экономикалық қызмет түрі бойынша) 2019 жылғы бағамен 2019 жылғы деңгейден 7,6 %-ға өсуін қамтамасыз ету

2031 жылға қарай туристік дестинациялардағы біржолғы сыйымдылықты 22200 жаңа төсек-орынға ұлғайту (қоғамның жәрдемдесуімен/қатысуымен іске асырылған инвестициялық жобалар шеңберінде)

-

Туристік өнімге қосылған авиабилеттің құнын субсидиялау құралымен кемінде 550 мың баланы қамтуды қамтамасыз ету

-

-

Қоғамды оқыту іс-шараларымен кемінде 14 мың адамды қамтуды қамтамасыз ету

-

-

1. 2025 жылы ішкі туристер санын 8 млн адамға дейін ұлғайту
2. 2025 жылға қарай қазақстандық нысаналы аудиторияны 15 млн адаммен жалпы қамтуды қамтамасыз ету

2024 жылға қарай ішкі туристердің санын 7,3 млн адамға дейін ұлғайту
 

Ішкі нарықта онлайн және офлайн ілгерілетумен қамтуды 2021 жылғы 8 млн-нан 2031 жылы 24 млн-ға дейін ұлғайту

-

-

1. 2025 жылы сырттан келетін туристер санын 3 млн адамға дейін ұлғайту.
2. 2025 жылға қарай шетелдік нысаналы аудиторияны 400 млн адаммен жалпы қамтуды қамтамасыз ету.

2024 жылға қарай >24 сағат өткізген және Қазақстан Республикасы аумағындағы орналастыру орындарында тоқтаған сырттан келетін туристер санын 2,4 млн адамға дейін ұлғайту

Шетелдік нарықта онлайн және офлайн ілгерілетумен қамтуды 2021 жылғы 160 млн қаралымды 2031 жылы 360 млн қаралымға дейін ұлғайту.

-

1. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің 2025 жылға қарай номиналды мәнде 14,6 мың АҚШ долларына дейін ұлғаюы.
 
2. 2025 жылға қарай сатып алу қабілетінің паритеті бойынша жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді 36,2 мың халықаралық долларға дейін ұлғайту

-

-

Қоғамның ел экономикасына қосатын үлесін 2022 жылғы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің 0,6 %-ынан 2031 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің 1,4 %-ына дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету