Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алдын алу мен әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467-қарарларды іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты басқа да ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 935 қаулысымен бекітілген |
Жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алдын алу мен әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467-қарарларды іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі |
Болжанатын шығыстар | Қаржыландыру көздерi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Жанжалдардың алдын алуға және бейбітшілік орнатуға Әйелдер мен ерлердің қатысуы | ||||||
1. | Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеу кезінде жанжалдарды болғызбау және алдын алу немесе оларды шешу үшін медиацияны пайдалана отырып, делдалдық туралы ережелерді енгізу мәселелерін қарау | халықаралық шарттардың жобаларына ережелерді қосу | СІМ, Қорғанысмині | 2022 – 2025 жылдар | - | талап етілмейді |
2. | Бітімгершілік даярлық орталығы (ҚАЗЦЕНТ) базасында гендерлік мәселелер және азаматтық тұлғалар мен балаларды қорғау бойынша әскери кеңесші-әйелдерді даярлау | оқыту тренингтері | Қорғанысмині, СІМ | 2022 – 2025 жылдар | - | талап етілмейді |
3. | Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, БП жүйелерінде басшылық лауазымдарға әйелдерді ілгерілету, сондай-ақ олардың одан арғы мансабын мониторингтеу |
мониторинг |
Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, | 2022 – 2025 жылдар | - | талап етілмейді |
4. | Тренингтер мен оқытудан өткен әйелдер саны, наградалар алған әйелдер мен басшы лауазымдардағы әйелдер саны бойынша көрсеткіштерге сүйене отырып, қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кәсіптік дамуға гендерлік сезімтал тәсілді әзірлеу |
АҚДМ-ға ақпарат | Қорғанысмині, ІІМ, БП (келісу бойынша), ТЖМ | 2023 – 2025 жылдар | - | талап етілмейді |
5. | Қарусыздану мен қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер мен консультацияларға әйелдер арасынан дипломатиялық персоналды тарту | әйелдердің келіссөздер мен консультацияларға қатысуы | СІМ, Қорғанысмині, ІІМ, БП (келісу бойынша) | 2024 – 2025 жылдар | - | талап етілмейді |
6. | Азаматтық қоғамның белсенділері және өкілдері болып табылатын, оның ішінде жанжалдарды шешуге және тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысу тәжірибесі бар әйелдер мен ерлердің қатысуымен "Әйелдер, Бейбітшілік және Қауіпсіздік" тақырыбында өңірлік және субөңірлік консультациялар өткізу | өңірлік және субөңірлік консультациялар | АҚДМ, СІМ, Қорғанысмині, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша), АҚҰО (келісу бойынша), ӘІОДСҰК (келісу бойынша) | 2022 – 2025 жылдар | - | талап етілмейді |
7. | ІІМ және Қорғанысмині жанындағы академияларды тарта отырып, ішкі істер және қорғаныс органдарының қызметкерлері үшін жанжалдарды реттеу үшін медиация құралын пайдалану бойынша қашықтан оқыту тренингтерін өткізу | қашықтан оқыту тренингтері | Қорғанысмині, ІІМ, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша), АҚҰО (келісу бойынша), ӘІОДСҰК (келісу бойынша) | 2023 – 2025 жылдар | - | талап етілмейді |
8. | Гендерлік саясатты одан әрі ілгерілету бойынша ұсынымдар тұжырымдауды қоса алғанда, "Қазіргі қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат" тақырыбындағы зерттеу шеңберінде Қазақстан әйелдері мен ерлерінің жанжалдарды болғызбауға және бейбітшілік орнатуға қатысуы жөніндегі бөлімді дайындау және енгізу | зерттеу | АҚДМ | 2022 жыл | 3 388 |
РБ 001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру", |
9. | Қорғанысминімен, СІМ-мен, ІІМ-мен, БП-мен өзара іс-қимыл жасайтын журналистер пулы және аталған органдардың баспасөз қызметтері үшін жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға әйелдер мен ерлердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша тренингтер өткізу | тренингтер | АҚДМ, Қорғанысмині, СІМ, ІІМ, БП (келісу бойынша), Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша) |
2022 жыл | көзделген қаражат шегінде | РБ 009 "Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету" |
10. | Жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алдын алу мен әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467-қарарларды түсіндіруге және ілгерілетуге бағытталған арнайы сюжеттер (роликтер) немесе бағдарламалар дайындауды және таратуды қамтитын ақпараттық науқандар өткізу | медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру | АҚДМ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар |
жыл сайын | көзделген қаражат шегінде |
РБ 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" |
2. Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты болғызбау және оларды, әсіресе жанжал жағдайында қорғау | ||||||
11. | Ізгілік операциялар аясында Сирия мен Ирактан оралған әйелдер мен балаларды оңалту жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, отбасын қолдау орталықтарының және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және қабылдау | әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және қабылдау | АҚДМ, ДСМ, ОМ, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша), ӘІОДСҰК (келісу бойынша) | 2023 жыл | - | талап етілмейді |
12. | Жаңа дәуірде әйелдердің өңірлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн форматта конференция өткізу | онлайн форматтағы конференция |
АҚҰО (келісу бойынша), | 2022 – 2025 жылдар | - | талап етілмейді |
13. | Қазақстандағы білім беру тренингтері арқылы жанжал және жанжалдан кейінгі жағдайдағы әйелдерді экономикалық дамыту бойынша ЕО-мен және БҰҰ- әйелдермен ынтымақтастық бағдарламасын іске асыруға қатысу | тренингтер |
БҒМ, ДСМ, СІМ, ЕО (келісу бойынша,) | 2022 жыл | - | ЕО қаражаты есебінен |
3. Гендерлік аспектіні көтермелеу және көшбасшылықты дамыту | ||||||
14. | ІІМ, БП, Қорғанысмині, ТЖМ ведомстволық оқу орындарын тарта отырып, әскери қызметші әйелдер мен басқа да құқық қорғау органдарының, сондай-ақ бітімгершілік бөлімшелерінің әйелдері үшін көшбасшылық жөніндегі тренингтер өткізу | тренингтер | АҚДМ, Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, БП (келісу бойынша), Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша), ӘІОДСҰК (келісу бойынша) | 2022 жыл | көзделген қаражат шегінде |
РБ 009 "Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету" |
15. | Әйелдерді құқық қорғау органдарындағы, қорғаныс саласы органдарындағы, сот жүйесіндегі және дипломатиялық қызметтегі басшы лауазымдарға тағайындау практикасын талдау | АҚДМ-ға ақпарат | Қорғанысмині, ІІМ, БП (келісу бойынша), ТЖМ, ЖС (келісу бойынша), СІМ | 2023 жыл | - | талап етілмейді |
16. | Азаматтық қоғам, құқық қорғау органдары мен қорғаныс және қауіпсіздік органдары өкілдерінің қатысуымен "Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі" тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізу | дөңгелек үстелді ұйымдастыру және өткізу |
АҚДМ, ӘІОДСҰК (келісу бойынша), | 2023 жыл | - | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
АҚҰО – Қазақстан Республикасындағы "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық" мемлекеттік мекемесі
ӘІОДСҰК – Қазақстан Республикасының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ЕО – Еуропалық Одақ
ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
РБ – республикалық бюджет
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі